Сыни ойлау мен сыни жазылым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Баяндама

Орындаған: PhD докторант Нурбеков Талғат

Алматы, 2021

Сыни ойлау мен сыни жазылым

Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте оның алдында дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе немесе әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп, оның байыбына жетуге тырысқанда. Ойланудың қандай да болмасын қиындық, ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ Джон Дьюи былай деп жазған: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау керек кезде басталады».

Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, салғастырады, проблеманың байыбына жетуге тырысады. Осыдан соң адам өзі таңдап алып, көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақты қарастырады, оның оң мен солын ажыратады, кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай, өз шешіміне балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып, оған жауап іздейді, жауап тапса, қайтадан сұрақ қойып, енді соның жауабын іздестіреді, оған да қанағаттанбай, әрі қарай «қаза береді», «қаза береді». Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауап іздеу, жауап іздеу, жауап іздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу…

Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек.

Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.

Сыни тұрғыдан ойлауда жазудың орны ерекше. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейі, «мен» бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы көмектеседі. Жазу - көрікті ойлардың көрінісі. Жазу үдерісі - күрделі үдеріс. Кез келген шығармашылық дүниені жазу, оны жарыққа шығару үшін әр адамда және студентте жазу дағдысының болуы қажет. Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол - конструктивтік әрекет, шығармашылық қабілет.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Сыни ойлаудың тәсілдеріне: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация жатады. Осы тәсілдердің негізінде сыни ойлаудың төмендегі дағдылары қалыптасады. Олар:

суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалар сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыра алу;

негізгі дерек көздерді бағалау мен олар туралы тиісті сұрақтарды қоя білу;

негізі дереккөздерді ситуациялық қорытындылар мен уақыттық жалпылаулармен салыстыру және талқылай алу;

анағұрым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарай алу жатады.

Сонда сыни ойлау дағдылары - ойлардың қалыптасуы, анықтау, негіздеу процесі болып табылады.

АҚШ профессоры Дэвид Клустер ұсынысы бойынша оның анықтамасы бес бөлімнен тұрады. Біріншіден, сыни ойлау өзбетінше ойлау болып табылады, сыни ойлауда әр адамның жеке сипаты болады. Оның мәні - кез-келген оқиғаға, жағдаятқа немесе пікірге байланысты әр адамның өз ойын білдіруі, оның сыни ойлауын көрсетеді. Біз үшін ешкімде сыни ойлауы мүмкін емес, біз оны әрқайсымыз өзіміз үшін жасаймыз. Өзбетінше ойлау - сыни ойлаудың ең бірінші және аса маңызды сипаттамасы.

Екіншіден, сыни ойлауға ақпарат негіз болады, бірақ сыни ойлаудың соңғы өнімі емес. Білім сыни ойлауға себеп болады, сол себептіде ел арасында «бос баспен ойлау қиын» деген пікір айтылады. Күрделі ойлау үшін оған қажетті «тамызық» болатын көптеген фактілерді, идеяларды, мәтіндерді, теорияларды, мәліметтерді, концепцияларды өңдеуге тура келеді. Сол себепті де сыни ойлаудың арқасында дәстүрлі таным индивидтік және санадан өткізілген, үздіксіз, өнімді процесс болады.

Үшіншіден, сыни ойлау сұрақтарды қоюдан және шешуді қажет ететін мәселені айқындаудан басталады. Адамның табиғаты жаратылысынан табиғатты және өзін қоршаған ортаны танып білуге құмар. Соның арқасында көптеген табиғат туралы, әлеуметтік орта жайлы заңдар мен заңдылықтар ашылды.

Төртіншіден, сыни ойлау арқылы сенімді дәйектеуге ұмтылыс болады. Сыни ойлайтын адам әрдайым мәселені шешудің өз жолын табады және табылған шешу жолының өзгелерден тиімді екендігін дәлелдеу үшін дәлелдемелер келтіреді. Дәйектеу үш құрылымнан тұрады: алдыменнен дәлелдеуді қажет ететін түйінді ойды келтіреміз, оның мәнін дәлелдемелер арқылы қуаттаймыз. Дәлелдемелерге: статистикалық мәліметтер, мәтіннен үзінділер, жеке тәжирибесі, т. б. жатады. Соңынан өз пікірін негіздеу қажет.

Бесіншіден, сыни ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Егер ойды өзгелермен бөлісетін болсақ, кез-келген ой тексеріледі, ұшқырланады. Біздер пікір таластырғанда оқимыз, талқылаймыз, өз пікірімізді білдіреміз және пікір алмасамыз, өзгелердікімен салыстыра отырып, өз позициямызды айқындаймыз және тереңдете түсеміз.

Сыни ойлаудың тамыры сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәстүрден бастау алады. Ол кезде білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдаланған. Мұны біз бүгінгі білім беруде Сократтық әдіс деп атап, қолданып жүрміз. ХХ ғасырда бұл проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды.

Зерттеушілер сыни ойлаудың түрлі компоненттерін алға тартады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары: білім, инференция, бағалау және метатаным. Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік. Мәселеге қатысты кейбір білім жеке адамдардың сұрақ қойып, жаңа ақпаратты бағалауына көмектеседі. Білім назарды сыни ойлауға бағыттауға түрткі болады. Сыни ойлай білудің нәтижесінде адамдар жаңа білімге қол жеткізеді. Сын тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу керек болған жағдайда орын алады. Инференция деп екі немесе одан көп білім бірліктерінің арасына байланыс орнатуды айтамыз. Инференция жасау адамдардың мәселені жақсы және тереңірек түсінуіне әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыни тұрғыда жазу
Жазудан кейінгі дағдылар
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Академиялық жазу түсінігі
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ СПИРАЛЬДІ ҚАҒИДАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Шығармашылық ойлау дағдысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz