Экспериментті зерттеуді жоспарлау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Экспериментті зерттеуді жоспарлау
Экспериментті жоспарлаудың негізгі қағидалары
Экспериментті жоспарлау - ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды кезеңі, одан зерттеу нәтижесінің дұрыстық, нақтылық және тиімділік деңгейі байланысты болады. Жоспарлау математикалық аппарат негізінде жүзеге асырылады. Ол эксперимент жүргізуші еңбегінің өнімділігін, эксперимент нәтижесінің сенімділігін арттыруға, сынақ нұсқалары санын азайтуға, оңтайлы шешімге негізделеді. Ереже бойынша оңтайлы жоспар бойынша оңтайландыру параметрін қолданыстағы факторларға байланыстыратын математикалық үлгіні анықтауға арналған көпфакторлы экспериментті орындалады.
Жоспарлау келесі қағидалармен жүзеге асырылады.
Әр фактор деңгей бойынша градацияға ие. Экспериментте фактор дискретті теңдеудің белгілі бір санына ие. Әр фактор бойынша деңгейдің сәйкес жинағы сынақтағы нұсқа санын анықтайды. Егер эксперименттегі барлық фактор үшін деңгей саны бірдей болса, онда бұл эксперименттегі нұсқа саны фактор санына тең. Мәселен, Ф үш факторы және у үш деңгей кезінде олардың әрқайсысындағы сынақ нұсқасының саны n=уф=33=27, бес фактордың үш деңгейі кезіндегі нұсқа саны n=уф=35=243. Нұсқаның мұндай санымен эксперимент ұзақ және өте қымбат болады. Мұндай нұсқалар көп болған жағдайда аса маңызды еместері болады, олардан зерттеу дұрыстығы үшін оңай құтылуға болады. Мұндай нұсқаларды есептен шығару математикалық негізделеді. Экспериментті математикалық жоспарлау сынақ басқарылатын факторлар кезінде қайта қалпына келтірілетін кезде жүргізіледі.
Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру саласындағы зерттеулер кезінде факторлар басқарылатын, аз басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді. Мәселен, Дон өздігімен жүретін комбайн типінде астық дақылдарын жинау үдерісін зерттеу кезіндегі басқарылатын факторларға комбайнның қозғалысының жылдамдығы, барабаны мен барабан астындағы саңылау, барабанның айналым жиілігіжәне т.б., ал аз басқарылатын факторларға таңдалған білік қуаты, оның ылғалдылығы, егіс даласының рельефі, сабақ тұрағының биіктігі және т.б., басқарылмайтын факторларға - жауын-шашын, комбайнның істен шығуы, қоршаған орта температурасы, оператордың физикалық жағдайы және т.б. жатқызылады.
Экспериментті жоспарлаудың негізгі міндеті болып нұсқалардың оңтайлы санын негіздеу және оның жағдайының шартын таңдау табылады. Бұл жерде екі жол қарастырылады: сәйкес теңдеу немесе теңдеулер жүйесі түрінде нысанның математикалық үлгісін алуға мүмкіндік беретін зерттеу үдерісінің физикалық үлгісін жасау; бірінші жолды толықтыратын статикалық жол.
Зерттеу үдерісінің экспериментті жоспарлау деңгейінде оңтайландыру үшін оңтайландыру параметрін белгілеу керек. Кез келген зерттеу үдерісінің параметрлері көп, алайда оның ішінен оңтайландыру керек болатын біреуін таңдап алу қажет. Қалған параметрлердің барлығы мұнда шектеу ретінде қабылданады. Мәселен, жер жырту агрегатын зерттеу кезінде параметр ретінде соқаның кедергісі, жыртылған жер тереңдігі бойынша жүріс тұрақтылығы, смоқа салмағы т.б. алынуы мүмкін. Осылардың арасынан соқа кедергісін оңтайландыруға таңдап алып, қалғандарын шектеу ретінде қабылдауға болады. Егер бір параметр таңдап алу мүмкін болмаса, зерттеу нысанына тән параметрлер функциясы сияқты жалпылама параметр таңдалады.
Жоспарлаудың объективті деңгейі оңтайландыру параметрін таңдау дұрыстығына байланысты, олар келесі талаптарға жауап беру керек:
1. Әр оңтайландыру параметрінің физикалық мәні болуы керек;
2. Ол рангалы жүйеде тікелей өлшенетін немесе бағаланатын болуы керек. Егер параметрді абсолютті мәнде өлшемесек, онда оның сандық сипаты үшін рангалы бағалауды пайдаланамыз. Параметрге шкаланың таңдалған деңгейі бойынша баға (ранга) беріледі: екібалдық, бесбалдық, онбалдық және т.б. шкаланың екібалдық мәні аз қолданылады, себебі оларда бағалаудың шектеулі деңгейі болмайды (бар - жоқ, жаман - жақсы және т.б.).
3. Зерттеу нысаны үшін оңтайландыру параметрі бірдей, әмбебап болуы керек. Ол нысанды жан-жақты сипаттауы керек. Егер бірнеше парараметр болса, бастысы таңдалады да, олардың арасындағы корреляция коэффициенті қосалқы параметрлермен есептеледі. Корреляция үлкен болғанда қосалқы фактор жоспардан (сынақтан да) алынып тасталынады. Параметрдің қосалқылығын анықтау кезінде оны өлшеудің қиындық деңгейі, физикалық мәнінің нақтылығы және т.б. ескеріледі.
4. Таңдалған оңтайланған паратметр зерттеу нысанын нақты сипаттауы керек (нақтылық жеткіліксіз болғанда қайталаулар саны артады).
Таңдалған оңтайландыру параметрі көптеген ауыспалылар (факторлар) бойынша қызмет етеді. Мысалы, астықты комбайнмен жинау кезіндегі астық шығыны қозғалыс жылдамдығына, уатқыш айналысының жиілігіне, кетпеннің көлбеу бұрышына, шнек пен жатка түбінің арасындағы саңылауға, уатқыш аппарат барабаны айланысының жиілігіне, барабан соғысы мен деко арасындағы саңылауға, торкөзді реттеу және т.б. тәуелді болады.
Экспериментті математикалық жоспарлау кезінде басты факторлар ескерілуі керек, себебі барлық факторларды бір мезгілде есептеу кезінде эксперименттің нақтылығына қол жеткізу мүмкін емес, зерттеу нәтижесінің нақтылық деңгейі зардап шегеді.

Әр фактор өз көрсеткіші бойынша бағаланады. Фактор көрсеткіштері сандық және сапалық болуы мүмкін.
Экспериментті жоспарлау кезінде таңдалатын факторлар келесі талаптарға дауап беретін болуы керек:
1. Басқарылатын. Эксперимент үдерісінде таңдалған барлық факторлар басқарылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлаудың объективті деңгейі оңтайландыру параметрін таңдау дұрыстығы
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Психологиялық зерттеу өткізудегі экспериментатордың негізгі қателері
Жұмыстық оқу бағдарлама «Мұнай шикізаттарының құрылымын өзгертпей өңдейтін процестердің химиялық технологиясы»
Зерттеу процессі кезіндегі экспериментті жоспарлау әдістері жайлы
Зерттеу процессі кезіндегі экспериментті жоспарлау әдістері туралы
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
Лабораториялық экспериментті ұйымдастыру шарттары
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер