Білім жүйесін жаңарту және Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

2 Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері.

Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы.

Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана бі ле тін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Тəуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз əсерін тигізуде. Бүкіл əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мəселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау - əр оқытушының борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін, барлық шəкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Біздің кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамы жоғарыда атал ған талаптарға сай қызмет атқаруға тырысып бағуда. Олар Президентіміз Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында қойылған қазіргі заманға сай білім берудің интеграциялық үдерістерін дамыту мақсатында еңбек етуде. Əсіресе, жоғары оқу орындары білім беру ісімен шектеліп қалмауы тиісті екендіктерін терең түсінген кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құрып, оқу процесін жан-жақты дамыту қажеттігін басшылыққа алуда.

Атап айтқанда, соңғы бес жылда кафедрамызда Қазақстан тарихы, саясаттану жəне экономикалық теория негіздері пəндері бойынша тұрақты ғылым-əдістемелік секциялар құрылып, жемісті жұмыс істеуде. Бұған қоса, оқытушылардың жетекшілігімен құрылған студенттердің ғылыми үйірмесі-де қазіргі талаптарға сай қызмет атқаруда. Осы үйірменің тікелей атсалысуымен жыл сайын желтоқсан айында кафедраның жұмыс жоспары бойынша студенттер мен жас оқытушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтізіледі. Мəселен, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Тəуелсіз Қазақстан: Əлеуметтік жаңғыру жолындағы 20 қадам» атты конференцияда ҚР ПрезидентіН. Ə. Назарбаевтың «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ор тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасына сəйкес ғылым мен білім беру саласын интеграциялаудың, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кейбір көкейтесті мəселелері көтерілді. Конференцияда 50-ден астам студенттер баяндама жасап, ой-пікірлерін айтты. Олардың үздік шыққандарына Университет ректорының дипломдары мен құрмет грамоталары тапсырылды.

Источник: https://e-history. kz/kz/seo-materials/show/30180/
© e-history. kz

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болон декларациясы және Қазақстанның Еуропалық жоғары білім кеңістігіне қосылуы: принциптер мен ұлттық әсері
Болон процесі: мақсаттары, негізгі өлшемдері және Қазақстанның қосылуы
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы: жоғары білім жүйесіндегі академиялық мобильдік пен сапаға талдау
Қазақстанда жоғары мектеп педагогикасының дамуы және Болон үдерісіне қосылу
Болон процесі және Қазақстанның жоғары білім жүйесіне интеграциясы
Қазақстанның жоғары кәсіби білім беру жүйесі: жоғары мектеп педагогикасы және Болон процесіне қосылу
Көпдеңгейлі білім беру жүйесі: Болон үрдісі және Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері
Қазақстанда халыққа білім беру жүйесін жаңарту және жетілдіру мәселелері
Білім беру үдерісіне сапа менеджменті жүйесін енгізудің стратегиясы мен практикалық тәжірибесі
Болон үдерісі: тарихы, негізгі мақсаттары және ұлттық жоғары білім жүйелерін реформалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz