Қазақстанның білім беру реформалары: оқыту мен бағалаудағы жаңа педагогикалық технологиялар және мұғалімнің рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының

интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын оқу

орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтере алады»

( Н. Ә. Назарбаев)

« Білім гауһар, бағасы жоқ.

Надандық кесел, дауасы жоқ» демекші сөзімнің басын мақалмен жеткізгім келді. Ерекше ақындардың бірі Ыбырай Алтынсарин айтқандай«Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» -деп ақын өз ойын бір қатар өлеңін оқумен барлығы байланысты екенін жеткізе білген. Әр қилы, сонау ықылым заманнан бері санаулы болсада білім алып, өздеріңнің білімдерің шыңдап әлемге танылған ақындарымыз бар екендігі анық емес пе? Барлық адамзат баласы білім алуға лайық.

«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»-деп бекер айтпаған дана халқымыз. Білімді болу үшін көп ізденуің, көп оқуың керек. Сонда ғана еңбегін жанады. Білімді адамдар өте жақсы өмір сүреді. Өйткені болашақта кәсібіңе немесе жұмыс жасауыңа күш жігеріңді, біліміңді қолданасың, бақытты өмір сүресің.

Білімді болу адамның сауатын ғана емес, ой-өрісін де дамытады. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Ал, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі - Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Қазіргі оқытушыларға мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі болуы қажет. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол - сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат.

Қазіргі таңда озық үлгіле білім алу жүйесі оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бұл бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар барысында оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше болмақ . Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталып сараланады.

Оқытушылардың білім беру жүйесінде жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе болып табылады. Білімді, дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер екені анық емес пе?. Ендеше педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор болмақ.

Қазіргі кезде педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын туындатады»

Білім алушы процестерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің ролі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.

Оқу құралының мазмұнында «технология», «педагогикалық технология», «оқытудың технологиясы» ұғымдарына кеңінен талдау жасалынып, оқытудың жаңа технология түрлерінің шығу өзектілігі мен тарихы, оқыту түрлерінің мәні, жетекші идеялары мен тұжырымдамалары, теориялық және технологиялық, әдістемелік құралдарды негізге алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру саласындағы жаңа педагогикалық технологияларды енгізу және мұғалімнің кәсіби даярлығы
Жаңа ақпараттық технологиялар мен мұғалімнің шеберлігі: білім сапасын қамтамасыз ету
Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі және Қазақстанның білім беру жүйесінің трансформациясы
Жаңа технологиялар білім сапасын арттырудағы мұғалімнің кәсіби шығармашылық ізденісі
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялар және оқыту үрдісін басқару
Бейіндік оқыту үдерісінде жаңа білім беру технологияларын қолданудың педагогикалық шарттары
Оқушылар білім сапасын көтеруде мұғалімнің кәсіптік құзыреттігі мен жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі мен педагогикалық шығармашылығы
Жаңартылған білім беру мазмұны: құзыретке бағытталған оқыту және мұғалімнің көшбасшылық рөлі
Орта білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту, ынтымақтастық және компьютерлік тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz