Философпен сұхбат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Философпен сұхбат

  • Бүгінгі сұхбатымызда біз болмыс, либералды мемлекет, саяси көзқарастар жайлы бірнеше философтардың ойымен танысатын боламыз. Енді, бірінші болмыстан бастасақ!
  • Болмыс ұғымының және болмыс туралы ілімнің айналасында философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық басты мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан бүгін біз Рене Декарт пен Мартин Хайдеггердің ойларымен танысатын боламыз. Бірінші Рене Декарт өз ойымен бөлісе кетсе:
  • Болмыс - өмір сүретіндердің әртүрлілігі мен тұтастай әлемнің бар болуының негізін бекітетін философиялық категория, яғни тіршілік ету, бар болу қасиеттерін жинақтаған бүкіл әлем, ондағы заттар мен құбылыстар, идеялар дүниесі. Ол кейде «дүние», «әлем» түсініктерімен сәйкес, синоним ретінде де қолданылады. Бірақ «болмыс» атауында оның бар болуына, тіршілік етуіне, осы әлемге қатысуына баса назар аударылса, «әлем», «дүние» сияқты түсініктер болмыстың шынайы түзілімінің тұтастығын бейнелеу үшін алынады. Мәселен, әлемдегі болмыс - әлемнің бар болу, өмір сүруін бекіте түссе, «әлем болмысы» сол әлемнің шынайлығы мен жалпы болуға қатысуын анықтай түседі, яғни болмыс, жалпы алғанда, ол мейлі материалдық немесе руханилық болсын, тұтас қамтитын философиялық категория болып табылады.

Болмыс кең көлемді ұғым. Ол материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді - ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Олай болса, болмыс ұғымы дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория болып шығады. -дейді Декарт.

  • Болмыс - бар нәрсенің жай ғана бар болуы емес. Болмыс - заттардың өмір сүріп отырғанының дерегі; олардың бар екенін негіздейтін нәрсе. Метафизика болмыстың өзін емес, дүниеде бар объектілерді зерттейді. Болмыс жасырын және өзін осы объектілер, бар нәрсе арқылы көрсетеді. Біз метафизикадан тысқары шыққанда, өз ойларымызды адам табиғатын түсінуге және метафизиканың өзі көтеретін тақырыптарға ұқсас мәселелерді қарастыруға қажетті арнаға бағыттағанда, болмыс біз үшін жалаңаштанып, өзінің барлық құпиясын ашады. Бірақ мәселелерді түсіну мен қарастырудың осындай үдерістері мүлдем басқа деңгейде, метафизика бүкіл ойлау үдерісіне қауіпті залал келтірмей қол жеткізуді қалайтын деңгейде жүреді.

Dasein - болмысқа апаратын жол. Мұнымен бірге, Dasein - бүкіл бар нәрсе сияқты, материалдық дүниенің нақты өмір сүріп отырған элемент! Dasein болмысты зерделей және түсіне алады. Бірақ Dasein бар дүниемен - адам тұлғасымен - ол теориялар құру немесе қандай да бір нәрсе туралы пайымдау қабілетіне ие болғанға дейін берік байланыс орнатады.

Қандай да бір объектілердің болу фактісі, оның ішінде біз де бармыз, ғажайып және оны түсіндіру мүмкін емес. Бірақ философиялық дәстүр осы фактіні түсіндіруге үмтылады. Болмыстың мәнін түсіну үшін біз өткен дәуір философиясының дәстүрлі түсініктемелерін ескеруіміз керек. Болмысты ұғыну рационалды зерттеулерге емес, таңырқаулы толғаныстарға ұқсас болуы тиіс.

Келесі біздің екінші қозғайтын тақырыбымыз либералды мемлекет және табиғи құқық жайлы.

  • Локк жэне Монтескье біз қазір либералды мемлекет деп атап журген саясат философиясын зерттеді. Олар қоғамдық келісім, табиғи құқық және билік тармақтарын бөлу теориясына байланысты философиялық идеяларды зерделеді. Соның ішіндегі табиғи құқық пен билік тармақтары жайлы бізге өз ойларыңызбен бөлісе аласыздар ма?
  • Құқықтың екі ұғымы - жергілікті заң және ақыл-ойдың жалпы заңы біртіндеп дами бастады. Жалпы құқық негізгі заң болды. Осы құқықтың әрекет етуінің нәтижесінде мінез-құлықтың жалпы нормалары белгіленді. Жергілікті әдет-ғұрыптар жалпы құқыққа қайшы келмеуі тиіс болды, себебі жалпы құқық табиғи, жаратылысты негіздерге сүйенді. Табиғат барлық заңдардың ішкі базисі болуы тиіс еді. Адамгершіліктің негізі, яғни адамның нені істегені және нені істемегені жөн екені туралы түсініктер адам мәнінің ішінде жатыр - адамдардың табиғатында белгісіз бір ішкі моральдық заңдар бар, олар қалай өмір сүру керегін айтып отырады. Адам - «нені істеген дұрыс және нені істеу қажет» дегенді түсіну қабілеті берілген бірден-бір тіршілік иесі. Заң адамдардың пікірталастары мен дау-дамайларының, шешімдерінің, қаулыларының нәтижесі емес. Табиғи құқық - біздің шешімдерімізге дейін нақты бар нәрсе.

Мемлекет билікті үш тәсілмен жүзеге асыруы тиіс:

  1. Билік заңдар жасау арқылы жүзеге асырылады; ол тәсіл қазір заң шығару билігі ретінде белгілі.
  2. Заңға негізелген қандай да бір шешімдер өмірде нақты орындалғанда билік жүзеге асырылады. Атқарушы билік деген осы.
  3. Соңында мемлекетте сот билігі жүзеге асырылады. Соттар азаматтар мен ұйымдар арасындағы дауларды шешкенде сот билігі жүзеге асады.

Мемлекеттік биліктің жоғарыда аталған үш формасы - заң шығару, атқару және сот - ешқашан да бір уақытта бір қолда шоғырланбауы тиіс. - дейді Локк.

  • Енді Шарль Луи де Секонда, барон де Монтескье өз ойыңызбен бөлісе кетсеңіз
  • Табиғи құқық заттардың табиғатының өзінен туындайтын қажетті қоғамдық қатынастарға сай.

Мемлекетті басқаруды үш негізгі типке жіктеді және олардың әрқайсысы белгілі бір принциптермен сипатталатынын атап көрсетті:

  1. республика өз азаматтарының азаматтық адамгершілігіне тәуелді;
  2. монархия өз әскерлерінің ар-ожданына тәуелді;
  3. деспотизм қол астындағылардың үрейі мен құлдығына тәуелді.

Республика - шағын, монархия - орташа, деспотизм - ірі мемлекет болуы тиіс.

Біздің үшінші және соңғы мәселеміз саяси көзқарастар.

  • Саяси өз қөзқарастарымен Цицерон, Әбу Насыр әл-Фараби, Мухаммед Хайдар Дулати бөліседі.
  • Халық - адамдардың бей-берекетсіз, мақсатсыз жиынтығы емес, керісінше қоғамда өз ынтымағы бар, ортақ мақсаты мен құқығы үшін топтасқан адамдар жиынтығы.

Мемлекеттің пайда болуын адамдар арасындағы өзара келісімділікпен түсіндіреді. Мемлекет пен құқық адамдардың өз қалаулары бойынша пайда болмайды, ол құдіреттің (құдайдың қалауымен) арқасында болатын іс. Осының барлығын түсініп білу үшін үлкен сана иесі болу керек. Жердегі болып жатқан барлық үдерістер жоғарыдағы «саналы әрекет арқылы әділетті басқарылуы» тиіс. - дейді Цицерон.

  • Ізгілікті қалада бақытқа жетудің өзекті мәселесінің бірі - философиялық және құқықтық мәдениеттің, моральдық сапалардың, адамның рационалдық қабілеттерінің өзара үйлесімді әрекеттесуі болып табылады. Мұндай өзара байланысты билеушінің өзі жүзеге асыруы тиіс. Билеуші тек өзінің философиялық эрудициясын, қолданылып жүрген қағидаларды және өз білімділігін ғана жүзеге асырмауы тиіс, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді, теориялық және практикалық ізгілік істерді жүзеге асыруы тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философпен сұхбат туралы
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-қазақтың ұлы данасы
Маркс пен Энгельс философиясы
Ежелгі және ортағасырлық қылмыстық құқықта талионды қолдану тәжірибесі
Мухиддин Ибн Арабидің өмірі және дүниетанымы
Сократ өмірбаяны
Журналистикадағы сұхбаттың орны
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Сұхбат түрлері
Сұхбат жанрының техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz