Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері. Дәрістер курсы
ҚРДСМ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика
академиясы ШЖҚ РМК 044 –
4015
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері
пәні бойынша
ДӘРІС КЕШЕНІ
Мамандық: 5В110300 – Фармация
Шымкент-2013
Дәріс кешені Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері пәнінің
жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде
қаралып, бекітілген.
Хаттама № ___ _______ 20__ ж.

1. Тақырыбы №1. Тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсетудің негізгі
принциптері.
2. Мақсаты: студенттерге ҚР тұрғындарына фармацевтикалық көмек көрсетудің
негізгі принциптері туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері:
Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
принциптерін негізге ала отырып, Республика тұрғындарына дәрі-дәрмектік
көмекті көрсетудің принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:
• тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік түрлі меншіктегі дәріханалық
ұйымдар арқылы ұйымдастырып, мемлекет тарапынан реттеу;
• дәрі-дәрмектік көмектің көрсетілу деңгейін қалалық және ауылдық
тұрғындарға бірдей мөлшерде жүргізе отырып, оларға мейлінше жақындату;
• дәрі-дәрмектік көмекті қамтамасыз етуді фармацевтикалық ғылым мен
тәжірибелердің бірлігі негізінде ұйымдастырып жүргізу;
• фармацевтикалық қызметтің сапасын мемлекет тарапынан қамтамасыз ету;
• тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсетудегі мемлекеттік саясатты
дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, медициналық техникаларды
тұтынудың қысқа және ұзақ мерзімді жобалануы негізінде жүргізу.
Республика тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету денсаулық
сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құрамды бөлігі болып саналады.
Фармацевтикалық саланың дамуы еліміз үшін әлеуметтік, экономикалық және
стратегиялық жағынан маңызды болып табылады.
Елімізде экономикалық қайта құрылу жылдары фармацевтикалық салада үлкен
өзгерістер болды. Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің Кеңестер
дәуірінде қалыптасқан жүйесінің орнына фармацевтикалық нарықтық жүйе
қалыптасты. Нәтижесінде ірі фармацевтикалық компаниялар, фирмалар және
дәріханалық ұйымдар пайда болды. Отандық фармацевтикалық және медициналық
өнеркәсіп қарқынды дамуын бастады.
Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектік саясаттың мақсаты –
тұрғындарды қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен медицина
бұйымдарымен және медициналық техникалармен үзіліссіз, уақытында, жоғары
сапалы деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмектік саясаттың негізгі
мендеттеріне келесілер жатады:
• тұрғындардың қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды тұтынуларына
жағдай жасау;
• дәрілік заттар айналысы саласында, оның ішінде дәрілік заттар
өндірісіне, дәріханалық ұйымдардан босатылып – өткізілуіне және тиімді
пайдаланылуына мемлекет тарапынан жүйелі түрде реттеу, бақылау-
қадағалау жұмыстарын күшейту;
• фармацевтикалық ғылымдарды дамыту, нәтижесінде қол жеткізілген
жетістіктерді практикалық тұрғыда қолдануды жүзеге асыру;
• шет елдік дәрілік заттарға тәуелділікті азайту, отандық ғылымдардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде дәрілік заттар өндірісін
дамытудың басымдылығын қамтамасыз ету;
• елімізде стратегиялық маңызы бар дәрілік заттар өндірісін дамыту;
• отандық жаңа дәрілік заттарды, бірінші кезекте қауіпті және әлеуметтік
маңызды ауру түрлерін емдеуде қолданылатын дәрілерді өндіруге қолайлы
жағдайларды жасау;
• дәрілік заттардың сапасын және дәріханалық ұйым, кәсіпорындар
жұмыстарын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру шараларын
жүргізу;
• Қазақстан Республикасында дәрілік заттар айналысы саласын реттейтін
құқықтық-нормативтік базаны нағайту;
• халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, дәрілік заттар айналысы
саласында басқару, ақпараттық және бақылау, қадағалау жүйелерін
жақсарту;
• халықаралық ынтымақтастық байланыстарды дамытудың негізінде әлемдік
фармацевтикалық нарыққа енуді және фармацевтикалық мамандардың кәсіби
білім деңгейлерін жоғарылату.
Тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының
ажырамас құрамды бөлігі болып саналады. Дәрі-дәрмектік көмек халықаралық
денсаулықтарын нығайтуға, азаматтардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін
жоғарылатуға және өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етуге ықпалды түрде әсер
етеді.
Фармацевтикалық мамандардың кәсіби деңгейлерін жоғарылату,
фармацевтикалық жүйені дамыту, тұрғындарды және емдеу профилактикалық
мекемелерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мемлекет тарапынан
бақыланады.
Фармация саласының дамуын жоспарлауда, оның ішінде дәрі-дәрметтердің
керекті мөлшерін анықтауда алыс және жақын шет елдерде жинақталған озық
әдіс-тәсілдер, дәрілік заттарды өндірудегі жаңа технологиялар мен ғылыми
жетістіктер бipгe қолданылады.
Қазақстан Республикасында отандық фармацевтикалық өнеркәсіп саласын
дамытуда дәрі-дәрмектердің өндірілyi жене медицина саласында қолданылуы
өкілетті органдармен бекітілген арнайы нұсқаулар арқылы анықталады. Жаңа
дәрілік заттарды шығару үшін Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты керек.
Aталған рұқсат кең деңгейде жүргізілген клиникаға дейінгі, клиникалық және
эксперименталды-фармацевтикалық талдау-зерттеу, фармакопеялық тексеру
жұмыстарының нәтижесінде жоғарғы дәрежедегі емдік әcepi бар дәрілік
заттарға беріледі.
Жаңадан шығарылған дәрілік заттардың медицина саласында емдеу-
профилактикалық бағытта қолдануға болатындығын анықтау eкi негізгі талапқа
сәйкес жүргізіледі:
1) Клиникалық, токсикологиялық және фармакологиялық зерттеулер
нәтижелерінде анықталған дәрілік заттың жоғарғы дәрежедегі терапевтік
әcepi.
2) Дәрілік заттың құрамы, дәрілік түрі және тазалығы туралы
зерттеулер нәтижелерінің жаңа дәрілік заттардың сапасына қойылатын
фармакопеялық талаптарға сәйкес келуi.
Дәрілік заттың өндіpy, тұтыну және сақтау сатыларында мемлекеттік
фармакопеяның (МФ), басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары
сақталып, тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің сапасына
кепілдеме беріледі.
Денсаулық сақтау iciн дамытуды одан әpi жақсарту медициналық және
фармацевтикалық мамандардың кәсіптік білім деңгейлеріне байланысты.
Сондықтан орта және жоғарғы фармацевтикалық кәсіптік білім беру орындарында
оқу процесін теориялық білімді тәжәрибемен ұштастыру, мамандық алғаннан
кейін кәсіптік білім деңгейін жоғарлатуды жақсарту, мамандарды
аттестациялау жұмыстарын жетілдіру қарастырылуда.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талаптарына сәйкес
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базалары нығайтылып,
дәрі-дәрмектермен камтамасыз eтілуi жақсаруда. Әcipece ауыл турғындарына
көрсеттетін медициналық және дәpi-дәрмектік көмектердің сапасын жақсарту
міндеттірі қойылуда.
Фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек
саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын қызмет.
Тұрғындарға кепілді мөлшерде көрсетілетін ақысыз, жеңілдетілген дәрі-
дәрмектік көмектi ұлғайту көзделуде.
Елімізде дәрілік заттар өндіретін фармацевтикалық кәсіпорындар саны
өсіп, дәрі-дәрмектер туралы анықтама-ақпарат және жарнама жұмыстарының
жүргізілуі жақсаруда.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ici мен фармация саласын дамыту
мемлекеттік тұрғыда халықаралық байланыстарды ecкepiп, тұрғындарды
қayiпciз, тиімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекпен
қамтамасыз етуді үнемі жақсарту негізінде жүзеге асырылады.
Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс көлеміне
байланысты Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 65
Қаулысымен бекітілген Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын
және категорияларын анықтау Ережесіне сәйкес үш категорияларға бөлінеді:
I категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:
• нeгiзгi (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кipeтiн
дәрілік заттарды, есірткілік әcepi бар және психотроптық заттарды,
прекурсорларды кабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын
дәріханалар;
* медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды,
босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
* дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және
стерилдік дәрілерді жасауды жүзеге асыратын дәріханалар.
П категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:
* негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ан аз
емес және есірткілік әcepi бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды
кабылдауды, сактауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

босатуды жүзеге асыратын дәріханалар.
I және ІІ категориялы дәріханалар өздерінің фармацевтикалық қызметтерін
атқаруда келесі бөлімдерін ұйымдастырады:
I категориялы дәріханаларда:
* дәрілік заттардың қоры бөлімі;
* рецептуралық - өндіріс бөлімі;
* дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;
* дәрігерлердің рецептінсіз дәрілік заттарды босату бөлімі;
* көзілдіріктік оптика бөлімі;
II категориялы дәріханаларда:
* дәрілік заттардың қоры бөлімі;
* дайын дәрілік заттарды, оның ішінде дәрігердің рецептерінсіз дайын
дәрілік заттарды босату бөлімі;
* көзілдіріктік оптика бөлімі.
Ш категориялы дәріханаларға фармацевтикалық қызметті лицензиялауға
қойылатын квалификациялық талаптарға сәйкес келетін қалған барлық
дәріханалар жатады.
4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар 10 дана
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы және негізгі міндеттері?
2. Дәрілік заттар айналысы саласында мемлекеттік бақылаудың жүргізілуі?
3. Фармацевтикалық көмекті көрсету концепциясы? Деп нені түсінеміз?
4. Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
принциптері?
1. Тақырыбы №2. ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің
құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар
2. Мақсаты: студенттерге ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық
қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар
туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері:
ХХІ ғасырда еліміздің экономикалық алдының стратегиялық міндеттері
халықтың денсаулығын нығайтуды талап етеді. Халық денсаулығы елдің ұттық
қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып
саналады. Осыған байланысты мемлекетіміз республика халқының денсаулықтарын
сақтауға кепілдіктер береді.
Әр адамның денсаулығы барлық Республика тұрғындарының денсаулықтарының
құрамды бөлігі бола отырып, олардың мүмкіншіліктері мен толыққанды өмір
сүрулерінің факторы. Сондықтан да халық денсаулығының деңгейі еліміздің
экономикалық, әлеуметтік, мәдени және индистриялық дамуына тікелей әсерін
тигізеді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің алға қарай дамуы
реформалану стратегиясының негізінде жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласын
реформалаудың бағыттары халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ХДҰ) ХХІ
ғасырда барлығына денсаулық стратегиясы принциптеріне сәйкес Қазақстанның
барлық тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту шараларын ескере отырып
анықталады.
Денсаулық сақтау саласын реформалаудың стратегиялық бағыттарына
келесілер жатады:
• денсаулық сақтау салаларының даму саясатын негіздеу;
• денсаулық сақтау саласын реформалаудың құқықтық-нормативтік базасын
қалыптастыру;
• денсаулық сақтау саласының мемлекеттік демонополизациялау;
• денсаулық сақтау саласын дамытуды жүзеге асыруда басқару жүйесін
децентрализацилау;
• тиімді және үнемді медециналық технологияларды пайдалану;
• денсаулық сақтау саласын қаражаттандыру жүйесін реформалау;
• денсаулық сақтау жүйесінің құрылымдық қайта құрылуын бірінші
медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді дамытудың басымдылығын ескерту;
• медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлаудың жаңа
конценциясын қалыптастырып жүзеге асыру.
Фармацевтикалық жүйенің алға қарай нақты түрде даму стратегиясы
денсаулық сақтау саласындағы мемлкеттік саясатқа негізделеді.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының реформалау және
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасын жүзеге асыру
кезеңінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
• Халақтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан
Республикасының Кодексі қабылданды;
• кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсетудің минималды
стандарттары жасалынды;
• 2006-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін
төмендету, қан құю жүйелері жұмысын жақсарту, имундық жетіспеушілік
эпидемиясына қарсы тұру, кордиологиялық және кордиохирургиялық жүйені
дамыту бағыттарында салалық бағдарламалар жасалып жүзеге асырылды;
• ел шекараларында санитарлық күзет жүйесі қалыптастырылды. Шекарадағы
санитарлық-карантиндік пункттер елімізге аса жұқпалы инфекциялық
аурулардың таралуына тосқауыл қойып, ел территориясын сақтандырады;
• балалар мен ересек тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізуді және
жалпы дәрігерлік тәжірибе принциптерін сақтай отырып, бірінші
медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін реформалау жүргізілді;
• ақысыз және жеңілдетілген дәрі-дәрмектік көмек көрсету көлемі ұлғайды;
• 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі (БҰДЖ)
сатылап енгізілуде. БҰДЖ науқастарға ерікті түрде дәрігерлер мен
медициналық ұйымдарды таңдауға мүмкіншіліктер бере отырып, медициналық
қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
• Бүкіләлімдік Банкімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласында институционалдық реформа жүргізу жобасы
жүзеге асырылуда;
• Республикада дәрілік заттарды дистрибуциялау жүйесінің Бірыңғай жүйесі
енгізілді;
• денсаулық сақтау және фармацевтикалық жүйелерінде республикалық,
аймақтық ақпараттық-аналитикалық орталықтарды ашу арқылы ақпараттық
технологиялар енгізілуде.
Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бастап медициналық ғылымды
реформалау Концепциясы жүзеге асырылуда. Аталған концепцияға сәйкес
республикада медициналық ғылымды басқаруды жақсарту шаралары жүргізілуде.
Медициналық ғылыми ұйымдардың көпшілігі еркіндік алу мақсатында шаруашылық
жүргізу құқығына ие мемлекеттік кәсіпорындар статусына көшірілді. Ғылыми –
білім беру тәжірибелік медициналық және фармацевтикалық кластерлер
құрылуда.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайына бейімделу
мақсатында фармацевтикалық саланы реформалау процесі жүргізілуде. Қазақстан
Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Кодексін жүзеге асыруда дәрілік заттардың, медицина бұйымдарының және
медициналық техникалардың айналымы саласын реттейтін нормативтік-құқықтық
актілер жасалынды. Мемлекеттік тарапынан көрсетіліп отырған қолдау сапалы
фармацевтикалық өнім, тауарлардың номенклатуралары мен өндіріс көлемін
жылсайын өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету, тіркеуден өткізу және
сертификаттау жұмыстары реттелінді.
Фармацевтикалық жүйенің нормативтік-құқықтық актілері Еуропалық кеңес
елдеріндегі нормаларға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан
Республикасы Еуропалық фармкопеялық комиссиясының ресми байқаушысы және
дәрілік заттардың қосалқы әсерін монитерингілеудің Халықаралық БДҰ
бағдарламасының толық құқықты қатысушы-мемлекеті ретінде ресми тіркелді.
Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып жасалған дәрілік заттарды және
медициналық бұйымдарды дистрибуциялаудың Біріңғай жүйесі фармацевтикалық
тауарларды сатып алуға жұмсалатын қаражатты үнемдеп, отандық дәрілік
заттарды тұтыну көлемінің өсуіне ықпал жасады.
Қазіргі кезде ақысыз медициналық көмек (ККАМК) көрсету тізбегіне сәйкес
сапалы фармацевтикалық өнім, тауарлардың жеткіліктілігін қамтамасыз етуге
бағыттылған ұлттық дәрі-дәрмектік саясаттың жобасы жасалуда. Бүгінгі күні
Кеден одағына мүше – елдердің бірлескен фармацевтикалық нарығын дамыту
мәселесі көтеріліп отыр. Кедендік одақ аясында халықаралық нарыққа шығуда,
одаққа мүше елдердің өндіретін дәрілік заттарының бәсекелестікке қарсы тұру
қабілетін жоғарлатып, фармацевтикалық нарықты интенсивті түрде дамыту
міндеті тұр.
4. Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайдтар
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
1. ҚР халқының денсаулығын сақтау заңдылығының конституциялық негізі,
мәні?
2. ҚР азаматтарының денсаулықтарын сақтаудың құқықтық, экономикалық және
әлеуметтік негіздері?
3. Дәрілік заттар айналысы саласында қоғамдық қатынастардың реттелуі?
4. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау және фармация салаларын
нормативтік-құқықтық реттеу құжаттары?
5. Дәрілік заттар айналысы саласындағы азаматтардың құқықтары мен
міндеттері.
6. Дәрілік заттардың айналысын қалай түсінеміз?
1. Тақырып №3: Фармацевтикалық бөлшек сауда звеносының қызметін
ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Студенттерді дәрілік заттардың, медициналық техника және
медициналық мақсаттағы бұйымдардың бөлшек сауда звеносының қызметін
ұйымдастыру туралы түсінік беру және дәрілік заттарды қабылдау, сақтау,
босатуға дайындау және босату бойынша жүйелік білімдер қалыптастыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрі-дәрмектерді бөлшек сауда арқылы босататын дәріханалық ұйымдарға
дәріханалар, дәріханалық пункттер және дәріханалық дүкендер жатады. Аталған
дәріханалық ұйымдар дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да
фармацевтикалық тауарларды бөлшек сауда арқылы тікелей тұрғындарға
босатады.
Дәpixaнaньң негізгі міндеті - тұрғындарды және дәрі-дәрмектермен қамтуға
бектілген емдеу-профилактикалық, басқа да мекемелерді дәрілік заттармен,
медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық және парафармацевтикалық
тауарлармен уақытында, сапалы турде үзіліссіз қамтамасыз ету.
Тұрғындарды қамту дәріханалары келесі қызметтерді атқарады:
* логистикалық (дәрі-дәрмектік тауарлардың қорын қабылдау, сақтау және
басқару);
* өндірістік (дәріханаға келген рецептерді қабылдау, рецептер мен ЕПМ
сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау, дайындалған
дәрілердің сапасын бақылау, дайындалған дәрілік формаларды безендіру
және босату);
* ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық
қызметкерлерін дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету);
* маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және ассортименттік,
баға саясаттарын қалыптастыру);
* әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және
жеңілдетілген бағамен босату);
• медициналық (қажеттілігіне қарай алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық
көмектерді көрсету, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын
жүргізу);
Бөлшек сауда – кәсіпкерлік қызметпен байланыссыз тұтынушылардың жеке,
жанұялық, үй жағдайындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлардың
сатылуы мен қызмет түрлерінің көрсетілуін қарастырады.
Дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамту бағыттарына және өндірістік
қызметтерінің сипатына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
• тұрғындарды қамтитын дәріханалар;
• емдеу-профилактикалық мекемелері дәріханалары (ауруханалық
дәріханалар);
• ауруханааралық дәріханалар (ААД) – бірнеше емдеу-профилактикалық
мекемелерді және басқа да ұйымдарды қамтиды.
Дәрігерлердің рецептері мен емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-
талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындап, дайын дәрілік заттарды
босататын дәріханалар өндірістік дәріханалар болып аталады.
Тұрғындарға және емдеу-профилактикалық мекемелерге дайын дәрілік
заттарды босатуды жүзеге асыратын дәріханалар дайын дәрілер дәріханасы
болып аталады.
Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында түн
уақыттарында жұмыс істейтін кезекші дәріханалар ұйымдастырылады. Кезекші
дәріханалар рецепті жән рецепсіз дәрілік заттарды босатып, керек болған
жағдайларда бірінші медициналық көмектерді көрсетеді. Кезекші дәріханалар
аймақтық фармацевтикалық басқару органдары бекіткен тізімге сәйкес дәрілік
заттарды, медициналық бұйымдарды босатуға міндетті болады. Кезекші
дәріханалардың жұмыс істеу сағаттары, түн уақытындағы жұмысы туралы
ақпараттары жарықтандырылып көрсетілген маңдайшалары, қоңырауы, дәріхана
қызметкерін келушілер шақыруға арналған байланыс құралдарының болуы қажет.
Кезекші дәріханалар сыртқы сигнализациялармен қамтамасыз етіледі. Кезекші
дәріханалардың басшылары дәріханада кезекшілік ететін мамандардың жұмыс
істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ассортиментке сәйкес дәрілік
заттардың, медицина бұйымдарының қорын сақтайтын бөлмелерлі бөліп,
жабдықтайды. Фармацевтикалық қызметкерлер түнгі кезекшілік уақытында
ұйықтау құқығына ие, сондықтан кезекші дәріхананың ішкі еңбек ережесінде
аталған құқық көрсетіліп, сәйкесті жағдайлардың жасалуы қарастырылады.
Дәріханалық пункт – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бөлшек
сауда арқылы сатуды жүзеге асыратын дәріханалық ұйым.
Дәріханалық қойма – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да
фармацевтикалық тауарларды сақтауды және көтерме сауда арқылы босатуды
жүзеге асыратын дәріханалық ұйым.
Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сапасын жақсарту және
фармацевтикалық мамандарды даярлауда тәжірибелік дағдыларға үйрету
мақсатында арнайы бағытталып ұйымдастырылған дәріханалардың маңызы үлкен.
Арнайы бағытталған дәріханаларға балалар дәрі-дәрмектері дәріханасы,
гериатриялық дәріхана, гемеопатикалық дәріхана және оқу-өндірістік дәріхана
жатады.
Балалар дәрі-дәрмектері дәріханасы – үлкен қалаларда балалар дәрілерін
бір дәріханада шоғырландыра отырып, балаларды дәрі-дәрмектермен қамту
қызметін жақсарту мақсатында ұйымдастырылады.
Гериатриялық дәріхана – жасы ұлғайған, егде тұрғындарды дәрі-
дәрмектермен қамтамасыз ету қызметін қолайлы ұйымдастырып жүргізу
мақсатында ашылады. Жасы егде адамдарға дәрілік заттардың дозасы, қолданылу
және сақталу жағдайларының ерекшеліктері түсіндіріледі.
Гемеопатикалық дәріхана – тұрғындарды аз дозадағы дәрі-дәрмектермен,
түрлі минералды, өсімдік және жануарлар тектес дәрілік, биологиялық
белсенді әсер ететін заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырып жүргізу
мақсатында ашылады.
Оқу-өндірістік дәріхана тұрғындарды дәрі-дәрмектік көмекпен қамтамасыз
ете отырып, орта және жоғары фармацевтикалық оқу орындарының оқушылары мен
студенттері оқу-өндірістік тәжірибелерін өтетін, сонымен қатар практикалық
фармацевтикалық мамандардың білімдерін жетілдіру барысында оқу базасы
ретінде қарастырылатын дәріханалық ұйым.
Дәріханалық ұйымдарды фармацевтикалық қызметтерді орта және жоғары
фармацевтикалық білімді мамандар атқарады.
Дәріханалық ұйымдар емдік препараттарды дайындаумен және сатумен
байланысты қызметтерді лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкес ұйымдастырылып ашылады.
Дәріханалардың орналасуы:
1) жеке тұрғызылған ғимараттарда;
2) көпқабатты ғимараттардағы тұрғын үй фондысына кірмейтін оқшау үй-
жайларда;
3) көпқабатты ғимараттардағы тұрғын үй фондысына кіретін (тек
бірінші қабаттағы) оқшау үй-жайларда орналасады.
Медициналық ұйымдар дәріханаларының орналасуы:
1) медицина ұйымдарына тиісті аумақта оқшау тұрған ғимараттарда;
2) медицина ұйымдары мен мекемелері орналасқан ғимарат
құрылымындағы (тек бірінші қабаттағы) оқшау үй-жайларда орналасады.
Дәріханалар көпқабатты ғимарат құрылымында ашылған жағдайда, орналасқан
үй-жайлардың оқшау блогы және бөлек кіру есіктерінің болуы қарастырылады.
Дәріханалық пункттер мен киоскілердің орналасуы:
1) медициналық ұйымдардың жанында немесе аумағында;
2) жеке тұрғызылған ғимараттарда;
3) көп қабатты ғимараттар құрылымындағы бөлек кіру есіктері бар
(подвалдан басқа) оқшау үй-жайларда;
4) үй-жайлардың ішіндегі оқшау блоктарда орналасады.
Дәріханалық қоймалардың орналасуы:
1) жеке тұрғызылған ғимараттарда;
2) ғимараттар құрылымындағы тұрғын үй фондысына кірмейтін оқшау үй-
жайларда орналасады.
Дәріханалық қоймалардың тұрғын үй фондысына кіретін ғимараттар
құрылымында орналастырылуына тиым садынады.
Дәріханалық ұйымдардың орналасу ғимараттары мен үй-жайларының сәулеттік-
жоспарлау және конструкциялық шешімдері санитарлық және эпядемияға қарсы
оңтайлы режимдерін, фармацевтикалық қызметкерлердің еңбек пен демалыс
жағдайларын қамтамасыз етуі қарастырылады.
Дәріханалық ұйымдардың құрылымдық бөлмелері және олардың мимималдық
көлемдері 6.1. таблицада көрсетілген.
Мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен
мекемелердің келісімінсіз дәріханалық ұйымдардың құрылымдық бөлмелерінің
жоспарлануын өзгертуге және функционалдық мақсатсыз пайдалануға болмайды.
Дәріхана қоймасындағы сақталатын зат салмағының бірмезгілдік көлемі үй-
жай сақтау қоймасының көлемінің 75% аспау керек. Жұмыс ауқымының, сатылатын
зат түрлерінің көбеюіне байланысты дәріхана мекемелерінің ауданы берілген
фармацевтік тәртіп пен ережелер бойынша дәрілік заттарды сақтау жағдайы
үшін қойылған талаптарға сәйкес келуі керек.
Дәріхана ұйымдарын медицина ұйымының ғимаратында орналастырған жағдайда
әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ортақ болуы мүмкін.
Дәріхана ұйымдарының қосымша қызметтік түрлері болған жағдайда, қосымша
өндірістік және үй-жай қоймалары қарастырылуы қажет.
Дәріхана қоймаларында заттарды буып-түю барысында:
• заттарды буып-түю бөлмесінің ауданы 20 шаршы метрден кем болмауы;
• дистилляционды-стерилизациялық - 10 шаршы метрден кем болмауы;
• жуу - 12 шаршы метрден кем болмауы керек.

5. Әдебиет
6. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
1. Дәріханалық ұйымдардың ұйымдастырылу-құқықтық түрлері?
2. Лицензиялау – фармацевтикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдісі
ремінде?
3. фармацевтикалық жүйенің бөлшек сауда арқылы сату жүйесі?
4. Дәрілік заттарды бөлшектеп сату, босату тәртібі?
5. Дәріханалық ұйымдардың номенклатурасы, сипаттамалары?
6. Дәрілік заттарды бөлшектеп сатуды жүзеге асырудың негізгі принциптері?
1. Тақырыбы №4. Дәріханалық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы
принциптері.
2. Мақсаты: студенттерді дәріханалық ұйымдардың квалификациялық талаптармен
таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды
бөлшек сауда арқылы босату дәрілік заттар айналысы саласы субъектілері
дәріханалары, дәріханалық пункттері, жылжымалы дәріханалық пункттері,
оптикалық және медициналық техникалар дүкендері тауарларды бөлшек саудамен
босату құқығы беретін лицензиялары негізінде жүзеге асырады.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық
тауарларды бөлшек сауда арқылы босату құзырлы орган анықтаған тәртіптерге
сәйкес жүргізіледі.

бөлшек сауда арқылы босатуға келесі жағдайларда тиым салынады:
• Қазақстан Республикасында тиісті түрдегі өндірістік тәжірибе
жағдайындағы өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа мемлекеттік
тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды;
• Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес сапасы сертификаттермен
расталмаған дәрілік заттарды;
• Қазақстан Республикасы Заңнамаларына талаптарына сәйкес келмейтін
дәрілік заттарды;
• жарамды мерзімдері өтіп кеткен дәрілік заттарды;
• аудан орталықтарынан шалғай орналасқан дәріхана жоқ еләді мекендердегі
бірінші медициналық-санитарлық көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан
басқа медициналық қызметкерлермен дәрілік заттардың бөлшек сауда арқылы
босатылуына;
• дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды уақытша сақтайтын
дәріханалық қоймалар арқылы тауарларды бөлшек сауда арқылы босатуға.
Дәрілердің рецептері арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептсіз
босатуға тиым салынады.
Дәрілік заттарды рецептуралық және рецептурасыз босату түрлеріне
жатқызу тәртібін құзырлы орган анықтап бекітеді.
Дәрілік заттардың дәрігерлердің рецептері бойынша босатылуын
дәріханалар және дәріханалық пункттер жүзеге асырады.
Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімі ҚР ДСМ
Фармация, фармацевтикалық және медицина өнеркәсібі комитетінің 2002 жылғы
27 тамыздағы №110 бұйрығымен бекітілген.
Дәріханалық ұйымдар тұрғындарға дәрілік заттарды қабылдауға дайын
күйінде босатулары керек.
Дәріханалық ұйымдарға тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің
сапасын қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың, медициналық
бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың минималды ассортиметін
үнемі сақтау міндеттелінеді. Дәрі-дәрмектердің дәріханалық ұйымдардағы
болуы керек минималды ассортименттерінің тізімі ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып
бекітіледі.
Дәріхананың негізгі міндеті – тұрғындарды және дәрі-дәрмектермен
қамтуға бекітілген емдеу-профилактикалық, басқа да мекемелерді дәрілік
заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық және
парафармацевтикалық тауарлармен уақытында, сапалы түрде үзіліссіз
қамтамасыз ету.

• логистикалық (дәрі-дәрмектік тауарларын қорын қабылдау, сақтау және
басқару);
• өндірістік (дәріханаға келген рецептерді қабылдау, рецептер мен ЕПМ

• ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық

• маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және
ассортименттік, баға саясаттарын қалыптастыру);
• әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және

Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс 2005 жылғы
26 қаңтардағы №65 Қаулысымен бекітілген Дәріханалардың, дәріханалық
қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне сәйкес үш
категорияларға бөлінеді.
1 категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:
• негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кіретін
дәрілік заттарды, есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды,
прекурсорларды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын
дәріханалар;
• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды,
сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және

ІІ категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:
• негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ен аз
емес және есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды,
прекурсорларды қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын

сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар.
І және ІІ категориялы дәріханалар өздерінің фармацевтикалық қызметтерін

І категориялы дәріханаларда:
• дәрілік заттардың қоры бөлімі;
• рецептуралық – өндіріс бөлімі;
• дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;
• дәрігерлердің рецептінсіз дәрілік заттарды босату бөлімі;
• көзілдіріктік оптика бөлімі;
ІІ категориялы дәріханаларда:
• дәрілік заттардың қоры бөлімі;
• дайын дәрілік заттарды, оның ішінде дәрігердің рецептерінсіз дайын
дәрілік заттарды босату бөлімі;
• көзілдіріктік оптика бөлімі.
ІІІ категориялы дәріханаларға фармацевтикалық қызмет лицензиялауға

ІІ және ІІІ категориялардағы дәріханлар жүзеге асыртын фармацевтикалық
қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша жоғарырақ категорияға сәйкес
келген жағдайда, олар денсаулық сақтау саласының аккредитациялау
құзырлы органына категорияларын жоғарылату туралы өтініш –
тапсырыстарын бере алады.
І және ІІ категориялы дәріханалардың бөлімдері бөлмелерінің құрамы
төменгі кестеде көрсетілген.
4. Иллюстрациялық материалдар: 10 дана слайд
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары: (Кері байланыс)
1. Дәріханалық ұйымдардың түрлері, құрылымы?
2. Тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалардың негізгі міндеттері мен
қызметтері?
3. Дәріханаға қойылатын квалификациялық талаптар?
4. Дәріханалардың құрылымын және категорияларын анықтау тәртібі?
5. Майда бөлшек сауда жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру?
1. Тақырыбы №5: Тауарларды қабылдау, босату және сақтау жұмысын
ұйымдастыру
2. Мақсаты: студенттерді тауарларды қабылдау, босату және сақтау жұмысын
ұйымдастырумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Тауарлардың сақталуы дайын өнімнің шығарылуынан бастап тұтынуға дейінгі
тауарлар қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.
Тауарлардың сақталуы-қоймалық сақтау бөлмелерде тауарларды орналастыру
және олардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында күту процестерін қамтиды.
Тауарларды сақтаудың мақсаты - тауарлардың бастапқы қасиеттерінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Дәріханалық ұйымдарда дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа
да фармацевтикалық тауарларды сақтауды ұйымдастырудың негізгі жағдайларына:
тауарларды сақтау үшін сәйкесті бөлмелердің болуы, тауарларды сақтауға
керекті режимдердің қалыптастырылуы, тауарлардың сақталу талаптарына сәйкес
дұрыс орналастырылуы жатады.
Тауарлардың сақтау жағдайын анықтайтын маңызды факторларға дәрі-
дәрмектердің, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталатын бөлмелердің
қойылатын талаптарға сәйкес болуы, керекті жабдықтармен жабдыкталуы және
сақтау орындарында дұрыс орналасуы жатады.
Дәрі-дәрмектерді дәріханалық қойма бөлмелерінде сақтауды ұйымдастыру
барысында тауарларды сақтаудың негізгі принциптері мен өдістерін қолдану
қарастырылады.
Тауарларды сақтаудың негізгі принцнптеріне тауарларды тусіру-тиеу
жұмыстарының механикаландырылуын қамтамасыз ету, сақталу жағдайлары бірдей
тауарлардың бір-бірімен қатар сақталу тәртібін сақтау және қоймалық
бөлмелердің тиімді пайдаланылуы жатады. Тауарларды сақтаудың аталған
принциптері негізінде тауарлар сақталатын бөлмелердің орналасуына,
пайдаланылуына, жабдықтарлуына қойылған талаптар анықталады.
Тауарлар сақталатын стеллаждар қойма бөлмелерінің сыртқы қабырғаларынан
0,6-0,7 м қашықтықта, бөлме төбесінен 0,5 м аласа және еденнен 0,25 м
биіктікте орналасуы керек. Стеллаждардың арасында 0,75м өту жолдары
қалдырылып, жарықпен қамтамасыз етіледі. Тауарлар сақталатын бөлмелер
тазалықта ұсталып, үнемі жуылып-шайылып тұрады.
Тауарларды сактаудың негізгі әдістері тауарларды тасмалдау ыдыстарымен
және тасымалдау ыдыстарынсыз сақтау болып екіге бөлінеді.
Тауарлар тасымалдану ыдыстарынсыз сақталу кезінде вертикалды
орналастырылған стеллаждардың полкаларына қаланып, этикеткілері мен
маркировкалары сыртқа қаралып қойылады. Дәрілік заттардың, басқа да
фармацевтикалық тауарлардың жанына олардың атаулары, сериялары, саны және
жарамды мерзімдері көрсетілген стеллаждық карта ілінеді. Стеллаждық карта
түскен тауарлардың әр сериясының уақытылы босатылуына бақылау жасау
мақсатында жазылып отырады.
Тауарлардың негізгі сақталу бөлімдерінде дәрі-дәрмектердің, медициналық
бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталу мерзімдерін
бақылап, қадағалау үшін арнайы картотека жүргізіледі.
Дәрі-дәрмектерді, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауда
тауарларды сақтаудың негізгі принциптерінен басқа дәрі-дәрмектердің
тауарлық ерекшіліктеріне тән бірнеше принциптер қолданылады. Дәрілік
заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың топтарын сақтауды
ұйымдастыруда қолданылатын ерекше принциптерге токсикологиялық және
фармакологиялық топтары бойынша, қабылдау тәсілі бойынша, ангролық дәрілік
заттардың агрегаттық түрлері бойынша, сақталу мерзімдері бойынша, дәрілік
заттардың дәрілік формалары бойынша және сыртқы ортаның әсер ету факторлары
мен физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып сақтау жатады.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның
факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да
ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар
дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физикалық-химиялық
қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.
Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-
дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық процестерді
жылдамдатады. Сондықтан дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып,
айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.
Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60%
аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65 %.
Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауаалмасу жақсы болуы керек.
Себебі, ауаалмасу процесі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың,
жабдықтардың т.б. газды заттарының иісі жойылып, ылғалды-температуралық
режимі теңестіріп отырады. Ауаалмасу процесін терезелерді ашу арқылы немесе
арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді.
Тауарлардың сақталу режимінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық,
әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді,
себебі тотығу процестерін жылдамдатады. Сондықтан дәрілік заттардың көбін
қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда
залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-
дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға
қаратылады, дәріханалардың сауда залының терезелері перделермен жабылады.
Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б.
тәсілдердің қолайлы түрі мен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі
жүргізіліп, үнемі бақыланады.
Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында
тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5 — 1,7м жоғары және есіктен 3 м қашықтықта
термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.
Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері
кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.
Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-
гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне
кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана
отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.
Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен
ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға
болмайды. Сырқаттардың диагностикасы, профилактикасы және емделуінде
пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі
топтарға бөлінеді:
- резеңке бұйымдары;
- пластмассадан жасалған бұйымдар;
- байлау-таңу материалдары;
- медициналық техника құралдары мен жабдықтары.
Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма
бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да
зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет.
Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеітеріне және сыртқы
ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтары анықталады:
- жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;
- ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;
- ұшып кетуден қорғауды талап ететін;
- жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
- төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
- қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;
- иісті, бояғыш заттар;
- дезинфекциялау заттары;
- улы заттарды (хлор әгі, хлорамин) бөліп шығаратын т.б.
- тұтанғыш және жарылғыш заттар.

1. Дәріханалық ұйымдарда тауарларды қабылдау қалай жүргізіледі?
2. Дәріханалық ұйымдарда тауарларды сақталу тәртібі қандай?
3. Дәріханалық ұйымдардан тауарларды босату қалай іске асырылады?
1. Тақырыбы №6: Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыстарын
ұйымдастыру
2. Мақсаты: студенттерге рецептерді қабылдау және дәрілерді босату
жұмыстарын ұйымдастырумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Менеджмент теориясына сәйкес өндірістік қызметтің барысында ұйым,
кәсіпорындар өндірілген тауарлары мен өнімдерін және көрсететін қызметтерін
сыртқы ортаға шығарады. Дәріханалық ұйымдардың өндірістік қызметі
рецептерді қабылдау, қабылданған рецептер бойынша дәрілерді дайындау,
дәріханашілік бақылау арқылы дайындалған дәрілердің сапасын тексеру,
сәйкесті түрде дайындалған дәрілерді безендіру және бекітілген тәртіптерге
сәйкес дәрілік заттарды тұрғындарға босату.
Дәріханада рецептерді қабылдау, дәрігерлердің рецептері мен емдеу –
профилактикалық мекемелердің сұрау – талап қағаздары бойынша дәрілерді
дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылап, безендіріп, босату
жұмыстарын жүзеге асыру үшін рецептуралық - өндіріс бөлімі (РӨБ)
ұйымдастырылып ашылады.
Рецептерді қабылдау және дайын дәрілік заттарды босату үшін
дәріханаларда дайын дәрілік заттар бөлімі (ДДБ) ашылады. Керек болған
жағдайларда РӨБ мен ДДБ қызметтері бір бөлімде біріктіріледі.
Бөлімдердің жұмыстарына бөлім меңгерушілері және олардың орынбасарлары
басшылық жасайды.
РӨБ штатында фармацевтер және фармацевтің ассистентері жұмыс істейді.
РӨБ фармацевтері лауазымдарының келесі түрлері болады:
• жеке дәрілік формаларды дайындауға арналған рецептер мен емдеу-
профилактикалық мекемелердің сұрау талап қағаздарын қабылдаушы,
дайындалған дәрілердің сапасын бақылаушы, дәрілерді босатушы фармацевт
– технолог;
• рецептерді қабылдаушы және дайын дәрілік заттарды босатушы фармацевт –
технолог;
• дәріханада жеке дайындалған және дәріханашілік алдын ала дайындалған
дәрілердің сапасын толық тексеруші фармацевт –аналитик.
Дәріханалық жұмыс көлеміне байланысты ақпараттар жүргізуші фармацевт,
фармацевт ассистенттерінің жұмысын бақылаушы фармацевт, түн уақытында жұмыс
істейтін фармацевт мамандары бөлінуі мүмкін.
РӨБ фармацевт ассистентері лауазымдары дәрігерлердің рецептері мен
емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілер
дайындау, емдеу-профилактикалық мекемелердің тапсырыстарын комплектілеу
т.б. жұмыстарға бөлінеді.
РӨБ фармацевтикалық мамандардан басқа көмекші қызметкерлердің
лауазымдары болады: бөліп түюшілер, санитар-жуушылар.
РӨБ жабдықталуы дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты жүргізіледі.
Дәріхананың рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орындары
типтік жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Рецептерді қабылдаушы және
дәрілерді босатушы фармацевт – технологтың жұмыс орнын секциялық столмен,
дәрілік заттарды сақтау шкафтарымен, дайындалған дәрілерді сақтайтын
айналмалармен, тоңазытқышпен, күшті әсерлі және ұлы дәрілік заттарды сақтау
шкафтары, компьютермен жабдықталады.
Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орнын ДЗ тәуліктік және
реттік дозалары таблицасы, ДЗ өзара сиымдылығы, ҚР мемлекеттік
фармакопеясы, ДЗ мемлекеттік реестрі, ДЗ синомимдерінің анықтамасы, бағалар
таблицасы т.б. анықтама әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.
Рецептерді қабылдаушы және дәрілерді босатушы фармацевт– технолог ҚР
Дәрілік заттар туралы Заңы, ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заңы
талаптарын басшылыққа алады және дәрілік заттар айналысы саласындағы басқа
да нормативтік–құқықтық актлерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, нұсқауларының
орындалуын қамтамасыз етеді.
ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітілген дәрігердің рецептінсіз
босатылатын дәрілік заттардың тізімінен басқа барлық дәрілік заттар
дәріханалық ұйымдардан тек қана рецептер бойынша босатылуы керек.
Дәрілік заттар азаматтарға емдеу–профилактикалық мекемелерге
денсаулығына байланысты ем алу үшін және стационарлық емделуді
амбулаториялық жағдайда жалғастыру үшін тағайындалып жазылады.
Келесі дәрілік заттарға рецептерді жазуға тиым салынады:
• ҚР тіркеуден өтпеген және ҚР ДСМ қолдануға рұқсат бермеген дәрілік
заттар;
• тек қана емдеу–профилактикалық мекемелерде қолданылатын: наркозға
арналған эфир, хлорэтил, фентанил, сомбревин, калипсол, фторатан,
кетамин және т.б. дәрілік заттар;
• медициналық көрсеткіштер жоқ болған жағдайда.
Рецепт – дәрігер маманың дәріні дайындап босатуы туралы фармацевт
маманына жазбаша түрдегі нұсқауы.
Рецепт дәріханалардан дәрілік заттарды босатуға негіз болатын
медициналық құжат.
Рецепт заңдылық құжат, себебі рецепті жазған дәрігер, рецепті
дәріханаға қабылдаған, рецепте жазылған дәрілік форманы дайындаған және
босатқан фармацевт заңдылық жауапкершілікте болады.
Рецепт финанстық құжат болып табылады, рецепте жазылған, дәріханада
дайындалып босатылған дәрілердің бағасы тұтынушылармен төленеді немесе
түрлі деңгейдегі бюджеттер есебінен дәріханаға қайтарылады.
Дәріханаға рецептерді қабылдауда және дәріханадан дәрілерді босатуда
фармацевтикалық мамандар ҚР ДСМ 2009 жылғы 16 қарашадағы № 771 Дәрілік
заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды көтерме
сауда және бөлшек сауда арқылы босату Ережелерін бекіту туралы бұйрығының
және 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 173 Бақылауға жататын құрамында есірткілік,
психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецептер мен
сұрау – талап қағаздарын жазу және босату Ережесі бұйрығының талаптарын
сақталды.
Рецептер науқастың жас ерекшелігін, дәрілік заттардың бағасының төлену
тәртібін және дәрілік заттың құрамына кіретін ингредиенттердің құрамдық
сипатын ескере отырып жазылады. Рецепт сиялы немесе шарикті қалам мен
түсінікті түрде бланктегі барлық көрсетілген реквизиттерді толтырып
безендірілуі керек.
Дәріханаларда рецептерді қабылдау және рецептер бойынша дәрілерді
босату кезінде рецептерге фармацевтикалық сараптама жүргізіледі (Сур.7).
Рецептердің фармацевтикалық сараптамасының бірінші сатысында
фармацевтикалық қызметкер дәрілік жазылым рецептуралық бланкісінің жазылу
тәртіптерімен бекітілген міндетті және қосымша реквизиттерге сәйкестігін
тексереді.
Рецептің жазылған дәрілік заттардың төлену тәртібіне және құрамдық
ингредиенттердің сипатына қатыссыз келесі негізгі реквизиттері болды:
• ЕПМ атауы, мекен жайы және телефоны көрсетілген штампасы;
• рецептің жазылған күні;
• науқастың аты, әкесінің аты, жасы;
• дәрігердің аты, әкесінің аты;
• дәрілік заттың атауы, саны;
• дәрілік заттың қолданылу тәсілі;
• дәрігердің қолы және жеке мөрі.
1. Сурет. Рецепті фармацевтикалық сараптау схемасы
Рецептуралық бланкілердің формаларына және жазылған дәрілік заттардың
құрамына байланысты рецептердің қосымша реквизиттері анықталады.
Рецептер ҚР ДСМ бекітілген баспаханалық тәсілмен печатталған
бланкілерге жазылады.
Есірткілік дәрілік заттарды жазуға арналған арнайы рецептуралық
бланкілерге ІІ катигорияның А және В топтарындағы есірткілік дәрілік заттар
және психотрортық заттар жазылады.
Есірткілік әсері бар дәрілік заттарға және психотроптық заттарға рецепт
дәрігердің қолымен жазылады, дәрігер қолын қояды, жеке мөрімен
куәландырады.
Арнайы рецептуралық бланкінің міндетті реквизиттерімен қатар келесі
қосымша реквизиттері болады:
• сериялық нөмірі және қорғалу деңгейін көрсететін қызмет түсті қағаздағы
су белгілері.
• емхананың бас дәрігерінің немесе оның орынбасарының қолы қойылып,
емхананың дөңгелек мөрімен куәландырылады;
• науқастың ауру тарихының номірі және тұратын жері жазылып көрсетіледі.
Есірткілік және психотроптық заттар ақысыз және жеңіл бағамен
босатылатын жағдайларда арнайы рецептуралық бланкіге қосымша №132е формалы
рецептуралық бланкі жазылады.

1. Дәріхананың рецептуралық – өндіріс бөлімінің негізгі міндеттері мен
қызметтері?
2. Дәріханада рецептерді қабылдаушы фармацевт технологтың жұмыс орнының
жабдықталуы?
3. Дәріхананың рецептерді қабылдаушы және дәрілік заттарды босатушы
фармацевтің құқықтары мен міндеттері?
4. Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы?
5. Дәріханалық ұйымдардан дәрілік заттарды ақысыз және жеңілдетілген
бағалармен босату тәртібі?
6. Дәріханадағы рецептердің жарамды және сақталу мерзімдері?
1. Тақырыбы №7: Дәріханаларда дәрілерді дайындауды ұйымдастыру
2. Мақсаты: студенттерге дәріханаларда дәрілерді дайындауды ұйымдастырумен
таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды дайындау жұмысын жоғарғы және
орта фармацевтикалық білімі бар мамандар жүргізеді.
Дәріханалардың дәрілік формаларды дайындау іс-әрекеті рецентерде
жазылатын дәрілік формалардың құрамы мен түрлеріне, дайындалатын дәрінің
құрамының күрделігіне, дайындалған дәрілік заттың тұрақсыздығына және
құрамы әртүрлі дәрілік заттарды бір жұмыс орнында дайындауды ұйымдастыру
мүмкіншілігіне байланысты анықталады.
Дәріханаларда өндірістік іс-әрекеттерді жүргізу үшін арнайы
ассистенттік бөлме жабдықталады. Ассистенттік бөлме арнайы дәріханалық
мебельдермен, жабдықтармен, приборлармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда,
дәрілік формаларда дайындау, араластыру, сүзу, бөлшектеу, орау-буу,
тығындау жабдықтарымен; улы, наркотикалық дәрілік заттарды және этил
спиртін сақтауға арналған арнайы сейф, шкафтармен, штангластармен, салмақ
пен көлемді өлшеу құралдарымен және дәрілерге химиялық бақылау жүргізу үшін
қажетті реактивтермен қамтылады.
Дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты ассистенттік бөлмеде бірнеше
жұмыс орыны ұйымдастырылады:
➢ ішке қолдануға арналған дәрілік формаларды дайындау үшін;
➢ сыртқа қолданылатын дәрілік формаларды дайындау үшін;
➢ ішке қолданылатын дәрілік формаларды бөлшектеу үшін;
➢ емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын дайындау үшін;
➢ емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын бөлшектеу үшін.
Жұмыс көлемі үлкен ірі дәріханаларда рецептер бойынша
дәрілік формаларды дайындауда ішке қолданылатын сұйык, дәрілік формаларды,
ұнтақтар мен пилюлаларды, сыртқа қолданылатын майлар мен сұйық дәрілік
формаларды және стерильді дәрілік заттарды жасау орындары бөлініп
ұйымдастырылады.
Ассистенттік столда қосымша қызметтермен айналысу үшін фасовщиктердің
жұмыс орындары бөлінеді. Жұмыс көлемі аз кішкене дәріханаларда дәрілерді
дайындау және дайындалған дәрілердің сапасын тексеру үшін бір жұмыс орыны
ұйымдастырылады.
Дәрілерді дайындаушы фармацевт немесе фармацевт ассистент өздерінің
жұмысында дәрілік заттар айналысы саласындағы ҚР заңдылық актілерді, ҚР ДСМ
бұйрықтарын, басқа да нормативтік құжаттарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz