Ми және психика: сана, бейсаналық және жоғары жүйке әрекетінің рефлекторлық негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ми және психика. Сана күйлері. Сана және бейсаналық.

Орындаған: Ибрагимхалилла Айару

Тексерген: Райс Гүлдана

Топ : 206, шет тілі : екі шет тілі

Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика - ерекше ұйымдасқан материя - мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, ӛсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша ӛсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, ӛзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, әрекеті, ӛте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі - мына тӛмендегілер:
1) Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
2) Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
3) Медициналық клиника фактілерін зерттеу.
4) Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің ӛсіп-дамуын зерттеу.

Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды - ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатан бас миындағы өзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл көзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда көру, есту, ойлау, еске сақтау, және сөйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т. б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау - психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.
Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы - бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін нервінің уақытша байланысы болып - негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе ӛздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі - сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы нерв әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.
Ағзаның психикалық әрекеті кӛптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері - әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері - оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері - бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика, сана және жүйке жүйесі: теориялық және физиологиялық негіздер
Психика мен сана: эволюциясы, құрылымы, жүйке-физиологиялық негіздері және психологиялық қорғаныс механизмдері
Ми мен психика: сана мен психикалық процестердің құрылымы және эволюциялық дамуы
Жоғары жүйке қызметі мен рефлекторлық механизмдер: шартты және шартсыз рефлекстер
Философиядағы сана мәселесі: теориялар, бейсаналық және қоғамдық сана
Жоғары жүйке әрекетінің баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы
Шартты және шартсыз рефлекстер: жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы, тарихы және жасалу механизмдері
Психика және сана: теориялық негіздер, құрылым және бұзылыстар
Ми және психика: мектепке дейінгі жастағы балалардың сана-сезімі мен психикасының қалыптасуы және тәрбиенің рөлі
Балаларда жоғары жүйке әрекетінің типтерінің қалыптасуы: физиологиялық және эндокриндік факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz