Әулиелі Түркістан өңірі:Тәуелсіздік жылдарында жаңартылған әулие кесенелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әулиелі Түркістан өңірі:Тәуелсіздік жылдарында

жаңартылған әулие кесенелері

«Түркістан-екі дүние есігі ғой,

Түркістан-Ер Түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой»- деп Мағжан ақын жырлаған кешегі сақтар мен ғұндардың, қаңлылар мен үйсіндердің, түркі жұртының мекені болған, Ұлы Жібек жолының іздері қалған осының киелі аймақтың ауыз толтырып айтар тұсы өте көп. Тарих сахнасында «қазақ хандығының алғашқы астанасы» деген атаумен қалған тарихи шаһар бүгінде «Түркі әлемінің рухани астанасы» ғана емес, «Қазақстанның мәдени ордасы». Бұл статустардың барлығы жалғыз қалаға тиесілі деп есептемеймін. Неге десеңіз облыс атауы 2018 жылы Түркістан деп өзгертілді. Ендігі жерде мәдени-тарихи ескерткіштерге бай осынау өлке Түркістан деп аталады. Мәдени-тарихи ескерткіш деген астын сызып қарайтын болсақ республика аумағында біздің облысымыз іспетті әулиелі кесенесі көп, Нұх пайғамбардың кемесі қалған тауы бар, әр тасының бір сыры бар аймақты табу оңай емес. Мақтанатындай жөніміз бар. Алайда ол жәдігерлердің көзіміздің қарашығындай қорғау, уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу, аумағында тазалық сақтау жергілікті басшылықтың ғана емес, өңір тұрғындарының борышы. Қаланың символына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО қорғауында. XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат бүгінге күнге дейін сақтаулы. Жыл сайын үлкенді-кішілі жөндеу жұмыстарын жасап, келушілерге қақпасын қашан да болсын ашуға дайын тұратын ғимарат өзінің әсемдігін жоғалтпақ емес. Қалпына келтіру жұмыстарының іске асуы еліміздің тәуелсіздік алуыменде тығыз байланысты. 1992 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы” қаулысы қабылданды. Осы қаулының ізімен 2. 07. 1992 ж. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады. Елімізде жүргізілген реформаларға сәйкес, экономиканы дамытуға шетелдік инвестиция тартыла бастады. Ал, Қазақстанның білімі мен мәдениеті саласына алғаш инвестиция салған Түрік Республикасы болды. 1992 жылдың 23 желтоқ­санында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеу және қалпына келтіруге байланысты Қазақстан және Түркия Республикасы арасында ынтымақтастық пен міндет бөлісу хаттамасына қол қойылды. 1993-1995 жылы Түркиялық мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жасады. 2000 жылы Түркістан тойының қарсаңында да кең ауқымды жөндеу жұмыстары жасалды. Кесенеге уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыруында, ерекше мән мағына берілуінде Қазақстан Республикасның тұңғыш президенті елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегі бар. Елбасының өзі білек сыбана кіріспегенде ғимартқа жаңғырту жұмыстары жүргізілмес пе еді, кім білсін? Н. Ә. Назарбаевтың өзі Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында сөйлеген сөзінде: “Кейінгі жылдарда туған жерімізде қолға алынған тағы бір іргелі іс жайында сіздерге разылықпен айтқым келеді. Ол - мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы. Мұндай бағдарлама әлемнің ең дамыған елдерінде де сирек кездеседі” деп ағынан жарылды. Үстіміздегі жылы осы бағдарламаның іске асырыла бастағанына екінші жыл. Елімізде азғантай уақыттың ішінде көптеген іс тындырылды. Ал, Әлқожа ата ХVІ ғ., Рәбия Сұлтан Бегім ХVІ ғ. кесенелері музейдің өз қаржысы есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл “Шығыс моншасы” музейінің ғимараты осы бағдарлама бойынша қайта қалпына келтірілуде. Ал, келесі жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үстіңгі қабаты мен күмбезіндегі су өткен жерлерін де қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Алайда 2014-2015 жылдары кесенеге жөндеу жұмыстары барысында жобада болмаған қоспаны қосқандығы туралы, кесенеге қауіп төнгендігі туралы да жазбалар жарық көргенін де атап өтуіміз тиіс. Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық даму жоспарын қолға алып, нәтижесінде 17 тарихи-мәдени нысанға реставрация жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш жобаны «Қазқайтажаңарту» РМК жүргізуде. 2019 жылы түсірілген кесене аумағында сурет пен қазір суретте салыстырып қарайтын болсаңыз, сөзімнің шындыққа жанасатындығын өзіңізде байқайтын боласыз. Кесене аумағында әлі де жөндеу, абаттарындыру жұмыстары жалғасын табуда. Соның бірі 1994 жылы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590. 5 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған Цитадель қақпасы. Сол Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ұстазы болған Арыстан Баб бабамызға арналған кесенесі де өңіріміздің ауыз толтырып айтарлық тарихи ескерткіштерінің бірі. Халықтың «Арыстан Бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле»дейтіндігі екі кесенені бір-бірінен, екі адамды бір-бірінен бөліп жармайтындығы мағынасы келіп саяды. Соңғы рет бұл кесене де 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, айналасын абаттандырған болған. Республикалық дәрежеде қорғалатын ескерткіштің жәй-күйі әрдайым бақылауда ұсталып, қажет жағдайда кесенеге жөндеу, жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар анаға арнап салынған кесенеде ел тәуелсіздігін алғалы тасада қалған жоқ. Олай дейтінім патшалық Ресейдің тұсында қажетті жағдай жасалынбағандықтан кесененің жартысы мүжіліп, құлап қалған. Ел болып шегарамыз шегенделіп, байрағымыз көк аспанда желбіреннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кесене қайта тұрғызылды. Бұл кесенеге тек көненің көзі ретінде қарау жеткіліксіз. Себебі, Гауһар анаға дертіне дауа іздеп келушілер көп. Маңындағы құдықтан шығып жатқан қасиетті суды ішіп, құлан таза айығып кетіп жатқандар да жоқ емес. Қасиетті су дегенде ойымызға түсер ғимараттың бірі Үкаша ата. Халық арасында бұл жердегі судың Меккедегі зәм-зәм сумен байланысы бар деген ұғым қалыптасқан. Құдыққа тасталынған шелекте бірде су шығады, бірде құрғақ күйінде. Кімнің шелегінде кері алғанында су болатын болса оның зияраты, тілегі қабыл болды деп есептейді. Бұл жерде тек құдық ғана емес. Үкаша атаның мазар кесенесі де орналасқан. 2019 жылы аталмыш кесенеге 142 186 адам келген. Дәл осы жылы көркейту, көгалдандыру жұмыстары аясында Үкаша ата кесенесі маңына 100-ден аса мәуе ағаштары мен шырша талдары отырғызылды. Келушілерге де жақсы жағдай жасалынған. Облыс территориясындағы маңызды нысандардың бірі Әлқожа ата кесенесі. . Ел аузындағы аңыз-әпсаналарда Әлқожа атаның Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Кесенеге 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Әлқожа ата кесенесі бірнеше жыл бұрын адам аяғы баспайтын, қараусыз жатқан жер болатын. Бүгінде кесене көпшілікке намаз оқу үшін қайта ашылып, қазір жергілікті тұрғындар үшін мешіттің де рөлін атқаруда. 2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бастамасымен кесене алдындағы жер тегістеліп, бау-бақшасы ретке келтірілді. Кесенеге келуші туристерге арналған жолдарға тас төселіп, жарық шамдар мен арнайы орындықтар орнатылды. Алдағы уақытта үлкен мәдени туристік нысанға айналдырылмақ. Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта Ескі Иқан ауылында орналасқан Жүсіп ата кесенесі жергілікті маңызы бар - сәулеттік ескерткіш. Жалпы жер көлемі - 1, 5 га. Жүсіп ата кесенесінің іргесіне 2005 жылы зерттеулер жүргізілген. Кесене екі бөлмеден тұрады. Жалпы ұзындығы 22-23 метр, ені 12, 87 метр. Зияратхана бөлмесінің ішкі өлшемдері 9, 24 мх9, 21 метрді құрайды. 2008 жылы Жүсіп

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік өңіріндегі тарихи ескерткіштер
Мәдени мұра жайлы
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Жібек жолындағы қалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz