Атомдық реакторлар. Өнеркәсіпте және ғылыми зерттеулерде атомдық реакторларды қолдану. Атомдық электростанциялар түрлері


Атомдық реакторлар. Өнеркәсіпте және ғылыми зерттеулерде атомдық реакторларды қолдану. Атомдық электростанциялар түрлері .
Реактордың түрлері. Өнеркәсіпте және ғылыми зерттеулерде атомдық реакторларды қолдану.
Ядролық реактор бақыланатын ядролардың бөліну тізбекті реакциясы жүзеге асатын техникалық қондырғы, реакция кезінде ядролық энергия босап, ізінше ол жылу энергиясына айналдырылады. Ядролық реактор қорғаныс қорабында орналасқан белсенді аймақтан және шағылдырғыштан тұрады. Белсенді аймақ қорғаныс қабатында отын композициясы түріндегі ядролық отынды және баяулатқышты құрайды. Отын элементтері әдетте нәзік өзектер түрінде болады. Олар шоғырға жинақталып, қапшықтарға салынған. Отын элементтері бойымен жылутасымалдағыш қозғалады, ол ядролық айналудың жылуын қабылдап, жылу энергиясын одан әрі бугенераторы мен жылуалмасқышқа береді.
Ядролық реактор, атомдық реактор - атом ядросы бөлінуінің басқарылатын тізбекті реакциясын жүзеге асыратын құрылғы. Оның негізгі бөліктеріне: ядролық отын (мысалы, уран не плутоний), баяулатқыш, шағылдырғыш, суытқыш), бақылау және өлшеу приборлары жатады. Ядролық реактор атом ядроларының бөлінуіне себепші болатын нейтрондардың энергетикалық спектріне қарай: шапшаң (нейтрондардың энергиясы 100 кэВ-тан жоғары), жылулық не баяу (нейтрондардың энергиясы 0, 025 эВ) және аралық (нейтрондардың энергиясы 1 эВ-тан бірнеше кэВ-қа дейін) нейтрондар реакторы болып, ал баяулатқыштағы ядролық отынның таралу сипатына сәйкес гомогенді және гетерогенді ядролық реактор болып ажыратылады. ядролық реактор кейде пайдаланылатын баяулатқышына (мысалы, графит, бериллий, ауыр су, т. б. ) не суытқышына (мысалы, сұйық металл, т. б. ) қарай да бөлінеді. Өзін-өзі қуаттайтын тізбекті реакция уран-графитті ядролық реакторда Э. Фермидің басшылығымен 1942 ж. 2 желтоқсанда АҚШ-та алынды. Еуропадағы мұндай ең алғашқы ядролық реактор 1946 ж. КСРО-да И. В. Курчатовтың басшылығымен жасалды.
Атомдардың ядроларын бөлетін немесе біріктіретін реакциялар арнайы қондырғыларда орындалады. Ондай қондырғыларды атомдық (ядролық) реакторлар немесе атомдық (ядролық) бомбалар деп атайды.
Атом реакторларындағы ядролық реакциялар басқарылатын жолмен іске асырылады, ал атом бомбаларында басқарусыз жарылыс түрінде орындалады.
Ең бірінші қолдан басқарылатын ядролық реактор АҚШ-тың Чикаго қаласының іргесінде Э. Фермидің басшылығымен 1942 жылдың 2 желтоқсанында іске қосылды. Екінші реактор, бұдан үш жыл өткен соң, КСРО-да Москва түбіндегі Серпухов қаласында И. В. Курчатовтың басшылығымен салынды.
Тізбекті реакция үздіксіз орындалуы үшін ядролық материалдың (уран, плутоний, т. с. с. ) белгілі бір массасы болуы керек. Егер ядролық отынның массасы аз болса, онда нейтрондар өз жолында жеткілікті мөлшерде жарылатын ядроларды кездестірмейді де, сыртқы ортаға тарап кетеді. Сөйтіп, ядролық тізбекті реакция жүрмей қалады.
Тізбекті бөліну реакциясына қажетті ядролық материалдың ең аз массасын сындық масса дейді.
Уран-235 изотопы үшін сындық масса 23 килограмдай болады. Бұл - диаметрі 13 см болатын біртұтас уран кесегі. Атом бомбасында ядролық жарылыс затын біртұтас етіп жасамайды. Оны жеке-жеке бөлік түрінде орналастырады. Әр бөліктің массасы сындық массадан кіші болады. Абом бомбасын жару үшін арнайы тетік ядролық зарядтың жеке бөліктерін біріктіреді. Сөйтіп, олардың біртұтас массасы сындық массаға жетеді де, ядролық жарылыс іске асырылады.
Қазір көптеген елдерде әртүрлі ядролық реакторлар бар. Олар практикалық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылумен қатар, атом электростанцияларының (АЭС) да негізі болып табылады.
Ядролық реактордың негізгі бөлігін белсенді аумақ (активті зона) құрайды. Белсенді аумақ жылу шығарғыш элементтер (ЖШЭ) деп аталатын ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан, оларды айнала қоршап тұрған графит тежегіштерден тұрады. ЖШЭ-лерді айнала жылу тасығыш сұйықтар ағып өтетін түтіктер орналасқан. Жылу тасығыш қызметін су немесе сұйық металл, мысалы, натрий атқарады.
Нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсенді аумақты нейтрон қайтарғышпен қаптайды. Сыртқы ортаны аса қауіпті сәулелерден қорғау үшін нейтрон қайтарғыштың сыртын калың болат сауытпен және биологиялық бетон қорғанмен қоршайды.
Тізбекті реакцияны қопарылысқа жеткізбей басқарып отыру үшін белсенді аумаққа дер кезінде енгізуге болатын басқарушы және апаттық (авариялық) таяқшалар да реактордың негізгі құрамдас бөлігі болады. Бұл таяқшалар нейтрондарды жұтып алатын заттардан жасалады.
ЖШЭ таяқшаларындағы ауыр элементтердің (уранның, плутонийдің, т. с. с. ) ядролары бөлінгенде пайда болатын бөлшектер зор кинетикалық энергияға ие болады. Сондай-ақ, ядродан босаған энергияның біраз бөлігі ү-кванттардың электромагниттік энергиясына айналады. Бұл бөлшектер белсенді аумақта өзара және басқа да материалдармен бейберекет соқтығысуы салдарынан бірте-бірте тежеледі. Сөйтіп, олардың кинетикалық энергиясы мен сәулелік энергиясы жылу энергиясына айналады.
Белсенді аумақтағы артық жылу мөлшері жылу тасығыштарға беріліп, оларды буландырады. Жоғары қысымдағы бу электр энергиясын өндіретін бу турбиналары мен генераторларға беріледі.
Осылайша реакторларда бөлінген атом ядросының ішкі энергиясы туынды бөлшектердің кинетикалық және электромагниттік энергиясына, ал ол энергия жылу энергиясына, жылу энергиясы электр энергиясына айналады.
Жылу электр станциясы (ЖЭС), электр энергияны органикалық отынды жандырған кезде алынатын жылу энергияны түрлендіру нәтижесінде алатын электр станция. Алғашқы ЖЭС XIX - ғасырдың соңында (1882 - Нью-Йоркте, 1883 - Петербургте, 1884 - Берлинде) пайда болды және өте кеңінен таралды. XX - ғасырдың 70 - жылдардың ортасында ЖЭС электр станциясының негізгі түрлері болып табылды. Олардың өңдеп шығаратын электр станциясының үлесі: КСРО мен АҚШ-та 1975 жылы 80%-дан жоғары, әлемдік шамамен 1973 жылы 76%-ды құрады.
ЖЭС ішіндегі ерекше бу құбырлы жылу электр станциясы (БҚЖЭС), онда жылу энергиясы бу генераторында жоғарғы қысымда су буын алу үшін қолданылады, жылу энергиясы электр генераторының роторымен қосылған бу құбырының роторын айналдырады (әдетте синхронды генератордың) . Мұндай ЖЭС-та отын ретінде көмір (ерекше), мазут, табиғи газ, лигнит, шымтезек, тақта тас пайданылады. Олардың ПӘК-і 40% те, қуаты -3 ГВт және ГВт-тан үлкен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz