Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер


1 дәріс. Кіріспе
1. 1 Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы
Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) - бұл кеңістіктік мәліметтерді және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, талдауды және көрсетуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе, сонымен қатар олардың негізінде географиялық кеңістік туралы ақпараттар мен білімдерді алу .
Географиялық немесе кеңістіктік мәліметтерді әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдар қолданатын айналымдағы барлық ақпараттардың жартысынан астамы құрайды, мұнда объектілердің кеңістіктік орналасуын есепке алу қажет. ГАЖ кеңістіктік мәліметтерді талдау негізінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
ГАЖ анықтамасындағы басты түсінік - кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау. ГАЖ төмендегі сұрақтарға жауап бере алады:
- аталмыш салада не болуы мүмкін екендігіне?
- берілген шарттар жинағын қанағаттандыратын саланың қайда екендігіне?
Қазіргі заманғы ГАЖ жекелеген тақырыптық қабаттар түрінде сызбалық мәліметтерді сақтау арқылы, сонымен қатар оларды құрайтын мәліметтер базасы түріндегі объектілердің сапалық және сандық сипаттамасын сақтау арқылы карталарды қолдану аясын кеңейтті. Басқарудың ыңғайлы механизмдері болған жағдайда мәліметтерді бұлайша ұйымдастыру түбегейлі жаңа сараптамалық мүмкіншіліктерді қамтамасыз етеді.
ГАЖ негізгі компоненттеріне мыналар жатады : техникалық, бағдарламалық, ақпараттық қамтамасыз ету. ГАЖ компоненттеріне қойылатын талаптарды, бірінші кезекте, табиғи жағдайлармен және оны игеру дәрежесімен ерекшеленетін белгілі бір аумақ үшін шешілуі тиіс нақты міндет тұрған (табиғи ресурстарды есепке алу немесе қаланың инфрақұрылымын басқару) пайдаланушы анықтайды.
Техникалық қамтамасыз ету -бұл ГАЖ жұмыс істеу кезінде қолданылатын аппараттық құралдар кешені: жұмыс станциясы немесе дербес компьютер (ДК), ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, деректерді өңдеу және сақтау құрылғылары, телекоммуникация құралдары.
Жұмыс станциясы немесе ДК кез келген ақпараттық жүйенің ядросы болып табылады және ГАЖ жұмысын басқару мен есептеу немесе логикалық операцияларға негізделген деректерді өңдеу процестерін орындау үшін арналған. Қазіргі ГАЖ ақпараттың үлкен массивтерін жедел өңдеуге және нәтижелерді визуализациялауға қабілетті.
Деректерді енгізу әртүрлі техникалық құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады: тікелей клавиатурадан, дигитайзер немесе сканер көмегімен, сыртқы компьютерлік жүйелер арқылы. Кеңістіктік деректер дигитайзер мен сканердің көмегімен немесе аналитикалық фотограмметриялық аспаптарда не сандық фотограмметриялық станцияларда суреттерді өңдеу нәтижелері бойынша электрондық геодезиялық аспаптармен алынуы мүмкін.
Деректерді өңдеуге және сақтауға арналған құрылғылар орталық процессорды, жедел жадыны, сыртқы есте сақтау құрылғыларын және пайдаланушы интерфейсін қамтитын жүйелік блокта шоғырланған.
Деректерді шығару құрылғылары ең алдымен мониторда, сондай-ақ принтерде немесе плоттерде (графопостроитель) алынатын графикалық түпнұсқалар түрінде нәтижелерді көрнекі түрде ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс, бұдан басқа деректерді сыртқы жүйелерге экспорттауды іске асыруға міндетті.
Бағдарламалық қамтамасыз ету -ГАЖ функционалдық мүмкіндіктерін іске асыратын бағдарламалық құралдардың және оларды пайдалану кезінде қажетті бағдарламалық құжаттардың жиынтығы.
ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуі құрылымы базалық және қолданбалы бағдарламалық құралдарды қамтиды.
Базалық бағдарламалық құралдар мыналарды қамтиды: операциялық жүйелер (ОЖ), бағдарламалық орта, желілік бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер қорын басқару жүйелері. Операциялық жүйелер ЭЕМ ресурстарын және осы ресурстарды пайдаланатын процестерді басқаруға арналған. Қазіргі уақытта негізгі ОЖ: Windows және Unix.
Кез келген ГАЖ деректердің екі түрімен жұмыс істейді - кеңістіктік және атрибуттық. Оларды жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету осы және басқа да деректер базасын басқару жүйесін (ДББЖ), сондай-ақ деректерді енгізу және шығару құралдарын басқару модульдерін, деректерді визуализациялау жүйесін және кеңістіктік талдауды орындау модульдерін қосуы тиіс.
Қолданбалы бағдарламалық құралдар нақты пәндік салада мамандандырылған міндеттерді шешуге арналған және жеке қосымшалар мен утилит түрінде іске асырылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету -ақпарат массивтерінің, ақпаратты кодтау және жіктеу жүйелерінің жиынтығы. Ақпараттық қамтамасыз ету деректер көздерін іздеу мен бағалауды, деректерді енгізу әдістерінің жиынтығын, деректер базасын жобалауды, оларды жүргізу мен метақадағалауды қоса алғанда, ақпаратты ұйымдастырудың түрлері, көлемі, орналасуы мен нысандары бойынша іске асырылған шешімдерді құрайды. ГАЖ-да кеңістіктік деректерді сақтау ерекшелігі-оларды қабаттарға бөлу. Электрондық картаның көп қабатты ұйымы, қабаттарды басқарудың икемді тетігі болған жағдайда, кәдімгі картаға қарағанда ақпаратты біріктіруге және одан да көп мөлшерде көрсетуге мүмкіндік береді. Кеңістік жағдайы туралы деректер (географиялық деректер) және олармен байланысты кестелік деректерді пайдаланушының өзі әзірлеуі немесе сатып алуы мүмкін. Бұл деректермен алмасу үшін кеңістіктік деректер инфрақұрылымы маңызды.
Кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы нормативтік-құқықтық құжаттармен, кеңістіктік деректерді ұйымдастыру және ықпалдастыру тетіктерімен, сондай-ақ олардың әртүрлі пайдаланушыларға қолжетімділігімен анықталады. Кеңістіктік деректер инфрақұрылымы үш қажетті компонентті қамтиды: базалық кеңістіктік ақпарат, кеңістіктік деректерді стандарттау, метадеректер базасы және деректер алмасу механизмі.
1. 2 Географиялық жүйелердегі «мәліметтер», «ақпараттар», «білімдер»
Ақпараттық жүйедегі операцияларға қатысты «мәліметтер», «ақпараттар», «білімдер» терминдерін нақтыласақ, бұлардың ортақ түсініктеріне қарамастан, олардың бір-бірінен ерекшеленетіндігін де байқауға болады.
Мәліметтер дегеніміз - объектілер туралы мәлім фактілердің жиынтығы немесе осы объектілерді өлшеу нәтижелері. Мәліметтер - ақпараттар құру процесіндегі құрылыс элементі сияқты, себебі ол мәліметтерді өңдеу барысында алынады.
ГАЖ қатысты қолданылатын ақпарат дегеніміз - объекті туралы біздің біліміміздің мөлшерін анықтайтын мәліметтердің жиынтығы.
Мұндай түсінікте білімді ақпараттың интерпретациясы нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Ең жиі таралған анықтама: білім - тәжірибеде расталған шынайылықтың танымдық нәтижесі. Ғылыми білім өзінің жүйелілігімен, негізделушілігімен және жоғары құрылымдық дәрежесімен ерекшеленеді.
Ақпараттық жүйелерді білім алудың тиімді құралы ретінде қарастыруға болады.
«Мәліметтер», «ақпараттар» және «білімдер» терминдерінің арасындағы айырмашылық техникалық жүйелердің даму тарихында байқалады, өйткені бастапқыда мәліметтер банкі пайда болса, кейіннен ақпараттық жүйелер, содан кейін білімге негізделген жүйелер - зияткерлік жүйелер (сараптамалық жүйелер) пайда болды.
Қазіргі уақытта бағдарламалық өнімдер нарығында кеңістікпен бөлінген ақпараттармен жұмыс істейтін жүйелердің бірнеше түрлері ұсынылған, оларға көбінесе автоматтандырылған жобалау, автоматтандырылған картография және ГАЖ жүйелері жатады. ГАЖ басқа жүйелермен салыстырғанда кеңістіктік мәліметтерді талдаудың дамыған құралдарына ие.
2 дәріс. ГАЖ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ, ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
2. 1 ГАЖ-жүйелердің жинақталған қызметі
Заманауи ГАЖ көпшілігі ақпараттарды кешендің өңдеумен айналысады.
ГАЖ-жүйелердің жинақталған қызметі:
- мәліметтерді енгізу және редакциялау;
- кеңістіктік мәліметтердің үлгісін қолдау;
- ақпараттарды сақтау;
- координаттар жүйесін түрлендіру және картографиялық проекцияларды трансформациялау;
- - растрлық-векторлық операциялар;
- - өлшемдік операциялар;
- - полигональды операциялар;
- - кеңістіктік талдау операциялары;
- - кеңістіктік үлгілеудің әртүрлі түрлері;
- - бедерді сандық үлгілеу және беттерді талдау;
- - нәтижелерді әртүрлі нысандарда шығару.
2. 2 ГАЖ жіктелуі
ГАЖ жүйелер төтенше жағдайлар және басқа жағдайлар шартында шұғыл шешім қабылдау үшін экологиялық ахуалға мониторинг жасау, табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша ғылыми және қолданбалы тапсырмаларды шешу мақсатында, сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жобалау үшін әзірленеді.
Өмірде туындайтын көптеген тапсырмалар әртүрлі ГАЖ құруға итермеледі, олар келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін .
Функционалдық мүмкіншіліктер бойынша:
- жалпы тағайындамадағы толық функционалдық ГАЖ;
- қандай да бір пәндік саладағы нақты тапсырманы шешуге бағытталған мамандандырылған ГАЖ;
- үй және ақпараттық-анықтамалық қолданысқа арналған ақпараттық-анықтамалық жүйелер.
Сонымен қатар ГАЖ функционалдық мүмкіншіліктері оларды құрудың сәулетшілік принципімен де анықталады:
- жабық жүйелер - кеңейту мүмкіншілігі жоқ, олар сатып алу кезіне ғана тән қызмет жинағын ғана орындауға қабілетті;
- ашық жүйелер икемделу жеңілдігімен, кеңейту мүмкіншілігімен ерекшеленеді, себебі арнайы аппараттың көмегімен (бағдарламалаудың енгізілген тілдері) тұтынушы тарапынан құрылуы мүмкін.
Кеңістіктік (аумақтық) қамту бойынша:
- ғаламдық (планетарлық) ;
- жалпы ұлттық;
- аймақтық;
- дербес (соның ішінде муниципалды) .
Мәселелік-тақырыптық бағдар бойынша:
- жалпы географиялық;
- экологиялық және табиғатты пайдалану;
- салалық (су ресурстары, орман пайдалану, геологиялық, туризм және т. б. ) ;
Географиялық мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі бойынша:
- векторлық;
- растрлық;
- векторлық-растрлық ГАЖ.
2. 3 Мәлімет көздері және олардың типтері
ГАЖ қалыптастыру үшін мәлімет көздері ретінде келесілер жатады:
- Картографиялық мәліметтер (топографиялық және жалпы географиялық карталар, әкімшілік-аумақтық бөлініс карталары, кадастрлық жоспарлар және басқалар) . Карталардан алынған мәліметтерде аумақтық байланым бар, сондықтан ГАЖ базалық қабат түрінде қолданған ыңғайлы. Егер зерттелінетін аумақта сандық карта болмаса, онда карталардың сызбалық түпнұсқалары сандық түрге ауыстырылады.
- Қашықтан зондтау мәліметтері (ҚЗМ) ГАЖ мәліметтер базасын қалыптастыру үшін барынша кеңінен қолданылып келеді. ҚЗМ-ға ең алдымен ғарыштық тасымалдағыштардан алынған материалдар жатады. Қашықтан байқап көру үшін бейнелерді алудың және оларды Жерге берудің түрлі технологиясы қолданылады, түсірілім аппаратурасын тасымалдағыштар (ғарыштық аппараттар мен жерсеріктер) әртүрлі орбитаға орналастырылып, әртүрлі аппаратурамен жабдықталады. Осының арқасында әртүрлі деңгейдегі шолумен және әртүрлі диапазондағы спектрде (көріністік және жақын инфрақызыл, жылулық инфрақызыл және радиодиапазон) табиғи орта объектілерінің көрініс толықтылығымен ерекшеленетін суреттер алынады. Бұлардың барлығы ҚЗМ қолдану арқылы шешілетін экологиялық тапсырмалардың кең спектрін ескертеді.
Қашықтан зондтау тәсілдеріне аэро- және жер бетілік түсірілімдер және басқа да контактілік емес тәсілдер жатады, мысалы, теңіз түбіндегі жер бедерінің гидроакустикалық түсірілімі. Мұндай түсірілімнің материалдары табиғи ортаның әртүрлі объектілері туралы сандық, сонымен қатар сапалық ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді.
- Аумақты алаптық тексеру нәтижелеріне табиғи объектілердің нивелирмен, теодолитпен, электрондық тахеометрмен, GPS қабылдағышпен орындалатын геодезиялық өлшемдері жатады, сонымен қатар оған геоботаникалық және басқа тәсілдерді қолдану арқылы аумақты тексеру нәтижелері кіреді, мысалы, жануарлардың қозғалысы бойынша зерттеулер, топырақ талдамалары және басқалар.
- Статистикалық мәліметтерде ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары бойынша мемлекеттік статистикалық қызметтердің мәліметтері, сонымен қатар қадағалау постыларының стационарлық өлшем мәліметтері (гидрологиялық және метеорологиялық мәліметтер, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтер және т. с. с. ) жатады.
- Әдеби мәліметтер (географиялық объектілердің кейбір түрлері бойынша әртүрлі мәліметтер бар анықтамалық басылымдар, кітаптар, монографиялар және мақалалар) .
ГАЖ-да тек мәліметтердің бір түрі ғана сирек қолданылады, көбінесе қандай да бір аумаққа қатысты түрлі мәліметтердің үйлесуі.
3 дәріс. ДЕРЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІ
3. 1. ГАЖ-да нақты әлем объектілерін бейнелеу
Геоинформатикада қарастырылатын нақты әлемнің объектілері кеңістіктік, уақытша және тақырыптық сипаттамалармен ерекшеленеді.
Кеңістіктік сипаттамалар координаттардың алдын ала анықталған жүйесіндегі объектінің жағдайын анықтайды, осындай деректерге қойылатын негізгі талап - дәлдік.
Уақытша сипаттамалар объектінің зерттеу уақытын белгілейді және ағымына қарай объектінің қасиеттерінің өзгеруін бағалау үшін маңызды. Мұндай мәліметтерге қойылатын негізгі талап - көкейтестілік, бұл дегеніміз өңдеу үшін оларды қолдану мүмкіншілігін білдіреді, көкейтесті емес мәліметтер - бұл ескірген мәліметтер.
Тақырыптық сипаттамалар объектінің әртүрлі қасиеттерін, соның ішінде экономикалық, статистикалық, техникалық және басқа да қасиеттерді сипаттайды, негізгі талап - толыққандылық.
ГАЖ-да кеңістіктік объектілерді ұсыну үшін деректердің кеңістіктік және атрибуттық типтері қолданылады.
Кеңістіктік деректер - бір-біріне қатысты кеңістіктегі объектілердің орналасқан жерін және олардың геометриясын сипаттайтын мәліметтер.
Кеңістіктік объектілер келесі графикалық нысандардың көмегімен ұсынылады: нүктелер, сызықтар, аймақтар және беттер.
Объектілердің сипаттамасы объектілердің координаттарын және олардың құрамдас бөліктерін көрсету жолымен жүзеге асырылады.
Нүктелі объектілер -бұл X, Y координаттарының жұбымен ұсынылған кеңістіктің тек бір ғана нүктесінде орналасқан объектілер. Картографиялау масштабына байланысты мұндай объектілер ретінде ағаш, үй немесе қала қарастырылуы мүмкін.
Сызықтық объектілер бір өлшемді бір текті ұсынылады - объектінің ұзындығы, ені аталмыш масштабта көрінбейді немесе маңызды емес. Мұндай объектілердің мысалдары: өзендер, муниципальды аймақтардың шекаралары, жер бедерінің горизонтальдары.
Аумақ (полигондар) - алаңдың объектілер, координаттар жұбының (Х, У) жинағымен немесе тұйық контур түріндегі сызық типті объектілер жинағымен ұсынылады. Мұндай объектілерге белгілі бір ландшафт, қала немесе тұтас континент алып жатқан аумақ жатуы мүмкін.
Бет - оны сипаттаған кезде алаңдық объектілерге биіктік мәнін қосу қажет болады. Бетті қалпына келтіру X, Y, Z координаттарының бастапқы жинағы бойынша математикалық алгоритмдерді (интерполяция және аппроксимация) қолдану арқылы іске асырылады.
Объектілер туралы қосымша кеңістіктік емес мәліметтер атрибуттар жинағын құрайды.
Атрибутивтік мәліметтер - бұл кеңістіктік объектілердің әдеттегі алфавиттік-сандық түрде көрсетілетін сапалық және сандық сипаттамалары.
Мұндай мәліметтердің мысалдары: географиялық атаулар, өсімдіктердің түрлік құрамдары, топырақтың сипаттамалары және т. с. с.
Кеңістіктік және атрибутивтік мәліметтердің табиғаты әртүрлі, сәйкесінше геоақпараттық жүйені құрайтын бұл екеуін манипуляциялау тәсілдері де әртүрлі (сақтау, енгізу, редакциялау, іздестіру және талдау) . Дәстүрлі ГАЖ іске асырылған негізгі идеялардың бірі - бұл бөлек сақтау, және жартылай бөлек өңдеу кезінде кеңістіктік және атрибутивтік мәліметтер арасындағы байланысты сақтау.
Кеңістіктік объектіні жалпы сандық сипаттауға кіретіндер: атауы; орналасқан орнын көрсету; қасиеттер жинағы; басқа объектілермен қарым-қатынасы. Объектінің атауына оның географиялық атауы (егер ол бар болса), оның шартты коды немесе тұтынушы не жүйе тағайындаған идентификатор жатады.
Кеңістіктік және тақырыптық белгілері бойынша бір тектес объектілер сандық картаның қабаттарына біріктіріліп, жеке ақпараттық бірлік ретінде қарастырылады, дегенмен бұл жерде қолдағы барлық ақпаратты біріктіру мүмкіншілігі бар.
3. 2 Мәліметтер құрылымы
ГАЖ-да кеңістіктік мәліметтерді ұсыну үшін мәліметтердің векторлық және растрлық құрылымын қолданады.
Векторлық құрылым - бұл объектілердің геометриясын сипаттайтын координаттар жұбының (векторлар) жинағы түрінде кеңістіктік объектілерді ұсыну (1 сурет) .
1 сурет. Кеңістіктік мәліметтерді векторлық ұсыну
Мәліметтердің растрлық құрылымы екі өлшемді ұяшық түріндегі мәліметтерді ұсынуды жоспарлайды, әрбір ұяшықта жергілікті растрдың сәйкес ұяшығындағы немесе суреттегі объектіні сипаттайтын тек бір ғана мән болады. Мұндай сипаттамалар ретінде объектінің коды (орман, шалғын және т. б. ), биіктігі немесе оптикалық тығыздығы жатуы мүмкін.
Растрлық мәліметтердің дәлдігі ұяшықтың өлшемімен шектеледі. Мұндай құрылымдар әртүрлі ақпараттарды талдаудың және көрнекілеудің ыңғайлы құралы болып табылады.
2 сурет. Мәліметтердің растрлық құрылымы
Растрлық және векторлық құрылымдарды іске асыру үшін әртүрлі мәлімет үлгілері жасалған.
3. 3 Мәлімет үлгілері
Кеңістіктік мәлімет үлгілері - кеңістіктік объектілерді нысандандырылған сандық сипаттауға арналған логикалық ережелер.
Мәліметтердің векторлық үлгілері. Мәліметтердің векторлық құрылымын мәліметтердің векторлық үлгісіне біріктірудің бірнеше тәсілдері бар, ол бір қабаттың объектілері немесе бірнеші қабаттың объектілері арасындағы өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік береді. Мәліметтердің қарапайым векторлық үлгісіне «спагетти»-үлгі жатады (3 сурет) . Бұл жағдайда картаның сызбалық бейнесі «дәлме-дәл» ауыстырылады.
3 сурет. «Спагетти»-үлгі
Бұл үлгіде объектілердің арасындағы қарым-қатынас сипатталмайды, әрбір геометриялық объекті жеке сақталып, бір-бірімен байланыспайды, мысалы, 25 және 26 объектілердің ортақ шекарасы екі мәрте, бірақ координаттардың бір жинағымен жазылады. Объектілер арасындағы барлық қарым-қатынас тәуелсіз есептелуі тиіс, бұл мәліметтер талдамасын қиындатып, сақталатын ақпараттың көлемін ұлғайтады.
Векторлық топологиялық үлгілерде (4 сурет) объектілердің көршілестігі, жақындығы туралы мәліметтер және векторлық объектілердің өзара орналасуының басқа да сипаттамалары болады.
Оң
полигон
Сол
полигон
4 сурет. Мәліметтердің векторлық топологиялық үлгісі
Топологиялық ақпарат желі және доға жинағымен сипатталады . Желі - бұл екі немесе одан да көп доғалардың қиылысуы, оның нөмірі оған тиесілі кез келген доғаға сілтеме үшін қолданылады. Әрбір доға басқа доғамен қиылысқан нүктеде немесе басқа доғаға тиесілі емес желіде басталады немесе аяқталады. Доғалар аралық нүктелермен қосылған кесінділердің кезектілігінен түзіледі. Бұл жағдайда әрбір сызықта екі сан жинағы болады: аралық нүктелердің координаттар жұбы және желі нөмірлері. Сонымен қатар әрбір доғада өзінің сәйкестендіру коды болады, ол қандай желілердің басталуын және аяқталуын көрсету үшін қолданылады.
Векторлық үлгілердің басқа да модификациялары жасалған, соның ішінде беттердің үлгілерін ұсыну үшін арнайы векторлық үлгілер бар, олар бұдан әрі қарастырылатын болады.
Растрлық үлгілер екі жағдайда қолданылады. Бірінші жағдайда - жергілікті жердің бастапқы көріністерін сақтау үшін. Екінші жағдайда тұтынушыларды жекелеген кеңістіктік объектілер емес, шұғыл талдау немесе көрнекілеу үшін әртүрлі сипаттамалары (биіктік белгілер немесе тереңдік, топырақтың ылғалдылығы және т. б. ) бар кеңістік нүктелерінің жиынтығы қызықтырған кезде тақырыптық қабаттарды сақтау үшін.
Растрдың кейбір ұяшықтарының мәндерін, олардың атрибуттарын және қабаттар мен аңыздардың атауларын сақтаудың және адресациялаудың бірнеше тәсілдері бар.
Растрлық үлгілерді қолданған кезде топтық кодтау, блоктық кодтау, тізбектік кодтау және квадроағаш түрінде ұсыну тәсілдері әзірленген растрлық мәліметтерді сығу мәселесі өзекті болып табылады.
3. 4 Мәліметтер форматы
Мәліметтер форматы ақпараттарды қатты дискіде сақтау тәсілін, сонымен қатар оны өңдеу механизмін белгілейді. Мәліметтер үлгілері және форматы белгілі бір мөлшерде өзара байланысты болып келеді.
Мәліметтер форматының көп мөлшері бар. Көптеген ГАЖ растрлық мәліметтерді (TIFF, JPEG, GIF, BMP, WMF, PCX) сақтаудың негізгі форматтарын, сонымен қатар растрлық көріністердің шынайы географиялық координаттарға байланымы туралы ақпараттарды беруге мүмкіндік беретін GeoSpot, GeoTIFF мәліметтерді және ақпараттарды қысу үшін MrSID мәліметтерді қолдайды. Векторлық форматтар арасында ең көп таралғаны - DXF.
Барлық жүйелер негізгі алмасу форматтары: SHP, E00, GEN (ESRI), VEC (IDRISI), MIF (MapInfo Corp. ), DWG, DXF (Autodesk), WMF (Microsoft), DGN (Bentley) арқылы көптеген ГАЖ және САПР бірге кеңістіктік ақпараттарды алмасуды (экспорт және импорт) қолдайды. Тек негізінен кейбір отандық жүйелер ресейлік алмасу форматтарын - F1M (Роскартография), SXF (Әскери-топографиялық қызмет) қолдайды.
Бір компьютерлік операцияларды тиімді жүзеге асыру үшін көбінесе векторлық форматты, ал басқалар үшін растрлық форматты таңдайды. Сондықтан кейбір жүйелерде белгілі бір форматта мәліметтерді манипуляциялау және векторлық форматты растрлық форматқа түрлендіру қызметі және керісінше растрлық форматты векторлық форматқа түрлендіру мүмкіншілігі іске асырылады.
3. 5 Мәліметтер базасы және оларды басқару
Кеңістіктік объектілер туралы сандық мәліметтердің жиынтығы көптеген кеңістіктік мәліметтерді түзеді және мәліметтер базасын құрайды.
Мәліметтер базасы (МБ) - мәліметтерді жалпы сипаттау, сақтау және манипуляциялау принциптерін белгілейтін белгілі бір ережелер бойынша ұйымдасқан мәліметтердің жиынтығы.
МБ құру және оларға жүгіну (сұраныс бойынша) мәліметтер базасын басқару жүйесінің көмегімен іске асырылады (МББЖ) .
Мәліметтер базасы элементтерінің логикалық құрылымы МБ таңдалынған үлгісімен белгіленеді. МБ ең көп таралған үлгісіне иерархиялық, желілік және реляциялық және объектілік-бағдарлық үлгілері жатады.
Иерархиялық үлгілер ағаш түріндегі құрылымды ұсынады, бұл жағдайда әрбір жазба одан жоғары деңгейде тұрған бір жазбамен ғана байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz