Физика пәнінен Кембридж бағдарламасы ұсынған ІІІ деңгейлі курс бойынша орта мерзімді жоспардың аналитикалық есебі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Физика пәнінен Кембридж бағдарламасы ұсынған ІІІ деңгейлі курс бойынша орта мерзімді жоспардың аналитикалық есебі

Физика пәнінен Кембридж бағдарламасы ұсынған ІІІ деңгейлі курс бойынша орта мерзімді жоспардың аналитикалық есебі

Мектептегі тәжірибе кезінде әрекеттердің барысында үйренгенім-бағдарламада айтылған авторлардың «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің» идеяларын тәжірибеге барған кезде 7-сыныптың физика пәнін таңдап, сол сыныппен жұмыс жасау барысында сабақтарда батыл қолдандым. Сыныпта жиырма оқушы он ұл бала және он кыз бала. Үлгерімі бойынша сынып орташа деңгейде оқиды.

7-сынып физика пәнінде қарастырылатын «Қуат. Жұмыс. Энергия» тарауы бойынша төрт тізбектелген сабақтар топтамасын құрудан бастадым, онда мен оқытудың керемет жеті модульдің жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді және ұтымды жақтарын ескеріп кірістірдім, осы арқылы оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып белсенділік әрекетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс атқардым. Өз алдыма қойған мақсат міндеттірімді мен орта мерзімді жоспар кестесіне енгіздім. Онда кіріктірілген жаңа әдіс-тәсілдер менің алдағы өткізген 4 сабағымды құрастыруға көп септігін тигізді. Олар мыналар: 1. Есептер шығару (Жұмыс. Қуат. Энергия тақырыптары бойынша) 2. Тыныштықтағы дененің тепе-теңдігі. Күш моменті. Айналатын дене тепе-теңдігі 3. Иінді таразылар. Жай механизмдер. Көлбеу жазықтықты пайдаланып механиканың алтын ережесін дәлелдеу 4. Механизмнің ПӘК-і

1. Ең бірінші «Есептер шығару» сабағын өткіздім. Сабақтың мақсаты «Жұмыс, қуат, энергия және оның түрленуі тақырыбында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану арқылы оқушының ой - өрісін дамыуға мүмкіндік беру, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолданып, шапшаңдық пен нақтылыққа жетелеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету» болатын. Сабақты ең біріншіден топқа стик арқылы бөлуден бастадым, олар алдында мұндай жүйені алдында көрмегендіктен топқа бөліну кезінде қиындықтар кездесті, яғни шапшаңдық, тездік, жинақылық, нақтылық. Содан соң топ басшыларын сайлайды, әр топқа бірдей тапсырмалар беріледі, тапсырмаларды жеке-жеке шығып дәлелдейді. Топтың мүшелерін топ басшысы бағалайды. Сабағымда интерактивті тақтамен, оқулықпен және электронды оқулықпен жұмыс болды. Бұл арқылы мен мейлінше уақыт қорын үнемдеуге тырыстым. Зерттеуге алған оқушыларым Хоршат Бейбарыс, Сатыбалды Қанат, Зейнілхабиден Аида. Бірінші сабақта бұл балалар күнделікті өздігінен жеке жұмысқа дағдыланғандықтан, топтық жұмыста өз мүмкіндіктерін толық аша алмады.

2. Екінші сабақ «Тыныштықтағы дененің тепе-теңдігі. Күш моменті. Айналатын дене тепе-теңдігі» болды. Топқа конверт арқылы бөлдім. Үй жұмысын топтық тапсырмалар беру арқылы ұйымдастырдым, оны олар оны шығып қорғады. Жаңа тақырапты берерде мен оларға сол тақырыпты оқып алыңдар деп ұсындым. Сабақтың басында рефлексия жүргіздім, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында. Олардың алдарына тақыраптың мазмұнын ашатын бес сұрақ тастадым. Олар сұрақтарды негізге ала отырып, оқулықты пайдаланып өтілетін тақырып жайлы қысқаша меңгерді. Қиыншылықтар болды, өйткені үлгерімі төмен оқушылар сұрақты түсінгенімен тақырыптың мазмұнын дұрыс ұғына алмады, ал төрт пен беске оқып жүрген оқушыларға оңай болды. Тақырып бойынша оқушыларға сызба, жазба арқылы тапсырмаларын беріліп, топ ішінен бір оқушы шығып қорғады. Сабақты бекітуге деңгейлік есептер әр топқа жеке-жеке таратылды. Оқушылар өз деңгейіне қарай тапсырманы алып орындаты. Сабақтың соңында топ басшысы оқушыларды сабақ бойында бағаланған парақты оқып, өзінің топ мүшелері туралы өз ойын білдірді. Бұл әдіс арқылы айтылған ойлар маған келесі саабқты құруыма көмек болды.

3. Үшінші сабағым «Иінді таразылар. Жай механизмдер. Көлбеу жазықтықты пайдаланып механиканың алтын ережесін дәлелдеу» Сабағымда ең біріншіден оқушылар өздерін жайлы және еркін сезіну үшін, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдан бастадым, бұл менің сабағымның сәтті өтуіне мүмкіндік берді. Мен оқушыларды осы жолы қала атаулары арқылы бөлуді жөн көрдім. Үй жұмысын тағы да топқа жеке-жеке тапсырмалар беру арқылы ұйымдастырдым. Берілген тапсырманың нәтижесін Венн диаграммасы түрінде көрсетті. Жаңа тақырыпты ашу үшін қысқаша видео шолу жүргіздім. Бұл видео арқылы оқушылар өз ойларын айтып, өтілетін тақырыпты меңгеруіне сеп болды. Жаңа тақырыпбойынша қысқаша мәлімет беріп, қызықты сұрақтар қойылды, берілген мән мәтінді түсіндірді. Сабақтың соңында әдеттегідей топ басшысы оқушыларды бағалайды.

Қорыта айтатын болсақ, «Жұмыс. Қуат. Энергия» тарауы бойынша өткізген төрт сабағымның топтамасын ең алдымен, өткен тақырыптар бойынша қысқаша мәлімет жинатқызып, есеп шығару арқылы физикалық шамалардың белгіленуі, оның ХБЖ-да дұрыс өрнектелуін бақылау, күш моменті туралы мәлімет алу, оның тепе-теңдік жағдаяттарын өмірлік жағдайлармен байланыстыра алуын зерделеу, жай механизм құрылымымен таныстыру, иінді таразыладың түрлері жайлы және оның айырмашылықтарын меңгерту, осы жоғарыда айтылған тақырыптарбойынша алған білімдерін тереңдете отырып, ұғындыру, көптеген видео шолу арқылы оқушылардың өздігінен тақырыпты ашуға үйрету, дағдыландыру, алған теориялық білімдерін іс - тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Мен оқушыларға тапсырмаларды ең бірінші сабақтарда өте оңай және қиын болмасын деп жетінші сыныптың оқу деңгейлеріне сәйкес етіп таңдадым. Бұл тапсырмалар оқушының эмоциялық сезіміне әсер ету үшін және сонымен қатар, жұмыстың нәтижесін беретіндей етіп құрастырдым. Содан кейін барып бірақ келесі сабақтарымда деңгейлік тапсырмаларды күрделендірдім.

Тәжірибе барысында диалогті қолдану арқылы оқушыдан сұрақты қандай мақсатта қолданғанымды үйренгенім. Мәселен, кіріспе бөлімінде байланыс орнату, сыныптың не білетінін анықтау, бұрынғы жұмысты қайталау, сабақ тақырыбында жүретін проблемаларды белгілеу мақсатында қолдандым. Ал жаңа тақырыпты түсінуде қызығушылық және ілтипаттылық туғызу, талқылау және логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың не болып жатқанын түсінгенін анықтау мақсатында қолдандым. Жаңа тақырыпты меңгеріп, оны қолдану кезеңінде назар аудару және түсіндіру, бақылаудың негізінде ойлы тұжырым жасауды үйрену, қиын сәттерді, түсінбеушіліктерді түсіндіру және жекелеген оқушыларға көмектесу мақсатында қолдандым. Қорытынды кезеңінде сабақтың негізгі сәттерін қайталау, сабақ нәтижесін бағалау және оқушылардың тақырыпты түсіну және меңгеру деңгейін анықтау, болашақтағы проблемалар мен тиісті сұрақтарды анықтау мақсатында қолдандым. Бұл маған оқушылардың сабақты жетік меңгеруілеріне көмектесті.

Бағдарламаның жеті модульдің ішінде мен бірінші орынға ақпараттық - коммуникациялық технологиялар және қалай оқу керектігін үйретуді қояр едім, өйткені, ақпараттық -коммуникациялық технология біріншіден, оқушының ой, зейін, ес, қабылдау, сезімдеріне әсер етеді, екіншіден, сабақтың мазмұндылығы көрнекі құралдардан демекші, көрнекі құралдың нақтылығы, әсерлігі, тартымдылығы болса, үшіншіден, оқушының пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі молынан артады, сондықтан тәжірибе кезінде төрт сабағымда да көрініс тапты. Қалай оқу керектігін үйретуді алдым, өйткені сабақта жаңаша әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім бағыт- бағдар береді, бақылайды, қадағалайды, бағалайды, өзгертеді, ал оқушы өздігінен білім алып өзін - өзі реттеуге дағдыланады, соңында оқушы қалай оқу керектігіне үйренеді. Оған менің зерттеуге алған оқушылармның іс-әрекеттері дәлел бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нанотехнология негіздері факультативті курсын әзірлеу
Геометрияны оқытудың тиімді әдістері
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті
Химияны оқытуда аяушылық технологиясын қолдану және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Сабақ оқытудың негізгі формасы және оның маңызы
HTML ТІЛІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОФФ ЛАЙНДЫҚ ЖУРНАЛ ЖОБАСЫН ЖАСАУ
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Қысқа мерзімді жоспарға қалыптастырушы бағалауды енгізу
Физика пәнінен оқушылардың эксперименттік зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz