Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі бойынша сөзжасамдық ұялар мен тізбектерге уәждемелік талдау жүргізу


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
Қазақ Тіл Білімі Кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: “Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі” бойынша сөзжасамдық ұялар мен тізбектерге уәждемелік талдау жүргізу.
Орындаған: Рахымбай А. Ж
Қабылдаған: Егизбаева Н. Ж
Алматы, 2021
Сөзжасамдық ұя, өзіндік сипаты мен құрамы
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы жарияланған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты еңбектен басталады. Осы еңбектегі зерттеулер бойынша, сөзжасамдық ұяны анықтауда синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің мәні зор. Сонда берілген анықтама әр сөзжасамдық ұяның құрамында бір негізгі түбір және одан жасалған барлық туынды түбірлер жиынтығы болатынын көрсетеді. Мысалы:
жел
деген бір негізгі түбір сөзден 105 туынды түбір жасалған: желбегей, желбегейле, желбегейлен . . . , желбезек, желбезексіз . . . , желбей, желбең . . . , желбір, желбіре, желбірек . . . , желде, желдей, желден, желді, желдік . . . , желемік, желкек, желкем . . . т. б.
Жұрт
негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяда жұрттық, жұртша, жұртшылық, жұртшылау деген 4-ақ туынды сөз. Бұл мысалдардан байқағанымыз - әр түп негіз сөзден тараған туынды сөздер әр түрлі сөзжасамдық ұяға жататын әр түрлі түбірлес сөздер болып табылады. Түбірлес сөздер арасындағы мынадай ерекшелікке назар аудару керек - бір ұядағы туынды сөз атаулының бәрі бірінен-бірі тікелей туындай бермейді, сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы міндетті шарт болып саналады. Нақтырақ айтқанда, сөзжасамдық ұяға түбірлес емес сөздер қатыспайды, әр сөзжасамдық ұяның өзіне ғана тән түбірлес сөздері болады. Бұдан шығатын қорытынды: тілде қанша сөзжасамдық ұя болса, сонша түбірлес сөздердің түрлері болады. Сонымен, сөзжасамдық ұяның
басты бір белгісі
ретінде оның құрамының өзіндік түбірлес сөздерден тұратынын тану қажет.
Сонымен, негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, басқа сөздердің жасалуына негіз бола алады. Бұл жағдай туынды сөздердің мағына негізділігі заңдылығын қалыптастырған. Сөзжасамдық ұяда бұл заңдылық ашық көрінеді. Міне, осы заңдылық сөзжасамдық ұяның
төртінші белгісі
болып табылады.
Біл - білім, білгір, білімпаз, білді, білімпаздық, білгір, білгірлік, білгіш, білгіштік.
Аға - ағажан, ағайын, ағайынгершілік, ағайындай, ағала, ағалас, ағалық, ағасыз, ағатайла.
Бай - байла, байлама, байлан, байлас, байлат, байласу, байлау, байлату, байланыс, байланыссыздық.
Бу - буғыз, буғыш, буда, будала, будыр, була, будай, будақтас, булағыш, будала, булық, бума, буна, бусант, бусану, буыл, буында, буындалу.
Көр - көрді, көркем, көргіш, көріпкел, көрсет.
Дәріп - дәріпсіз, дәріпте, дәріптегіш, дәріптел, дәріптелу, дәріптес, дәріптет, дәріптеу, дәріптел, дәріпті, дәріптеуші, дәріптеушілік.
Екше - екшегіш, екшел, екшеле, екшелен, екшелес, екшелену, екшелесу, екшелет, екшелеткіз, екшелеткізу, екшелеу, екшелеңкіре, екшеліну, екшеңді.
Жад - жадыгер, жадыгөй, жадыгөйлен, жадыгөйлену, жадыгөйлік, жадыгөйсі, жадыгөйсу, жадыгөйсіну, жадыгөйші, жадыла, жадылы, жадылық.
Жаз - жазба, жазбагер, жазбалы, жазғыз, жазғызу, жазғыздыр, жазғыш, жазғышта, жаздыр, жыздырт, жыздырту, жазмыш, жазу, жазудай, жазулы, жазушы, жазыл, жазылу, жазыс, жазылыс, жазысу, жаздай, жаздағыша, жаздық, жазғы, жазғытұры, жазғытұрым, жзатайым, жазғыр, жазғырт, жазғыру, жазғырыл.
Дабыр - дабыра, дабырай, дабырайт, дабырайту, дабыралы, дабырату, дабырау, дабырдай, дабырла, дабырлас, дабырлат, дабырлау, дабырлы, дабырақ, дабырғу.
Ғылым - ғылымды, ғылымдық, ғылымдылық, ғылыми, ғылымпаз, ғылымсыз, ғылымсыздық, ғылымсымақ.
Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Бір ұядағы тізбектің қайсысын алсақ та, бір түп негіз түбірден бастау алады. Түп негіз түбірсіз туынды сөздер болмайды. Мысалы, бір тізбекте түп негіз түбірден тараған бір немес бірнеше туынды сөз бола береді.
Мысалы, жұп - жұптық тізбегінде бір ғана туынды сөз болса, жыр - жырла - жырлат тізбегінде екі туынды сөз, зар - зарла - зарлат - зарлатқыз тізбегінде үш туынды сөз бар.
Негіз сөздің өзі басқа сөзбен салыстырғанда негізді сөз бола береді. Мысалы, жиын деген сөз жина сөзіне негіз сөз болады, ал жи деген сөзбен салыстырғанда, ол негізді сөз.
Мысалы: жи -> жиыр -> жирыл -> жирылғыш -> жиырылғыштың, өн -> өнім -> өнімді -> өнімділік, бос -> боса -> босан -> босадық -> босаңдат -» босаңдатқыз, ен -> енші -> еншілес -> еншілестік, кіш -> кішір -> кішірей -> кішірейт -> кішірейткіш, сүй -> сүйін -> сүйініш -> сүйінішсіз -> сүйінішсіздік т. б.
Тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы болып, үнемі тұрақты болады, ал туынды сыңарлар екі не одан да көп морфемалы болып, тұрақсыз болып келеді. Сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық ұяның бір бөлшегі болғандықтан, оның құрамындағы сөздер түбірлес сөздер болады. Осыған байланысты тізбектің құрамында қанша сөз болса, олардың бәрі бір-бірімен мағыналық байланысы бар сөздер болады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz