Тура және жанама шығындардың түciнiгi


Тура және жанама шығындардың түciнiгi
Шығындар, шығыстар, өзіндік құн ең басты экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Олар шаруашылық қызметтің тиімділігін, табыс көлемі деңгейі мен кәсіпорын рентабельділігін анықтайды. Экономикалық қызмет атқаратын әрбір кәсіпорын үшін ең негізгі бағыттардың бірі - шығындарды төмендету мен оңтайландыру болып табылады.
Өндірістік шығындар мен өндіріске кеткен шығыстардың мәні бір-бірімен теориялық және тәжірибелік тұрғыда үйлеспейді. Қоғам тұрғысынан алғанда, өндіріске кеткен шығыстар еңбек затына кеткен шығындардың толық көлемін қосады және өнім құнына тең болады. Ал отандық кәсіпорындардың өндірістік шығындары өздерінің ақша шығындарынан тұрса, шет ел фирмаларының шығыстары нормативті пайданы қосады. Кәсіпорынның шығындар ұғымын олардың экономикалық белгілері бойынша ажыратады.
Шығын - тауарға және жұмысқа төленетін ақша. "Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар"
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз - шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоқ екенін ескеруі тиіс.
"Шығындардың" мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек.
Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады.
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді.
Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. "Шығындарды" есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде "өздерін түрліше алып жүреді", ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын - пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. "Шығынның" мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде "шығынның әрекеті (қылығы) " деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, "шығынның әрекеті (қылығы) " термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді "шығындардың әрекеті (қылығы) " қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды рөл атқарады
Сондықтан шығынға қарап жоспарлау жүргізгенде келесідей мәселелер туады:
- -келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
- -сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?
- -өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?
- -өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?
Бұрын айтылғандай, өндіріске шыққан шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілі - өнімнің нақты өзіндік құнын айқындайтын өндірістік шығындарды құжаттау мен көрсету әдістерінің жиынтығы.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын өз бетінше таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға, өнім ассортиментіне және т. б. байланысты.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әр түрлі тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция тәсілі - калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін таңдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітптеген өндірісі бар - жоғына, өндірістік циклдың ұзақтығына, шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т. б. байланысты.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін үш белгі бойынша топтастыруға болады:
- -шығын есебі объектілері бойынша:үрдістік, нормативтік, тапсырыстық.
- -шығын есебінің толықтығына қарай: толық өзіндік кұнды калькуляциялау, толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
- -шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша: нақты өзіндік кұн есебі, нормаға сай шығындар есебі.
Кәсіпорынның немесе фирманың өндіріс шығыны - тауар өндіру үшін экономикалық ресурстарды сатып алу үшін жұмсалған шығындар. Басқа сөзбен айтқанда шығындар - өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Жеке кәсіпорындарда, фирмаларда өндірілген өнімнің көлеміне байланысты өндірістік шығындар мынадай топқа бөлінеді:
- -тура және жанама шығындар;
- -сыртқы және ішкі шығын;
- -тұрақты және өзгермелі шығын, жалпы шығын;
- -қысқа және ұзақ мерзімді шығын
- -экономикалық, бухгалтерлік және трансакциялық шығындар;
Тура шығын - тауар өндірушінің өнім өндіруге тікелей жұмсалған қаржысы. Экономика теория пәні мұндай шығынды өнімнің өзіндік құны деп атайды [3, 332б] .
Жанама шығын - жанама шығынға денсаулық сақтау, білім беру, спорт, тұрғын үй және комуналдар, сақтану орындарына жұмсалған шығындар жатады. Мұндай шығындар көбінесе мемлекет тарапынан бөлінеді де, оларда негізгі мақсаты ауылда тұратын адамдарда күнделікті тұрмыс жағдайына және жұмыс орындарына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Шығынның негізгі көзі - халықтан жиналған салық пен ренталық төлемдер.
Сыртқы шығын - бұл тауар өндірушінің немесе өнеркәсіптің жұмыскерді жалдауға, шикізат, жанар май, тұқым, жем-шөп, минералды тыңайтқыштарды сатып алу үшін және пайдаланған электроэнергия үшін төлемдері.
Ішкі шығын - бұл әрбір кәсіпорындарының өздерінің ресурстарын пайдалану арқылы өнім өндіруі. Өздерінің ресустары төлемсіз пайдаланылады.
Тұрақты шығын -өндірілген өнімнің көлеміне тәуелсіз шығындар, яғни қандай да бір жағдайлар болсын жұмсалатын қажетті шығындар. Мұндай шығындарға өндіріс үйлері, электроэнергия, басқарма әкім қызметкерлеріне және күзетшілеріне жол ақы төлеу, сақтық жарнасы.
Өзгермелі шығын - бұл шығындардың шамасы өндірілген өнімге тікелей тәуелді, байланысты. Мұндай шығындарға зат, қажетті материалдар, жұмысшыларға төлейтін жалақы жатады. Өзгермелі шығындар - өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар.
Қысқа мерзімді шығын - өнім өндірудегі өндіріс процестеріне тікелей байланысты осы жыл ішіндегі шығындар. Мұндай шығындардың өсуі немесе азаюы өндірілген өнімнің көлеміне тікелей байланысты. Өндіріс қуатын пайдалану дәрежесі мен ішкі заттың сатып алу шығыны бір қалыпты сақталған жағдайда өнім көлемі өссе, өзгермелі шығын сәйкесінше өсіп, ал тұрақты шығын өнімнің әрбір центнерге шаққандағы шамасы кемиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz