Білім берудегі теңсіздік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Білім және әлеуметтік теңсіздік

Орындаған: Нағыметова Мерей.
Топ: ҚМБ-21-01
Тексерген: Ниязов Н.

Жоспар:

1. Білім беру әлеуметтануы
2. Әлеуметтік теңсіздік
3. Білім беру әлеуметтануы: негізгі мәселелері.
4. Білім берудегі теңсіздік

5. Қорытынды

1. Білім беру үдірісінің сан қырлылығы оны әртүрлі ғылымдармен оқып үйренуді жүктейді.Әлеуметтік философия, негізінен білім беруді ерекшеқоғамдық құбылыс ретінде, қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың өзара байланысындағы пайдаболуы мен дамуын зерттейді. Педагогика білімберуді ерекше білім беретін және тәрбие беретінсапалы үдірісте қарастырып, қоғам өмірінің ауыспалы шақтарымен байланыстыра отырып, оқып үйренудің әдістемелік және дидактикалық негізгі әдістерін ашуға тырысады. Олардан ерекше, сонымен қатар экономикалық, психологиялық білімберуден, әлеуметтану білім беруді ерекшеәлеуметтік институт ретінде ондағы қоғамның негізгі жүйелерімен өзара байланысын - экономикалық, әлеуметтік, саяси, руханитұрғысынан зерттеп, - және тұлғаның әлеуметтенуіндегі, оның тәрбиеленуіндегі орнынанықтайды. Білім беру әлеуметтануы қоғамдық ұдайы өндірістер жүйесінде білім берудің ролі мен орның түсіндіріп, экономикамен, руханилықпен, демографиямен және басқада қоғамдық үдірістермен оның өзара байланысын, қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның мәдениетінің қозғалысымен, өсіп келе жатырған ұрпақты тәрбиелеу мен оқып үйретуде мұғалімнің қоғамдық ролі мен әлеуметтік орнын анықтайды.

Әлеуметтік білім берудің өз алдына пән ретіндеқалыптасуы Э.Дюркгеймнен бастау алады, яғни атап көрсеткендей білім берудің негізгі функциясы- ұрпақтармен өсіп келе жатырған оқытушы иелікетіп отырған мәдениеттің құндылығы. Білім беру әлеуметтануының қалыптасуына айтарлықтай үлесін қосқан К.Маркс, Дж.Дьюн, Т.Парсонс, Р.Коллинз, П.Бурдье, А.Турэн және басқада XIX-XXғ. атақты әлеуметтанушылары.

Әлеуметтану өзінің қазіргі дамуы денгейінде білім беруді төрт негізгі және өзара байланысқан формада қызмет ететін көп қырлы сапа жүйесінде зерттейді:

1.Жеке адамдарда қалыптасқан үдіріс ретінде білім берудің барлық тармағын (қатысушылар, студенттер), оның өмір сүріп және әрекет етіп отырған әлемі туралы білім жүйесін өзіне қамтыған.

2.Қоғамдық сананың өркениеттік-мәдениет үдірісінің өлшемі ретінде.

3.Тұлғаны әлеуметтендіру, оны тәрбиелеудің күшті факторы ретінді.

4.Тұлға санасының, оның дамуы мен тәжірбиелік жүзеге асуының өзіне тән феноменологиясы ретінде.

Қазіргі қоғамымызда өркениеттің индустриалдық типінен постиндустриалдыққа, ақпараттыққа өтудің жүзеге асырылуында білім берудің әлеуметтік ролі мен мәні тез артып, оның функциялар жиынтығы айтарлықтай ұлғайуда. Білім беру білімді игерудің жемісі мен үдірісі, оқу 26 орындарындағы дағдылары мен игеруі немесе өзін өзі біліммен қаруландыруы ғана емес, қоршаған ортадағы орнының ұғынып, адам дамуындағы жан жақты үдірісі. Немістін белгілі философ-экзистенциалисі М. Хайдеггердің пікірінше, нағыз білім беру адамдардың рухани дүниесін тұтастықта қамтуға, рухани құндылықтар мен мәдениет тарихының барлық байлықтарын қайта жаңғыртып және ұстап тұруға, ақиқат пен болмыстын құпиясын сақтауға,оның мәнің ашуға арналған. Білім беру қызметтерін әлеуметтік тұрғыдан зерттеу үшін білім беру жүйесінің негізгі құрылымдық компоненттерін бөліп алған айтарлықтай маңызды. Әдетте білім берудегі игеру мен білімді беру, дағдылары мен шеберлігі тәрізді үдірістер өзара байланысқан екі құрылымдық компоненттерді бөліп көрсетеді. Олардың біріншісі, күтілетін нәтижені, базисті, оқып үйрену үдірісін қалыптастырса, нәтижесінде білім алушылар тек білім ғана емес, мәдениеттің де элементтерін игере алады.

Білім беру жүйесінің екінші маңызды компоненті тәрбиелеу үдірісі. Тәрбие өз кезегінде, мақсатты бағытталған әрекеттер үдірісінде мәдениет пен білім құндылықтарын игеру арқылы тұлғаны дамытуға, әлеуметтік әдістер, міңез құлықтың стандарттарын бойына сіңдірте отырып жеке адамды қоғамдық және мәдени қызметтерге, белсенді еңбек етуге дайындау үшін қажет.

Білім берудің құрылымын әдетте жалпы, кәсіптік, жоғарғы білім беру, техникалық және гуманитарлық білім беру, өз бетімен білім алуы тәрізді болып бөлінеді. Жалпы білім беру оқып үйретудің көлемі мен ұзақтығына байланысты үш денгейден тұрады - бастауыш, негізгі және орташа; кәсіптік білім беру - кәсіпке дейінгі (кәсіптік бағыт алу, іріктеу) және орташа кәсіптік дайындық (кәсіптік техучилищелер); жоғарғы білім беру - жоғары квалификациялы мамандарды дайындау әртүрлі ғылым, техника, мәлениет, денсаулық сақтаудың және т.б салалары үшін; ересектерге білім беру - өз бетімен білім алу.

Білім беру оқып үйрету формасына байланысты күндізгі (стационарлық), кешкі және сырттай бөлінеді. Діни білім алуларына байланысты дүнияуи (дін орындарының ықпалдарына байланысты) немесе конфессионалды (дін орындарының бақылауында).

ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасында орын алған ғылыми-техникалық революция білім берудің үздіксіз жүйесін қалыптастырды. Оның қалыптасуындағы негізгі шарттар; мәдени және техникалық білімдердің кең таралуы, әлеуметтік экономиканың және әлеуметтік мәдениеттің құбылмалы даму шарттары тек жастарды ғана емес ересек буындағыларды да дайындауды қажет етуі; азаматтар контингентің арттыру үшін қосымша жалпы білімді алу тілегі; білім беру жүйесінің барлық сатыларындағы жоғары квалификациялық кадырларды көтеру мен кәсіпқойларды дайындау қажеттілігі. Үздіксіз білім беру жүйесі индивидтің өмір бойғы кәсіптілігін арттыру үдірісі ғана қамтып қоймайды. Осы ретте білім берудің негізгі дайындығы квалификацияны арттыру және қайта дайындаумен толықтырылып белгілі бір өндірістін негізінде кәсіптік оқып үйренуді игеру.

Білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын оқый отырып, әлеуметтану білім беру қызметінің негізгі әлеуметтік функцияларына, яғни олардың мазмұның, ерекшелігін және пайда болу формаларын түсіндіре отырып бірінші дәрежедегі мағынаны береді.

Білім беру жүйесінің ең басты әлеуметтік функцияларының бірі өсіп келе жатырған ұрпақтарға жинақталған білімді беру.

Екінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі, әлеуметтік әдістін сабақтастылығымен қамтамасыз ету.

Үшінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі иелік етіп отырған мәдениеттің құндылықтарын игеру.

Төртінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі тұлғаның қабілетін ашу және ары қарай дамыту.

Бесінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі тұлғаның әлеуметтену үдірісінде орын алады, яғни оның рухани, интеллектуалдық және әлеуметтік потенциалының дамуында және жинақталуында.

Алтыншы білім беру жүйесінің маңызды функцияларының біріқоғамдағы әлеуметтік мобилділікке айтарлықтай ықпалын тигізу мен біршама жоғары әлеуметтік статусқа ие болуда индивидтің қозғалысына жәрдемдесу.
2. Әлеуметтік теңсіздік деген не?

Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың (страталар, таптар, касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері.

Әлеуметтік теңсіздік-бұл адамдардың өмірлік мүмкіндіктерінің теңсіздігі, яғни олардың әлеуметтік игіліктерге (байлыққа, билікке, білімге, беделге және т. б. шектеулі ресурстарға тең қол жеткізбеуі)

Теңсіздік ғылыми және қоғамдық дискурстың мәні болған кезде ғана түсініледі. Сонда теңсіздік өмір сүре бастарды деп айтуға болады

Әлеуметтік теңсіздік туралы айту мүмкіндігі болу үшін екі танымдық операция жасау керек (К.Эдер, антрополог):

1.Әлеуметтік әлемді тік жіктеу
2.Класстарға бөлінген индивидтерден тұратын, теңдік идеалынан ауытқыған тік жіктелген әлемді жариялау

Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселесі жаһандық дағдарыспен байланысты. Қазақстан сияқты шикізатты экспорттаушы, дамушы мемлекеттерде нақ осы мәселе белең алуда. Әлеуметтік теңсіздік нарықтық экономика саясатын ұстанып отырған барлық елдерге тән. Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуына, адам капиталының өсуіне жағдай жасайды. Бірақ, шамадан тыс әлеуметтік теңсіздік социумның (қоғам) тұрақты дамуына қауіп төндіреді.

Білім берудегі теңсіздік. Негізінен, мектептер ешкімнің байлығына, дәулетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай барлығына тең қарауға міндетті. Дегенмен, әлеуметтік теңсіздік туралы жүргізілген жаһандық зерттеулердің бірінде мүлдем олай еместігі белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын байлар мен кедейлер арасындағы білім айырмашылығы артып барады.

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, 60 мемлекетте ең бай және ең кедей адамдар арасындағы білім алу жасында үш жыл айырмашылық бар. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларда шыққан он баланың тек біреуі ғана бай отбасынан шыққан балалардың білім нәтижесіне жетеді екен.

Білім беруді мәртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр. Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлмелерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стандарт тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағдыларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР (біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұрыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, білім алу қиындай түседі. Керісінше, бақуатты адамдардың балалары заманауи сыныптарда және ғылыми лабораторияларда білім алып, көптеген тілдерді, зерттеу тақырыптарын және АР сыныптарын таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледждеріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызына иелік ететін отбасылардан келеді. Сол сияқты аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей балаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына қол жеткізе алады.

Қорыта келгенде құжаттарда құжатталған тарих әлеуметтік теңсіздік болмайтын және қоғамның қабаттарына бөлінуі болмайтын уақытты білмейді. Бірақ кейде өте ауыр бұрмалаушылық бар, соның салдарынан адамдар зардап шегеді, демек, билік өкілдерінің міндеті қоғамның дамуына ұмтылу және экономикалық процестерді тоқтап қалмау және халық арасында кедейлікті жоғарылату емес. Әлеуметтік теңсіздікті жеңу жолдары:

- әлеуметтік қызметтерді дамыту;
- тегін жоғары сапалы медицина мен білімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларында теңдік және теңсіздік ұғымының қалыптасуын талдау
ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҚПАРТТЫҚ ҚОҒАМ. БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК
Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудегі мүмкіндіктері
Интеграцияланған сабақ бірнеше пәннен білімдерін біріктіріп жинақтап сабақтың мақсатына жететін, бірнеше пән бойынша мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беретін арнайы ұйымдастырылған сабақ
Стандартты емес теңсіздіктерді шешуге оқыту әдістемесі
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
Мұғалімдерді оқытудың шетелдік тәжірибесі
Теңсіздікті шешу тәсілдері
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Пәндер