Абай шығармаларындағы ұлттық діл мен ұлттық таным



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Баяндама

Орындаған: PhD докторант Нурбеков Талғат

Алматы 2021

Абай шығармаларындағы ұлттық діл мен ұлттық таным

Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленумен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этникалық, мемлекеттік, өркениеттік, т.б.) көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән.
Діл біз және біз емес деген ажыратушы оппозицияға негізделеді. Діл әр түрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.
Ділге берілген анықтама бойынша біз және біз емес деп қарайтын болсақ, ұлттар арасындағы ең алдымен көзге түсетін және басты ерекшелік - әр халықтың өзіне тән ана тілі болмақ. Екінші ерекшелік сол ұлттың ұстанатын дінінен көрінеді. Діл мәдени бірегейленумен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты деген тұжырымға келсек, жаңа туған бала ортасына қарай қолданыстағы дінді еріксіз қабылдайтын болады. Өйткені дүние есігін енді ашқан сәбиді әлі ақыл-ойы толмай тұрғанда-ақ ата-анасы өздері ұстанатын дін негізінде тәрбиелей бастайды. Осыдан көрінетін ой: ділді қалыптастыратын негіздер - тіл және дін деп ойлауға әбден қақымыз бар сияқты.
Ана тілі туралы, нақтылап айтсақ, қазақ тілі туралы айтылған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ойлар мен пікірлер, толғаныстар мен тебіреністер, сүйініп айтылған, күйініп айтылған әр алуан лебіздер баршаңызға жақсы таныс деп ойлаймын.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов: Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. ...қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ - мұсылман атты дінді құрайды. Қазақтар, әуелде, Мұхаммедті білмей тұрғанда да Алла мен тәңірге бірдей табынып, мұсылман әулиелерінің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, пайғамбар ұрпақтары - қожаларды да құрмет тұтты. Халық отқа табынып, ал бақсылар болса, жын-перілерімен қоса, мұсылмандардың періштелерін де шақырып, Алланы да мадақтады. Осылай екі дінді араластыра табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар екеуін де қосып ұстаған,- деп жазған екен.
Бірінші Тұлға (Алла) абсалюттік мағынада ең сұлу, ең сәулетті, ең көрікті болғандықтан және Оның өз мәнін пайымдауы неғұрлым жетілген пайымдау, ал оның білімі ең жақсы білім болып табылатындықтан, Бірінші Тұлғаның (Алланың) бастан кешіретін рахаты біз өзіміз мәніне жете алмайтын рахат болады,- депті әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама Әл-Фараби бабамыз.
Діл жайында Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән деген тұжырымға сүйенсек, ділдің сақталуына, дамуына жеке тұлғалардың тікелей қатысы бар болып шығады. Осы орайда қазақ халқының менталитетіне Абай қалай әсер етті деген заңды сұрақ туады.
Байқап отырғанымыздай, Ислам діні қазақ даласына ІХ-Х ғасырдан бастап қанатын біртіндеп жайды дегеннің өзінде өте баяу таралғанын көреміз. Оның себебі, біріншіден, этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей қазақтың дінге қырсыздығының белгісіндей әрі шамандықты, әрі мұсылмандықты қатар алып жүруінен көрінсе, екіншіден, Әл-Фараби бабамыз таңбалағандай, терең білімсіз Алланың хикметін сезу, түсіну адам баласына оңай еместігінде, ал Алланың шексіз құдіретіне көз жеткізуге адам баласының санасы жете алмайтындығында жатыр. Сондықтан да қазақ халқының ділі мәселесінде Ислам дінінің тікелей әсері болғанмен, дінді терең пайымдау қазақ даласында Абайға дейін болған жоқ деп айта аламыз. Себебі Абайға дейінгі Алланы мадақтаған, дінді насихаттаған әдеби туындылар Аллаға сену жайында жырлағаны болмаса, Алланы тану жайында нақ Абайдың деңгейінде, Абайша тереңдеп бара алған жоқ. Құранды арабша түпнұсқадан түсіне отырып, тереңіне бойлай отырып оқыған Абай - мұсылманшылықтың бес парызбен шектелмейтінін, мұсылманшылық дегеніміз өмір сүру салты, өмірлік тозбайтын адамшылық қалпы екенін жан-тәнімен түсінген, соны барынша қопара зерттеп, айқын да түсінікті етіп жазып кеткен ғұлама. Хакім - рухани кемелдік сатысына көтеріліп, бақи мен фәнидің сырын ұққан, Алланың хикметін көңіл көзімен барлай білген, барлық ғылымның негізі, ақиқаттың көзі - Жаратушы Алла екенін түсіне білген адам. Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан бір сұхбатында: Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым,- деген Абайдың өз сөзін келтіре отырып, Абайды хакім деп бағалайды.
Қазақ халқы - мұсылманшылықты қатты ұстанбаса да, негізгі өмір сүру салты имандылыққа құрылған халық екені баршаңызға аян. Сәулетті мешіттер салып, күңірентіп құран оқымаса да, ата-бабамыз обал және сауап деген екі ұғымның аясында өмір сүргені шындық. Алаштың алмас қылышы атанған атақты жазушы М.Мағауиннің жазуы бойынша, ІІІ Түркі Қағанатын құрған, кейінгі Қазақ Ордасының негізін салып, Түркілік ділдің өшіп кетпеуіне өлшеусіз қызмет еткен Ерен Ер Шыңғысхан заманынан бері қарай адамшылық, арлылық, әділдік қасиеттерін ардақ тұтқан, елін-жерін қорғау, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, арып-ашып келген құдайы қонаққа астындағы жалғыз атын мінгізіп жіберетін мәрттік пен жомарттық секілді асыл мінезге ие қазақ халқы орыс империясының бөліп ал да, билей бер саясатымен уланып, ру-руға бөлініп, Абайша айтқанда бас-басына би болған өңкей қиқымның заманында дүниеге құл болып, байлық пен мансап қуып, өзінің табиғи болмысынан, сан ғасырлар бойы қалыптасқан асыл ділінен ажырай бастағаны ақиқат.
Данышпан Абай өзінің Қырықыншы сөзінде қазақтың қанына сіңіп, діліне айналып бара жатқан жағымсыз мінез жайында былай дейді: ...Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, жарықтық деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?
Бір жолаушы алыс жерге барса, барған еліне өз елін мақтаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген соң сол барған, көрген елін, жерін мақтап, өтірікті сыбайтұғыны қалай?
Екі жақсы бір елде сүйіскен достығында тұра алыспайды. Кейбір антұрғандардың тым-ақ тату бола қалатыны қалай?
Күнде тілін алатұғын достан кейде бір тіл ала қойған дұшпанға кісінің өле жаздайтұғыны қалай?
Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп, ұқпай тынбайтұғыны қалай? - деп келеді де, Қырық бірінші сөзінде: Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек.
Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек ...
..Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек... Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсе өндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма - сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық! - деп түңіледі.
Отыз сегізінші сөзінде: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің. Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды, - деген екен. Біз, көбінесе, қазір жұрттың бәрі сауатты, мектеп қабырғасын көреді, демек, біздің ішімізде надан адам жоқ деп ойлаймыз. Шындығында мүлде олай емес! Надандықтың белгісі, ең әуелі, он сегіз мың ғаламды жаратқан бір Алланы танымау деп білемін. Хакім Абай Отыз сегізінші сөзінде: Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат, дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білім үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады, - деген. Яғни, жәліб мәнфағат - кіріс кіргізу, пайда алумен қатар, дәфғы мұзаррат - залалдыдан қашуды айырса, баладан үміт етуге болады дейді.
Абайдың топшылауында адамның білімділігінің белгісі алдымен Алласын танымақтық, содан кейін өзін танымақтық, осы екеуінен кейін барып дүниені танымақтық екендігін көреміз. Адамды қор қылатын үш нәрсенің біріншісі надандық дегенде, қор болу дегенді біз, негізінен, бұл дүниедегі қорлыққа қатысты қабылдаймыз. Шындығында, ең үлкен қорлық Алланың алдына надандықпен бару, яғни өзін жаратқан Алласын танымай, мойындамай бару болмақ. Абайдың Сегіз аяқ өлеңіндегі:
Білгенге - маржан,
Білмеске - арзан,
Надандар бәһра ала алмас, - дегені осы болмақ.
О да құдай пендесі,
Түспей кетер деймісің
Тәңірінің құрған тезіне?! дегенді Абай ақиқатқа көзі жеткесін айтқаны рас.
Ділдің қалыптасуы уақытпен, ғасырлармен, дәуірмен жүзеге асады деп санасақ, қоғамды жасайтын адам болғандықтан, жекелеген тұлғалар қоғамдағы өзгерістерді, санадағы сілкіністерді туғызатыны және рас. Әр заманның, әр халықтың ерекше құбылысы болып келетін, ортасынан, уақытынан озып туған дара пенделердің өмірде көп болғанын білесіздер. Қазақ халқы үшін даналықтың асқар шыңы іспетті дара тұрған данышпан Абай өз тұсында ұлтымыздың діліне қатты әсерін тигізген, ұлттық менталитеттің оң бағытта дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірден-бір ұлы тұлға екені даусыз. Абайдың ізін басқан шәкірттері, інілері, балалары; Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов сияқты Алаштың біртуар асылдары Абай тәлімімен ілім іздеу, ұлтқа қызмет ету, елдің болашағын жоспарлау секілді ірі іс-қимылдар барысында Ислам дінінің негізгі қағидаларын еш уақытта естен шығармаған болатын. Әлхамдиллаһ, алты миллион қазақпыз дегенде ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов Аллаға мадақты білместікпен айтқан жоқ, Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық деген ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин де Алласыз бала оқытуға кіріспеген екен.
Біздің сорымызға қарай, қанқұйлы Совет заманында Алламызды ұмыттырып, асылдарымызды өз ұлтының қамын жегендері үшін ғана аяусыз оққа байлап, ұлттық діліміздің ұстыны болып тұрған Ислам дінін аяққа басып, өзімізді-өзіміз танымастай етіп қазақи санамызды өзгертіп жібергені бүгінгі таңда ешкімге құпия емес. Сонау ХІХ ғасырда Ресей патшалығының әкімшілік кеңсесінде Қырғыз-қайсақ ордасын христиан дініне енгізу керек пе, әлде ертелік ете ме? деген екі бағытта айтыс болғанда, миссионер отец Сергий деген Мәскеулік поп Семейде Абаймен жолығып, тартысқа түсіп, Абайдың біліміне көзі жетіп, дін тақырыбында жеңіліп қалған соң, қазақ даласында Абайдай ғұламаның көзі тірі тұрғанда орынсыз баса-көктеп, ашық зорлыққа бара алмайсың деп, қазақ даласына христиан дінін енгізу мәселесін кейінге қалдырғаны туралы жазушы Рамазан Тоқтаров Абайдың жұмбағы деген романында келістіріп жазады.
Ұлы жазушы, ғалым М.Әуезов Абай мұраларын зерттеу барысында Абайдың дінге қатысты өлеңдеріне баға бергенде: ...Біз Абайдың аузында алла менен оның арабша айтылған сипаттары қанша болса да, ақынның мұсылманшылығын шартты түрдегі мұсылманшылдық деп білеміз, - дейді де, соған тиянақты дәлел ретінде Абайдың Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, деген өлеңін келтіреді. Біз ұлы Мұқаңның Абай туралы жазған Абай жолы атты ұлы еңбегінің қандай қиындықпен, қысастықпен жарыққа қалай шыққанын жақсы білетіндіктен, бұл арада жазушы дінге қатысты Абайдың көзқарас-ұстанымын өте жақсы түсіне тұра, заманның ыңғайымен амалсыз басқаша қорытынды шығарып, Абайдың мұсылманшылығы - шартты түрдегі мұсылманшылдық деп баға берген деп ойлаймыз. Әйтпесе, жоғарыда келтірілген өлең Абайдың жаратылыс сырын түсінген, Алланың шексіз құдіретін шынымен таныған сипатын білдіретін өлең деп білемін.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
Мені мен менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес, - дегенде Ислам дініндегі үлкен ақиқат - адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Жазушының шығармаларынан ұлттық танымның ашылу ерекшелігіне зер салу
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
Талаптан Ахметжан шығармаларындағы ұлттық танымның маңызы мен рөлі
Талаптан Ахметжан шығармаларының астарындағы ұлттық құндылықтарды анықтап, саралау
Талаптан Ахметжан прозасындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР ІЛІМІНІҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘЛІМДІК МӘНІ
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Пәндер