Жер қазу жұмыстары және фундаменттер құю


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. 4 Тақырып. Жер қазу жұмыстарын жүргізу

Жоспар:

  1. Жер қазу жұмыстарын жүргізудің жарылыс тәсілі.
  2. Қыс кезіндегі жұмыстар.
  3. Қоршаған ортаға әсер ету, рекультивация.
  4. Жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі процесстер.
  5. Топырақтың жіктелуі.
  6. Топырақты төсеу әдістері.

1 сұрақ

Жарылыс жұмыстары топырақ пен тау жыныстарын, күпсек мұздар мен тастақ жерді, ғимарат пен құрылыс конструкцияларының бүлінуін өңдеу мақсатында қолданылады.

Жарылыс деп жарылыс заттарының тез ыдырауы нәтижесінде үлкен көлемде газ бен жылудың түзілуін атайды.

Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде аммониттер, диамиттер, аммонитті селитра мен қара порохтарды жарылыс заттары ретінде пайдаланылады. Жарылысты не отты, немесе электрлі тәсілмен жүзеге асырады. Отты тәсіл үшін әдетте бикфорд бауын, ал электрлі жарылыста 25-тен 100-ге дейінгі зарядттарды жаруға мүмкіндік беретін - қолмен әрекет ететін жарылыс машиналарын қолданады.

Жарылыс процесі кезінде жарылыс заттарын жару жүргізілетін жыныс массивтерінде әрекет етудің 4 сферасы құрылады: сығу, шығару, жұмсарту, теңселту.

Жыныстарды ұсату мен жұмсарту үшін жүргізілетін жарылыс жұмыстарынан болтын шағын әсерлер мықты және қатты жыныстарда, ал аз әсерлер тұтқыр жыныстарда (негізінен қатып қалған топырақта) жүзеге асады.

2 сұрақ

Қысқы жағдайда жар қазу жұмыстары өндірісінің, топырақ құрамының өзгеруіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері болады.

Қату тереңдігінің жылдамдығы көбінесе топырақтың гранулометриялық құрамы мен ылғалдың сыртқы темпиратурасына байланысты. Қатқан топырақ жабысқақ болып келеді, соның арқасында оны соққылы құралдармен және машиналармен өңдеу қиынға түседі.

Қыс уақытындағы жер қазу жұмыстарын өрдіру кезіндегі барлық іс-шараларды келесі үш топқа біріктіруге болады:

1. топырақты қатып қалудан сақтау;

2. қатып қалған топырақты жұмсарту немесе тілу;

3. қатқан топырақтың еруі.

Топырақтың бетін алдын-ала механикалық өңдеу, топырақты жылыту және басқа да арнайы іс-шараларды жүзеге асыру арқылы топырақты қатып қалудан сақтауға болады.

Егер топырақты қыстың бірінші жартысында өңдесе, онда топырақты қатудан сақтаудың прогрессивті тәсілі - алдын-ала (аяздар басталғанға дейін) жұмсарту - топырақты 0, 35см тереңдікке жырту болып табылады.

Егер топырақты қыстың екінші, үшінші жартысында өңдеу көзделсе, онда топырақтың жоғарғы жағына жылыту қабатымен - шым тезекпен, үгінділермен, шлакпен жабу керек болады.

Қопсыту механикалық және жарылыс тәсілдері арқылы жүзеге асады. Соңғы тәсіл топырақтың терең қатуы кезінде және үлкен көлемдегі жұмыстарда тиімді болып табылады.

Топырақтың еруі ыстық су, бу, электр тоғы немесе отты тәсіл арқылы жүзеге асады. Топырақты сумен немесе бумен жылыту пар немесе сулы циркуляциялық инелердің көмегімен жүргізіледі. Электр тоғы арқылы топырақты жылыту электродтардың, электроиналердің (әртүрлі конструкциялы) және электропештердің көмегімен орындалады. Электрпешінің көмегімен топырақты жылыту қатудың шағын тереңдігінде қолданылады. Қатып қалған топырақты ерітудің отты тәсілі төтенше жағдайларда (авариялық жұмыстарда) және аз көлемді жұмыстарда пайдаланылады.

3 сұрақ

Жер қойнауына басып кіру табиғатқа жалпы, кейде сезінерліктей ықпал етуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда ауылшаруашылық алқаптар қолданыстан шығып қалады, ормандарға зиян келтіріледі, аймақтардың гидрогеологиялық жағдайлары, жергілікті рельфтер мен әуе ағымдарының қозғалысы өзгеріске ұшырайды, жер беті, әуе және су бассейндері өндірістік қалдықтармен ластанады.

Ашық өңдеулер жүргізілген орындарда өсімдіктер, жергілікті хайуанаттар, топырақ жойылады, көп ғасырлық геологиялық қабаттар жүздеген метр тереңдікке аударылады. Тереңнен алынған жыныстар өсімдіктер мен жануарларға улы болуы мүмкін. Бұл «өндірістік шөл» деп аталатын тіршілігі жоқ кеңістіктің түзілуіне әкеп соғады.

Тау жұмыстары кезінде бүлінген жерлерді рекультивтеу, жер учаскелерін қауіпсіз жағдайға келтіру аса маңызды болып табылады. Бұл жерлер ауыл, орман, балық шаруашылығында демалыс аймақтарын жасау үшін қолданылуы мүмкін.

Рекультивация - бұл жерді құнарландыру, қоршаған ортаны сауықтыру және жаңартылғын, эстетикалық толыққан ланшафтыларды конструкциялау болып табылады.

Террикондар - бұл бос жынысты шахталардан алынған қайырмалар. Олар негізінен қалалық жерлердің жүз мыңдаған гектарын алып жатыр және құрылыс пен жаңа тұрғын үйлерді жабдықтауда көптеген қиындықтар туғызады.

4 сұрақ

Жер қазу жұмыстарының өндірісі төрт процесстен тұрады:

а) өңдеулер

б) қазулар

в) төсеу орындарына тасымалдаулар

г) төсеулер

Топырақты өңдеу, оны қазу, тасымалдау және төсеу әртүрлі әдістермен (механикалық, гидравликалық) және әртүрлі машиналар мен механизмдердің көмегімен жүргізілуі мүмкін.

Топырақты өңдеу:

а) механикалық тәсіл арқылы (жер қазу машиналары мен механизмдердің көмегімен) ;

ә) гидромеханизмдеу әдісі арқылы (гидромониторлар, жер снарядтары және т. б. ) ;

б) жарылыс тәсілі арқылы жүргізілуі мүмкін.

шұңқырларды өңдеу екі тәсіл арқылы жүргізіледі: бойлық және ендік. Жер қазу жұмыстарын жүргізудің бойлық тәсілін қолдану кезінде топырақ массасы ғимараттың бойлық осін бойлап тасымалданады, ол үшін арнайы тасымалдау құралдары қолданылады. Ендік тәсілді қолдану кезінде топырақ құрылыстың бойлық осіне перпендикуляр (немесе оған жақын) бағытта орын алмастырады, әдетте топырақты өңдейтін: экскаватор, скрепер, т. б. сол сияқты жер қазу механизмдерінің көмегімен жүргізіледі.

Топырақты шұңқырдан (карьерден) төсеу орындарындағы үйінділерге жеткізу сондай жерқазу-транспорттық механизмдердің немесе арнайы транспорттық құралдардың көмегімен орындалуы мүмкін. Топырақты транспорттау жүйесін таңдау:

1. Топырақ түрі мен өңдеу әдісіне;

2. Жалпы және тәуліктік тасмалдаудың көлеміне;

3. Тасымалдаудың қашықтығы, аймақтың бет-бедеріне және жол ерекшелігіне;

4. Үймелер немесе үйіндіні тұрғызу әдісіне байланысты жүргізіледі.

Топырақты транспорттаудың арнайы құралдары механикалық және гидравликалық болып бөлінеді.

Топырақтың гидравликалық транспортталуы екі схема бойынша: бұрышқа жақын, өз бетімен, лотоктар бойынша қозғалу кезінде және құбырларды қысу әсерімен жүзеге асуы мүмкін. лотоктар бойымен өз бетімен гидравликалық траспорттау кезінде арнайы елеуіш-бункерде топырақ сумен араласады немесе топырақты гидромониторлы өңдеу кезінде дайын қоспа түрінде сумен (қойыртпақ (пульпы) ) ағады. Бұл тәсілді жоғары нүктеде орналасқан топырақты төменге тасымалдау үшін пайдалануға болады.

Жер құрылысы немесе үйінділерге топырақты төсеу транспорттық құралдар мен жерқазу машиналарынан төгу жолымен немесе гидромеханизм құралдарымен жуып-шайу арқылы жүргізілуі мүмкін

5 сұрақ

Тілу мен қазылу кедергісі бойынша барлық топырақ VIII категорияға бөлінеді:

І - құм, жеңіл және орташа құмайтты топырақ, ылғалды және қопсытылған саздақтар.

ІІ - саздақтар, ұсақ және орташа қиыршықтастар, жұмсақ (жеңіл), ылғалды және қопсытылған саз.

ІІІ - тығыз саздақтар, орташа және ауыр, дымқыл, қопсытылған саздар, жеңіл көмір.

IV - үшкіртасты және малтатасты ауыр саздақтар, ауыр және өте ауыр, ылғалды саздар, қаттылығы орташа көмір, әлсіз цементтелген конгломерат.

V - орташа тақтатастар, ауыр, құрғақ саздар, бор, гипс, беріктігі орташа мергель және тақтатастар, қатты көмір.

VI - ұлутас, жұмсақ әктастар, кеуек бор, гипс, мергель және беріктігі орташа тақтатастар, қатты көмір.

VII - тақтатастар, мергель, қатты бор және гипс, қаттылығы орташа әктастар, ұсақ құмтас, қатып қалған топырақтар.

VIII - тасты жыныстар.

6 сұрақ

Қиыршықтасты-малтатасты топырақты төсеу, таспен толтыру сияқты жұмыстар көбінесе құрғақ шашу тәсілімен жүргізіледі. Құмайтты-саздақты грунт пен сазды төсеу қолайлы ылғалдықта грунтты төгу және оны төсеу кезінде тығыздау арқылы жүргізіледі. Құмды құю жолымен төсейді, қайта оларды төгу арқылы төсеу қиынға түседі.

Грунтты төсейтін барлық үйінділерді 3 түрге бөлуге болады:

а) инженерлік құрылыстар немесе қажетті үймелер;

б) котловандарды, траншеяларды және т. б. қайта толтыру;

в) артық және қажетсіз грунттарды орналастыратын үйінділер.

Саздақты және сазды грунттардың сапалы үйілген топырағы негізінен қабат-қабат болып тұрғызылады. Басында әрбір қабатты белгілі-бір биіктікке дейін толтырады, содан кейін тегістеп, белгіленген тығыздыққа дейін төсейді.

Грунттарды қабатпен төсеу кезінде оларды тығыздау көбінесе үлкен салмақты тегістеуші (каток) машиналар көмегімен жүргізіледі. Бұдан басқа, төселген грунттарды тығыздау мақсатында олардың үстімен автокөліктер мен тракторларды жүргізеді. Бірақ бұл тәсіл тегістеуші машиналарға (каток) қарағанда біркелкі тығыз болып шықпайды.

Грунтты гидравликалық транспорттау кезінде оны құрылыстарға төсеу суландыру тәсілі арқылы орындалады және жер бетінде де, су астында да жүзеге асуы мүмкін. Қозғалыс жылдамдығы төмендегенде грунт бөліктерінің пульпадан түсуі байқалады.

Үймелерге грунтты гидромеханикалық төсеу кезінде жуудың екі негізгі әдісі қолданылады: біржақты және екіжақты.

Біржақты жуу кезінде, транспорттау қойыртпаққұбырдан қойыртпақтың шығарылуы құрылыстың өсімен жүзеге асқанда, үйіндінің орталық бөлігіне ірі бөлшектер түседі, ал қиябеттерде - ұсақтау, бірақ онда да құм бөліктері түседі. Шаң-тозаңды және балшықты бөлшектер сумен бірге құрылыстан тысқары ағып кетеді. Мұндай жуу жүйесінің нәтижесінде үйіндінің салыстырмалы біркелкі құмды денесі пайда болады. Екіжақты жуу кезінде қойыртпақтың шығуы бір-бірінен біршама арақашықтықта орналасатын параллель екі жібінен жүргізіледі. Бұндай жағдайда құбырларға жақын жерлерде аса ірі бөлшектер жинақталады, ал ұсақтар бір жаққа қарай ағып және құрылыстан тысқары шығарылады. Алайда ұсақ фракциялардың айтарлықтай бөліктері құрылыс кескінінің орташа бөлігіне түсіріледі, онда тоған пайда болып, ұсақ және шаңды-балшықты бөлшектердің біртіндеп тұнады. Нәтижесінде жер құрылысының біркелкі емес кескіні жүзеге асады, оның орталық зонасы күрделі тозаңды-балшықты бөлшекті ядро болып табылады, ал бүйір қабырғалары құмды бөлшектермен үйілген. Гидромеханикалық тұрғызудың бұл әдісі жер бөгеттерін салу кезінде кеңінен қолданылады.

Тас нобайын тұрғызу. Тасты-нобайлы құрылыстарды тұрғызу тас материалдарының сазды немесе құмды-балшықты қоспасын («таулы масса» деп аталатын) толтырумен жиі жүргізіледі. Бұндай грунттар оларды үлкен биіктіктен тастау жолымен төселеді. Бұл төсеу орындарының үстінде орналасатын каблокранның немесе биік эстакадалардың көмегімен жасалады. Каблокраннан тастау кран бойынша жүргізілген қауғалардан, ал эстакадалардан - және эстакада бойынша қозғалатын самосвалдан немесе арнайы бункерлерден төгу арқылы жүргізіледі. Бірінші және екінші жағдайларда материалдарды қолдану құлама нобайлар нәтижесінде жүзеге асады.

Жер құрылыстарын тұрғызу негізінде бөгеттерді жер суландыру құрылысы тәжірибесінде қолданылатын орман грунттарынан салудың халықтық тәсілі жатыр (Өзбекстанда және Орталық Азияның басқа республикаларында) . Бұның өзінде құрылыс орындарында алдымен араларында су тартып шығарылған және тоған түзілген биіктігі 1, 5-2 м үйінді дамбалар жасалды. Бұл тоғанның суларына құрғақ орман грунттарының кесектерін тастау арқылы орындалды. Суға түскеннен кейін сары топырақ өте жылдам суланып, жайылып жеткілікті тығыз төселді.

Басқандай мысал қатаң қыс жағдайларында үгітілетін жер бөгетінің ядросын кесектер мен қатқан сазды грунттардан тұрғызуға жатады. Қатқан грунт суға түскеннен кейін біртіндеп еріп төселетін грунт салмағымен қалыңдай берген. Бұл үрдіс баяу өтті, және грунттың толығымен еруі мен қалыңдауы бірнеше жылдар бойы жүргізілді.

1. 5 . Тақырып. Негіздер мен фундаменттер.

Жоспар:

  1. Негіздер мен фундамент туралы түсінік.
  2. Фундаменттер типтері мен конструкциялары.
  3. Тіреулі фундаменттер.

1 сұрақ.

Құрылыс қысымын қабылдайтын топырақ сілемдері табиғи негіздер немесе жай негіздер деп аталады.

Құрылыстан негіздерге қысым түсіретін құрылыс элементі - фундамент деп аталады. Жабынды шөгінділердің жоғарғы бөлігінің физикалық қасиеттері өте төмен (қалыңдатылмаған, жоғары ылғалдылық, жел өткізгіштік) болып келеді, сонықтан да іргетасты тереңдету қажет. Одан басқа фундамент көмекші функцияларға ие. Ол негізгі құрылыс материалдарын төмен темпиратурада грунтпен түйісуден пайда болған бүлінулерден қорғайды, подвал орындарын жасауға мүмкіндік береді.

Фундаментті жерден бөліп тұратын бөлігінің жоғарғы шекарасы - фундамент шеті деп аталады. Фундаментке өзі орналасатын құралдар да қысым көрсетеді, - бұл фундаменттің табаны мен қырына әсер ететін грунт пен су қысымы. Фундаментті грун суларынан төмен тереңдікте орналастырған жағдайда су фундамент табанына салмақты әсер етеді, ол қарсы қысым деп аталады.

Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қазіргі кезде барлық құрылыс түрлеріне міндетті болып жалпы сынақ есептері мен барлық жобалар (фундаменттердің де, бүкіл құрылыстың да) негізінен ақырғы қалпы бойынша жүргізілуі болып табылады.

2 сұрақ.

Фундаменттер типтері бойынша қатты және қатты емес болуы мүмкін.

Қаттылары - бұл бір бүтін тәрізді өзгеретіндер (сілемді тіреулер, домна пештері және т. б. ) .

Қатты еместер - бұл әлсіз немесе топсалы байланысқан жеке элементтер. Көпірлер, жолдар, құбыр жүргізу және соған сәйкес әрбір бөлшек автоматты түрде деформацияланады.

Фундаментті құрастыру кезінде келесілер анықталуы тиіс:

  1. Фундамент материалы мен конструкциясы.
  2. Орналасу тереңдігі.
  3. Орнықтылық жағдайы ( P грунт мүмкіндіктерін қамтитын көлем және S шөгінділер) .

Фундаменттердің келесі түрлері ажыратылады:

  1. Бөлек фундамент (жүргізу, төсеу, ЭБЖ) .
  2. Қабырғалы фундамент (тас дуал) .
  3. Ленталық фундаменттер(күшті жан-жаққа түсіру мақсатында конструкцияның қатты темірбетонды лентаға сүйенуі)
  4. Тұтас фундамент - бұл аса маңызды құрылыстар немесе өте ауыр СЭС құрылысының орнықтылығын арттыруға арналған плита.

Орналасу тереңдігі бойынша:

  1. 5 метрге дейінгі таяз орналасқандар;
  2. 5 метрден терең орналасқандар болып бөлінеді.

Таңдау г/г ерекшеліктері мен грунттардың негізі мүмкіндіктері есебінен жүргізіледі.

Өте ауыр ғимараттарды ұстап тұра алатын тірек фундаменттер жеке орын алады.

Фундаментті орнатудың толық циклі келесі этаптардан тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кен ісінде қолданылатын механикалық машиналар
ЖАБДЫҚТЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНА ОРНАТУ ТӘСІЛДЕРІ
Құрылыс машинасы және жабдықтары
Бульдозер жұмыстарының қажеттілігін тексеру
Құрылыстағы бульдозерлер
Мұнай және газ өнеркәсібіндегі компрессорлар
Қапшағай қаласындағы ойын-сауықтыру кешені
Іңкәй уран кенорны
Іңкәй кен орнының уран арқылы кенденуі
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz