Құқық қорғау органдары. Бірқатар беймәлім институттар, адвокатура, нотариат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нархоз универсиетінің экономикалық колледжі
Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: Құқық қорғау органдары. Бірқатар беймәлім институттар, адвокатура, нотариат
Құқық негіздері
пәні бойынша
«Есеп және аудит (232) »
мамандығы
Курс: 2
Семестр: 3
Орындағандар: Айткулова Альбина
Қабылдаған: Кенесариева Ақерке
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т. б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т. б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Заң мен құқық тәртібін қорғаштау, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу негізгі (арнайы) міндеті болып табылатын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына: сот, төрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т. б. жатады. [1]
Құқық қорғау органдары - заң және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т. б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді. [
Адвокатура - заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.
Адвокатураның міндеттері:жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары шебер, істі жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.
Нотариаттық қызмет
- нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
Жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап бередi.
Меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзiмнен кешiктiрмей нотариусқа табыс етуге мiндеттi.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес жүреді. Егер нотариаттық іс-әрекетті атқаруға қатысты хабарласқан тұлға іс жүргізу тілін білмесе, рәсімделген құжаттардың мәтіндері оның өтініші бойынша оған аударылуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz