Әл-фарабидің музыка ғылымына қосқан үлесі
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлгі
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Философия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Әл-фарабидің музыка ғылымына қосқан үлесі
Орындаған: Ерсін Ақжол
Тексерген: Алтаев Джакипбек
Әбу Насыр Әл-фараби (873 -- 950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. Китаб әл-мусики әл-кабир (Музыканың ұлы кітабы) деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп таныды.
Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында құс жолы, Жез табақ, Сыр сандық, Желмая күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен Шұбар айғыр1 күйін шығарады. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің (800 -- 879) еңбегімен танысады.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген.
Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған. Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: Соғыстар мен шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады -- деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын ұрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген.
Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптар қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең жетілген және табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптың жасанды түрлеріне жатқызады.
Әл-Фараби арфаның шығу тегі садақ деп жазады. Әуелгі кезде оған екі ішек ғана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің айтуынша, көне арфаның басы мен шанағы аққудың бейнесінен аумайды екен, ал шығаратын даусы аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің санын көбейту керек деп тапқан.
Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрін екі түрге бөледі:
а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар - арфа, канун;
б ) ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар -- уд, дутар, танбур.
Музыкалық аспаптардың екінші түріне жататындар туралы ғалым былай деп түсіндіреді: ... белгілі бір бөлікті саусақпен басып ойнау ар0ылы қажетті нотанын, бәрін де ала аламыз... Арфа, уд, және чанг сияқты аспаптар ежелгі түркі елінде құңқау, күнқу, етиген деген атаумен аталған. Әл-Фарабидің сүреттеп жазуына қарағанда танбур бес першелі болған. Ол аспаптан шығатын екі дыбыс аралық үнді құлаққа жағымды келетін және жағымсыз деп бөледі. Мұнымен қатар ғалым дыбыстың жақсы шығуына аспап конструкциясының әсері жөнінде, шанақ пен астыңғы және үстіңгі қақпақтардың үні икемделіп келу ерекшеліктері туралы бағалы деректер келтіреді. Өзінің табиғаты, өзінің құрылысы жөнінен, - деп түсіндіреді ғалым, аспаптардың шанағы пернелерді басқанда шығатын ноталарга қосақтала отырып өзі де үн шығарады...
Хорасан танбурының түрі, көлемі де әр түрлі болып келген. Оның мойнында шайтан тиек тұратын жерде екі тесік болған, олар арқылы ішек өткізілген. Ішек мойнының ұшында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан құлаққа оралған. Хорасан танбурында перне саны түрліше болған. Орындаушының шеберлік дәрежесіне, инструменталдық музыканың дамуына қарай перне саны он сегізге дейін жеткізілген. Музыканттар пернелердің орналасуын олардың аралық дыбыстарының тазалығымен байланыстырады. Хорасан танбурында екі ішек әрқилы бұрауға келтірілген. Бұраудың бірі унисонға келтірілген де екі ішектің диапазоны және олардың пернелерде үн шығаруы біркелкі. Шертіп ойналатын аспаттарды оң немесе теріс бұрауға келтіріп, гамма тартып шығу үшін бірінші позицияға төрт перне байласа болғаны. Әл-Фараби анағұрлым жетілдірілген ішекті аспаптар жасап шығару мәселесін қозғай отырып, оларды жетілдірудің жолдары жайында айта кетеді.
Әл-Фараби най, қыпшақ сияқты үрлеп ойналатын аспаптарды, олардың бір-біріне ұқсастыстары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі зерттейді. Үннің, дауыстың неден пайда болатынын, қалай шығатынын теориялық жағынан негіздей отырып, ғалым барлық үрлеп ойналатын аспаптарда үннің шығу сипаты түтіктің ішкі қуысының көлеміне байланысты болатынын дәлелдейді. Түтіктің ішкі қуысы деп оның орындаушы үрлейтін жоғарғы ұшындағы тесіктен бастап, түтіктің үрлеумен пайда болған дауыс сыртқа шығатын жеріне дейінгі аралық аталады. Әл-Фараби ұрып ойналатын аспаптарды даусы тым қатты шығатын, адамның құлағын тұндырып жіберетін ащы дауыстылар қатарына жатқызады және олардың кебінесе үрыс-соғыс жағдайларында қолданылатынын айтады. Сөйтсе де, әл-Фараби оларды музыкалық аспаптар қатарына жатқызған. Бұған дәлел, оның мына сөзін келтірелік: Дойра, танбура, нагора ойнау, әуен ырғағымен қол қағу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz