Саясаттанудың негізгі парадигмалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Саясат ғылымының пайда болуы, қалыптасуы.
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді, -- деп түсіндірген.
Саясаттану сөзі (политология) гректің политика және логос деген сөздерінен шыққан, яғни саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән - мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни - мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды.
Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни - мифологиялық танудың орнына философиялық - этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары - Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат - мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.
Орта ғасырда саясаттың діни - этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы - Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады.
Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс - тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты.
Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді.
ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857 жылы АҚШ - тың Колумбия коледжінде профессор Фрэнсис Либер Тарих және саяси ғылым деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда меклекеттік аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар ассоциациясы құрылды.
Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де Саясат ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.
Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды.
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.
1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті саяси ғылымдар деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.

Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

Саясаттануды зерттейтін ғылымдардың көпшілігі бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық ғылым деп санайды. Бұл пікірді Бірікке Ұлттар Ұйымының басшылығымен 1948 жылы Парижда өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатысқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар; 2) саяси институттар басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу; 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір 5) халықаралық саясат.
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, , басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзатты демократиялық қоғамдық құқығы, еркіндігі мен міндеттері жеке адамның саяси саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы көзқарастар, жаңаша саяси ойланудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштер туралы түсінік береді. Ол бұрыңғы және қазіргі саяси жүйелерді адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат- мүддесін деп және мінез құлық, іс- әрекеттеріндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстарды өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен падалануын, түрлері мен әдіс- тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстармен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевористік нормативтік және т.б. әдістер жатады.
Салыстырмалы әдіс әртүрлі елдердегі саясат құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орынын, қызметін айналадағы орта мен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет жән т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйікті, заманына қарай, бұрыңғы, қазіргі және болашақтың айналасын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала тынып- білуді талап етеді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Парадигма (гректің paradeiqma-теория, үлгі деген сөзінен) - зерттелетін мәселені шешу
үшін үлгі тетінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде
білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын
теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік,
әлеуметтік және тыйымды - сыни деп жүйелеуге болады.
Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдай құдіретімен түсіндіреді. Бұл
парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған.Ол кезде
барлық әлеуметтік - саяси құрлыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды
делінді.
Натуралистік парадигма. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен,
атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен
түсіндіреді.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар
арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан
шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі (құрылысы) қажетті түрде өзіне сәйкес
қондырма тудырады деді. Яғни белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық,
философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып,
дамиды.
Танымды(рационалды) - сыни парадигма. Ол саясаттың табиғатын оның өз
ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементерімен түсіндіреді. Оны жанжалдық және
мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М. Вебер, Дьюи, Э.
Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа
шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен олардың түрлері осындай.

4.Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.(тарих,
философия, құқық негіздері, психология, мәдениеттану, саяси экономия т.б.)
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінін зерттеу объектісі ортақ- қоғамдық өмір. Олар бірталай ұғымдары да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымның өзіндік мәні бар. Сондағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа- табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті сабептерін, тухани және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа да пәндер сияқты саясаттану жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыда дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарын нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану экономиклық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономилық тұрғыдан дәледей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қалыптастырады. Құқық К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық- әдістемелік негізгі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.
Саясаттану жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын прцесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасашы адам болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс- тәселдерді пайдалануға байланысты күшейте түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйікті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың даму туралы деректерді жинап, суреттейді.
Аты аталған ғылымдардармен қатар саясаттан басқа да адамгершілік ғылымдармен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде заманымыздың талабына сай келетін іргелі ғылымдар енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны - саясаттану негіздері.
Cаясаттану (политология сөзі гректің Politike сөзі мемлекеттік немесе қоғамдық іс, мемлекетті басқару өнері және Logos - ілім, саяси ғылым) немесе саясат туралы ілім деген мағынаны білдіреді.
Саясаттану қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Саясаттану адамдарға саяси қажеттіктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды. Десе де мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналылығы мен белсенділігіне байланысты.
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниедүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.

Саясат субъектілері.

Адам - саясаттың субъектісі мен объектісі. Субъект - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады.

Саяси институттар.

Саясиинституттар - құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.

Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген және конвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.

Саяси бостандық

Мемлекеттік қызметке кіру - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Бірлесу бостандығы құқығы - азаматтардың өздерінің мүдделеріне сәйкес ортақ мақсатқа жету үшін ерікті көңіл білдірудің негізінде ерікті құрама құру мүмкіндігі.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар - адамға өз мүмкіндігін материалдық өндіріс саласында жүзеге асыру үшін қажет екендігін айта кету керек

Еңбек ету бостандығын - әркімнің өз қабілетіне қарай еңбек таңдау мүмкіндігі.

Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).

Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі замандағы басты саяси ой - ізгілікті мемлекет құру идеясы. Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын "Саясат", "Мемлекет","Заңдар" атты еңбектерінде қарастырған. Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың "дұрыс" және "бұрыс" формалары кездеседі.

Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы қояды .Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс; 1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі. Әрбір сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.

Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі "Саясат", "Афиналық полития", "Этика""Риторика" деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып, мемлекет- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да мемлекетті "дұрыс" және "бұрыс" формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді.Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заңболса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің әрі қарай дамуына жағдай жасады.

Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасауды қажегтілігін түсінунен деп ұғындырады. Алғашкы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең назар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті бөлу теориясында одан әрі дамтылды.

Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді.

Ежелгі грек ойларының дәстүрлері негізінде Цицерон мемлекеттік құрылымының әртүрлі формаларына талдау жасауға, бір формалармен екнші форманын пайда болуына, сонымен бірге олардың ең дұрыс формаларын іздеуге және т.б. мәселелерге үлкен көңіл бөлді. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), опти-маттарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді.

Мемлекет пен құқық мәселелеріне арнап орасан зор мұра қалдырған Цицерон құлдықты қалыпты жағдай жәнс әділетті іс деп есептейді. Оның айтуынша құлдықтың әділетті болуы, оның мұндай адамдарға пайдалы болуынан, өйткені саналы түрде жүргізілген құлдық олардың (құлдардың) пайдасы үшін жасалады. Нағыз азаматтардың міндеттеріне, Цицерон ақиқатты тануды, әділеттілікті, білімділікті және сабырлылықгы жатқызады. Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне қол сұқпауға, әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге және жалпы игілікпен еңбек етуге тиіс.

7.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли).
2.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли).

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше . Бұл дәуірде рухани дәуірде дін түгелдей үстемдік етті.Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік шіркеудің , папалықтың және ақсүйек феодалдардын арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян - кескі күрес болып тұрды . Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керекпе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды .

Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді , ал оған мұндай абырой , беделді берген құдай . Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады . Бұған ақсүйектер көнгісі келмей , билікті өз қолдарында ұстағысы келді .

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин ( 354-430 ) еді . Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп , жетілдірді . Оның " Құдай қаласы туралы " деген еңбегінде саяси көзқарастары баяндалған . Аврелий Августин әлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы және оның сөзімен айтқанда дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен болған іс деген идеяны жақтаушы ғалым. Адамдардың жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандықтары олардың құдай алдындағы жасаған күнәларынан деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызметкерлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсалюттік билікті жақтаған. Августинизм әлі күнге дейін христиан дініндегі протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп саналады.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап , шыңына жеткізген монах Фома Аквинский ( 1225 -- 1274 ) болды . Оның саяси көзқарастары " Билеушілердің басқаруы туралы " , " Теологияның жиынтығы " деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді . Атап айтқан да , ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды . Жалғыз адам өз мұқтаждығын , қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды . Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді . Мемлекеттік биліктің мақсаты - " ортақ игілікке " жету , адамдарға лайықты , ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау . Ол үшін феодалдық - сословиелік жіктелудің сақталуы шарт . Жоғарғы сословиеrе бәрі бағынуы тиіс . Фоманың ойынша , билік құдайдың құдіретімен орнайды . Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы ке рек , оның түсіндіруінше , аспанда құдай , жерде Рим папасы билеуі тиіс . Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды . Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді . Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға , оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс .

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси Ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли ( 1469 -- 1527 ) болды . Оның атақты шығармалары

" Патша " , " Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар " , " Флоренцияның тарихы " .

Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды . Шындықтың белгісі сенім емес , тәжірибе деп білді . Ол мемлекет деген атауды ғылымға , әдебиетке бірінші боп кіргізді . Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым - қатынасы деп ұқты . Ол республикалық мемлекетті , еркіндікті , теңдікті қалады . Мемлекет ерікті болса ғана қуатты , абыройлы бола алады . Патша рақымсыз , сараң , опасыз , қаһар болмай , қайырымды , адал , қамқоршыл , мырза болуға тырысуы керек . Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде , Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес , алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады . Ол мақсатқа жету үшін амал , айла ның қай түрін болса - да қолдануға кеңес берді . Мемлекеттің басын қосып , жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады . Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір - ақ рет қолданылуы керек .

Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай , " мақсат әдіс , тәсілді ақтайды " деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті . Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп , өздерінің қара ниет терін ақтағылары келеді
8. Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
.Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)

XVII ғасырда буржуазиялық революция ең бірінші Англияда болды.Ол феодализмге соққы беріп,капиталистік қатынастың дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс ( 1588-1679 ) .Оның ойынша , мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды . Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құкы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп , барлық билікті мемлекетке берді . Ол монархиялық мемлекетті ұнатты .

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье ( 1689-1775 ) әр халықтың адамгершілік бейнесін , оның заңдарының айырмашылығын , қоғамның дамуын Географиялык ортаға яғни ауа райына , топырағына , жер бедеріне , көлеміне , т.б. байланыстырды . Бостандық - заң неге ерік берсе , соны істеу . Саяси бостандық экономиканың , өндірістін , сау даның дамуына әсер етеді . Ол сөз , баспасөз , ұждан бостандығын жақтады . Мемлекет азаматтарды өмірге кажетті каражаттармен камтамасыз етуге міндетті . Бостандықты баянды ету мақсатын да жане тоңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын , атқарушы және сот билігі етіп болу керек деді .

Францияның ойшыл - ағартушысы Жан Жак Руссо ( 1712 1778 ) ұсақ буржуазиянын , шаруалардың мүшесін қорғады . Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санаған болатын. Еркіндіктің кепілі теңдік , ал теңдік саясатта ғана емес , мүлікте де болуға тиіс . Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей , адамдар арасында теңдікті сақтауы керек . Руссо тікелей халык билігін ұсынды . Егер елдің жері үлкен болса , халықтың өкілдігін қолдануға болады . Бірақ бұл ретте депутат халык кызметшісі болуға тиіс . Руссо оқтын - оқтын халық жиналысын өткізіп , онда үкімет есеп беруін талап етті .

Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант ( 1724 - 1804 ) . Оның саяси пікірлері " Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары " , " Өмірлік бейбітшілікке " деген еңбектерінде баяндалған .

Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары : әрбір адам ар - намысының , шексіз құндылықтың иесі, қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс , айла , құрал болуға тиіс емес . Адам бір іс істегенде өнегелік , адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек . Кант мұны " категориялық императив " деп айтады . Оның мәні -- әрбір адамның іс әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс . Кант басып алушы , тонаушылық соғысты , оған дайындықты әшкерелейді . Ол Тәр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы ха лықаралық сауда мен өзара қарым - қатынасты , бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білед
9. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи және т.б.)

Қазақ қоғамында да саяси ой-пікірлер қалыптасуының түп тамыры ерте Замандарға барып тіреледі. Мысалы, Қазақстан жерін қола дәуірінде Мекендеген андроновшылар мен сақтардың қауымдық-саяси қатынастар Туралы ойлары мифологиялық деңгейде болған. Мысалы, андроновшылар о Дүниелік өмір жер бетіндегі тіршіліктің жалғасы деп есептеді. Олардың аңыздары бойынша ажал құдайы Яманы өлікті матаушы деп атады.Андроновшылардан сақтарға отқа табынушылық және аң стилі ұғымдарыЖалғасты.Саяси білімдер дамуының мифологиялық кезеңіндегі сақтардың билік Жөніндегі ұғымын патшалардың дулығасының (қола мен алтыннан жасалған) Әшекейлі бас киім) білдіруі осыған нақты мысал бола алады. Бас киімнің Алдыңғы жағындағы күн белгісі - күллі космостың тұтас бейнесі, төрт қанатты Пырақ пен төрт алтын жебе - бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін Барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің Өзгеше бір белгісі. Бас киімнің алдыңғы жағын сақтар жалғанның шығыс жағы,Артқы жағын - батыс жағы деп есептеген. Осындай тәжді кигізу көсемге күллі космосты билеуді тапсырды деген Түсінік білдірген. Көсем - дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей Болған, ал оның киіміндегі нышандардың бәрі мифологиялық ұғымдар Саяси білімдердің мифологиялық кезеңіндегі Іле өлкесіндегі сақ Тайпаларын ығыстырып жаңа тайпалық одақтар құрған - үйсіндер. Қарғалы Диадемасында бейнеленген қоғамдық ой-пікір бойынша: әлемді басқарушы Құдайлар, құдайлардан кейінгі адамға жан беруші әйел, құдайлар мен Адамдардың арасындағы байланыс күші жануарлар, ал барлық тірі жандарға Өмір нәрі болатын өсімдік, жасыл табиғат деп түсінген. Сол кездегі Қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған Ойшылдар: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауй Болды.

10.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)

(Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).
XІX ғысырдың ІІ жартысында қазақ даласында саясиәлеуметтік, экономикалық жағдай өте ауыр болды. 1822 жылы Ресей патшасының жарлығынан кейін қазақ даласында хандық институт толығымен жойылды. Қазақ елі Ресей империясының құрамына губерния ретінде кірді. Елдегі саяси билік түгелімен Ресей шенеуніктерінің қолына көшті. Губерниялардың басшысы генералгубернаторлар патша жарлығымен бекітіліп отырды. Жергілікті қазақтарға бұл шен (губернаторлық) түгелімен бұйырмады. Қазақтар тіпті уезд басшысы болуға да құқықтары болмады. Қазақ халқы отаршылықтың қамытын біржолата киді. Отаршылық қазақтарды ең бастысы саяси тәуелсіздіктен айырды. Хандық билікпен бірге елдің қоғамдық статусы да жойылды.Елдегі феодалдық-рулық тартыстар мен жанжалдар және патша үкіметінен шен-шекпен дәмелі сұлтандар елдің берекесін алды. Оған ішкі Ресейден қазақ даласына қоныс аударып келген шаруалардың жергілікті халыққа қысым көрсетіп, шұрайлы жерлерін тартып алуы тағы қосылды. Бір сөзбен айтқанда, отарлау саясаты басталды. Мұның барлығы да, мүлгіп жатқан қазақ қоғамына әсер етпей қоймады. Әсіресе, орыс патшасының қазақ жеріне саяси тұтқындарды жер аударуы бұл процеске жаңаша серпін берді. Ел ішінде көзі ашық, орыстың жер аударылып келген зиялы қауымымен араласа бастаған алдыңғы қатарлы өкілдері сол заманға байланысты өз ойларын білдіре бастады.

11. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институтгар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді (ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б. Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекетгік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды баскару органдары кіретін ете ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа тұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келед
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді., Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шетгетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар ұйымдар және т. б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 -- 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 -- 1753) болды.
3аң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясатгың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы үкіметпен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент кабылдаған зандардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Біраз елдерде сотгың тәуелсіздігін және әдіддігін қамтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді.
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматгардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса сондықтан олардан қаймықса, халықтың мұңын мұндаса, шынында да, төртінші билік емей немене?
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Мысалы, сонғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады; құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекетгік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т.б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес (монархиялық -- корольдік, патшалық және т. б. -- - президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т. б. билігі) болып топталады; 5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, баска түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық және т. с. с. билігі болып жүйеленеді.
Билік, меслекттік саяси...
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бүл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
Натуралистік парадигма
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Саяси түсіндірме сөздік
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны
Саяси ғылымның зерттеу объектілері
Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
Теологиялық парадигма
Пәндер