Бақылау өлшеу аспаптары және олардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бақылау өлшеу аспаптары және олардың түрлері
Өлшеуіш аспаптар-өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары. Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына: амперметр, вольтметр, термометр жатады.
Амперметр - электр тоғының күшін өлшеуге арналған құрал.
Вольтметр - тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап. Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткіш және жарықты көрсеткішімен); цифрлы(механикалық, электромеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.
Гальванометр - аз тоқтарды кернеулерді, және электр мөлшерлерін анықтауға арналған электр өлшегіш жоғары сезімталды құрал.
Омметр - актив электр кедергіні өлшеуге арналған құрал.
Термометр - дененің температурасын өлшеуге арналған құрал дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Г. Галилейді атайды. Термометрдің келесі түрлері бар:
Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер - сыртқы температураның өзгеруіне байланысты термометрдің ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне незізделген.
Электрлі термометрлер - бұл термометрдің жұмыс істеу принципі сыртқы температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын қарсылыққа байланысты;
Механикалық термометрлер - мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалған лента қолданылады.
Инфрақызыл термометрлер - денеге жанаспай ақ температураны анықтай алады.
Барометр - (грекше барос-ауырлық және метрео - өлшеймін) атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны сынапты барометр.
Шығынөлшегіш құрал - заттың шығынын өлшейтін құрал. Шығын өлшегіш құралдың түрлері:
Шығынның механикалық есептегіші;
Маятникті шығынөлшегіш;
Ауыспалы қысымды өлшейтін шығынөлшегіштер;
Тұрақты қысымды өлшейтін шығынөлшегіштер;
Оптикалық шығынөлшегіштер;
Ультрадыбысты шығынөлшегіштер;
Электромагнитті шығынөлшегіштер;
Кориолисті шығынөлшегіштер;
Жылу шығынөлшегіштер;
Диномометр - күшті өлшеу үшін арнайы құралдар диномометрлер (грекше диномис - күш және метрео - өлшеймін) қолданылады. Динометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойымен жылжитын көрсеткіш бекітіледі. Градуилеу дегеніміз - құралды нақты бөліктері бар шкаламен жабдықтау.
Дозиметр - иондағыш сәулелердің дозасы мен қуатын өлшеуге арналған құрал. Детектор мен өлшеуіштен тұрады.
Өлшеу - белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу жабдығы көмегімен анықтау.
Өлшеу түрлендіргіштер - өлшеу информациясының сигналдарын беру каналдарынан жіберу үшін түрлендіретін өлшеу құралдары. Өлшеу түрлендіргіштің кірісіне х мәніне жіберіледі, ал шыққан мәні у кіріс мәнімен байланысты у=F(х) түрлендіру функциясы деп аталады. Түрлендіргіштер классификациясы біріншілікті түрлендіргіштер (БТ) және екіншіліктті түрлендіргіштер (ЕТ) болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары
Метрология және техникалық өлшеу
Элементарлы өлшеу құралдары
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
«Көлікті жарықтандыру мен дабылдау жабдықтары»
Электр аспаптарының құрылымы
Геодезиялық GPS жер өлшеу құралдарының түрлері
Электр өлшеу аспаптары
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Өлшеу қондырғысы
Пәндер