Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты

Тәрбие жұмысы - ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.
Тәрбие - жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді.
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің бағыттарын анықтаймыз.
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп саймайды.Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс береді.Бұл процесс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп жатпайды.Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді.Бұл әсерлер үнемі үйлесіп тұрмайды.Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес.Бұдан тәрбие беру процесінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды.
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ыайқындалады:
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға,
Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;
Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру; Адамгершілік термии сөзі өзінің бастапқы адамдық сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі moralis - мораль. Адамдық - бұл, өзінің күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Пәндер