Tабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФAPAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕPСИТЕТI

Геогpaфия және тaбиғaтты пaйдaлaну фaкультетi
Тұpaқты дaму бойыншa ЮНЕСКО кaфедpaсы

СРС

Тaқыpыбы: Tабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою саласында персоналдың құқығы мен міндеттері.

Оpындaғaн: Ырысбай Б
Тексерген:Жуманова Г.С

Aлмaты
Кіріспе

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.[1] Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Төтенше жағдайдың алдын алу

Төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 8 шiлдедегi N 1218 қаулысын орындау үшiн әзiрленiп:
- төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюдың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуға, тиiстi нормативтiк-техникалық база жасауға;
- объектiлердi авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан қорғау жүйесiн жетiлдiруге, оларды сенiмдi пайдалану талаптарына сәйкестендiруге;
- төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық резервтер жасауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру құрамалары жұмыстарының әзiрлiгi мен тиiмдiлiгiн көтеруге;
- халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оны төтенше жағдайлар кезiндегi дағдылар мен ережелердi ұстауға оқытып-үйретуге, төтенше жағдайлардың қаупi туралы белгi-хабар беру жүйесiнiң сенiмдiлiгiн көтеруге;
- төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi Республикалық кешеннiң басқару, құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiруге;
халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға бағытталған.

Төтенше жағдай (ТЖ) - адам және материалдық шығындарға әкелген немесе әкелетiн авария, апат, табиғи немесе экологиялық зiлзалаларға, эпидемияға, эпизоотияға және эпифитотияға байланысты объектiде немесе белгiлi бiр аумақта (акваторияда) адамдардың қалыпты өмiр жағдайлары мен қызметiнiң бұзылуы.
Төтенше жағдайлар таралу ауқымына қарай:
- жеке мәндiлiктi (зардабы қондырғымен, цехпен шектеледi);
- объектiлiк (зардабы объектiмен шектеледi);
- жергiлiктi (зардабы қаламен, ауданмен, облыспен шектеледi);
- аймақтық (зардабы бiрнеше облыспен шектеледi);
- кең ауқымды (зардабы республиканы, немесе республиканың бiр бөлiгi мен шектес елдердi қамтиды) болып тармақталады.
Төтенше жағдайлар пайда болу себептерi бойынша табиғи және техногендiк болып бөлiнедi.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу - төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы мен зардаптарын болжау, төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу, олар бола қалған жағдайда мүмкiндiгiнше шығынды шектеу немесе азайту, төтенше жағдайлардың ықтималдығы немесе сөзсiз болуы туралы басқару органдары мен халықты дер уақытында хабардар ету жөнiндегi, сол сияқты оның басталуы немесе тiкелей қатерi туралы хабарлау жөнiндегi шаралардың кешенi.
3. Төтенше жағдайларды жою - адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн тiкелей қауiптi жою, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалыпқа келтiру жөнiндегi авариялық-құтқару, авариялық-қалыпқа келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар халықты, шаруашылық объектiлерi мен жердi қауiптi табиғи және техногендi құбылыстардың зиянды ықпалынан қорғау жөнiндегi iс-қимылдардың жалпы кешенiнiң маңызды буыны болып табылады. Бұл шаралар адамдар өмiрiн қауiпсiздендiруге, мүмкiн залалды елеулi түрде төмендетуге, ал жекелеген жағдайларда оны толық болдырмауға мүмкiншiлiк бередi.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға қауiптi құбылыстарды ғылыми зерттеулер, оларды болжамдау, жағдайды бақылау және басқалар жатады.

2. Ғылыми зерттеулер

Қауiптi табиғи және техногендiк құбылыстарға ғылыми зерттеулер жүргiзу қажеттiлiгi олардың жиi қайталанатындығы мен жеткiлiксiз зерттелуiне байланысты. Зерттеулердiң басты бағыттары:
- қауiптi табиғи құбылыстардың белсендiлiгiнiң даму барысына бақылау жасауды қоса алғанда, аймақтық және жергiлiктi геоэкологиялық мониторингтiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу;
- геоақпараттық жүйе жасау, геоэкология және қауiптi табиғи құбылыстардың ақпараттық өңдеу мен сақтау әдiстерiнiң проблемалары бойынша мәлiметтер банкiлерi мен бiлiм базаларын жасау;
- қауiптi табиғи құбылыстардың және олардың қалыптасу ошақтарының кадастрларын жасау;
- қауiптi табиғи құбылыстар мен техногендi апаттардың қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың есебi мен болжамының, алдын алу, бақылау және қорғаныс құралдары шараларының әдiстерiн әзiрлеу;
сейсмикалық шыдамды үйлер мен ғимараттардың тиiмдi құрастырмалары және құрылыстардың сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есебi мен жобаларының, ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамыту болып табылады.

3. Жағдайды байқау, бақылау, қауiптi
құбылыстарды болжамдау және хабар беру

Табиғи және өндiрiстiк объектiлердiң жай-күйiне саны мен сапасы бойынша жеткiлiктi режимдiк байқауларсыз, сол сияқты қауiптi құбылыстарды болжамдау бойынша тиiмдi әдiстер болмайынша төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкiн емес. Iс жүзiндегi сейсмикалық бақылаулар жүйесi бұл күнде республикада мейлiнше бiркелкi емес және сейсмикалық қауiп пен жер сiлкiнiсiн болжауға баға беру үшiн, сол сияқты басқа да қауiптi құбылыстарға бақылау жасау үшiн қажеттi материалдар алудың ауқымын қамтамасыз етпейдi. Олардың техникалық жабдықталуы көпшiлiк жағдайларда қазiргi заман талабына жауап бермейдi. Сондықтан басты назар байқау жүйесi объектiлерiнiң жаңасын жасауға және қолданылып жүргендерiн жаңартуға, қауiптi құбылыстарды болжамдау мен хабарлау әдiстерiн әзiрлеу мен жетiлдiруге аударылуы тиiс.

4. Бақылау тораптарын құру және дамыту

Ұйымдық-техникалық жұмыстар мен әзiрлемелерi:
- сейсмикалық қауiпке баға беру, жер сiлкiнiстерiн болжамдау мен жер сiлкiнiстерiнен болатын зиянды азайту бойынша шаралар ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық сейсмологиялық қызметiн құруға;
- сейсмологиялық байқау мәлiметтерiн жинау жүйесiн, сондай-ақ Жердiң жасанды серiктерiн пайдаланып, апатты құбылыстарға жедел болжам жасауға;
- мейлiнше қауiптi аймақтардағы елдi мекендердiң құрылысы туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға;
- мейлiнше қауiптi аймақтардағы елдi мекендердiң құрылысы туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға;
- радиоактивтi нәрселермен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтау, радиоактивтiк жұқпа байқалған кезде шұғыл қауiпсiздiк шараларын қабылдауды қамтамасыз ету үшiн радиациялық жағдайға бақылау жасаудың бiрыңғай республикалық жүйесiн құруға;
- селдiк хабарлаудың автоматтандырылған жүйесiн жасауға;
- гидрометеорологиялық бақылау тораптарын кеңейту мен автоматтандыруға;
- болжамдау ақпаратын жинауға арналған байланыс жүйесiн жетiлдiруге;
- химиялық қауiптi объектiлерге, газ және мұнай кешенi кәсiпорындарына, iрi гидротехникалық құрылыстарға ерекше назар аударып, мейлiнше қауiптi өнеркәсiп және су шаруашылығы объектiлерiн бақылау мен хабарлаудың жергiлiктi жүйелерiн паспорттау мен құруға;
- ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың пайда болуының мүмкiн ошақтары туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға бағытталған.

5. Қауiптi құбылыстарды болжаудың
әдiстерi мен технологияларын әзiрлеу және енгiзу

Бұл бағыттағы негiзгi жұмыстар:
- техногендi апаттардың, мұның iшiнде қосымша әсерлердiң мүмкiн зардаптарына баға беру;
- табиғи және техногендi апаттардың зиянын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi алдын алу шараларын жоспарлау мен ықтималдандыру;
- табиғат апаттарын болжамдаудың ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi әдiстерiн әзiрлеу мен зиянды азайту бойынша алдын алу шаралары жоспарын ықтимал ету үшiн оларды пайдалану;
- болған апаттардың мөлшерiн анықтаудың, болған апаттардың зияны мен мүмкiн зардаптарына баға берудiң автоматтандырылған жедел әдiстерiн әзiрлеу, мұның iшiнде апат болған жерден тiкелей ақпарат болмаған кезде;
- апаттардың зардаптарын жою жөнiндегi шаралар жоспарын жедел iс жүзiне асыру әдiстерiн әзiрлеу;
- табиғи және техногендi апаттарды болдырмау әдiстерiн әзiрлеу;

Табиғи және техногендi авариялар мен апаттар жалпы жиынтығында адам мүмкiншiлiгiнiң шектеулiгiне байланысты iс жүзiнде мұғайым болдырмау мүмкiн емес оқиғалар болып саналады. Алайда олардың зиянды әсерi арнаулы алдын алу шараларын жүргiзу есебiнен елеулi түрде азайтылуы мүмкiн. Бұған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдай шаралары
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оның пайда болу себептері
ТЖ кезінде халықты қорғау
Табиғаттағы экстремалды жағдайлар
Пәндер