Халықтық астрономиялық танымның лингвистикалық семантикасы


Халықтық астрономиялық танымның лингвистикалық семантикасы (Зейнолла Сәнік еңбектері бойынша)
Бүгінгі таңда ұлттық танымның көрінісін халық тілінен табу, сипаттау, мағынасына тереңінен үңілу - ұлттық борышымыз. Ежелден бастау алатын терең сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың тілі өне бойына тек мәдени-мифтік тілдік бірліктерді жинап қоймай, сондай-ақ түрлі ғылым саласына қатысты өзіндік атаулар мен тілдік бірліктерді қалыптастырғаны белгілі. Соның бірі - астрономия ғылымы.
Аталмыш ғылым саласына байланысты қалыптасқан тілдік бірліктер, космогониялық ұғым түсінік жайында Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, Г. Н. Потанин сынды ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз. Астрономиялық атаулардың қалыптасуын қазақ халқының танымымен байланыстырған Х. Әбішев, Ә. Машанов, М. Исқақов т. б. зерттеулерлерінен байқауға болады. Берілген зерттеулерде ата-бабаларымыздың аспан денелеріне ат беріп, айдар тағуда асқан байқампаздықпен көшпенді халықтың танымына сай келетін ұғымдарға жүгінгендігіне ерекше тоқталған. Сонымен қатар қазақ халқы, аспан денелерінің сырын ұғынуға талпыныста тек атаумен шектелмей, әрбір атаудың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жетуіне де баса назар аударған. Ол халық даналығымен қатталған аңыз-әңгімелер, ертегі-жұмбақтар, мақал-мәтелдер. Атап айтқанда, Жыл деген ат басын бұрғанша, Ай деген аунап тұрғанша; Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар. Үркер іңірде жанбасқа келсе, Жаз шықпаған несі бар?!; Жаңа айдан жақсылық; Жеті қарақшыны таныған адам, Жеті қараңғы түнде адаспайды; Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ, Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ; Үркерлі айдың бәрі қыс; Жаяудың жұлдызы болмас, Қалың құлан жаусыз болмас. [1] т. б. Бұл деректер қазіргі таңда тіл білімінде халықтың танымын мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тілдік табиғатымен бірлікте зерттеудің қарқынды дамып келе жатқандығын білдіреді.
Тіл білімінде аталмыш зерттеулер этнолингвистика және когнитивтік лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты. Этнолингвистика (грек. ethnos - халық, тайпа. фр. linguistique - тіл) - тіл және мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт [2] және Когнитивтік лингвистика (лат. cognitio - білім, түсінік, көзқарас) - тілді табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттейтін тіл біліміндегі бағыт [2] . Астрономия саласына қатысты тілдік бірліктердің семантикасына үңіліп, шығу тегіне қатысты зерттеулерге тоқталмас бұрын, халық тілінің байлығын, сөздік қорында жиналған тілдік деректерді ұмыттырмай, көркем әдеби шығармаларда кеңінен қолданып, ұлттық әдебиетімізді дамытып, халық санасында жаңғыртып жүрген жазушылардың рөлін атап өткеніміз орынды. Соның ішінде біздің тоқталатынымыз - қаламгер, этнограф-ғалым Зейнолла Сәнік еңбектері.
Зейнолла Мүбәракұлы Сәнік 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Пекин қаласындағы орталық жастар институтын бітіріп, еңбек жолын баспагерліктен бастаған. Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. 1955 жылдан бастап әдеби зерттеу жұмыстарын жаза бастаған. Сол уақытта Қытайда жүргізілген “мәдени төңкерістің” ауыр соққысына ұшырап, “халық жауы” болып, ауыр күндерді де өткерген. Соған қарамастан, қаламгердің ғылыми еңбектерінен, роман, повестерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда “Қаракерей Қабанбай”, “Хас батыр Қабанбай”, “Тұғырыл хан”, “Демежан батыр”, Халық күйшісі Қайрақбай”, “Баспай” атты кітаптары мен еңбектері жарияланған [3] .
Зейнолла Мүбәракұлының қаламгерлік шеберлігінен бір бөлек, қалың оқырманға этнограф-ғалым қырын танытқан еңбектерінің бірі - Қазақ этнографиясы (2012) . Аталмыш екі томдық еңбектің мазмұнында қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, тұрмыс-салты кеңінен сипатталған.
Заттық этнографияның көлеміне - ұлт, сол ұлттың әр алуан тіршілік кәсіптері, егін-мал шаруашылығы, өнеркәсібі, тұрғын үйлері, қол өнері, сауда киім-кешек, азық-түлік, әртүрлі өндіріс құрал-жабдықтары, ауылдық, отбасылық жүйелері, еңбек, жер байлығы, т. б. кіреді дейтін болсақ, осы аталғандардың барлығы «қазақ этнографиясы» еңбегінде жекелеген арнайы тарауларда көрсетілген. Мысалы, шаруашылық мәселесі негізінен мал шаруащылығы, егін шаруашылығы аясында қарастырылса, аңшылық, балықшылық, орманшылық, бау-бақша, тау-кен, сауда-саттық тәрізді мәселелер жекелеген кәсіп незінде олардың түп төркінінен бермен қарай таратыла сөз болған. Біздің эрамызға дейінгі дәуірдегі әрбір кәсіптің шығу төркіне қарап отырып, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарынан сан мыңдаған жылдар бұрын орын алғанын байқауға негіз бар [4] .
Зерттеуші ф. ғ. д. Г. Орда « . . . бұл еңбектің негізгі жетістігі - қарапайым, түсінікті тілмен жазылғандығы, авторлардың зерттеушілердің пікірлеріне сүйенумен бірге өздерінің ұлттық әдебиет пен мәдениетті жақсы білетіндігі, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы толыққанды түсінік беруі. Қазақ елі өзінің ұлттық құндылықтарын сақтау арқылы ғана Мәңгілік ел болатындығын еске алатын болсақ, қазақ этнографиясын өскелең ұрпақтың санасына құю керектігі байқалады. Осы тұрғыдан алғанда қолымыздағы еңбектің жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан қазақ халқының ұлттығын сақтауы үшін ауадай зәрулігін байқау қиын емес. Ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бастау бұлағы болып табылатын еңбекті біз де мемлекеттік бағдарламаға енгізіп, жоғары оқу орындарында оқитын жастардың санасына сіңіруіміз қажет екендігін баса айтқымыз келеді» деп еңбекті лайықты бағалаған [5] .
Қазақ этнографиясының үшінші бөлімі «Ұлттық рухани этнографияға» арналған. Берілген бөлім сегіз тараудан құралған. Бөлімнің бірінші тарауында қазақтың рулық, туыстық, отбасылық жүйесі және қазақтың есім қою дәстүрі сөз болған, екінші тарауында қазақтың ежелден келе жатқан ырым-тыйымдары, наным-сенімдері, қазақ бақсылары мен қазақ әдебиетіндегі бақсылық сарынның ықпалы, халқымыздың исламға сенуіне, ислам мәдениетінің қазақ өміріне ықпалы, сонымен қатар тараудың соңында киелі сандар және түс туралы ұғымдарына түсінік берілген. «Қазақтың халықтық ғылымы» атты үшінші тарауында халқымыздың ұлттық философияның негізі және халық астрономиясына байланысты ұғым-түсініктер күн санау, ай санау, жыл санау және жыл қайыру әдістеріне жан-жақты шолу жасаумен бірге, қазақтың этномедицинасы туралы ақпараттар берілген.
Қазақтың халық астрономиясында күн мен ай космонимдерінің маңызы ерекше. Ежелден көбіне мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың уақыт бағдарлап, есеп жүргізуіне осы екі аспан денелерінің көп көмегі болғаны белгілі. Олай болса ең алдымен күн космонимінің халық танымында тілдік бірліктерімен кодталуына назар аударсақ. Күн сөзінің шығу тегі жайында деректердің ішінде түрколог Г. Вамберидің пікірін қолдаушылар көп. Ол күн сөзінің аталымы «күй, жан» етістіктерімен тығыз байланысты деп есептейді. Аталмыш пікірді қолдайтын түрколог ғалымдар етістіктердің түркі тілдеріндегі варианттарын салыстыра дәйектеме келтіреді.
Күн сөзінің шығу тегі ретінде қарастырылып жүрген күй етістігінің өзі де түркі тілдерінде бірнеше фонетикалық варианттарға ие. Атап айтқанда, көне түркі тілдерінде мұндай етістіктердің мынадай формалары болған: көй-/көн-/күй. Сондай-ақ осындай тұлғаларды М. Ресянен еңбегінен де ұшыратамыз [6, 178-179] .
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде КҮН з а т. 1. а с т р <грек. helios> Әлемге жарық, қызу беретін, күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз . К ү н - спектрлік класы G2V, абс. жұлдыздық шамасы + 4, 83 сары ергежейлі жұлдыз. (ҚҰЭ) . К ү н дегеніміз - диаметрі 1 миллион 400 мың км өте зор газ-шар (Ғалам ғажап. ) . Ол секундына 35 километр жылдамдықпен К ү н д і айналады, кейде Жерге 40 миллион километрдей жақындайды, бұл кезде бізге ол үлкен болып көрінеді, бізден алыстағанда кішкентай болып көрінеді (М. Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур. ) . Ол оқып жүріп қай уақытта К ү н бетінде қара дақ пайда болса, сол уақытта табиғатта әртүрлі қауіпті құбылыстар болатынын, егер Күннің беті таза болса, онда Жерде де ешқандай құбылыстардың болмайтынын байқаған (Т. Омаров, Күн. құбылыс. ) . 2. Жаз кездерінде шақырайып, көз қарықтырып қаратпайтын күн табағы. К ү н нарттай қызарып, алауланып барып ұясына отырды (С. Бақбергенов, Күй) . Биіктен көк теңбіл, Күліп к ү н қарады. Жылытып төккен нұр, Біздің жер-ананы (I. Мәмбетов, Табантал) . 3. а у ы с. Күн сәулесі тіке түсетін ашық жер; күншуақ. К ү н д е отырып қалдың ғой (Ауызекі) [7, 486] .
Жоғарыдағы берілген сөздікте «күн» сөзінің үш түрлі мағынасы берілген. Әрбір мағынаның қолданылуы күннің физикалық қасиеттеріне тікелей байланысты екендігін байқауға болады. Сонымен қатар қазақ танымында күннің жарық-жылу сыйлаушы, жақсылықтың белгісі ретінде жұмсалуы сөздік қорымыздағы мақал-мәтелдерімізден айқын көрінеді. Мысалы, Жаңа шыққан күнді көрген бір ғанибет, Жаңа ашылған гүлді көрген бір ғанибет; Бұлыңғыр күннің артынан бұлтты түре күн шығар; Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. т. б.
Ай космонимі. Қазақ халқында күнмен бірге айдың маңызы да кем болмаған. Көшпелі халық айға қарап ауа-райының қалай өзгеруіне дейін болжап отырған. Бұл халқымыздың асқан байқампаздығы мен даналығын білдіреді. Г. Вамбери ай космонимінің этимологиясы бүкіл түркі тілдеріне ортақ түсті білдіретін ақ сын есімімен байланыстырады. Ал зерттеуші Т. Жанұзақов: «Біріншіден, Ай ертеден, көне заманнан-ақ әдемілік пен сұлулықтың символы болған, оған жұрт табынған, қасиет тұтқан. Ежелгі түркі тайпаларының көк аспанды, ай мен күнді «қасиетті», «құдыретті», «тәңірі» санап, оларға табынғаны тарихтан белгілі. Оған тіліміздегі aja «әдемі», «әсем», осман түркілеріндегі aja «қасиетті» және ajas «таза, ашық аспан», ajas kök қолданылуы да анық дәлел. Екіншіден, ай сөзінің көне тұлғасы, түп нұсқасы ajas ̴ aja сөздері болғаны, олардың замандар ағымына сай өзгере келіп, соңғы дыбыстары жоғалып, түсіп қалғаны байқалады. Оның фонетикалық өзгеру схемасы ajas ̴ aja ̴ aj болуы мүмкін деп болжаймын [8, 57] .
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz