Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы
Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам.
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 Семестірлік жұмыс
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: 14. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.
Мамандығы: Автоматизация и Управления
Орындаған: Прназар Нұрдаулет Тобы: АУк-4
Тексерген: Профессор Сабира Сайфумаликова
Алматы 2021
14. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.
Ресейдегі патша билігіне қарсы екінші көтеріліс ретіндегі 1917 жылы 24 ақпанда Петроградта болған буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясы Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы қуанышпен қарсы алды. "Қазақ" газеті 9 наурыздағы санында: "...Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: "Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді", - деп түсіндіреді.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды.
Түркістан өлкесінің орталығында және Сырдария облысының Ташкент қаласында саяси өмір жандана бастады. Тұтастай еуропалықтардан тұратын және жергілікті (мұсылман) халықтардың өмірімен санаспайтын жұмысшы, солдат депутаттарының ташкенттік Кеңесіне қарама-қарсы өлкеде әрқайсысы өз алдына Түркістанның жергілікті халықтарының мүдделерін қорғайтын екі саяси партия құрылды. Олардың алғашқысы жәдиттердің, яғни ұлттық-демократиялық қозғалыстың күшімен құрылып, Шура-ислами (Ислам кеңесі) деп аталды. Шура-ислами басшыларының арасында өздерінің саяси белсенділіктерімен М. Карры, У. Хожаев, М. Бехбуди және Түркістанның басқа да белгілі азаматтары көзге түсті. Шура-исламидің жұмысына 1917 жылы сәуірде Петроградтан Түркістанға оралған М. Шоқай да араласты. Шура-исламилықтар тұтастай алғанда Уақытша үкіметтің саясатын қолдады және Түркістанның демократиялық жолмен дамуын құптады. Шура-ислами партиясының ұйымдары өлкеде кеңінен ашылды және Сырдария облысының қалаларында ғана емес, Жетісуда да өз топтары болды. Шура-исламидің құрылуы Түркістан өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды, бұл партия қалыптаса келе Түркістанда ресейлік үлгідегі қосөкіметтілікті қолдамады. Сөйтіп Түркістанның саяси аренасында үш өкімет орнықты, олар: Кеңестер, Уақытша үкіметтің билік органдары және өзін жергілікті (мұсылман) халқының сайланып қойылған үкіметі деп атаған Шура-ислами партиясы.
Екінші бір партия - өзін Шура-улема (Діни кауым кенесі) деп аталып, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен 1917 жылы маусымда Шура-исламидің құрамынан шыққан мұсылмандардың топтасуымен құралды. Бұл әлсіз әрі мүшелерінің саны аз ұйым іс жүзінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының өміріне айтарлықтай ықпалын тигізе алған жоқ.
Егер салыстырмалы түрде Түркістанда үш өкімет құрылды десек, онда Қазақстанның; өз жағдайында да көп өкіметтілік орнықты деп айтуға болады. Мұнда үш өкіметтің жоғарыда аталған тармақтарына қосымша Батыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағында орналасқан Орал, Орынбор және Жетісу қазақ станицалары тұрғындарының үкіметін, сондай-ақ облыстық қазақ комитеттерін және Ә. Бөкейханов пен оның серіктері ұйымдастырған, жалпы халықтық Алаш партиясын қосуға болады. 1917 жылы 21- 26 шілдеде Орынборда болған "Бүкіл қазақтық" съезде "Алаш" партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т.б. кірді.
Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым Үш жүз партиясы болды. Партия мүшелері кейде өздерін қазақтың социалистік партиясы деп те атады. Үш жүз саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы Үш жүз газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда Үш жүз іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды. Үш жүздің саяси көзқарастары Алаш партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің төңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен Үш жүздің саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған Үш жүз 1918 жылдың жазында тарап кетті.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.
1917 жылғы 9 наурызда Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені, уездік атқару комитеттері - Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н.Бөкейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын.
Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты.
Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді, Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: "Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді", - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: "Сары әскер" қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz