Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Абстракт
Зерттеу мақсаты: Қазақ киноматографиясының тарихын, қалыптасуын және
дамуын зерттей отырып, қазіргі тарих ғылымының бүгінгі таңдағы көтерілген
дңгейі тұрғысынан талдап, саралап, шынайы баға беру.
Гипотезасы: Қазақстан кино өнерінің қандай соқтықпалы-соқпалы қиын
жылдардан өткендігінің тамыры тереңнен зерделенген. Солардың ішінде
республикамыздағы кинофикацияның тарихы мен алғашқы хроникалық, деректік
және көркемсуретті фильмдер де зерттелген.
Зерттеу кезеңдері: Қазақстандағы ұлттық
киноматографиясының 1920-1940 жж. қадамдарына талдау жасадым;
-еліміздің 1945-1980 жж. ұлттық кино өнерінің қалыптасуы мен
дамуын қарастырдым;
-тәуелсіздік кезеңіндегі республика кино өнерінің маңызды
құбылыстарын, бағдарын, ізденістерін анықтау арқылы әдебиеттер мен деректер
жинақтап, тұжырым жасадым.
Әдістемесі: Зерттеу жұмысында мәлеметтерді жинақтау, баяндау, саралау,
әдеби –теориялық талдау әдістері қолдандым.
Жаңалығы: Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының қазақ
мәдениетіндегі алатын орнын айқын көрсету болып табылады.
Нәтижесі: Ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, Қазақстандағы ұлттық
киноматографиясының қазақ мәдениетіндегі алатын орнын, өскелең ұрпаққа
насихаттау және оларды тарихи фильмдерді жиі көруге баулитын тәрбиелік
жұмыстар жасау керектігін ұсынғым келеді.
Теориялық және практикалық маңыздылығы: Қазақ ұлттық кино өнерінің
тарихына талдау жасай келе, халқымыздың рухани мәдениетінің тәрбиелік мәні
зор екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздім; Амангелді, Алты жасар Алпамыс
атты тарихи фильмдер жастардың бойында өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым
жасау және зерттеу сияқты дағдыларды қалыптастыратыны сөзсіз.
Абстракт
Цель исследования: проанализировать, проанализировать и дать
реалистичную оценку истории, становлению и развитию казахстанского
кинематографа с точки зрения современного уровня современной исторической
науки.
Гипотеза: Корни трагических лет казахстанского кинематографа глубоко
изучены. Среди них история отечественного кинематографа и первые
летописные, документальные и художественные фильмы.
Этапы исследования: Отечественная кинематография в Казахстане в 1920-
1940 гг. проанализировали шаги;
- 1945-1980 страны. рассмотрел становление и развитие
отечественного кино;
- Собрана литература и данные и сделаны выводы, выявлены
важнейшие явления, тенденции, исследования кинематографии республики в
период независимости.
Методология: В исследовании использовались методы сбора данных,
повествования, анализа, литературного и теоретического анализа.
Новизна работы: Наглядно демонстрирует роль национального
кинематографа Казахстана в казахской культуре.
Заключение: Завершая свое исследование, я хотел бы предложить
пропагандировать роль национального кинематографа в Казахстане в казахской
культуре среди подрастающего поколения и приучать его чаще смотреть
исторические фильмы.
Теоретическая и практическая значимость: Анализируя историю казахского
национального кино, я еще раз осознал великую воспитательную ценность
духовной культуры нашего народа; Несомненно, исторические фильмы
Амангельды и Шестилетний Алпамыс развивают у молодежи навыки
самостоятельного мышления, умозаключений и исследований.
Abstract
Purpose of the research: to analyze, analyze and give a realistic
assessment of the history, formation and development of Kazakhstani cinema
from the point of view of the modern level of modern historical science.
Hypothesis: The roots of the tragic years of Kazakhstani cinema have been
deeply studied. Among them are the history of Russian cinema and the first
chronicles, documentaries and feature films.
Research stages: Domestic cinematography in Kazakhstan in 1920-1940.
analyzed the steps;
- 1945-1980 countries. considered the formation and development
of Russian cinema;
- The literature and data were collected and conclusions were
drawn, the most important phenomena, tendencies, studies of cinematography
of the republic during the period of independence were revealed.
Methodology: The study used methods of data collection, storytelling,
analysis, literary and theoretical analysis.
The novelty of the work: It clearly demonstrates the role of the national
cinema of Kazakhstan in the Kazakh culture.
Conclusion: Concluding my research, I would like to propose to promote the
role of national cinema in Kazakhstan in Kazakh culture among the younger
generation and teach them to watch historical films more often.
Theoretical and practical significance: Analyzing the history of the Kazakh
national cinema, I once again realized the great educational value of the
spiritual culture of our people; Undoubtedly, the historical films
"Amangeldy" and "Six-Year-Old Alpamys" develop the skills of independent
thinking, reasoning and research among young people.
МАЗМҰНЫ
Абстракт
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940
жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2. Қазақ ұлттық кино өнерінің 1945-1980 жж. қалыптасуы мен дамуы
Амангелді көркемсуретті фильмінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
3. Көркемсуретті фильмдердегі замандас бейнесі Алты жасар Алпамыс
мектепке барады фильмінің
мысалында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тарихи шындық, XX ғасырдың бас кезеңіне дейін
Қазақстанда кино өндірісі қалыптаспаған еді және кино саласында ұлттық
мамандарда болмады Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13 қана
киноқондырғы жұмыс жасады және олардың барлығы дерлік жеке кәсіпкерлердің
меншігінде болды. . 1918-1920 жылдардан бастап Қазақстан жеріндегі бұған
дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу жұмысы жүргізілді.
1920 жылдармен салыстырғанда 1930 жылдар тұсында Қазақстан туралы
түсірілген фильмдердің саны күрт өсті. Бұл тек хроникалық-деректі
фильмдерде ғана емес, көркемсуретті киноға да қатысты болған құбылыс еді.
Осы жылдары Дала әндері, Жұт, Қаратау құпиясы, Жау сүрлеуі атты
алғашқы көркемсуретті фильмдер экранға шықты. 1930 жылдар кезеңіңде
жоғарыда аталып кеткен фильмдермен қатар Востоккино тресінен Жау
сүрлеуі, Көтеріліс фильмдері жарық көрді. 1930 жылдардың екінші
жартысында экранға бірқатар көркем фильмдер шығып, ендігі жерде ұлттық
көркем кино өндірісін жолға кою қажеттілігі туды.
Ұлттық кинодраматургияның алғашқы ұшқыны Амангелді және Райхан
фильмдерінің сценарийлерінен бастау алды. Сонымен қатар, қазақ тарихында
кинодраматургияның қалыптасуына Қазақстан тақырыбына түсірілген ең алғашқы
көркемсуретті фильмдердің барлығына дерлік театр сахнасының актерлары
қамтылды. С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков,
Қ.Байсейітов, Ш.Айманов, Қ. Бадыров, Ә.Өмірзақова, Х.Бөкеева,
Б.Римовалардың алғашқы керкемсуретті фильмдердегі рольдерінен ұлттық
актерлык кино тарихы бастау алды.
Қазақ ұлттық киносында сәтті басталған актерлық дәстүр бұдан былайғы
уақытта Н.Жантөрин, А.Әшімов, Ы.Ноғайбаев, К.Қожабеков, Л.Абдукаримова,
Ф.Шәріпова, С.Телғараев сынды талантты келесу буынның шығармашылығында
жалғасты.
1960-1980 жылдар тұсында қазақ киносынын тарихында әр түрлі тақырыпты
меңгеру және жанрлық түрлену құбылысы кең етек жайды. Егер жаңа заман және
замандас тақырыбы тұрғысында қамтылған фильмдердің көркемдік деңгейі әлі де
болса бір жақты иллюстративтік суреттеу аумағынан шыға алмай жатқан болса,
осы кезеңде экранға шыққан Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы фильмдердің
көркемдік деңгейі ұлттық киномызды жана деңгейге көтере алды
Кеңес Одағы ыдыраған тұста жеке республикалар киностудиялары да жаңа
өндірістік қарым-қатынасқа көше бастайды. Бұдан былайғы кезеңде
Қазақфильм киностудиясы да аударма фильмлерден гөрі, ұлттық фильмдер
өндірісіне басымырақ көңіл бөлді. 1988-1998 жылдар аралығында Қазақстанда
84 көркемсуретті фильм түсірілді. Қазақстан кино өндірісінің осындай жылдам
қарқынмен дами бастауына себеп болған құбылыс - осы жылдар тұсында көптеп
пайда бола бастаған жеке шағын киностудиялардың үлесі еді.
1990-2000 жыддардағы қазақ киносында елеулі құбылыс болған Жаңа
толқын киносымен бірге ұлттық экранымызға жаңа кейіпкердің келгенінің
куәсі боламыз. Соңғы жиырма жыл көлемінде қазақ киносы танымастай езгерді.
Сондықтан да, қазақ киноматогра-фиясының тарихын, қалыптасуын, дамуын
зерттеу қазіргі заман талабына сай және оларды тыңғылықты зерттеу бүгінгі
күннің өзекті мәселесі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық киноматографияның тарихын, оның
құрылуын, дамуын алғашқылардың бірі болып жан-жақты зерттеген К.Сиранов
болды (1, 2, 3, 4, 5, 6). Осы тақырыпта біз тек ғалымның Мәскеуде қорғаған
кандидаттық диссертациясын ғана емес, сонымен қатар көптеген қазақ және
орыс тілдерінде жарық көрген басылымдарын да айта аламыз. Оның еңбектерінде
тек кәсіби жағынан емес, сонымен қатар Қазақстан кино өнерінің қандай
соқтықпалы-соқпалы қиын жылдардан өткендігінің тамыры тереңнен зерделеген.
Солардың ішінде республикамыздағы кинофикацияның тарихы мен алғашқы
хроникалық, деректік және көркемсуретті фильмдер де зерттелген.
Отандық кино өнерінің тууы, қалыптасуы мен дамуы, жалпы қазақ
киносындағы маңызды құбылыстарға тарихи тұрғыдан баға Ф.Атушевтың 1974
жылы жарияланған шағын брошюрасынан көруге болады [1].
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл тақырыпты зерттеудегі
біздің мақсатымыз: қазақ киноматографиясының тарихын, қалыптасуын және

дңгейі тұрғысынан талдап, саралап, шынайы баға беру. Көзделген мақсатты
жүзеге асыру үшін, ізденушінің алдына мынадай міндеттер қойылды:
-Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының 1920-1940 жж.
қадамдарына талдау жасау;

дамуын қарастыру;

құбылыстарын, бағдарын, ізденістерін анықтау.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Жұмыстың дерек
көзіне жарық көрген каталогтар (36) мен деректі жинақтарда (37, 38, 39),
мерзімді баспасөздерде, әсіресе қазақстандық киноматографистердің арнайы
Жаңа фильм журналында жарық көрген материалдар; сонымен қатар
Қазақфильм және басқа да киностудияларда, яғни Мосфильм және жекеменшік-
коммерциялық киностудиялардың жасаған деректі, хроникалық және
көркемсуретті фильмдері. Бұлардың барлығы бірлесе отырып кеңестік және
отандық көркемсуретті фильмдері, оларды түсірген режиссерлер мен
сценаристері, сонымен қатар кеңестік, отандық және шетелдік өздерінің зор
үлестерін қосқан актерлер әртүрлі кезеңдегі нақты жағдайын көрсетеді.
Ғылыми жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыстың тақырыбын
толық қамтуға тырысып, оның қазақ мәдениетіндегі алатын орнын айқын көрсету
барысында біз XX ғасырдың бірінші ширегі мен XXI ғасырдың бас кезеңін
алдық. Тақырыптың бас кезеңі – ол Қазақстандағы киноматографияның
бастамасы, ал соңғы кезең – еліміздің егемендігімен байланысты.
Жұмыстың методологиялық және әдістемелік негіздері. Тақырыптың
ғылыми зерттеулерініңің құндылығын ашып көрсетуде және көтерілген басқа да
мәселелердің сәтті шешімін табуында қазақ кино өнерінің көрнекті
өкілдерінің ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, шетел және
отандық ғалымдарының ой-тұжырымдары мен пікірлері бағыт-бағдарлық,
теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылып, қажетті тұстарда
кеңінен пайдаландық.
Зерттеу әдісі. Жұмысымызда тарихилық, жан-жақтылық, тарихи
салыстырмалылық және талдау әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Бұл қазақ
кино өнерінің дамуының жүйелілік тұрғысынан талдауға, олардың орны мен мәні
жөнінде қалыптасқан нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізі
бөлімнен, қорытынды, әдеби тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім:
1. Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940
жж.)
Әлемдік кино өнері тарихымен салыстырғанда қазақ жерінде кино өндірісі
кешеуілдеп дамыды. 1920 жылдар тұсына дейін Қазақстан өңірінде кино
өндірісі әлі қалыптаса қоймаған еді және кино саласында ұлттық мамандарда
болмады. Жас республиканың бұл жылдары мәдени өмірінде бірінші кезектегі
маңызды мәселелер қатарында қазақ даласына кинофикация кұбылысын кеңінен
тарату болды. Ұлы Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13 қана

меншігінде болды. Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы)
қаласында Марс жазғы кинотеатрында өтті. Дәл осы жылы Қазакстанның тағы
бірқатар қалаларында жылжымалы кинотеатрлар іске қосылады. Екі жыл
аралығында Верный қаласының бір өзінде ғана үш стационар кинотеатр жұмыс
істей бастады. Киносеансты табыс көзі деп таныған кәсіпкерлер (Омбы
қаласынан келген Г.Фабри, Ташкенттен келген М.Сейфуллин) бір-бірімен
өзара бақталастықта болды, олар кинотеатрлардың мәдени дәрежесі мен
көрсетіліп жатқан кинотуындылардың көркемдік деңгейіне аса мән бере
қоймады [2].
Көп ұзамай-ақ казақ даласын кинофикациялау процесі мемлекеттік
дәрежеде жүйелендіріле бастады. 1919 жылдың 19 тамызында Москвада
Халықаралық Комиссарлар Кеңесінің Фотографиялық және киноматографиялық
сауда мен киноөндіріс орындарын мемлекеттендіру жөніндегі Декреті
қабылданады. Осы құжат негізінде 1921 жылдың 24 қазанында Бүкілодақтық
Фотокино өндірісінің Қазақстандағы бөлімі құрылады. Жаңа құрылған бұл
бөлімшенің күн тәртібінде кезек күттірмес мәселелердің барлығы дерлік кино
өндірісін қалыптастыру бағытында болады, олардың негізгілері:
1. губерниялық аймақтар бойынша фотокино бөлімдерін құру және
дамыту;
2. жылжымалы киноқондырғылар жүйесін ұйымдастыру;
3. кинопленкалар, диапозитив өндіретін және оны өңдейтін лабораториялар мен
фотоательелер ашу;
4. Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет
қарамағына енгізу және оларды бір жүйеден басқару жұмысын
жолға қою [3].
Ендігі жерде жаңа құрылған Фотокино бөлімі осы бағытта қызу жұмысқа
кірісе бастайды. Кинотеатрлар саны жыл өткен сайын көбейе түседі, бірқатар
қалаларда шағын кинобірлестіктер іске қосылады. 1924 жылдың соңына қарай
Қазақстан жерінде 44 кинобірлестіктер жұмыс істей бастады, оның ішінде,
Верный (Алматы) округы бойынша - 10, Ақмола бойынша - 9, Орал округы
бойынша - 15 және тағы бірқатар қалаларда бірден-екіден кинотеатрлар іске
қосылады. Бұл аталып отырған көрсеткіштер Қазақстан өңірінде кинофикация
құбылысының кең етек жая бастағанын дәлелдейді. Дегенмен де,
киноқондырғылар санының жыл санап өсе бастауы алыс жатқан шалғай өңірлерге
кино туындыларын насихаттау барысында әлі де болса жеткіліксіз еді. Осы
кезеңнен күн санап өсіп жатқан киноқондырғыларды меңгере алар арнайы
мамандар даярлау қажеттілігі туады. Қазақстанның бірқатар ірі-ірі
қалаларында киномеханиктер, техниктер, киноинженерлер, кинофикация жүйесіне
мамандар даярлайтын қысқамерзімдік курстар ашыла бастайды. Осындай алғашқы
оқу орындарының бірі Қызылорда қаласында ашылған киномеханиктер курсының
алғашқы түлектері жылжымалы киноқондырғылардың жұмысын меңгеріп,
Қазақстанның шалғай жатқан ауылдарына сапар шегеді [4].
Кинофикация жүйесінін Қазақстан жеріне баяулап болса да кең таралуына
сол кездегі үкімет тарапынан көрсетілген көмектің пайдасы зор болды.
Проекциялау аппараттарының түр-түрі, позитивтік кинопленкалар және тағы
басқа толып жатқан техникалық жабдықтар шет елден сатып алынып жатты. Жас
мемлекеттің өзіндік киноөндірісінің қуаты әлі де болса тым әлсіздеу
болатын. Бастапқы кезеңдегі киносеанстардың негізгі мазмүны үгіт-насихат
құралы ретінде қабылданады. Әр ауданда, әр қалада сеанс алдында өткізілетін
кинолекторийлардың басты тақырыптары сол кездегі жаңа үкімет саясатымен
тікелей ұштасып жатты. Күн өткен сайын кинотеатрларға көрермендер арнайы
ұйымдастырылған жүйе бойынша ағыла бастады. Билеттің бағасы арзандатылды,
мектеп оқушылары мен кедей қауымдастықтарының мүшелеріне ақысыз кіруге
рұқсат берілді. Жылжымалы киноқондырғылардың өнімсіз қызметіне сол кездегі
жергілікті халыктың хат танымауы да себеп болды. Киношығарманың дыбыссыз
мылқау жағдайына байланысты кинолекторлар сеанс басталмай тұрып көрермен
алдында фильм сюжетінен аз да болса мағлұмат беріп отыруға мәжбүр еді[5].
Кинофикация құбылысының ел арасына мейлінше кең тарауына Көшші кедей-
шаруа қауымдастығы мен тұтынушылар кооперацияларының да ролі зор болды.
Кәсіби одақтар бірлестігі өндіріс орындарында шағын стационар кинотеатрлар
құрылысын қолға алады. Кинофикациялау органдарына Совет киносынын достары
одағы да үлкен көмек көрсете бастайды. Бұл Одақтың тұңғыш төрағасы болып
белгілі коғам қайраткері Нығмет Нұрмақов сайланады. Осы Одақтың күшімен
республиканың ірі-ірі қалаларында, фабрикалар мен заводтарда кино
үйірмелері көптеп ашыла бастайды. Әр киносеанс алдында үйірме мүшелерінің
ұйымдастыруымен саяси тақырыптарда әңгімелер өткізу жұмыстары жолға
қойылады.
Дегенмен де, кинофикациялау шараларының осындай жан-жақтылығына
қарамастан, казақ жерінде кино өнерін насихаттау жұмыстары әлі де болса
баяу қарқында өтіп жатты. Кино өнерін насихаттау сияқты жаңа құбылыстың
дамуына тежеуші болған факторлардың басты себептерінің бірі - ауыл-
ауылдарға таратылып жатқан жылжымалы киноқондырғыларды дер кезінде фильм
көшірмелерімен қамтамасыз ету жұмыстарының қиындығы еді. Кинопрокат
жүйесінің қызметі бақылаусыз болғандықтан, әр киноқондырғыда фильм
көшірмесінің нақты бағасы қалыптаса қоймады. Сондықтан да уақыт талабымен
жылжымалы қондырғыларды фильмдер көшірмесімен қамтамасыз ету жұмыстарын бір
жерден басқару қажеттілігі туады.
Осы мақсатта 1921 жылы арнайы кинопрокат конторы құрылды. Аталмыш жылдар
соңына карай жоғарыда аталып кеткен бірқатар шаралардың нәтижесінде
Қазақстан өңірін кинофикациялау қарқыны біртіндеп көтеріле бастайды. 1927
жылғы есеп бойынша Қазақстанда қалалық прокат жүйесінде 21 кинотеатр, 30
клубтық киноқондырғылар болса, ауылдық прокат жүйесінде 41 жылжымалы
кинокондырғылар мен 39 стационар кинотеатрлары көрерменге қызмет көрсетті.
Республиканың енді ғана аякталып келе жатқан кинофикация органдарының
қызметіне жұмысшы комитетінің колдауымен 1928 жылы құрылған Совет
киносының достары (ОДСК-общество друзей советского кино) атты қоғамдық
үйірменің кемегі аса зор болды. Қазақстандағы аймақтық ОДСК жетекшісі
кызметіне Нығмет Нұрмақов тағайындалады. Бұл қоғамның негізгі міндеттері
қалалық жерлердегі кино үйірмелерінің жұмысын жолға қою болды. Заводтар мен
фабрикаларда, оқу орындары мен мекемелерде кинотеатрлардың репертуарымен
таныстыру және киноның маңызы жайында үгіт-насихат жұмыстары жоспарлы түрде
іске асырыла бастайды. Киносеанстардан түскен қаражаттың артық түсімі
көмегімен үсті-үстіне жаңа киноартельдер құрыла бастайды. Ендігі жерде
жылжымалы және стационар киноқондырғыларды іске қосатын киномеханиктер мен
кәсіби инженерлер қажеттілігі туады [6]. Сондықтан да, ірі қалаларда
мемлекет қолдауымен кино мамандарын даярлайтын кысқа мерзімдік курстар
ашыла бастайды.
Ұлттық кадр ретінде көсіби білім алған Қызылорда киномеханиктер курсының
алғашқы түлектерінің бірі Садуақас Кадиевтің қол астындағы жылжымалы
киноқондырғысымеен ауыл-ауылды аралап, кино өнерін насихаттаудағы аса
белсенділігі жайында Бейімбет Майлин Еңбекші қазақ газетінің 1930 жылғы
20 қарашадағы санында былай деп жазады: Садуақас Каддиев өз ісінің шебері,
ол үнемі жол үстінде. Оның жылжымалы киноқондырғысы күн демей, түн демей,
дамыл көрместен, Марқакөл және Бесқарағай аудандарындағы ауылдарды түгел
аралап шықты. Ол тек фильм көрсетіп кана қоймайды, сонымен қатар, әр сеанс
алдында кино жайында үгіт-насихат жүргізеді, жергілікті халықты өнердің
жаңа түріне қызықтыруға тырысады [7].
Кеңес кезеңі кинематографиясының тарихы хроникадан бастау алады. 1920-
жылдар кинорепертуарларында негізінен жас мемлекеттің жаңа саясаты мен
идеологиясы уағыздалды. Кинонеделя, Госкинокалендарь, Киноправда,
Совкиножурнал сияқты апталық киножурналдар ел өмірінде болып жатқан
өзгерістерді экраннан үздіксіз көрсетіп жатты. Киноплакат, қысқа форматты
киноочерктер түрінде түсірілген алғашқы хроникалық сюжеттер совет киносы
тарихында революциялық кинопублицистика жанрының қалыптасуына негіз
болды[8].

Амангелді көркемсуретті фильмінің маңызы
Шәкен Айманов өзінің естеліктерінде республика басшыларының кино
мамандарын жинап алып, олардың алдына аты аңызға айналган Амангелді батыр
жайында фильм түсіру қажеттілігін баса айтып, мақсат қойғандығын айтады.
Шығармашылық түрғыдан алғанда Амангелді жайыңда фильм түсіру мүмкін еді, ал
сол кездегі материалдық базанын кемшіліктеріне байланысты техникалық
жабдықтау жағы қиынға түсті. Соған қарамастан, аты аңызға айналған
Амангелді батыр жайында фильм түсіру жөнінде шешім қабылданады. Сценарий
жазу үшін Москвадан жазушы Вс.Иванов шақырылады. Қазақ жазушыларынан
Амангелді фильміне сценарий жазу жұмысына Ғабит Мүсірепов және Бейімбет
Майлин косылады. Ленфильмнен режиссер М. Левин, Мосфильмнен оператор X.
Назарьян шақырылады. Жұмыс қызу басталып кетеді. Фильмге түскен актерлардың
барлығы дерлік театр сахнасынан келді [9].
Техникалық жабдықтау, павильондық көріністерді түсіру және түсірілген
материалды монтаждау жүмыстары толығымен Ленфильм киностудиясының
шеңберінде жүзеге асырылды. Ал табиғи көріністердің барлығы дерлік Алматы
каласының төңірегінде түсірілді. Фильм бастапқыда-ақ бірден екі вариантта
түсіріледі: орыс және қазақ тілдерінде, Фильмнің негізгі окиғасы - 1916
жылы қазақ даласында болған. Амангелді баскарған ұлт-азаттық көтерілісі
төңірегінде баяндалады, Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-
экономикалык және саяси сипаттағы факторлар еді. Солардың бірі - Ресей
патшасының 1916 жылы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның,
Орта Азияның бұратана халықтары арасынан 19-дан 43 жасқа дейінгі ер
адамдарды шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстаннын
далалық аймақтарынан - 100 мыңнан астам, бір ғана Жетісу өңірінен 87 мың
адам қара жұмыска еріксіз алынуға тиіс болды. Осы жарлық шығысымен-ақ,
жергілікті болыстар дереу тізім жасауға кіріседі. Патшаның катал жарлығына
және жер-жерде оны орындаудағы әділетсіз тәсілдерге қатты ашынған
жергілікті халық бас көтере бастайды. Әр жерде, облыс облыстарда қарулы
көтерілістер ұшқыны шығып, қазақ даласында стихиялық қозғалыстар бірте-
бірте ұйымдасқан сипат ала бастайды. Ұлт-азаттық көтерілісінің аса ірі
орталықтары Жетісу мен Торғай өңірі болды. Осындай тарихи деректер
Амангелді фильмінің негізгі драматургиялық желісін құрайды. Амангелді
Иманов бастаған 15 мыңға жуық көтерілісшілердің бастапқы қарулы
дүмпулерінен ақпан революциясына дейін созылған уақытта қаншалықты күрделі
сынақтан өткендігін көрсету арқылы және жеке кейіпкердің характеріндегі
эволюциялық өсу дәрежесіне дейінгі құбылысты экрандық шығарма мысалында
байкауға мүмкін болды.
Фильмге арнайы жазылған әдеби сценарий 1936 жылы Новый мир журналының
№ 11 санында жарияланып, талқыға түседі. Түсіру кезеңінде, әрине, бастапқы
сценарий вариантына көп өзгертулер мен қысқартулар енгізіледі.
Кеңес кезеңі киносының калыптасуындағы бастапқы саты көп жағдайда
революция идеясымен қаныққан романтикалық сарын арқылы сипатталады. Бұл
құбылыс қазақ киносына да тән болды. Ұлы Қазан көтерілісі алдындағы тарихи
кезең қамтылған Амангелді фильмінде бас кейіпкердің ел өміріндегі елеулі
іздері сюжетке арқау болып, шы-ғарма жанрының табиғатын тарихи-биографиялық
бағытқа бұруға мүмкіндік береді. Амангелді - халық қалаулысы, демек ол жаңа
идеяны тасымалдаушы да болып отыр. Бас кейіпкерді сомдағаң Елубай
Өмірзақовтың актерлык. шеберлігі Амангелді бейнесін кезең сипатымен
тұтастықта бере алды. Экрандық шығарма заңдылықтарына орай Амангелді
бейнесі оны қоршаған адамдар қарым-қатынасы арқылы тереңдетілді, фильм
сюжеті өрбіген сайын бас кейіпкердің де мінезіндегі ерекшеліктер айқындала
түседі, сол арқылы характерінің өсу деңгейін көруге мүмкіндік болды. Ол тек
қана батыр болып көрінген жоқ, оның бойында қарапайым адамға тән
қасиеттердің барлығы да бар. Амангелдінің жүріс-тұрысында қолбасшы
ретіндегі бойындағы жинақылық та басым, махаббатта да көріне алды, қателік
жібергендерге ашуланады да, бір сөзбен айтқанда, Амангелді мінезіндегі
ерекшелік жеке адам ерекшелігі тарапынан жан-жақты ашыла алды. Сол кездегі
қазақ театр сахнасының жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қүрманбек Жандарбеков,
Шара Жиенқұлова, Қанабек Байсейітов, Қалибек Куанышбаевтардың фильмге
қатысуы бұл шығарманың дәрежесін одан бетер көтере түсті. Кең көлемді
көпшілік көріністердің ірі пландармен жиі алмасуы бас кейіпкердің ішкі
дүниесін тереңдетуге біршама көмегін тигізді[10].
Амангелді фильмі экранға шыққаннан кейін І939 жылы Қазақстан ұлттық
кино өндірісін өркендету жолында бірқатар шаралар жоспарланады. Сондай
шаралардың маңыздылары қатарында Қазақстан тақырыбына арнайы жазылған
сценарийлер бәйгесінің жариялануы еді. Алғаш ұйымдастырылып отырған ұлттық
сценарийлер бәйгесіне 40-тан астам жұмыс қатыстырылды. Солардың ішінде ең
үздігі болып Мұхтар Әуезовтін Райхан сценарийі бас жүлдеге ие болады. Осы
кезеңнен енді қазақ, ұлттық көркем киносының қалыптасу және даму тарихы
басталады.
Театр сахнасының жүлдызы Елубай Өмірзақов (31.01.1899- 02.04.1974)
кинодағы шығармашылық жолын бірден көлемді рольдерден бастайды. Ол - театр
және кино актері, үлттық профессионалды театр өнерінің негізін
қалаушылардың бірі, Қазақ АССР-ның Халык артисі (1931). СССР Мемлекеттік
сыйлығының иегері (1952). Туған жері - Қостанай облысы. 1923-1925 жылдар
аралығында Елубай Өмірзақов Орынбор қаласындағы Қазақтың халық ағарту
институтында оқып білім алды. Кедей шаруаның отбасында тәрбиеленген.
Болашақ актер талантының ұшкынын алғаш танып ұштаған әрі оны оқу-сызуға
үйреткен сол кездері 1914-ші жылы ауыл ұстазы болған, жазушы-драматург
Бейімбет Майлин болды. Ауыл сахнасында Бейімбет Майлиннің өзі ұйымдастырып
койған Қаламкас спектакліндегі ару Қаламқастың да, оны сағынған жас жігіт
Шапайдың да ролін Елубай Өмірзаков бір өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz