Шошқалардың гигиенасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі қабан шошқалардың гигиенасы

Шошқа малдарының басын көбейтіп, олардан алынатын өнімдерді молайту үшін, қабан шошқалардың күтімін жақсартып, дұрыс азықтандырып қана жыныстық қабілетінің көрсеткіштерін көтеруге болады. Пайдаланатын қабан шошқалардың жасына, тұқымына, күйіне, физиологиялық ерекшеліктеріне тағы басқа көрсеткіштеріне қарап бағаланады. Асыл тұқымды шаруашылықтарда жас қабан шошқаларды 11-12 айлық жастарында (салмағы 160-180 нен кем болмаса), өнімді өндірістерде бір ай ертерек 10-11 айлығында (салмағы 130-150 кг) шағылысқа қоса бастайды. Қабан шошқаларды ерте жас кезінен шағылысқа пайдалану, олардың өсуін тежеп, ұрық сапасы нашарлап, өнімділігін төмендетеді.
Ірі шошқа шаруашылықтарында қабандарды қысқа мерзім ішінде (2,5-3 жыл) қарқынды пайдалануды ұсынады. Ондай интенсивті пайдалану кезінде 1-1,5 жастағы жас қабандарға бір ай ішінде 7-12 рет, қалыпты кезде - 6 рет, ал 1,5-2 жасында қарқынды түрде 9-16, қалыптыда - 8 рет, 2-3 жастағы қабандарды - 11-12 рет, орташа пайдаланғанда - 10 рет, ал үш жастан асқан аталық шошқаларды интенсивті пайдаланса айына - 13-24 рет, қалыпты болса - 12 рет шағылысқа қосады.
Табиғи шағылыстыруға да, жасанды ұрықтандыруға да пайдаланатын қабан шошқалар міндетті түрде денсаулығы сау болуы керек, әсіресе жұқпалы аурулардан аман болып, бруцелез, туберкулез және лептоспироз ауруларына зерттеу жүргізгенде олардың жоқтығы дәлелденуі керек.
Қабан шошқалардың семіріп кетуінен сақтану үшін, яғни қалыпты конституцияда болып, жыныстық шағылысқа активтілігі жоғары және ұрығының сапасын жақсартуда, оларға күнделікті серуендету (1,5-2 сағат бойы 2-3 км қашықтықта) өте маңызды болып саналады.
Қабандарды толықтай құрамында құнарлы заттары бар азық рационымен қамтамасыз ету олардың ұрығының сапасын жақсартуға әсерін тигізеді. Қабан шошқалардың рационы көлемі жағынан қалыпты мөлшерде және құрамына жоғарғы колориялы азықтар кіріп, минералды және витаминді қоспалары кіргізілген болуы керек. Аталық шошқаларды шағылысқа интенсивті пайдалану кезінде олардың рациондарына малдан алынған азықтарды (ет, ет-сүйек, балық ұндары, көк азық т.б.) кіргізу қажет. Қабан шошқа бір шағылыста 400-500 мл дейін ұрық бөледі. Ондай жоғарғы ұрық түзілу процесстерінің кезінде организмдегі жалпы зат алмасу жоғарлап, қабанның энергияға сұранысы артып, биологиялық толық бағалы протеиндер, липидтер (май), витаминдер, макро-микроэлементтер қажет болады.
Қабан шошқалардың рациондарында бұл заттар жетіспеген жағдайда, олардың көңіл күйі төмендеп, шағылысқа түспей, ұрық түзілуі организмдегі тежеліп, ұрықтандыру қабілеті азаяды.
Аса көңіл бөлетін мәселе қабандардың тұяқтарының жағдайы болып саналады. Уақытында қабан шошқалардың өскен тұяқтарын кесіп, тазалап және емдеп отырса, олардың тұяқтары жарылмай, сынықтары болмай, өздерінің шағылысқа түсу қабілеті жоғарлайды.
Қабан шошқалардың шағылысқа пайдалану мерізімінің ерте қысқаруы, оларда қарқынды мационның жоқтығынан болып, аяқ буындарының ісуі, ұрығының сапасы төмендеуі, шағылысқа түсуге ынтасының азаюы әсіресе күзгі, қысқы айларда қора едендерінің сыз, суық болуының салдарынан туады.
Әр негізгі қабан шошқаларға арнайы куәлік ашылып, оған ветеринариялық зерттеулермен профилактикалық жүргізілген шаралардың нәтижелері жазылып қойылады.

Аналық шошқалардың гигиенасы

Аналық шошқаларды дұрыс азықтандыру және күтіп-бағу олардың денсаулығы мен өнімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Мегежін шошқалардың денсаулығы жақсы болса ғана олардың болашақ төлдерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық (туғаннан кейінгі) өсіп-жетілуіне тікелей әсерін тигізеді. Жас алғашқы торайлайтын мегежін шошқалардың жасы және салмағы зор рөл атқарады. Жас шошқаларды алғашқы шағылыстан өткізу мерзімі өнімдік фермаларда 10 айлығынан (салмағы 110 кг), тұқымы фермаларда - 11-12 айлығында (тірі салмағы -120-140 кг) бастаған ең қалыпты жас болып есептеледі. Жетілмеген жас мегежіндердің организмдегі жатырдағы төлдің өсуі мен сүт түзілу процесстері қатар жүреді де, аналық жүдеп арыйды, олардың желіндерінде сүт түзілу процесстері нашарлап, көбінесе туған торайлардың өсіп-жетілуі төмен болады.
Буаздық мерзіміне қарап мегежін шошқаларды жекелеп немесе шағын топтармен ұстайды. Моционның жетіспеушілігінен, жоғарғы немесе қалыптан тыс температураның төмендеуі, зиянды газдардың, шаң-тозаңдардың, микроорганизмедердің ауадағы мөлшерінің көбеюі, ультракүлгін сәулелерінің аздығы, жарықтандыру режимдерінің бұзылуы, мал басының тығыз орналасуы, желдету жүйелерінің нашар жұмыс жасауы тағы басқа факторлардан туатын стресс, шошқа организміне әсіресе, жыныстық жетілу процесстеріне өте елеулі әсерлерін тигізеді.
Қалыпты жағдайда жыл ішінде әр мегежін шошқаны 2-2,2 рет тудырып орта есеппен 9-10 торайлардан, яғни жиыны 20-22 бастан алады. Буаз шошқалардың құнарлы заттарға сұранысы, олардың денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға, жатыр ішіндегі ұрықтың өсіп-дамуына, олардың мүшелерінің қалыптасуына, желіндегі уыздың түзілуіне т.б. байланысты болады. Жас төлдердің эмбрионалдық және постэмбрионалдық өсіп жетілуі аналық шошқалардың азықтандыру шамасы мен күтіп-бағу жағдайына тікелей байланысты болады. Көптеген шаруашылықтарда аналық шошқаларды құрамында аминқышқылдары (лизин, трифтофан), витаминдер (А,Д,Е) және минералды заттар (кальций, фосфор т.б.) жеткіліксіз дәнді азықтармен көректендіреді де, соның нәтижесінде аналық жыныс клеткаларының өсуі бұзылып, олардың саны азайып, ұрықтануы төмендеп, қысыр қалуы мүмкін, ал буаз шошқалардың жатырындағы төл дұрыс дамымай, әлсіз, жетілмеген және өлі торайлар туады.
Ұрықтанған аналық клеткалар 3-5 тәуліктен соң жатырдың қабырғасына бекіп, ал плаценттің (төл сыртындағы қабаты-шуы) түзілуі буаздықтың 15-20 тәулігінде ғана жүреді де, бұл күндері жатырдағы төлдің қорғанысы нашар болып, шамалы сыртқы ортаның әсерінен (суық су ішу, суық өту, қысылып, соғылысу т.б.) іш тастау кездеседі. Осы кездерде буаз мегежіндердің рационына, тіпті өте болымсыз мөлшерде үсіген, ашыған, көгерген, шіріген азықтарды қосу жатырдағы төлдің өліміне апарып соғады. Буаз шошқалардың рационына құрама азықтардың мөлшерін 75-85 % арттырса, олардың кетоз ауруына ұшырап, сүт бөлінуі тоқтап (агалактия) және әлсіз, нашар, салмағы төмен (400-700 г) торайлар тууына апарып соғады. Буаз шошқалардың рационына сулы азықтар шөп ұнын, сапалы дайындалған шөп, сүрлем т.б. қосылады.
Буаз шошқаларды торайлайтын орындарға кіргізердің алдында қораны мұқият тазалап, жабдықтарды дезинфекциялаудан өткізіп, дайындықтар жүргізеді.
Мегежін шошқаларды торайлардың алдында тексеруден өткізіп, әсіресе желін ауруына көңіл бөледі. Малдың желін ауруының негізгі көрсеткіштері байқалса (қызарған, ісік, қатайған т.б.) рационнан сулы азықтарды шығарып тастап, емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Буаз шошқаларды тууына 5-7 күн, ал топтап ұстаған кезде10-15 күн қалғанда аналық шошқалардың қорасына ауыстырып, жекелеме станоктарға орналастырады. Ауыстырудың алдында олардың денелерін қатып қалған ластардан (болса) тазалап, жуып дайындап алады да, соңынан кептіріп, желнін 1:10000 қатысындай марганцовканың әлсіз су ертіндісімен жуып, дезинфекциялаудан өткізеді. Буаздықтың соңғы аптасындағы мегежіндерді бір қорадан екінші қораға, станоктарға ауыстыру кездерінде, олардың жарақаттанып қалуына жол бермеу керек.
Буаз шошқалардың тууына 4-5 тәулік қалғанда, олардың рационын біртіндеп азайтып, торайлайтын күніне қарсы 50 % қысқартады (жартылай аш рацион). Туғаннан соң аналыққа жылы су береді де, 10-12 сағаттан соң бидай кебегінен және сұлу жармасынан көже жасап (0,5-0,7 кг) тұз және мел қосып (20-30 г) береді. 5-6 сағаттан кейін туған шошқаларды екінші рет азықтандырады да, рационның көлемін біртіндеп көбейтіп 5-7 тәулікте толық рационға көшіреді. Бұлай біртіндеп шамалы азықтандырудың нәтижесінде туған мегежіндердің алғашқы күндері желіндеріндегі сүт түзілуі қалыпты болып, жас торайлар толық сүтін емеп, желін ауруының шығуына жол берілмейді. Жас туған торайларды енесінің басып тастауынан профилактикалық шаралар жүргізудің бір жолы аналық шошқаны станокта бөлек ұстау болып саналады. Ол үшін арнайы станоктар конструкциялары ұсынылады .
Аналық шошқалардың сүттілігіне және ұзақтығына байланысты торайларды қолма қол немесе бірнеше тәулік бойына енесінен айырады. Торайларды енесінен біртіндеп айырғанда (3-5 тәулік бұрын), олардың рационын 50 % дейін азайтады.

Енесінің бауырындағы торайлардың гигиенасы

Жас туған торайлардың денсаулығы, олардың туғанға дейінгі эмбрионалдық және туғаннан соңғы - постэмбрионалдық өсуіне байланысты болады.
Жаңа туған торайлардың физиологиялық жетілмеуінің басты көрсеткіші, олардың қарын сөлінде пепсиннің және бос тұз қышқылының болмау болып саналады. Мұнымен қоса жаңа туған торайлардың қарын сөлінің бактерицидтік (микробты өлтіргіш) қасиеті болмайды да, олар ішек-қарын ауруларына жиі ұшырайды.
Сол сияқты, жас туған торайлардың терморегуляциясы жетілмегендіктен (тері асты майы, жүні жоқ т.б.) оларға ерекше температуралық жағдай жасау қажет болады. Жас торайлардың туғаннан кейін алғашқы айда өсу қарқыны 4-5 есе жоғары болады да, олардың организміне, енесінің сүтімен түсетін кальций және темір жетіспейді де, торайларда көректі заттардың аздығынан әртүрлі аурулар туады (алминтарлы анемия, гипокальциемияның титаниясы, гипогликемия, рахит т.б.).
(сурет 11)

Жас торайларды өсіру кезін негізгі төрт жауапты сатыға бөлуге болады: бірінші-алғашқы 2-3 тәулікте торайлардың туғаннан кейінгі жаңа жағдайға бейімделу кезеңі; екінші - енесінің сүтіндегі темірдің жетіспеушілігінен, торайларда анемия ауруының туу кезеңі; 5-7 тәуліктік жасында; үшінші торайлардың ауруға қарсы тұратын қабілетінің, анасының сүтімен алатын колостралдық иммунитеті азаятатын кезеңі; 14-21 тәуліктік жасында; төртінші - торайларды енесінен айырып, сүттік көректен азыққа ауысу кезеңі - 26-60 тәуліктік жастарындағы мезгілдер.
Торайлайтын мезгілдерде шошқа қорасында тәулік бойына кезекші қою қажет болады. Туудың алғашқы белгілері біліне бастасымен аналық шошқаның денесінің артқы жағын, жыныс органдарын, құйрығын және желіндерін жылы сумен сабындап жуып, дезинфекциялаудан өткізеді (1:5000 қатысында фурацилин, 1:10 000 - марганецтің калий тұзының немесе 2 % лизол ертінділерінің бірімен). Аналық мегежіннің толғағы кезіндегі күшенуі әр 5-20 минут сайын қайталанып отырады да, сонымен жалғас торайлар туады. Жалпы туу мерзімі 2-4 сағат, кейбір кездерде 6 сағатқа созылады. Жаңа туған торайларды аузын, танауын кілегейден тазартып, денесін сүртіп (дәкемен) кіндігі қанаған болса жібек жіппен байлап, торай қарнынан 3-4 см қашықтықта кесіп, йод ертіндісімен жағып, өңдейді. Одан кейін торайларды үстін кептіру үшін жекелеме инфрақызыл сәулелі шамдардың астына орналастырады. Шамның астындағы ауа температурасы жаңа туған торайлар үшін 30-32ºС жоғары болмауы керек. Туып болғаннан соң аналық мегежінді екінші рет санитарлық тазалаудан (желіні, жыныс жолдары т.б.) өткізіп, дезинфекциялайды. Жас туған торайларды іріктеп, нашар, әлсіз, салмағы төмен, физиологиялық жетілмегендерін жеке бөліп алады. Енесінің бауырында, оның сүт бөлінетін емшігінің санына байланыстырып, торайларды қалдырады. Әрбір жаңа туған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқаның гигиенасы жайында
Шошқаның гигиенасы туралы мәлімет
Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері
Шошқа гигиенасы жайлы
Шошқаның гигиенасы туралы
Шошқа күтіп бағу гигиенасы
Пәндер