Кәсіпорын қаржысын басқару



Жоспары


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қаржыны басқару және оның ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қаржыны басқару түсінігі, қағидалары мен негізгі элементтері ... ... ... ... .5
1.2. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру...10
1.3. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ... ... ... ... ... ... ... .14

2. Кәсіпорын деңгейінде қаржыны басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Айналымдық активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару ... .16
2.2. Ақша қаражаттарын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3. Запастарды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.4. Дебиторлық берешекті басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорын қаржысын басқару

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қаржыны басқару және оның
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қаржыны басқару түсінігі, қағидалары мен негізгі
элементтері ... ... ... ... .5
1.2. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру...10
1.3. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . 14

2. Кәсіпорын деңгейінде қаржыны
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Айналымдық активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару ... .16
2.2. Ақша қаражаттарын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...21
2.3. Запастарды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23
2.4. Дебиторлық берешекті
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай
қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы
өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
қатынастар қаржы туралы ғылымының мән - мағынасы болып табылады.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы,
қозғалысы және пайдалануы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің
ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің
өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шарауашылық,
қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Бұл жұмыстың актуалдылығы сол жүргізілген қаржы және несие
реформалары нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстанда қолданылып отырған
қаржы-несие механизмінің жұмыс барысын, оның экономиканы реттеудегі рөлін
талдау болып табылады.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудың құралы.
Қаржыны басқару – бұл қаржының экономикалық жүйелерге әсер ету
процесі. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы
қызметіне де тән нәрсе.
Қаржыны басқару - бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының
тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы
саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлкет шараларының
жиынтығы.
Курстық жұмыстың мақсаты қаржыларды басқару мен ұйымдастырудың
мақсаттары мен негізгі этаптарын анықтау, қаржыларды әлеуметтік-
экономикалық үрдістерді реттеуде қолданудың қажеттілігін анықтау, нарықтық
шаруашылықтың қаржылық құралдарын анықтау. Қаржылық бақылауды жүргізудің
мәні мен қағидаларын қарастыру.
Жұмыстың міндеті:
▪ Қаржыны басқару түсінігі, қағидалары мен негізгі элементтеріне
тоқталу;
▪ Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру
жағдайын;
▪ Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін;
▪ Кәсіпорын деңгейінде қаржыны басқаруды қарастыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық базасы ретінде батыстың жетекші экономист-
практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-экономистердің
пікірлері мен еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық актілері,
үкімдері мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің нормативтік актілері негіз
болады.
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының ресми статистика
мәліметтерін, ағымдық баспасөз беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын,
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқу құралдарын
пайдаланбақпын.

1. Қаржыны басқару және оның ұйымдастырылуы
1.1. Қаржыны басқару түсінігі, қағидалары мен негізгі элементтері

Қаржыларды басқару – қаржылық және аралас экономикалық үрдістерге
оларды дамыту мақсатында әсер ету үрдісі. Осы мақсатта қажетті нәтижеге
жету үшін арнайы әдістер мен тәсілдер қолданылады.
Қаржыны басқару - бұл қаржыны әлеуметтік шектеушісі эканомикалық және
әлеуметтік жүйелерге, олардың жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау
процесі және қаржылық қатынастың барлық жиынтығының тиімді жұмыс істеуге
жетуді және қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөнәндегі мемлекет
шаруашылық жиынтығын, оны басқару бұл тиісті қаржы саясатына жетудің
мақсаты. Қаржы механизмі бұл жетілдірудің құралы, саясатты қаржыны
басқарудың тиісті процесінің тиімділікті қалыптастырады.
Қаржылық басқару жүйесі қаржылық механизмнің әдістері, санкциялары
және тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Қаржыларды басқару келесі қағидалар
негізінде жүзеге асырылады:
-Басқаруда тәуелсіздік пен еркіндік;
-Қаржылық сұрақтарға саяси көзқарастарды ұстану;
-Басқаруды әкімшілдік және экономикалық әдістерге сәйкестендіру;
-Басқару ғылымның қолданылуы;
-Басқарудың аймақтық, орталықтандырылған және аймақтық келісімділік
негізде жүзеге асырылуы;
-Басқаруда жауапкершіліктің болуы;
-Шаруашылық шешімдердің тиімділігі.
Қаржыларды басқарудың екі аспектісін атап көрсетуге болады:
біріншіден, мемлекет қаржыны қоғамдық өндіріс үрдісіне, экономикалық және
әлеуметтік аяны басқару құралы ретінде пайдаланылады;
Екіншіден, қаржылардың өзі- басқару объектісі болып табылады себебі, қаржы
қатынастары, ақшалай қаражаттардың қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы
мекемелері толығымен басқарылады.
Қаржыларды басқаруда келесі элементтер өзара байланыста болады:
ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және басқару.
Қаржылық ақпараттардың барлық қаржы процесін оперативті басқаруда зор
маңызы бар. Қаржылық ақпарат – берілген стстистиклық және оперативті
есепке беруді негіздейді.
Қаржылық ақпарат барлық қаржы үрдісін тиімді бсқару мен жоспарлау үшін
қолданылатын шешім қабылдауда үлкен рол атқарады. Қаржылық ақпарат
бухгалтерлік, статистикалық және жедел ақпарат түрінде жүзеге асырылады.
Қаржылық басқаруда басқару орталығына- жоспарлау жатады. Ол материалдық,
еңбек және қаржы ресурстарының теңгерімділігін, өндірістік және қаржы
көрсеткіштерінің өзара байланысын және халық шаруашылығының барлық
деңгейлерінде қаржылық жоспарлардың кірістері мен шығыстарын қамтамасыз
етуге бағытталған.
Қаржы ақпараты – осы элементтер арқылы қаржыны басқарудағы қаржы
ақпараты барлық қаржылық процестерді шешім қабылдауда үлкен мағыасы
бар ғылыми түрде жоспарланған болады. Дәлме- дәл ақпарат арқылы
оқиғалар барысын, олардың бет алысын таңдауға болады.
Қаржы ақпаратын жүзеге асыратын құжаттар:
- бухгалтерлік есеп; Бухгалтерлік құжат – шаруашылық
операциялардың жазбаша дәлелдемесі; бухгалтерлік шоттарда
көрсетілуге тиіс ақпарат.
- статистикалық есеп; Сапасы жағынан біртекті бұқаралық әлеуметтік
- экономикалық құбылыстарды тіркеу, қорытындылау және зерделеу
жүйесі.
- оперативтік есеп; Белгілі бір шаруашылық операцияларын тікелей
жүзеге асырылып жақтан жерде және сәтте болып табылатын
шаруашылық есебінің түрі; тауарлар өндіру , жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсету барысында басқарушылық және экономикалық
шешімдер қабылдау үшін фирма басшылығын кірісу ақпаратымен
қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген өндірістің, шығындардың,
ақшалай, несиелік ресурстардың т.б. есебі.
Жоспарлау- қаржыны басқару жүйесінде маңызды орын алады. Бұл
жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаржылық мөлшерін және оның
көздерің анықтау. Сонымен қатар ресурстарды пайдаланумен нақты бағыттарын
аныөтау.
Ұйымдастыру қаржылық басқару аппаратының барлық деңгейіндегі
нәтижелікті, жауапкершілікті сипаттайды.
Ұйымдастыру- басқарудың барлық буындарың жеке салынғандарын айқындау,
қаржы ақпаратын жоғары нәтежесін басқару қызметінің жауапкершілігімен
тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу жоспарлы тапсырманы орындауда қаржы ресурстарының
бөлістірілуіне бақылау жасайды. Реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың
орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді шебер жұмсау және белгіленген
нәтежеден теріс ауытқуларын барлық түрін алдын-алуға және жоюға
бағытталған.
Қаржылық реттеу деп – экономикалық жүйе шеңберінде қаржы
ресурстарын ше-бер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету
шараларының кешенін айтады.
Қаржылық реттеудің түрлері: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік -
несиелік, кедендік- тарифтік, валюталық- қаржылық, ішкі шаруашылық.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны тиісті фискалдық саясатты
мемлекеттің шығындары мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады.
Бақылау- басқарудың элементі ретінде жоспарлау рпоцесінде де сонымен
бірге оперативтік басқару стадияда жүзеге асырады. Ол қоғамда барлық
процестерін жүргізуді дұрыстылығын заңдылығымен тексеру және қамтамасыз ету
жөніндегі қаржылық құқық нормаларын басшалыққа алып қаржы опаратын қызметін
қамтиды.
Бақылау шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша
ресурстарының қалыптасуы мен дамуына толығымен бақылау жүргізеді.
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және
оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының
барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық
субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды
қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне –оның ақша
нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына-
кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс
шығындары жатады.
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген
арақатынастың сақталуы;
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну
үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады:
1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру
2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру
3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге
асырылуын тексеру
4. Өндірістің ішкі резервтерінің – еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының
айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді
пайдлану жолдарын анықтау.
5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.
Қаржылық бақылаудың жіктелуі
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау
іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша:
түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі
түрлерге бөлінеді:
-жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық,
парламенттік);
-қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б. )
Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның
ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны
мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік
бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік,
валюталық және кедендік бақылау.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның
өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі
міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық
және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің
сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс
жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау.
Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне
экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың
объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау
түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың
объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы –
аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі.
1.2. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру

Қаржыларды басқарудың стратегиялық және жедел түрін бөліп көрсетуге
болады. Қаржыларды стратегиялық басқару Қазақстан Республикасының
Констуциясының негізінде басқару мен биліктің жоғарғы органдары арқылы
жүзеге асырылады: Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
Қазақстан Республикасының Президенті қаржылық басқаруда үлкен
өкілділікке ие болып, оны президент аппараты арқылы жүзеге асырады
Қаржыны басқарудың ең жоғарғы органдары :
- Қазақстан Республикасының Парламенті;
- Президенттің Әкімшілігі;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі;

Сурет 1. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің құрамы

Қазақстан Республикасындағы Қаржы министрлігінің орталық аппарат
құрылымының бөлімдері мына төмендегідей :
- Мемлекеттік бюджеттің ұйымдастырылуын орталықтандыратын
департамант
- Мемлкеттік органдарды қаржыландыру департаменті
- Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін департамент
- Конвенция және келісім – шарт департаменті
- Бухгалтерлік есеп және аудитторлық методологиялық департаменті.
- Жұмысшыларды ұйымдастыру – кадр дайындау мен қаржыландыру департаманеті
- Ақпараттық департамент
- Акцизді реттеу департаменті.
ҚР-ның Қаржы Министрлігнің Салық Комитеті қаржыны басқару жүйесінде
басты орныға ие болады.
Қаржыны басқару мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары орындағы
призидент аппараты, парламент, үкімет қаржы мүмкіндігіндегі эканомике және
бюджет жасау меншігі жүзеге асырады. ҚР-да призидентке көп жағдайда
призидент аппараты орындайды. Қаржыны басқаруға үлкен активтер берілген:
1) Республикалық бюджетті әзірлеу жүесінің атқарылуы туралы есеп
тәртібін айқындайды.
2) Республикалық бюджет келісімін қүрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын айқындайды.
3) ҚР-дағы аумағындағы төтенше мемлекеттік бюджет еңгізу туралы шешім
қабылдайды және оның ізірлеу тәртібін айқындйды.
4) Мемлекеттегі жағдайлармен ресурстардың ішкі және сыртқы
саясатынын негізгі бағыттары туралы ҚР-сы халқына жыл сайынғы жолдауда,
алдағы жылға арналған ҚР-ның несие және бюджет саясатының негізгі бағытын
айқындайды.
5) ҚР-ның ұлттық қорын басқару жөңіндегі кеңес құрады және ол туралы
қағиданы бекітеді, ұлттық қорды қалыптастырудың немесе пайданын тиімділігін
арттыру жөнінде шешім қабылдайды.
6) ҚР-сы төтенше және соғыс жағдайында тиісті жылынын 1-ші тоқсанында
арналған ресурстарын қаржы жоспарын бекітеді, және ҚР-сы заңдарына сәйкес
эзгеде өкілеттерді жузеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару ҚР-ның заң шығару қызметі жүзеге асыратын,
елдің ең жоғарғы өкілдерінің органы, парламентке жүктелген. Палатолардың
бірлескен отырысында парламент үкіметпен Республикалық бюджетпен атқарылуын
атқарады. Республикалық бюджетті, сондай- ақ Республикалық бюджеттен
толықтырулар, өзгерістер еңгізуді бекітеді, салықтармен айналымдарды
бекітеді, және оларды алып тастайды. Мемлекеттік қарыздармен республикалық
эканомикалық және өзгеде көмек көрсету туралы мәселелерді шешеді.
Парламент қарамағында қаржы проблемасын шешу заңдардың актілерін; ҚР-
ның заңдары мен парламент. ҚР-ның атқарушы органдарының тағы басқа
меншіктерінің негізгі міндеттірі мыналар болып табылады:
-Республикалық бюджеттін ң атқарушы және жергілікті бюджеттін
атқаруына классикалық қызметті қамтамасыз ету.
-Салықтардың алымдарының және бюджет тиімділігін басқа да мімдетті
төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзгеде түсімдерді, ҚР-ның ұлттық
қаржы аударымын қамтамасіз ету.
-Республикалық және жергілікті бюджеттін атқарушы бугхалтірлік
есепте және аудит жөнінде әдіске басшылық жасау.
-Мемлекеттік басқа меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
-Мемлекеттің салық саясатын әзірлеуге іске асыруға қатысу..
Министр заңнама белгілеген тәртіппен мына негізгі факторларды
жузеге асырады:
а) Тиімді қаржы жүесіне арналған республикалық бағдарламалары; ҚР-
ның стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу;
ә) Заңнамада белгіленген тәртәппен шикізат өндіру ұйымдардан
бюджетке түсетін түсімдер белгіленген ҚР-ның ұлттық қаржыландыруға;
б) Республикалық бюджетті қаржыландырады, жиынтық жоспарын бекіту;
оларға еңгізу кіргізу.
в) Ұтымды үкіметтік, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды
қамтамасыз ету.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдық қаржы бөлімдерімен топтары
басқарады. Министірліктен басқа жоғар органдарының қаржы басқармаларының
апараты жиынтық қаржы жүйесі кірістер мен шығындардың балансын бақылау
жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
Кәсіпорында қаржы менеджменті мыналар болып табылады:
Жылжымайтын және жылжымалы мүлік мүделерінің құқыөтары; жұмыс және
қызметтер, ақпарат қызметтері жүзеге асады.
ШЖС-ның қаржысы болімдері несие және есеп айырысу операцияларын жаңа
нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды жүзеге
асырады. Шаруашылық серіптестіктер құрамына басқаруды басқа функциялары мен
қатар жоғарғы органдар мен олардың қатысушылардың акционерлік қоғамында,
акционерлік жалпы үлестіріп отырады. Атқарушы орган басқарма өздерінің
мазмұнды адамдар, сонын ішінде басқару жекешелеуді, мазмұнды адамдар
құрамына вица- призидент кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің бағыттары жұмыс
істеиді. Олардың маңызды тиімділігі мыналар:
- Табысты немесе пайданы өндіру жолдарын іздестіру;
- Өндіріс күрделі қаржыларды, жаіа техниканы өндіру және бақа
жоспарлы шығындар;
-Мемлекет бюджет банктер жоғары ұйымдар;
- Есеп айырысудағы орындау;
-Өндірістін капитал мен күрделі жұмсалымдарды тиімді пайдаланудың
жәрдемдесуі.

1.3. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіруде – автоматтандырылған
жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде
жүзеге асырылады. әкімшілдік, экономикалық –математикалық әдістер мен
электронды –есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған
жүйелері (БАЖ) қаржы жүйесін тиімді басқарудың бір бөлігі болып табылады.
Қаржыларды басқаруда қаржылық есептердің автоматтандырылған жүйесі
(ҚЕАЖ) – қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп әрекет ететін:
функционалдық, технологиялық және қамтамасыз етушілік қосалық жүйелерден
тұрады.
ҚЕАЖ жүйесіндегі басты құрамдас бөлігіне ұйымдық-экономикалық
қамтамасыз ету жүйесі жатады. Ол бюджеттерді дайындау және оның орындалу
үрдісі автоматтандырудың әдістемелік және ұйымдық алғышарттарын жасайды,
басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және өзара
байланыстырады, сонымен қатар ҚЕАЖ барлық деңгейлерінде әдістемелік негізін
анықтайды. Сонымен қатар басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қызметті
тиімді жүзеге асыру мақсатында автоматтандырылған жұмыс орындарын кеңінен
қолдануда(АЖО) жүзеге асыру тиіс. Оған жұмыс орындарын және жеке
пайдаланудағы микро және автоматтандырылған есептеу машиналарын қолдану
жатады.
Қаржы қызметі – қаржы органдары қызметкерлерінің қаржыны жетік
басқаруы оларға қаржы есептерінің автомататтанадырылған жүйелерін (ҚЕАЖ)
қолдану, қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері.
Қазіргі уақытта қаржы органдарының төменгі жергілікті
органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы
басқармаларының жұмысына қаржы есеп- қисаптарын автоматтандыруды енгізу
актуалды мәселе болып отыр. Экономикалық - математикалық әдістер мен
электронды – есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған
жүйелері қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны
басқарудың автоматтандырылған жүйелері бұл экономикалық - математикалық
әдістердің, электронды - есептеу техникасының, орггтехникалық және
байланыстың қазіргі құралдарының жиынтығы.
Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің
автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгзуімен басталады, бұл
орындарда жеке пайдаланудың микро - ЭЕМ қолданылып отыр. Әсіресе, бұл
халықтың табыстары жөніндегі декларациялардың көптеген және үнемі
өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық инспекторларының
қызметкерлері үшін өте көкейтесті мәселе.

2. Кәсіпорын деңгейінде қаржыны басқару
2.1. Айналымдық активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару

Айналымдық активтердi мақсатты түрде басқару алдын-ала топтастыру
қажеттiлiгiн анықтайды. Қаржылық менеджмент тұрғысынан бұл топтастыру
төмендегi белгiлер бойынша анықталады:
1) қаржыны қалыптастыру көздерiнiң сипаты бойынша:
- жалпы айналымдық активтер (немесе айналымдық қаражаттар) – меншiктi
және қарыздық капитал есебiнен қалыптасатын олардың жалпы көлемi;
- таза айналымдық капитал (таза жұмысшы капитал) – меншiктi және ұзақ
мерзiмдi бiр бөлiгi, формуласы:
ТАА=АА-ҚҚМ
ТАА – кәсiпорынның жалпы айналымдық капиталының қосындысы;
ҚҚМ – қысқа мерзiмдi қаржылық мiндеттемелер
- меншiктi айналымдық активтер (меншiктi айналымдық қаражат-тар)-
меншiктi капитал есебiнен қалыптасатын бөлiгi (МАҚ): МАҚ=АА-ҰҚК-ҚҚМ
ҰҚК – кәсiпорынның айналымдық активтерiне салынған ұзақ мер-зiмдi
қаржылық капитал.
Егер кәсiпорын айналымдық қаражатты қаржыландыру үшiн ұзақ мерзiмдi
қаржылық капитал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретінде
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Кәсіпорын қаржысының мәні
Өнеркәсіптегі айналым қаражаты
Кәсiпорынның қаржысының жағдайын бағалаудың көрсеткiштерi мен даму теориясы
Пәндер