Жаңа форматты сабақтың шығармашылық принциптері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа форматты сабақтың шығармашылық принциптері
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға және біліктілікті шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа әдістерін енгізу, білім алуды ақпараттандыру, ғаламдық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін әрі дамыту міндеттері көзделіп отыр.
Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушыны белгілі бір білім, білік дағдыларын, жас ерекшеліктеріне байланысты өз күшін жұмсап, еңбектенетін бала қалыптастыру ең маңызды мәселе. Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты - әртүрлі педагогикалық әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділіктерін қалыптастыру болып саналады. Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін - өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан- 2030 бағдарламасында Білім беру жүйесінің басты міндеті- тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау деп көрсетті.
XXI ғасырдың мұғалімдеріне қойылатын талап көп. Мұғалім өз ісінің шебері болуы тиіс. Өз ісін жетік меңгерген, біліктілігін жетілдіріп үнемі жаңашыл бағытта ізденіс үстінде болуы керек. Қазіргі таңда бізден сапалы білім сұрайды. Ал сапалы білім болу үшін мұғалім әр сабағын қызықтыра өткізіп, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі қажет.
А. Байтұрсынов Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек.Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек деп ерекше айтқан екен. Бүгінгі заманға сай жаңа әдістер бала бойындағы даму үдерісін жан - жақты арттыруға үлкен көмегін тигізеді. Оқыту үдерісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны, сабақ құрылымы мен формалары өзгереді. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігінде өнуге бағыт алуа. Білім беру парадигмасы өзгерді, басқаша қарым - қатынас жаңа көзқарас пайда болды. Білім мазмұны жаңа үдерістік біліктер мен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайдағы білім бағдарламаларының нақтылануымен өзгере түсті. Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс- әрекетінің педагогикалық шарттарын меңгеруі, бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі. Мұғалімнің өнері, оның өз сабағының композициясы мен оқу- танымдық міндеттерін шешумен бірге қарастыратын, оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырып, мектеп өмірінде оқушылармен қарым- қатынасынан көрінеді. Қазіргі таңда жаңаша білім беру, заман талабына сай жұмыстануға мүмкіндік беріп отырған Кембридж бағдарламасы.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру модульдері:
1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқудағы ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Кембридж бағдарламасы бойынша сабақта мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші, көмекші, талдаушы, түрткі жасаушы, сабақта оқушылардың өздері түсініп ізденіп оқуларына мүмкіндік жасап отыру қажет. Мұғалім балаға білім беруде бағдарламаның 7 модульін ықпалдастыра отырып, түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады. Оқыту үдерісі үнемі топтық, жұптық, ұжымдық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Топтық жұмыс оқушылардың өзара оқуына, пікір алмасуына жағдай жасайды. Топтық жұмыс ынтымақтаса жұмыстану арқылы күрделі проблемалық тақырыптарды шешуге бағытталған. Топтық жұмыстарда өзін ғана емес, басқаны да бағалай біледі.
Топтық және ұжымдық жұмыстардың ұтымдылығы:
- Сабақ барысында барлық оқушылардың білімін тексеруге болады;
- Бір - біріне көмектесіп жұмыстануға дағдыланады;
- Бірінің білмегенін екіншісі толықтырады, ұйымшылдыққа үйренеді;
- Уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік болады;
Топтық жұмыста тапсырмалар бір сарында емес, әр түрлі бағыттарда болуы шарт. Топтық жұмыстарда шу болады, оны болдырмау үшін топтық ережені қайталап, өздеріне құрғыздырып отыру керек. Сонымен қатар мұғалім дарынды және талантты оқушыларды айқындау мақсатында кеңейтілген тапсырмалар беру арқылы тереңдетіп оқыту әдістерінің де орны зор. Берілген мәселені шешуде оқушының терең сыни ойлауы, шығармашылық қабілеті артады. Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетіне жағдай туғызу оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз.
Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту барлық пәндерде жүргізіліп отыру тиіс. Эдисон: Талант дегеніміз 1 пайыз ғана қабілет, қалғаны 99 пайызы еңбек деген. Сондықтан оқу үдерісінде баланы еңбектену арқылы қабілетін көрсетіп еңбегін бағалай білуіміз керек. Үнемі балаға қолдау көрсетіп жұмысын, еңбегін бағалап, өзін - өзі бағалауға, өзгені бағалауға үйретіп, жарайсың, тамаша, қандай керемет, мен таңқалдым деген сөздер арқылы шабыттандырып, балаға мүмкіндік беруіміз қажет.
Көрнекті психолог Л. Выготский оқыту мен дамытудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін күрделі тапсырмалар беруді ұсынған. В. Шаталов ережелерді оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есептер шығартады. Жаңашылдандырып баланы өзін - өзі құрметтеуге оқу - тәрбие үдерісінің барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін - өзі реттеу баланың өзінің іс- әрекеті арқылы жүреді. Мұғалім оқушыға кез- келген жерде ақыл айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы жеткізеді. Жуан - жіңішке сұрақтар қоя отырып, Сен қалай ойлайсың? Не себепті? Сенің ойыңша деген сауалдар арқылы ойын дәлелдету қажет. Оқу үдерісінде ойын түрлері - ойшыл тұлғаны қалыптастыратын құрал. Ойын арқылы бала сабақты тез, шапшаң қабылдап алады. Оқыту үдерісіндегі ойын тәсілдері - тіл дамытуға, оқушылардың сөз байлығын молайтуға, дұрыс сөйлеуіне көмектеседі.
Оқыту үдерісінде профильдік, қашықтықтан оқыту тәсілдерін де қолдануға болады. Интербелсенді тақтамен оқыту оқушылардың еңбектерін жеңілдетеді, тез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Тіректік конспектіні геометрияны оқыту процесінде пайдалану
Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
Пәннің және тілдің кіріктіліген оқытуы
Пәнаралық байланыстар
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Сабақты оқыту үрдісінде ақпараттық құзыреттілікті арттыру жолдарын көрсету
Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Биологияны оқытуда АКТ қолданып сабақ өту
Пәндер