Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.
Саяси мәдениет. Саяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін саяси мәдениет ұғымы қолданылады. Бұл ұғымды алғаш неміс ағартушысы, философ И.Гердер (1744-1803) қолданысқа енгізген. Саяси ғылымға оны нақтылы мазмұнда кірістірген америкалық саясаттанушы - Г.Алмонд. Саясат субъектілері өз әлеуметтік мүдделерін іске асыруға әрекет жасағанда, олардың іс-қимылдары ой-сана сүзгісінен өткізілген саясат әлемі турасындағы белгілі бір түсініктерге негізделеді. Бұл түсініктердің мән-мағынасы қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет арқылы, яғни тұрғын халықтың көпшілігіне ортақ саяси құндылықтар жүйесі арқылы анықталады. Басқаша айтқанда, саяси мәдениет саяси іс-қимылдардың бағыт-бағдарын туралап, оларға мән-мағына беріп отырады. Саяси мәдениет деп қоғам мүшелерінің саяси тәжірибесін реттеп, саяси мінез-құлқын жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормаларын, саяси құндылықтар, идеалдар, наным-сенімдер, бағыт-бағдарлар, дәстүрлер мен рәміздер жиынтығын айтады. Саяси мәдениет жеке тұлғалардың билікпен арақатынасын реттеп, қоғамды белгілі бір ортақ мақсат-мұраттар төңірегінде бірігуге, сөйтіп азаматтық үйлесімділік пен тұрақтылыққа жетелейді.
Америкалық саясаттанушы ғалым Г.Алмондтың пікіріне жүгінсек: саяси мәдениет осы бір берілген саяси жүйе қатысушыларының жекелеген ұстанымдары мен бағадарларының жиынтығы болып табылады. Бұл дегеніміз - саяси іс-қимылдардың негіздемесін құрайтын және соларға мән-мағына беретін субъективтік сала. Біріншіден, мұнда саяси мәдениет - саяси іс-әрекетке деген бағдарлардың жиынтығы екені, яғни іс-әрекеттің өзі емес, тек соған деген субъективтік нұсқама ғана екендігі білдіріледі. Екінші жағынан, ол саяси бағдарлардың құрылымын былай анықтайды:
а) саяси жүйе туралы, оның рөлі, қызметі, саяси шешімдерді қабылдауға әсер ету мүмкіндіктері, айла-тәсілдері туралы білімдер - білімдік бағдарлар;
ә) саяси жүйе, оның құрылымы, қызметтері, қоғам өміріндегі рөлі және осыларды орындаушы саяси қызметкерлер жөніндегі сезімдер - сезімдік бағдарлар;
б) саяси жүйе, оның қызметтері, рөлі туралы құндылықтық мәні бар пікірлер, пайымдаулар мен түсінімдер - құндылықтық бағдарлар.
Г.Алмондың мойындағанындай, бұл ұғым сырт қарағанда бірдей болып көрінетін саяси жүйелердің сапалық өзгешеліктерін, яғни іс-әрекеттері нәтижелерінің неліктен әртүрлі болып шығатынын түсіндіруге мүмкіндік береді. Формалдық жағынан біркелкі сияқты саяси жүйелердегі бұл өзгешеліктер саяси мәдениет деңгейіне байланысты болады.
Саяси мәдениеттің қызметтері. Саяси мәдениет қоғам өмірінде мынадай қызметтер атқарады:

* адамдардың қай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге мүмкіндік беретін бірегейлендіру қызметі;
* саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын бағдарлау қызметі;
* саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын бейімдеу және әлеуметтендіру қызметі;
* әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегінде бірігуіне бағытталған интегративтік қызметі;
* саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір таптаурындар (стереотиптер), әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын коммуникативтік қызметі.
2. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

20 ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары саяси әлеуметтану деген ұғымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
«Әлеуметтану» дәрістер
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Саясаттанудың негізгі парадигмалары
Мәдениет морфологиясы туралы
Саяси мәдениетке анықтама
Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау
Саяси мәдениеттің типтері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Пәндер