Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім берудің қазіргі жағдайы Негізгі сұрақтар: Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім берудің қазіргі жағдайы
1.Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша пәндерінен сыныптан тыс білім беру түрлерін талдау, сызбаға түсіру.
2. Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша пәндерінен сыныптан тыс білім берудің жаңа әдістеріне сипаттама беру.(критериалды бағалау түрлері) Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: 1.Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары.Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылау жолдары.Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру. Оқыту нәтижелерін бағалау. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың мәселелері мен жаңа технологиялары.Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру әдістері. Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша білім, білік, дағдыларын тексерудің түрлерін сызбаға түсіру. 2.Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру әдістері бойынша постер жасау. Нақты мысалдар бойынша сабақ барысындағы білік пен білімді және дағдыны қалай бағалауға болатындығын толық ашу. Осы жерде білім, білік, дағды ұғымдарының анықтамасын беру. Есеп беру формасы; постер, ауызша, сызба.

Бастауыш мектепте Жаратылыстану пәнін оқу оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.

Жаратылыстану пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:

1) қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын;

2) өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін;

3) жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;

4) пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.

Жаратылыстану пәнінің мақсаты -- Биология, География, Химия, Физика пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерімен жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі.

Жаратылыстану пәнінің міндеттері:

1) өлі және тірі табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

2) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;

3) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;

4) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;

5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері
Жаратылыстану пәнінде белсенді оқу оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.Белсенді оқу жаттығулары арқылы жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырып, қате жіберу бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады. Белсенді оқу жаттығуларды орындау нәтижесінде - терең білім алып, пәнге деген қызығушылықты артырады. Оқулықтағы сабақтар оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы ұйымдастырылып, пән бойынша білім қалыптастыруға бағытталған. Жаратылыстану пәніндегі белсенді оқу жаттығулары орындау барысында өзіндік өмір тәжірибелеріне сүйене отырып, зерттеу, сыни тұрғыдан ойлау, алған білімін қолдану дағдыларын дамытады, өздігінен іс-әрекет етуге, бағалауға үйренеді. Мәселен:

Зертте айдарындағы тапсырмалар сұрақтар практикалық жұмыс түрлерін орындау арқылы зерттеушілік дағдыларын дамытады.

Ойлан айдары сыни тұрғадан ойлауын дамытуға бағытталған мәселелік сұрақ беріледі.

Сен білесің бе? айдарында сабақ тақырыбына байланысты қызықты, танымдық ақпарат беріледі.

Есте сақта! айдарында тақырып бойынша негізгі қорытынды ой тұжырымдалады.

Жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері :

1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;

2) жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;

3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау;

4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;

6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.

Педагогикалық әдіс-тәсілдерді дамыту мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінің басшылыққы алатын ұстанымдар:

Ғылыми проблемаларды шешу, мысалы, болып жатқан құбылыстар мен процестердің заңдылығын анықтау үшін жауаптарды басқалармен бірге және өздігінен іздеу әдістерін қолдану;
Зертте, бақыла, ойлан айдарлармен берілген тапсырмалар сыни тұрғыдан болғандықтан мұқият мән беріп, бірлесіп зерттеу;
Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, белсенді оқу жаттығуларына сараланған тапсырмалар құру.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Студенттердің сыныптарға бөлінуі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Пәндер