Балтық елдері Қазақстанның сыртқы саясатында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:

Балтық елдері

Қазақстанның сыртқы саясатында

\

Балтық елдері немесе Балтық маңы елдері, Балтық жағалауы елдері ( Balti riigid, Baltimaad ) - Солтүстік Еуропада, Балтық теңізінің шығыс жағалауында орналасқан үш тәуелсіз мемлекетке - Латвия, Литва, Эстония - ортақ айтылатын геосаяси термин. Үш мемлекет те Еуроодақ, НАТО және Еуроаймақ мүшелері. Балтық елдері 1991 жылға дейін КСРО құрамында болған.

Қазақстан-Латвия.

Латвия - Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды экономикалық серіктесі. Қазақстан мен Латвия сауда-экономикалық қатынас пен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуге қызығушылық танытады.

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 10 желтоқсанда орнатылды. 1995 ж. шілдеде Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы және Латвия Республикасында қоса атқарушы Елшілігі ашылды. 2004 ж. желтоқсанда Латвия Республикасы Қазақстан Республикасында Елшілік ашты. 2004 ж. тамызы мен 2019 ж. шілдесі арасында Рига қ. Қазақстан Республикасының Консулдығы жұмыс істеді. 2019 ж. шілдеде Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

  • 2019 ж. қарашадан бастап Тимур Пірімбетов Қазақстанның Латвиядағы Елшісі.
  • 2020 ж. желтоқсаннан бастап Латвияның Қазақстандағы Елшісі - Ирина Мангуле.

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы саяси ынтымақтастық жоғары деңгейдегі өзара түсіністікпен және сеніммен сипатталады. Биік және жоғары деңгейдегі сапарлар тұрақты негізде өтеді. Жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу 1994 ж. 18 желтоқсанда Латвия Президенті Г. Улманистің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде орын алды. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Латвияға алғашқы мемлекеттік сапарын 2006 ж. шілдеде жасады. Екі елдің парламенттерінде ынтымақтасу жөніндегі депутаттық топтар құрылған. 2019 ж. 23-24 қыркүйекте Латвия Сеймінің «Қазақстан-Латвия» парламентаралық ынтымақтастық тобы төрағасының орынбасары Л. Швецова Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші жиналысының жұмысына қатысу үшін Қазақстанда жұмыс сапармен болды.

2020 ж. 27 ақпанда Ригаға Қ. Келімбетовтің басшылығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы делегациясының жұмыс сапары өтті. Делегация мүшелері «Changer International Business Club» халықаралық клубтың жұмысына қатысып, қаржы технологиялары, жасанды сана, микробиология және космос салаларындағы Латвияның стартап-жобаларының көшбасшыларымен кездесті. Сыртқы саяси ведомстволар жүйесі бойынша да тығыз ынтымақтасу жүргізілуде. Әртүрлі халықаралық саммиттер мен форумдарды қоса алғанда сыртқы істер министрлері әрқашан кездесіп тұрады. Сыртқы істер министрліктері арасында тұрақты түрде саяси консультациялар өткізіледі.

Экономикалық әрекеттестіктің маңызды тетігі болып Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясы болып қала береді. Комиссияның кезекті VIII отырысы 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, ведомствоаралық деңгейде Халықаралық автомобиль тасымалы мәселелері жөніндегі Қазақстандық-латвиялық аралас комиссиясы және Көлік саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобы бар. Қазақстанда 120-дан аса латвиялық, соның ішінде бірлескен, кәсіпорын тіркелген. Латвияда 100-ден аса қазақстандық компаниялар жұмыс жасайды.

Қазақстан-Эстония.

1992 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасы мен Эстония арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2011 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасының Елшілігі ашылды. 2013 жылғы наурызда Таллинн қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылды. 2019 жылдың 18 шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Таллиндегі консулдығы Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі болып қайта құрылды.

  • 2017 жылғы 18 қазаннан бастап Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Х. Мяэмеэс.
  • 2019 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Н. Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Екі ел арасындағы саяси қатынастар өзара түсіністік жағдайында дамуда. Халықаралық мәселелердің негізгі аспектілері бойынша тараптардың ұстанымдары жақын. 1994 жылы маусымда Эстония Республикасының Президенті Л. Мери Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

-2018 жылғы 28-29 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация екіжақты келіссөздер жүргізу және ақпараттық технологиялар мен экономика салаларын цифрландыру саласындағы Эстония тәжірибесін зерделеу мақсатында ресми сапармен болды.

-2018 жылғы 17-19 мамырда Эстонияның экс-президенті Тоомас Хенрик Ильвес Астана экономикалық форумына қатысты.

-2018 жылғы 5-6 қарашада Эстония Премьер-Министрі Ю. Ратас Астанаға ресми сапармен келді, оның барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен, Премьер-Министр Б. Сағынтаевпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевпен және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулинмен келіссөздер өтті.

Қазіргі уақытта екіжақты сауда көрсеткіштері төмен, оның ішінде әлемдік экономикадағы дағдарыстың теріс әсеріне байланысты. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 36 миллион еуроны құрады (экспорт - 2 миллион еуро, импорт - 34 миллион евро) . 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елдер арасындағы тауар айналымы 25, 3 млн еуроны құрады (экспорт - 1, 9 млн еуро, импорт - 23, 4 млн еуро) . 2018 жылғы 23-26 мамырда Эстония Қорғаныс министрлігі мен қорғаныс өнеркәсібі компанияларының өкілдері KADEX-2018 халықаралық әскери-технологиялық көрмесіне қатысып, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізді. 2018 жылғы 18-20 қыркүйекте Алматыдағы «ТрансКазахстан» мамандандырылған халықаралық көрмесінде Эстонияның жетекші 11 көліктік-логистикалық кластерлік компанияларына ұлттық стенд ұсынылды және Азия-Еуропа көлік дәлізі бойындағы қызметтерді дамыту бойынша ұсыныстар ұсынылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Эстония капиталымен экспорттық-импорттық операциялар, құрылыс, көлік және логистикалық қызметтер, делдалдық қызметтер, жиһаз және тамақ өнімдерімен айналысатын 70-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстан-Литва.

1992 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1993 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасында Литва Республикасының Елшілігі ашылды. 1995 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі ашылды.

Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты диалог орныққан. Транзиттік-көліктік ынтымақтастық Қазақстан-Литва өзара іс-қимылының маңызды бағыты болып табылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары көлік, логистика және ауыл шаруашылығы болып табылады. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында өзара сауда көлемі 163, 8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен екі есеге жуық артық. Өткен жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда литвалық капиталдың қатысуымен 147 кәсіпорын тіркелген, олардың 90-ы қазіргі уақытта жұмыс істейді. Кәсіпорындар негізінен көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, көлік салаларында жұмыс істейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Эстония қарым – қатынастары
Қазақстан мен Эстония қарым - қатынастары туралы ақпарат
Қазақстанның халықаралық жағдайының нығаюы және қарым қатынастағы ролінің артуы
Германия
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Егемендігі туралы декларация
Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің экономикалық қарым – қатынастары
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz