М. Әуезов, Б. Майлин және Ғ. Мүсірепов дәстүрі: қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

« Филология факультеті»

«Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы»

Файл:Logotip KazNU.gif — Википедия

Тақырыбы : М. Әуезов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов дәстүрі туралы эссе жазу.

Орындаған : Турдыбек Айшуақ

Тексерген: Абдикулова Раушан

Алматы, 2021

Халықтың рухани байлығы - көркем әдебиетті жасайтын тек қана талантты ұлы дарындар екені талассыз шындық. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы өскен әдебиетін бүкіл әлемге танытқан да сол алыптар болатын. Туған елінің ХХ ғасырдағы көркем әдебиетін саф алтындай талай-талай шығармаларымен байытып, мәртебесін биіктеткен А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов сияқты алыптар.

Солардың ішінде академик Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы қазақ халқының тағдырымен, қазақ әдебиетінің қалыптасу, өркендеу тарихымен табиғи байланысты. Қарапайым қазақ ауылының баласы өзінің туған халқымен бірге түлеп, мәдениеттің шырқау биігіне көтерілді. Оның қоғамдық қызметі мен шығармашылық еңбегін айырып қарастыруға болмайды. Дарынды жазушы өзінің ең алғашқы әңгіме, новеллаларынан бастап қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістерді, қазақ кедейлерінің психологиялық жаңаруын ғылыми зерттеушідей бақылап, қадағалап суреттеді.

Ғ. Мүсірепов, негізінде, тарихи тақырыпта қалам тербеген зерттеуші-жазушы. Ол өзінің эпикалық туындыларының бірі «Оянған өлке» романы арқылы қазақ даласына өндіріс капиталы еніп, тұңғыш қазақ жұмысшылары шыға бастаған тарихи шақты суреттеді.

Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының хас шеберлері Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық байланыстары әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып келгені анық. Оған қазақ жазушыларының арасындағы алғашқы журналист, көркем проза мен көсемсөздің, көркем очерктің аса көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің жазуға қабілеті бар жастарды іздеп жүріп тауып, тапсырма беріп жаздырып, қаламдарын ұштауға тигізген әсер-ықпалы жөнінде айтқанда, әрине ең алдымен Ғабит Мүсіреповтің жазғандары ойға оралады: «Төрт-ақ сөзіңді өзгерттім . . . Үзбей жазып көрші, - деді. Бейімбет сияқты атақты шебердің жәрдем берерін сезінген соң, мен төрт таңды көзімнен атырып, «Тулаған толқында» деген ұзақтау бір әңгіме жаздым. Бірақ онымды Би ағаңа үш рет әкеліп, үш рет көрсетпей алып қайттым. Аяғында рабфактың қабырға газетіне бердім». Ғабиттің әңгімесін қабырға газетінен оқыған Бейімбет Майлин оны іздеп жатақханаға келіп, жанындағы бірге оқитын шәкірттердің көзінше:

« . . . әңгімеңді оқыдым. Жаман емес екен . . . Маған неге көрсетіп алмадың?» - дейді.

Осы бір ауыз сөзде қаншама мейірбандылықтың, қамқорлықтың, бауырмалдықтың лебі жатыр десеңізші. Оны жас Ғабит те жандүниесімен сезінеді, түсінеді.

Сонымен қатар, М. Әуезов: «Дүниежүзілік әдебиеттің барша мәдениеттік дәстүріне сүйенетін реалистік прозамызда жасаған жазушылар роман жазушылар мен әдебиет жазушылар. Мысалы қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбет Майлиннің өзгеше мұрасынан танылатын. Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуіріндегі қазақ ауылдарында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады».

Ғ. Мүсірепов: «Б. Майлиннің ілуде бір адамда боларлық еңбекқорлығы мен іске қабілеттігі туыстарын таң-тамаша қалдыратын. Талантпен тізе қосқан еңбек аумағы мол, маңызы баға жетпес қымбат көркем мұраны бізге сый етті. Жиырма жылғы қажырлы, барынша қарқынды да нәтижелі жұмыс, мәңгі жасар он бес томдық шығармалар деп түйіндер едім. Биағаның мен әртүрлі толқу үстінде көрсеткен сенімі болмағанда өзімнен жазушы шығады деген үмітім бұлдыр да буалдыр еді. Тәуекелмен бастап кетпей, тастап та кетуім мүмкін еді. Жастарға сенім көрсетудің, жастармен жұмыс істеудің үлгісі солай болса етті деген оймен «Біздің Би аға» деген очеркімді жазуға тура келді, - дейді.

Ұлттық интеллегенция өкілдерін ортақ патриоттық сезім, туған жерге деген махаббат, дәстүр мен тілге деген құрмет біріктіреді. Олар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан төл әдебиетіміздің негізін салушылар болып табылады. Өз заманында қиындық көріп, әділетсіздікке, теңсіздікке душар болса да, олар халқының көркеюі мен игілігі үшін өз ойларын жүзеге асырудан тартынбады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ совет әдебиетінің дәстүрі мен жаңашылдығы: қалыптасуы және дамуы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы (XX ғ. басынан 2007 ж.)
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі: өмірі мен шығармашылығы
Қазақ ауыз әдебиетінің қалыптасуы мен тарихи-әдеби дамуы (ежелгі дәуірден XX ғасыр ортасына дейін)
Ж. Аймауытов, Ғ. Қарашев, Б. Күлеев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров және Б. Майлин шығармашылығына әдеби-критикалық шолу
Ғабит Мүсірепов: дәуір тұлғасы және қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі
Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы және ХХ ғасырдағы дамуы
Қазақ әдебиетінің дәстүрі мен жаңашылдығы және халықаралық әдеби байланыстары
Мұхтар Әуезов және қазақ драматургиясының қалыптасуы
М. Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz