Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар туралы


Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ№1
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
Қазақстандық 12 жылдық мектептің құрылымын көрсететін кесте құрыңыз.
2020ж
12 жылдық оқу жүйесінің қоғамдағы орны
Әлемдік білім берудегі өзекті мəселе- бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемдік елдердің 80% астам елдерінде іске асып жатыр. Соңғы отыз жыл ішінде ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізуі және жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындап жатқан жағдай. Осы себепті жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін, жаңа әрі мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет болып табылады.
Қазақстан Республикасында əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қалмады. Есесіне Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруіне өзіндік үлесімізді қосып жатырмыз.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру ретінде сипаттаймыз. Адам тұлға болып тумайды, тәрбие мен білімді игеру нәтижесінде тұлғалық туралы адамда түсінік қалыптасады. Және өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Тәрбиелі, білімді әрі шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеудің негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
Сонымен, 12 жылдық оқу жүйесінің мақсаты және ерекшелігі, бейнелі оқыту жайлы айтып өтейік.
Мақсаты - дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Ерекшелігі - білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.
Бейінді оқыту - жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.
Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:
1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.
2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
3. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.
4. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
5. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.
6. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.
7. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.
Шет елдегі 12 жылдық оқыту үлгісі
Францияда ХХ ғасырдың ортасында білімді қаржыландыру 14 есеге өсіп, ақысыз оқу мен ақылы оқудың ара қатынасы 80 бен 20 пайыз болған. Бұл мемлекет мектепке дейінгі балалар тəрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады. Онда «Аналық мектебі» жəне «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. Францияда 12 жылдық білім беру жүйесі бекітілген. Онда орта білім беру 10 жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақысыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім беретін 4-5 жылдық колледждерде жалғастырады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті колледж бастауыш сынып негізінде құралған. Бітірушінің кəсіби мамандығына сəйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие болады. Бастауыш жəне орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда арнайы екі шкаланы қолданады. Мектепті тəмамдағаннан кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сəйкес емтихан тапсырады.
Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшерін 18 жас туралы № 9 заңда енгізілген болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік білім беру жөнінде № 30 заңда өзгертулер енгізген. 2001-2002 оқу жылына сəйкес мектептік білім берудің екі дəрежесі енгізілген: базалық мектеп (1-7 сыныптар) жəне толық орта мектеп (8-12 сыныптар) . Базалық мектепке 6 жастағы балаларды бастауыш мектепке қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz