Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы


Оқыту әдісі - оқу пәні бойынша білім беру ісінің құрамдас ірі мәселелерінің бірі. Пән мазмұны маңызды болмайынша ол пән бойынша білім мазмұны да маңызды бола алмайды. Ал пән көлемінде берілетін білімнің мазмұны маңызды бола тұра оны білім алушыға жеткізудің әдісі жетілмеген болса, онда сапалы білім беру мүмкін емес. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесі нің сапалылығы білім беру жүйесінде үлкен қызмет атқарады. Оқыту әдістемесінің жоғары деңгейде болуы білім беру сатыларының барлық кезеңдері үшін міндетті. Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту ісін әдістемелік тұрғыда жеткілікті негіздеу аса маңызды. Оның кейбір өзекті қағидалары жоғары мектепке арналған оқу құралдарында өз дәрежесінде көрініс тапқанын атап өткен дұрыс деп білеміз [1] . Ал орта мектептегі оқыту әдістемесінің жоғары сапалы болуы - білім беру ісінің нәтижелілігінің басты шарты.
Орта мектеп оқу пәндерінің қатарында қазақ тілі пәнін жете білу - басқа пәндер бойынша сапалы білім алудың қажетті негізі болып табылады. Оқушының өз ойын тіл заңдылықтарының талаптарына сай лайықты жеткізуі, баяндауы, айтуы, негіздеуі - орта білім алудың басты құралы. Сондықтан рота мектепте қазақ тілі пәні бойынша білім мазмұны мен оны оқыту әдістемесіне аса зор көңіл бөлінеді.
Қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттыры бар: а) ана тілі ретінде оқыту; ә) екінші тіл ретінде оқыту; б) шет тілі ретінде оқыту. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, әдістемесі, құралдары болады. К. Аханов [2], Қ. Әбілқаев [3] және басқа ғалымдардың [4] еңбектерінде олар жайында бірқатар ойлар, пікірлер жинақталған. Бұл ойлар мен пікірлердің өзектілігі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біз қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту жайына тоқталмақпыз.
Ана тілі пәні - білім беру ісіндегі басты пән. Ана тілінің басқа пәндерден айырықша айырмашылығы бар. Ол айырмашылық ана тілінің білім жүйесіндегі белгілі бір пән ғана емес, сонымен қатар барлық басқа пәндерді оқып-үйренудің бірденбір құралы екендігінде. Осы себепті ана тілін оқытудың сапасы оқушылардың тек осы пән ғана емес, басқа барлық оқу пәндері бойынша алатын білімдерінің деңгейіне ықпал етеді.
Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман даярлау ісі қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. Әйтсе де болашақ мұғалімдерді даярлау басқа сала мамандарын даярлаудан күрделі ғана емес, сонымен қатар өзіндік қиындығы бар, жауапкершілігі үлкен іс болып есептеледі. Өйткені болашақ мұғалімдірді даярлау оларды мектеп оқушыларымен кәсіби деңгейде жұмыс жасай білуге баулиды. Ал қазақ тілінің мұғалімін даярлау ісі бола шақ мұғалімдердің мектеп оқушыларын өмірдің түрлі салаларында ана тілін дұрыс, тиімді пайдалана білуге қабілетті болып шығуын көздейді. Мұндай мақсаттың мейлінші маңызды, өмірлік мәні зор болатын себебі - дүние есігін ашып келген адамзат баласы өзінің өмірі үшін қажетті адамшылық қасиеттердің бәрін ана тілі арқылы табады, ана тілі арқылы қалыптастырады. Адазат қоғамы тарихында адамның өмір тәжірибесі мен ақыл-ойы негізінде жинақталған ақпараттық құндылықтар, білім қоры тіл арқылы сақталады, тіл арқылы игеріледі, тіл арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін меңгерудің құралы да тіл. Осының бәрі тілдің адамзат өміріндегі маңызы мен мәнінің қаншалықты жоғары екеніне көз жеткізеді. Ана тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісінің осындай өзіне ғана тән ерекшелікте рі мен үлкен жаупкершілігі болады. Сондықтан ана тілін оқыту ісіне, ана тілінің мұғалімдерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен жауапкершілікпен қарау - білім беру жүйесіндегі әрбір маманның, әрбір басшының басты міндеті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін даярлаудың мынадай құрамдас бірнеше саласы бар: а) қазақ тілі пәні бойынша жеткілікті теориялық білім; ә) қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы; б) қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесін іс жүзінде пайдалана білу дағдысы; в) қазақ тілін оқыту құзіреттілігі. Бұлар өзара тығыз байланысты. Бұлардың бірі жоқ жерде басқалары да болмайды. Мысалы, егер студент, болашақ мұғалім қазақ тілінің теориясын білмейтін болса, онда ол қалған салалар бойынша да білімсіз болып қалмақ. Ал егерде ол қазақ тілінің теориясын білгенмен, қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясын білмейтін болса, онда бұл оның әдістемелік ойлауының қалыптаспағандығын көрсетеді. Ал әдістемелік ойлауы қалыптаспаған мұғалім әдістемелік ұғымдардан бейхабар қалады. Әдістемелік ұғымдардан бейхабар адам білім алушыларға сапалы білім бере алмайды. Айналып келгенде, әдістемелік ойлауы, оқыту әдістемесінен тиісті білімі қалыптаспаған болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі де қалыптаспайды. Ана тілі пәні мұғалімін даярлау дегеніміз болашақ маманға ана тілі бойынша білім беру ғана емес. Студент жоғары оқу орнында қанша мол білім жинағанмен, сол білімін іс жүзінде пайдалана алмайтын болса, онда оны білімді деп есептеуге болмайды. Пайдаға аспаған білімнен қайыр жоқ. Маман өзінің бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануы, пайдаға жаратуы үшін, оған арнайы құрал керек болады. Ана тілін оқыту әдістемесі маманның өз бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануын, пайдаға жаратуын қамтамасыз ететін осы құрал қызметін атқарады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша теориялық білім беру болашақ мұғалімдердің қазақ тілін оқыту үдерісі туралы іргелі ғылымиәдістемелік білім қорының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқушыларға тиісті білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге қазақ тілі негізінде тәрбие береді. Бұл өте маңызды. Бұл жерде білім беру мен тәрбие берудің өзара сабақтастығын анық түсінудің пайдасы зор. Бүгінде білім беру мекемелерінде білім беру ісі бір бөлек, тәрбие беру ісі бір бөлек жүріп жататыны бар. Бірақ мынаны ескеру керек: білім беру ісі - адам, маман тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Білім беру ісінен тыс, білімсіз тәрбие беремін деу - үлкен қателік. Білімсіз беремін деген тәрбие құмға құйған су сияқты болмақ. Тәрбие адамға ізгі білім, игілікті дағды, біліктілік арқылы беріледі. Тәрбие берудің басқа жолы жоқ. Тәрбиесіздік білімсіздіктен шығады. Білімнің жоқтығы - ақылдың жетімсіздігі деген сөз. Қазақ тілінің болашақ мұғалімі осыны есте мықтап ұстауы шарт.
Болашақ мұғалім үшін қазақ тілін оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру жолдарын игерудің қажеттілігі даусыз. Сондықтан жоғары оқу орындарында қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауда оқу үдерісінің барлық кезеңдерін қамтитын оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерін, қазақ тіл білімінің барлық салаларын оқытуға ерекше жауапкершілікпен қарауға тура келеді. Сонымен қатар оқушылардың тілін дамытудың әдістемесін, оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың әдістері мен тәсілдерін арнайы зерттеу, оның нәтижелерін өндіріске енгізу, тиімді пайдалану әрқашанда ерекше өзекті мәселелердің қатарында тұрады. Оқытудың қазіргі құралдарын пайдалана білу, қажетті дидактикалық құралдарды жасаудың, іс жүзінде пайдаланудың амалдарын, тәсілдерін меңгеру - өз алдына бір сала. Осындай әр сала бойынша қалаптасатын білім, дағды, біліктілік негіздері аясында мұғалім оқыту әдістемесінің жалпы теориялық қағидаларын, соны жетістіктерін озық тәжірибемен ұштастыра отырып, өзінің кәсіби қызметін жоғары сапалық деңгейде атқаруға ұдайы ұмтылуы аса маңызды. Оның мынадай себептері бар: белгілі бір пәнді оқыту әдістемесі ғылыми тұрғыда қаншалықты толық зерттелгеніне қарамастан, ол зерттеулер бүгінгі күннің даму қарқынына ұзақ шыдас бере алмайды. Бүгін жаңа болып есептелген ғылыми-әдістемелік үлгі ертең де сол жаңа, пайдалы болып қала алмайды. Екіншіден, қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі ғылым пәні, оқу пәні ретінде қаншалықты маңызды екеніне қарамастан, бұл салада осы күнге дейін іргелі ғылыми зерттеуге немесе сапалы оқулыққа қолымызды жеткізе алмай келе жатқанымыз шын. Қолда бар еңбектер бүгінгі күннің өскелең талаптарына жауап бере алмайды десек, артық айтқан болмаймыз. Мұндай жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби білімі мен дағдысын, біліктілігін жоғары оқу орнынан кейін өздігінше ұдайы жетілдіріп отыруының өмірлік пайдасы үлкен.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдің адам өміріндегі, қоғамның әлеуметтік дамуындағы маңызы, тіл мен сана, сөз бен ойлау арақатынасы туралы лингвистикалық, психологиялық қағидаларға сүйенетіні белгілі. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл білімінің тілдің әлеуметтік қызметі мен мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесін қазақ тілінің құрамдас бір саласы ретінде түсінуге болмайды. Іс жүзінде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мен қазақ тілі пәнін бір санап, жоғары оқу орындарының оқу жоспарынан бірін шығарып тастауды жаңалық, иннавация деп есептеу тәжірибесі де кездеседі. Мұндай тәжірибе жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты (білім беру бағдарламасын) орындаудан бас тарту ғана емес, мұндай тәжірибенің қазақ тілі пәнінің болашақ мұғаліміне, оның болашақта оқытатын оқушыларына қиянат болатынын ескеру артық емес.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың саласына жатады. Ол оқушылардың дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауызша да, жазбаша да ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білу қабілетін дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дүниеге көзқарасының, дүниетанымының негізін қалыптастыру жолдарын қарастырады. Бұлар - оқу үдерісінің құрамдас бөліктері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні - оқыту үдерісі.
Ана тілі қазақ мектебінің оқушылары үшін таным құралы, білім, тәрбие алу құралы, ойлау формасы болып табылады. Оқушының ақыл-ойының өз деңгейінде дамуы, қоғамның лайықты мүшесі болып қалыптасуы оның тілінің, ойлауы мен сөйлеуінің тиісті талаптар ға сай дамуымен тікелей байланысты. Қазақ тілін оқыту әдістемесі осындай мақсаттарды көздейді. Сондықтан оқыту әдістемесінің пәні оқыту үдерісін тұтас қамтиды. Сөйте тұра қазақ тілін оқыту үдерісінде оқыту әдістемесінің мазмұны оқушылар үшін беймәлім болып қала беруі мүмкін. Оқушы қазақ тілі пәнінің мазмұны аясында тиісті білім, дағды, білік алғанмен, осы үдерісте мұғалімнің оқыту әдістемесінің мәніне бойлай алмайды. Оқыту әдістемесі мұғалімнің пән мазмұны бойынша тиісті білімді оқушының меңгеруіне қызмет ететін құралдар мен әдістерді тиімді пайдалану әрекетінде жүзеге асады.
Оқыту әдістемесі оқу үдерісінің барлық кезеңдерін, құрамдас бөліктерін тұтас қамтиды дедік. Оқу үдерісінің құрамдас бөліктері мынадай болады: а) білім мазмұны (білім, дағды, білік) ; ә) мұғалім әрекеті; б) оқушылардың әрекеті. Оқушылардың білімін бақылау мен бағалау әдістері де оқыту үдерісі аясында қарастырылады. Бұл жерде мынаны ескеру дұрыс: оқу үдерісінде оқушының әрекеті мен мұғалімнің әрекеті екі дара емес, бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бірлікте жүзеге асады. Сондықтан оқыту әдістемесі оқу үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін өзара үйлескен, бірлескен әрекет ретінде қарастырады.
Айтылған жайлар негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің мынадай бірнеше міндеттерін атауға болады: а) қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау; ә) оқытудың мазмұнын анықтау: оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын, оқу кешендерін жасау, оқулықтар жазу; б) оқытудың әдістерін, тәсілдерін, дәріс үлгілерін, әдістемелерін, құралдарын әзірлеу; в) оқушылардың білімін бақылау әдістері мен бағалау өлшемдерін анықтау. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту әдістемесі оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын анықтайды, әдістерін жасайды, бақылау мен бағалау өлшемдерін қалыптастырады.
Оқыту әдістемесінің жалпы ұстанымдары дидактикада негізделетіні түсінікті. Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары жалпыдидактикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, қазақ тілін оқытудың өзіне тән мақсаттары мен міндеттеріне сай анықталады. Дидактика ұстанымдары жалпы болғанда, қазақ тілін оқыту ұстанымдары жалқы ерекшеліктерімен сипатталады.
Қазақ тілін орта мектерте оқытуда мынадай жалқыдидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады: а) оқытуда теориялық білімге сүйене отырып, практикалық бағытты ұстану; ә) қатынас құралы ретінде оқыту; б) сөйлеу әрекеті ретінде оқыту; в) тілдік деңгейлерді сипаттаудағы синхрондылық.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму кезеңдеріне байланысты аталған ұстанымдар өзгеріп отырады. Әр кезең оқытудың жаңа ұстанымдарын ұсынады. Жалқы дидактикалық ұстанымдар пәнді оқытудың құрамдас бөліктерін қамтып, басты бағытты белгілейді.
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі пәнінің маманы өзінің кәсіби қызметінде мұғалімнің, әдіскердің, педагогтың, психолгтың, тілші мен әдебиетшінің ісін бірдей атқаратыны сырттан қараған қарапайым адамның көзіне де шалынбай қалмайды. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөліп, ғылыми тұрғыдан қараған жағдайда, оқу әдістемесінің арнасында бірнеше ғылым салаларының ұштасқан қызметі аңғарылады. Мұның өзі қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде бірнеше ғылым салаларымен тығыз байланыста, бірнеше ғылым салаларының тоғысында тұрған, пәнаралық сипаты басым ғылым екендігін көрсетеді.
Оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір қырларын қарастыратыны белгілі. Оның басқа ғылым салаларымен байланысы осыдан басталады. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде тіл білімімен, әдебиеттанумен, педагогикамен, психологиямен байланыстарының тамыры тереңде және барынша анық екендігі түсінікті. Сонымен бірге бұл пәннің философиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен тығыз байланысы бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазақ тіл білімімен байланысы мына салалар бойынша жүзеге асады: а) тіл білімінің ұғымдары, терминдері пайдаланылады; ә) қазақ тіл білімінің даму деңгейі қазақ тілін пән ретінде оқытудың мазмұнын анықтайды; б) қазақ тілін оқытудың әдістері, түрлері, дидактикалық құралдары қазақ тілі пәнінің мазмұнына сәйкес анықталыды; қазақ тілін оқыту әдістемесінде жалқыдидактикалық ұстанымдар қолданылады.
Философия бар ғылымның әдіснамалық негізі қызметін атқаратыны бұрыннан айтылып келеді. Қазіргі заманда да бұл қағиданың өзектілігі жоғары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық жүйесі философияға негізделеді. Оқушының жаңа тақырып негізінде жаңа бі лім алуы, өзіне бұған дейін белгісіз болып келген құбылысты қабылдауы, тануы, білуі, ұғуы -күрделі үдеріс. Оқушының жаңа білімді игеру үдерісі, жалпы сипаттағанда, сезімдік және ойлау сатылары арқылы өтіп, нәтижесін тәжірибе жүзінде тексерумен аяқталады. Басқаша айтқанда, баланың білім алуы өмірдің шындық құбылыстарымен тығыз байланыста болады. Философияда бұл таным үдерісіне сәйкес келеді. Оқушылардың білім алу әрететін осы үдеріс сатылары туралы философиялық қағидаларға сүйене отырып тануға болады. Ал бұл үдеріс тілдік формалар түрінде жүзеге асады. Сондықтан оқушының таным үдерісі арқылы алған тілдік бірліктер (сөз, сөз тіркесі, фразеологизм, сөйлем, мәтін) туралы білімін өзінің өмір тәжірибесінде, іс жүзінде (оқуда, ойында, еңбекте және басқа салаларда) орнын тауып пайдалануына ерекше көңіл бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz