Түпнұсқалар негізінде адам мәселесін экзистенциалдық түсіну туралы сараптамалық шолу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
Қазақ Тіл Білімі кафедрасы
Тақырыбы: Түпнұсқалар негізінде адам мәселесін экзистенциалдық түсіну туралы сараптамалық шолу

Орындаған: Рахымбай А.Ж
Қабылдаған: Нигметова А.Т

Алматы, 2021
Экзистенциализм адамтану, адам тіршілігінің мәні мәселесіндегі ғылыми әдістердің нәтижесіздігін кесімді түрде жариялады. Осылайша адамның иррационалистік болмысының бірегейлігіне аса мән беретін қазіргі заманғы ең ықпалды бағытқа айналды. Экзистенциализмді біржақты түсіну дұрыс болмас еді. Өйткені ол аса күрделі, ішкі қайшылықты, бүгінгі қоғамның рухани қайшылықтарының көрінісі болып табылатын ағым. Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар арасында адам өміріне, тірі тіршілікке деген құрметтің тапталуы бүкіл ғылымның, рационализмнің абыройын төмендетті. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өшпес із қалдырып, қайғылы замандағы адам тіршілігін, оның қайшылықтарға толы ой тебіренісін, адам өмірінің мәнмағынасын анықтау сияқты сұрақтарға көңіл бөлуге жетеледі. Дат философы С. Кьеркегордың, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдың, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің, Мартин Хайдеггердің, Карл Ясперстің, Жан-Поль Сартрдың, Альбер Камюдің, Н.Бердяев пен Л.Шестовтың, Виктор Франклдың, Хосе Ортега-и-Гассеттің ойлары, еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды. Экзистенция ұғымы (лат. exsistehtia - өмір сүру) ерекше рөл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Демек, болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің немесе танымның мәнін ашу емес, адам өмірінің мәнін, экзистенциясының мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады. Адамның нағыз тіршілігі, яғни экзистенциясы оның тәндік болмысына тең емес. Адамның нағыз тіршілігі, экзистенциясы ғылыми таным объективтілігінен сырғып, ұстатпайды. Субъективтіліктің алғашқылығы бұл жерде гносеологиялық тұрғыдан ғана емес, онтологиялық тұрғыдан да көрініп тұр. Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып-білуді жоққа шығарады, өйткені адам табиғатының ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді.
Заттарды ғылыми тұрғыдан танып- білу емес (олай ету өмірдің шындығын ашып көрсете алмайды, ғылым оның шын мәні жайындағы сұраққа жауап бере алмайды), адамның шын және жалған өмір сүруін бір-бірінен ажырата отырып жалған өмірге адамның күнделікті тіршілігін, ал шын өмірге оның әлеуметтік қатынастарға тәуелсіз, адамның ішкі табиғатынан туатын ерікті іс-әрекеттерін жатқыза отырып, экзистенциалистер: адам өзінің табиғаты бойынша бостандықтан ерікті түрде бас тартады, сөйтіп күнделікті тіршілігімен айналысуға бейім тұрады деп дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағдайында өмір сүру әлдеқайда қолайлы да жеңіл, бостандыққа талпынудан гөрі тағайындалған тәртіпке бойсұну ыңғайлы деп қорытады экзистенциалистер. Экзистенциализм бойынша, адамның міндеті дүниені өзгерту емес, керісінше, өзінің дүниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде. Қазіргі заманғы экзистенциализмді адам психологиясынсыз, дағдарыс сезімінсіз түсіну мүмкін емес. Үрей-қорқыныш - экзистенциализм философиясының басты ұғымы. Болашаққа сенімсіздік, ертеңгі күннен, тұрақсыздықтан үрейлену, өмір алдындағы қорқыныш - экзистенциализм философиясының әлеуметтік және психологиялық түп-тамырлары. Экзистенциалистер бұл дағдарыстан шығудың жолын қоғамдық қатынастарды өзгертуден іздемей, адамдардың қарым-қатынасының шеңберін тарылтудан іздейді. Ал діни экзистенциалистер бұл жолды құдайға жалбырынудан іздеуді ұсынады. Экзистенциализмнің жеке өкілдерінің әлеуметтік-саяси көзқарастары да бірдей емес. Мәселен, Сартр мен Камю Францияны неміс фашистері басып алған кезде жауға қарсылық қозғалысына қатысты, ал 60-жылдардың аяғынан бастап солшыл радикализмді және экстремизмді жақтады. Ясперс пен Марсельдің саяси бағыты либералдық сипатта болса, Хайдеггер фашистік нәсілшілдік саясат жетегімен өзінің еврей ұлтты қарт ұстазы Гуссерльдің қудалануына, моральдық азап шегуіне және дүниеден өтуіне себепкер болды. ХХ ғасырдағы Еуропалық өркениеттің дағдарысы адамзаттың ақыл-ойы мен адамгершілік құндылықтарға сенбеушілікті тудырды. Бұл салада анықталған ең бірінші жаңалық - ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінің өсе түсетіндігі. Күрделенумен қатар қатігезденіп жатқан дүниеде тұрақтану үшін адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірінің мәні
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Абай дүниетанымының экзистенциалдық сипаты
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
Адам өмірі өмірлік мақсаттарға негізделгенде ғана мәнді
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Пәндер