ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: ІЗДЕНІС ПЕН НӘТИЖЕ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕР:
ІЗДЕНІС ПЕН НӘТИЖЕ
Мектепке керегі-білімді,
педагогика әдістемесінен хабардар,
оқыта білетін мұғалім
А.Байтұрсынов
Ұстаз... Ұстаздық - киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе - баланы өмip сүруге дайындау. Бұл қиынның қиыны. Ceбeбi әр адам - кайталанбас тұлға. Әр адамның жан дүниесі - өзінше бip әлем. Өмiрдің ағымымен қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық интеграция күшейген сайын ұстаздың қызметі қиындай береді. Соған қарамастан кез-келген мұғалім өз кәсібінің шебері болуы үшін оқыту әдіс-тәсілдерін түрлендіруге тырысады. Бұл, әрине сабақта қолданатын технологиямен байланысты. М.В. Клариннің пайымдауынша, педагогикалық технология - педагогикалық мақсаттарға жетуге қолданылатын барлық жекелік инструменталдық және әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және қызмет жасаудың реттілігі (Қ.Бітібаева, 32-бет). Мұғалімдердің осы технологияларды түрлендіруі үшін және ең ыңғайлысын, пайдалысын үйрету үшін білім беру жүйесінде сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі- оқытудың Кембридждік бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігімен өзара байланыста қарастырылады. Мұнда негізгі мәселе тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 49-бет).
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Мен дәстүрлі сабақтар мен бүгінгі тәжірибем негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі сабақтар үрдісіндегі мұғалімнің әдістері мен оқушының іс-әрекетін жеке-жеке сараласақ, мұғалім тақырыпты өзі түсіндіреді, тақырыпты талдайды, оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріп отырады. Ал оқушы мұғалімнің айтқанын қайталайды, түсінгенін айтады, тапсырманы жеке орындайды. Ал Кембридж бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгізген сабақтарымда мұғалім оқушылардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмаларға бағыттайды, ал оқушылар болса өз ойларын еркін айтып, пікірлерін қорғауға, кез-келген мәселеге сыни көзқарасын білдіре алатынын аңғардым. Осы салыстырудан сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз.
Сабақтарымның барлығында да АКТ, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолданып отырамын және бұның қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына оңтайлы екенін ұғындым. Александердің балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек деген пікірін (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51-бет) негізге ала отырып сабақ жоспарларыма осы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгіздім. Бұл маған сабақтарымды жүйелі жоспарлауға және тізбектелген сабақтар топтамасын құруға көмектесті. Сондай-ақ оқушылар еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта білу, бір-бірінің пікірін тыңдау және бағалауға үйренді.
Мектептегі тәжірибемде тақырыптарды меңгертуде сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің ассоциация, ЖИГСО, Венн диаграммасы, екі жақты күнделік, синкуейн, түртіп алу, кластер, соңғы сөзді мен айтамын, еркін жазу, автор орындығы әдістерін пайдаландым. Сондай-ақ өзара пікір алысу, талдау, талқылау туғызу үшін сабақтарымда топтық жұмысты ұйымдастырдым және топқа бөлуді әр сабағымда тақырыпқа сай түрлендіруге тырыстым. Мысалы, Абайдың Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа өлеңін меңгертуде оқушыларға бүгінгі күндеріне сәттілік тілей отыра әр түрлі жемістерді таңдау арқылы топқа бөлдім. Алма, алмұрт, шие мен лимонды таңдап топтарға бірікен оқушылардың сол жемістердің адам психологиясымен сәйкестендіру қасиеттерін оқып бердім. Мысалы, алманы таңдағандарға - сіз сынақ жасауға, жаңа бірдеңелерді іске асыруға тым құмарсыз. Сіз көпшілік ортада болуды ұнатасыз. Сіздің темпераментіңіз белсенді, өзіңізге не керегін білесіз және соған қол жеткізесіз дегенді айттым. Бұл психологиялық тест болғанымен, оқушыларға ерекше әсер етті. Олар тек сүйікті жемісін таңдап қана қойған жоқ, өздерінің ерекше қаситеттерін естіп, көңілдері марқайып қалды. Ал Жиырма тоғызыншы сөзімен танысқан кезде оқушылар туған күндерінің қай жыл мезгіліне сәйкес келетінін анықтап, сол жыл мезгілі жазылған топқа бірікті. Сонымен қатар, бұлай топқа бөлудің сырын сұрағанымда, оқушылар бірден Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері бар екенін айтып, өлеңдерден үзіндіні жатқа айтты. Мен осы жерде қай оқушының өткен тақырыптарды кез-келген уақытта еске түсіре алатынын байқадым. Шәкәрім Құдайбердиевті өткен кезде ақынның Абай ұрпағы екенін дәлелдеу мақсатында Құнанбайдан тараған балалардың ауылдарымен топқа бөлдім. Осылай оқушыларды топқа біріктіру жұмысынан кейін бірлесе отырып орындайтын әдістердің бірі- ассоциацияны қолдандым. Сөзімді дәлелдей кетсем, мысалы Абайға арналаған сабақтарда ақын туралы өз білетіндерін бірлесе отырып топтастырып, таныстырылым дайындады, оны тақтаға шығып қорғады және менің ұсынған нұсқаммен салыстырды. Мұнда мені сурет салуға бейім оқушылардың бейне мен мағынаны ұштастыра білетінін аңғардым. Мысалы, бір топ ештеңе жазбаған, оның орнына тоғызқұмалақ, кітап, медресенің суретін салған, қорғаған кезде Абайдың кітапқа құмар, білімқұмар екенін, қазақ баласын оқу-білімді үйренуге шақырғанын, тоғызқұмалақ оның сүйікті ойыны екенін айтты. Бала бойындағы өзге де қабілеттерін, икемділігін анықтауға ықпал етті. Бұнда мен бұл әдісті сабақтың басында қолдансам, кластерді сабақ соңында енгіздім. Мысалы, Шәкәрім туралы кластер толтыруда бір топ тағы да өткен сабақтардағыдай өз ойларын суретпен ұсынды, күннен-күнге бұл оқушының көшбасшылық қабілетін, топқа оның ықпалы зор екендігінен байқадым. ЖИГСО әдісін пайдаланып қара сөздерді меңгертуде 4 топқа қара сөздер, оның шығу тарихы, жазылуы туралы мәтін тараттым, әр топ өздеріне тиісті бөлігін оқыды, жұпта, топта талдады, көрші топтарға түсіндірді. Яғни, оқушылар сол тақырыпты өздері түсініп оқыды. Қара сөздің мазмұнын талдау үшін топтар өзара сұрақ қойды, онда Абайдың қара сөздерінің ерекшелігі, ақынның прозамен байланысы, қара сөздердің тәрбиелік жақтары туралы мәселелер талқыланды. Одан әрі оқушылар Екі жақты күнделік толтыру кезінде Абай талдаған мақалдарды өз пікірлерімен салыстыра отырып талдады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін одан әрі шыңдайды. Бірақ кейбір оқушылардың мақалдарды талдау барысында қиналатынын байқадым. Сабақтарымның қорытынды бөлімдерінде әрдайым шағын ой толғау жазуды ұсынып отырдым, яғни эссенің екі түрі бар: 5-минуттық эссе, 10-минуттық эссе, және де ұзағыраққа созылған және көп еңбек сіңіруді қажет ететін шығарма болып табылады. Менің қолданғаным 5-минуттық эссе болатын. Жазба тапсырманың бұл түрі әдетте сабақтың соңында оқылған тақырып бойынша өз білімдерін қорытуға көмектесу үшін қолданылады. Мұғалім үшін - бұл кері байланыс алу үшін мүмкіндік деп білемін. Оқушылар Абайдың әндерін тыңдай отырып, Абай атамның әндері тақырыбында эссе жазды, онда әндерінің өміршеңдігін және жас талғамайтындығын атап айтты, ал қара сөздерді меңгерту кезінде Абай атаға.. тақырыбына хат жазды, ондағы мақсат-ақынның қара сөздерінің тәрбиелік жақтарын ашық айту болды. Сондай-ақ Шәкәрім шығармашылығымен танысқанда Ел болашағы-жастар тақырыбына да ой толғау жазды, мұнда оқушылардың сөзі бір жерден шықты, яғни елдің болашағы өздері екенін жақсы түсінді. Оқушылар өз ойларын еркін көсіліп жазды. Ал ой толғауларын өзгелермен бөлісу үшін оқушыларды автор орындығына отырып оқуға шақырдым. Бұл ретте дарынды және талантты оқушылардың жазу шеберліктерін, ой еркіндігін аңғаруға мүмкіндік туды. Яғни, бұл әдістің оқушылардың бойына өзін еркін ұстау, топ алдында ұялмау, сонымен қатар көшбасшылық секілді қабілеттерін шыңдауға тиімді екенін байқадым.
Топтық тапсырмаларды беру кезінде топ арасында қызу пікірталас, түрлі сыни ойлар тудыру - мұғалімнің шеберлігі. Мен мұны Шәкәрім шыңына шығу әдісін қолданғанда байқадым. Шыңға жету үшін топтар бірнеше сатылардан өту керек болды. Біріншші саты Шәкәрімнің Абай ұрпағы екендігін дәлелдеумен басталды, әр топ Абай мен Шәкәрім арасындағы туыстықты өзінше дәлелдеп берді. Әр сатының тапсырмалары әр түрлі болды: Жастарға өлеңін оқыды, тақырыбы мен идеясын анықтады, сөздік жұмысын жүргізді, өлең құрылысына талдады, көркемдік ерекшелігін айқындады. Барлық сатыда да топтардың басымдығы өзгеріп отырды, олар Абай мен Шәкәрім арасындағы сабақтастықты аша білді. Өлеңдегі ойлардың Абайдың Әсемпаз болма әрнеге өлеңімен үндестігін баса айтты. Оқушылар ақынның сазгерлігіне келгенде тосылып қалды, олар тек әндерінің бар екенін айтып аттарын атады да, пікірлерін дәлелдей алмады. Мұндай тығырықтан шығудың жолын өзім ұсындым, тез арада Бекболат Тілеуханның және Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек бейнебаянын тыңдаттым. Оқушылар ән туралы өз ойларын ортаға салды. Бұдан олардың әнді қазақ тілінде көп тыңдамайтындарын, оның ішінде Б.Тілеуханның орндауындағы нұсқаның оларға ұнамағанын аңғардым. Сонымен қатар екі нәрсенің ұқсастығы мен ерекшелігін айырып айта алатындай сыни ойлары қалыптасып келе жатқанына қуандым. Осындай тапсырмаларды орындауда Венн диаграмасының рөлі зор екенін ұғындым. Ал Ахметтің Екі шыбын мысалымен танысқанда ең алдымен ақынның аудармашылығы жайында мәтін тараттым, оқушылар түртіп алу әдісі арқылы мәтінге белгі қойып, тереңірек білгілері келетін жерлерін ашып айту арқылы сабақтың мақсатын анықтап алдық. Балалардың көпшілігінің Ахметтің мысал өлеңдерін, оның негізгі астарларын ұғынғысы келетінін ескеріп, сабаққа Ахметтің аудармашылығын меңгеру, мысал өлеңдердің мәнін ұғыну деген мақсат қойды. Мен бұдан оқушылардың сабақтың мақсатын өздері анықтауға төселгенін сездім. Мысалды рөлдерге бөліп оқығаннан кейін, сол жерде қойылым дайындады. Екі топтың оқушылары мысалдағы оқиға желісін сахналаса, келесі топ күнделікті оқушылар арасында кездесетін оқиғаны мысал желісіне ыңғайлап қойылым дайындады. Яғни, екі оқушы үйге берілген тапсырманы бірігіп орындайды, бірақ ертеңіне мұғалім сабақ сұрағанда барлық тапсырманы мен орындадым деп, біреуі ғана жауап беріп, жақсы баға алады. Ал сабақ біткен соң екеуміз бірігіп дайындалдық қой, неге жалғыз өзің орындағандай болдың дегенде, екіншісі әй, қойшы, сен не білетін едің деп жауап қайтарады. Балалар осы көріністерімен біреудің еңбегін сырттай иемденіп жүретіндер туралы айтқысы келгендерін хабарлады. Мені өте қуантқан жағдай осы болды, өйткені оқушылар оқып жатқан шығармаларын өмірмен байланыстыра алды. Сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінің де артқанын байқадым. Бұл әрине, осы бағдарламамен жұмыс жасау барысындағы менің де, оқушылардың да жетістігі деп білемін. Сабақ барысында топтарға оқиға желісіне жарнама жасауды тапсырдым, сондай-ақ жарнама агенттігінде қызмет жасайтын адамдарды атап өттім, олар-басшы, хатшы, дизайнер, есепші және сауда менеджері. Оқушылар бұл рөлдерді өзара бөлісіп алып, постер дайындады. Сырттай бақылау барысында әр қайсысы өз қызметтерін белсенді түрде орындап жатқанынан өз беттерімен мәселені шешуге дағдаланып келе жатқандарын аңғардым. Агенттік басшылары топты ұйымдастырды. Жұмыс уақыты аяқталысымен, сауда менеджері қызметін атқарушылар өздерінің жарнама агенттіктерімен таныстырды. Әр іс-әрекетті хатшылар хабарлап отырды. Мысалы, бір топ агенттіктерін Адалдық деп атап, мысалдағы оқиға желісін суреттеген. Содан кейін, топтардың есепшілері шығып постер дайындауға қанша уақыт жіберіп, қанша шығын шығарғандарын есептеп берді. Барлық сауда менеджерлері мен есепшілерді тыңдап болған соң, әр топ мүшелерімен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін жазды, сосын сол бағалау арқылы әр топ қалған екі топтың жұмысына пікір айтып, өз бағаларын берді, сөйтіп топтағы дизайнерлердің де еңбегі қалыс қалмады. Балалар өз жұмыстарын қуана үлкен қызығушылықпен атқарып шықты. Сабақ соңында әрқайсысы ұнаған адамдарының жұмысына дауыс берді. Бұл сабақта олардың топтық жұмысы өте сәтті шықты деп ойлаймын. Ойтолғаныс бөлімінде синкуейн немесе бес жолды өлең әдісі бойынша оқушыларға мысал сөзіне сипаттама беруді сұрадым, балалар тапсырманы тез орындады. Сабағымызды қорытындылау үшін Соңғы сөзді мен айтамын әдісі бойынша оқушыларға бір-бір сөйлеммен аяқтаттым. Бірі бүгінгі сабақтан еңбекқор болуды үйрендім десе, енді бірі шыбын секілді болмаймын деді. Өткізген сабақтарымның нәтижесінде оқушылар бойындағы сыни ойлау, сынды айта білу және оны көтере білу секілді мәселелердің шешімін таптым деп ойлаймын. Сондай-ақ оқытудың жаңа әдістерін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі оқушылар бойында мынадай қасиеттерді қалыптастыруға болатынын байқатты:
:: әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
:: бір-бірінің пікірлерін қабылдауға үйренеді;
:: ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді, өзіне белгіліні пайдалана алады;
:: өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіру мүмкіншілігін біледі.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, болжамдарын тыңдап, талқылауды үйренеді.
3. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеті, танымдық белсенділігі артады.
4. Білім дәрежесі деңгейін саралау, өзіндікталдау, бағалауының деңгейі қалыптасады.
5. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуге дағдыланады.
6. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
7. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Осындай сабақтар барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын түсінді. Сыни ойлауға үйретудің, АКТ, диалогтік оқытудың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, болашақта әріптестеріме де осындай жаңа әрі қызықты идеялардың тууына мүмкіншілік беретін әдістерді өз сабақтарына енгізуге ұсыныс білдіремін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012ж
2. Бітібаева Қ. Ғылыми жұмысқа баулу. Оқу-әдістемелік құрал, Алматы, 2012ж
ХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы шығарманы алдында отырған оқушыларға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мүғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білу, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой өрнегі болуы керек.
Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог-ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті.
Педагогика саласында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы жан-жақты дамыту, қай білім саласы болса да, мұғалім балаға тәжірибеде сол саладан білімін қолдана алатындай деңгейде білім беріп, оқытып шығару қажеттілігі негізінде жаңа технология түрлерін сабақты оқыту барысында тиімді кеңінен қолданылуда. Техно - грек тілінен алынған , өнер, шеберлік, ал логос - ғылым деген мағынаны білдіреді.
Технология дегеніміз - белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатка жұмылдырылған алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекщеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдісті жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда оның бағдарламасы мен оқулықтарынғы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал-құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі атауларды (әріп, дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері - нүкте, үтір, сұрау белгісі, леп белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтыма, ережелерді) оқып үйренеді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кету мүмкін емес, тек оның негізгі қажеттілерін ғана есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазуларын пайдалану арқылы оқушылардың есте, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден деп айтуға болады.
Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиетін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?
Меніңше, коммуникативті-функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу керек. Яғни оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, сурет бойынша әңгіме құрастырудағы ролі амал-құралдар арқылы меңгертіледі.
Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыларға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыларға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы, онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы, мәтінді оқыту арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасайды.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса оның мұғалімдігі де жойылады - деген К.Д.Ушинский.
Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.
Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтық білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда Әбіш Кекілбаевтың Уақыттың жалғыз өлшемі бар: ол - адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен істі атқарар бір сала - мектеп.
Бүгінгі күн талабы білім беру ісінде көптеген жаңа құндылықтарды жүзеге асыруды қажет етеді. Өйткені, біз мұғалімнен, мектеп басшысынан айрықша ойлануды талап ететін, әлемдік білім кеңістігіне еркін самғауды қажет ететін, айналаның бәрі: өмір, ғылым, мектеп пен оқушылар, мұғалімнің еңбегі т.б. өзгеріп жатқан уақытта өмір сүрудеміз.
Бұл кезең педагог пен оқушының жеке қасиеттерінің, іс-әрекеттерінің реформалау кезеңі, жаңа педагогикалық идеяларды, ойлауды ізгілікке бағыттаудың, балаларды жан-жақты дамытудың ашық жүйесі деп түсінуіміз керек.
Ал мектептегі негізгі тұлға - нағыз ұстазды жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық тәсілдерді жүзеге асырушы жан деп қабылдаймыз. Білім беру үрдісінде демократияландыру мен ізгілендіру бағытын ұстану баланың интелектуалдық қасиетін және тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етумен бірге, оның бойына адами құндылықтарды сіңіру, жалпы адамзаттық құндылықтарды қадірлеу болып табылады.
Біріншіден, оқу-тәрбие үрдісінде осындай маңызды мәселелерді жүзеге асыратын адам - мектеп директоры. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz