Мәдениет пен қоғамдық сана

Мәдениет пен қоғамдық сана
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т. б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез-құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады.
Адамзат баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нәрсе керек. Ол - тән азығы мен жан азығы. Тән азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қаматамасыз етеді. Тән азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік сияқты адамның күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететіндер жатады. Бұлар адам көзбен көріп, құлақпен естіп, дәмін татып дегендей, сезім мүшелерімізбен сезіне алатын материалдық дүниелер. Ал сезім мүшелерімен емес, ішкі жанымызбен, түйсігімізбен сезінетін рухани дүние - жан азығы. Басқаша айтсақ, жан азығы - рухани құндылықтар. Рухани құндылықтардың аясы тым кең. Оған адамның адамдық санасын анықтайтын әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық, әділеттілік сияқты қасиеттерінен бастап, сол ұлттың ұлттық тілінде, ұлттық тұрмыс-тіршілігінде әдет-ғұрпы, салт-дәстүр ретінде жасалынған, сол халықтың қоғамдық тұрмыс-тіршілік етуіне қажетті пайдалы нәрселердің бәрі жатады. Демек, рухани қазынаның негізін білім, ғылым, өнер, әдебиет, мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, экономика т. б. құрайды. Сонда адам тән мен жаннан тұрады. Бірінен бірін айыруға болмайды. Өйткені бірінсіз бірі жоқ. Тән - жанның ұясы. Өз кезегінде жан тәннің дұрыс тіршілік жасауын, яғни адам болып өмір сүруін, күшті болуын қамтамасыз етеді. Бұл турасында Ж. Аймауытов «Адамда екі түрлі «жан» бар: біреуі - жан, біреуі - тән. «Жан» көрінбейтін «мен», көрінбесе де көрінетін «менді» қозғап, жүргізіп тұратын тетігі, «тән» - «жанның» қабы» депті. Сондықтан да адам өмірінде осы екі жағын қатар алып, үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп отырудың маңызы зор. Ал осы екеуінің арасындағы үйлесімділік бұзылса, ол адамның, одан кейін қоғамның да дамуына әсер етіп, соңы түрлі келеңсіз жағдайларға апарып соқтыруы мүмкін.
Адам баласы өмірінің басты мақсаты - мәдениет ұстындарына сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда басталған жаңа үрдістердекөп деңгейлі және көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің бірі - қазіргі кездегі қоғамдық өмірдедәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар - ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т. с. с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өміріндеорын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі - бұл реттеу функциясы. Оның негізгі мәні - адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет моральмен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді.
Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес болып табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа, мемлекетке және әлемге қатысты мәдени ұстанымдар жүйесі енеді. Айтып кететін бір нәрсе, мәдениетті анықтаудағы үш көзқарасты қолдана отырып, зерттеуші соған тән барлық үдерістерді толық қарастыра алады:
тарихи - қандай да бір мәдени құбылыстардың өмір сүруінің уақыты және орны;
формальды-функциональды - мәдениеттің қызметі мен құбылыстарын талдау, олардың уақыттан тыс, қайталанатын және кері түріндегі үдерістерін, интеграция мен дезинтеграцияны түсіну;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz