Қазақстан Республикасының бейбітшілік миссиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының бейбітшілік миссиясы

Егемендіктің қазығын қағып, шаңырағын көтергенде ынтымағы жарасқан біртұтас ұлтты қалыптастыру миссиясы айқын болды. Әлем таныған Қазақ елі соғыс атты сұмдықтың жақтаушысы да, қолдаушысы да болмайтынын ашық білдірді. Ол мәселе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойғанымен дәлелденді.

Әрине, бұл оңай мәселе емес еді. Қазақстан кеңестік әскери арсеналдан мұра болып қалған әлемдегі 4-інші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тарта отырып, бейбітшілікті қолдайтындығын ашық мәлімдеді. Ядролық клубқа мүше болу бір ғана Семей аймағында 1949-1989 жылдар аралығында жүргізілген қуаты әртүрлі 500-ге жуық жарылыстың зардабына көз жұма қарап, әлемдегі соғыс отының өршеленуіне май тамызғанмен бірдей болар еді! Қазақстан ол жолды таңдаған жоқ. Бүгінде Елбасының бұл дана шешімі Қазақстанды бейбітшілікті насихаттайтын жер планетасындағы лидерге айналдырды.

Қуаттылығы 30 килотонна болатын алғашқы жарылыс Абай, Абыралы аудандарының тұрғындарына ескертілместен жасалғанын бүгін өкінішпен еске аламыз. Ядролық қару пайда болған уақыттан бері дүниежүзінде жасалған сынақтардың тең жартысы бір ғана Семейде жүргізілуі - Қазақстан халқына жасалған қастандық деп айтуға әбден болады.

Радиация айналадағы тіршілік атаулыны бірте-бірте жоя отырып, күн сайын кең-байтақ даламызды, өзендеріміз бен көлдерімізді улаумен болды. Ядролық алапат полигон маңында тұратын бір жарым миллионнан астам қазақстандықтың тағдырын тәлкекке салып, денсаулықтарынан айырды. Ядролық сынақтардың зардабы күні бүгінге дейін сезілуде. Бұл Елбасының әлем жұртшылығы алдында айтқан сөзі.

Уран қоры жөнінен 2-орында, ал өндіру жағынан көш бастап тұрған Қазақстанның әлемдік атом арсеналын ұстауға мүмкіндігі мол еді. Бірақ, уланған жер мен дімкәс жандардың санын көбейте отырып әлемді мойындатамын деу зор қателік екенін Елбасы кемеңгерлікпен болжай білді. Аштықты да, соғысты да, қудалауды да көрген халықтың ертеңге деген сенімі мен үміті мол болуы үшін, жүзіндегі күлкісімен, жүрегіндегі тыныштығымен өмір сүргені Мемлекет басшысына әлдеқайда артық еді. Президенттің тек қана сөзбен емес, полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қоя отырып, бейбітшіліктің жақтаушысы екенін танытуы - әлем жұртшылығын да бейбіт өмір сүруге шақыруы екенін бүгінде қазіргі таңда әлем түсінді.

Улы дүрбелең басталған 29 тамызды бейбітшіліктің басталған күніне айналдыра білудің өзі - мемлекеттің басты байлығы халық екенін тағы бір дәлелдеді. Осыдан ширек ғасыр бұрын басталған бейбітшілік ұраны келелі жиындарда әрдайым айтылып, жыл сайын күшейіп келеді. Ядролық қауіпсіздікке байланыс­ты АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Қытай секілді бірнеше мықты мемлекетпен келіссөздер жасау - терроризмге қарсы іс-қимылдың және ядролық қарудың экстремистер қолына түсуіне жол бермеудің маңыздылығын арттыра түсті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы да Елбасының бастамасын қолдап, Семей полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күні деп жариялады. Яғни, жүздеген мемлекеттің қарапайым тұрғындарының қолдауы әлемдік жойқынды тоқтатуға үн қосты!

Осы ретте биылғы жылы Мемлекет басшысы Корнеги қорының штаб-пәтерінде ұлттардың соғыстар мен қақтығыстардың алдын алу жөніндегі келісілген іс-қимылды айқындайтын Әлем. ХХІ ғасыр атты манифеске қол қойып, Қазақстанды күллі адамзатты бейбіт өмірге бас­тайтын маңызды жобаны жүзеге асыратын ел ретінде танытқанын ерекше атап өткім келеді. Бейбіт әлем құру қарусыздану мен келісімге ұмтылған кісіліктен екенін Елбасы тағы да дәлелдеді дей аламыз.

Жер шарының бейбітшілік клубын құру ядролық қарудан бас тартқанда, кез келген қарусыздану, ешбір соғыссыз болғанда ғана жүзеге асатыны қазіргі террорлық іс-қимылдың күшейіп тұрған шағында ерекше маңызға ие. Жаһан жұртшылығының алдында Қазақстанды ядролық қарудан бас тартқан, атом сынақтарын тоқтатқан ел ретінде әйгілеу - алпауыт елдерге де сөзсіз үлгі. Бұл қадам Қазақстанды, Елбасы Н. Ә. Назарбаевты адамзаттың тыныштығы үшін күрескен бейбітшіліктің бойтұмары екенін айғақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
Монғолияның конституциялық құқығы
Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау
Тұрақты даму концепциясы-2024
Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы қатынастар
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы. ЮНИСЕФ
Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары
Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) дамуы
Біріккен ұлттар ұйымы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz