Қазақстандағы туризмнің ғылыми зерттелуінің дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

<<Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖЕНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ>>

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

5В010800 << Дене шынықтыру және спорт >>

(Бакалавриат , магистратура, докторантура) 4 курс

күндізгі оқу түрі

ФКС-18-3 тобы

Базарханов Нуржан

Тақырып: Қазақстандағы туризмнің ғылыми зерттелуінің дамуы

АҚТАУ 2021

Қазақстандағы туризмнің ғылыми зерттелуінің дамуы

Қазақстанда демалыс пен туризм географиясындағы зерттеулер ХХ ғасырдың 70-жылдары басталған. Осы тақырыптағы алғашқы ғылыми-іздестіру және жобалау жұмыстарын ол кезде білікті сәулетшілерді, географтарды, экономистерді, инженерлер мен басқа мамандарды біріктірген мемлекеттік «Казгипроград» жобалау институты орындады. Ю. И. Эйдинов, Е. А. Мухаметшина, Т. С. Русманова және т. б. институт мамандары Қазақстан аумағының туристік игерілуі жобаларын жасау ісіне зор үлес қосты.

Жиырмадан астам жыл ішінде «Казгипроград» республикамыздың туристік шаруашылығы дамуының бірқатар сұлбаларын жасады, оның ішінде «Қазақ КСР демалыс зоналарының (базаларының) 1976-1990 жылдардағы даму сұлбасы» (1977), «Қазақ КСР аумағында туристік базалардың дамуы мен орналасуының 2000 жылға дейінгі сұлбасы» (1983) . Соңғы жұмысқа сәл өзгерістер енгізілді: есеп жылы ретінде 2005 жыл алынды, ал құрылыстың бірінші кезегі бұрынғыдай 1990 жыл болып қала берді.

Қазақстандағы демалыс пен туризм орындарының сәулеттік-жоспарлаулық ұйымдастырылу мәселелеріне арналған еңбектердің арасында аталған жобалар ең табанды, егжейлі-тегжейлі және тиянақты жасалған болып табылады. Осы сұлбалар бойынша, республиканың туристік көзқарас жағынан тартымды зоналары аумақтың табиғи және тарихи-мәдени әлеуетіне, маршруттық саяхаттарды ұйымдастыру мүмкіншіліктеріне, көлік жолдары мен байланыс мүмкіншіліктеріне, инженерлік жабдықталуына, еңбек ресурстарына сәйкес белгілі тәртіппен игерілуі қажет. Алдын ала бөлінген ландшафтық-рекреациялық зоналардың әрқайсысы оның рекреациялық әрекеттер түрлері үшін лайықтылығы жағынан бағаланды.

Табиғи жағдайлары мен ресурстарды бағалаудың қолданылған жүйесі әртүрлі аумақтарды салыстыруға және туризмнің көпшілік түрлерін дамыту мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіншілік берді. Қазақстан территориясында 14 облыс аумағын қамтитын 60-қа жақын туристік-рекреациялық зона белгіленді.

Қазiргi заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетiгi мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрмайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшiн әлi күнге игерілмеген "тың" күйінде қалып отыр.

Әлi күнге дейiн ұлттық экономика теориясында туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бұған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен берi "туризм" деген ұғым елеулі табыс түсiретiн экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиi байланыстырылады.

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Сонымен қатар бұл өз кезегінде транспорттық, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдады. 1993 жылы Егемен Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымына мүше болып, туризмді дамытудың алғашқы бағдарламасын жасаған болатын. Ал 1997 жылы «19972003 жылдары аралығында Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды қайта жаңарту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылымдарды құру туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмнің дамуы және негізгі туристік аймақтары
Туризмнің түсінігі, түрлері, қызметтері және Қазақстандағы дамуы
Қазақстандағы туризмнің ғылыми-техникалық прогресі мен саланы дамытуға әсері
Қазақстандағы экологиялық туризмнің тұрақты дамуы: мүмкіндіктер мен кедергілер
Қазақстандағы экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелер, талдау және ұсыныстар
Қазақстандағы туризмнің дамуы: халықаралық факторлар мен әлеуметтік-экономикалық әсерлер
Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуы мен жергілікті басқарудың ықпалы: зерттеу
Қазіргі әлемдік туризмнің дамуы: негізгі тенденциялары мен Қазақстандағы мәселелері
Халықаралық туристік ұйымдардың қызметі және Қазақстандағы халықаралық туризмнің дамуы
Қазақстандағы ішкі туризмнің жағдайы мен дамуы: мәселелер мен ұсыныстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz