Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Несие нарығы - әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаз­дар түрінде қалыптасуымен және пайдалануымен органикалық тұрғыға байланысты болатыны белгілі. Оның деңгейі қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономика­лық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы­мен, мөлшерімен және бағытымен өлшеніп, анықталады.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел үшіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың түрленуі, ғылыми техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асырылады.
Несие (лат. creditum -- несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.

Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
Несие нарығы дегеніміз - несие ресурстарының түріндегі ақшалай қаражатты сатып, сатып алу бойынша олардың қатынастарының жиынтығы.
Несие нарығының объектілері болып нақты және нақты емес нысандағы ақшалай қаражаттар табылады.Несие тауарларының нақты түріне депозиттер және коммерциялық несиелер жатады.
Несие нарығының субъектілері болып әр түрлі қаржы институттары табылады. Олар сатушылар мен сатып алушыларға бөлінеді.
Несие тауарларының бағасы болып пайыз табылады. Несие бағасы мынадай факторларға байланысты болады: инфляция деңгейі, сұраныс пен ұсыныс қатынасы, ҰБ - тің қайта есептеу ставкасы, несие мерзімі.Несие нарығының пайда болуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары мыналар:
Бос ақша қаражаттарының болуы.

Қаражатқа деген қажеттіліктің болуы.

Ақшалай қаражаттың меншік иелері мен қаржы институттарының көп болуы.
Несие нарығы мынадай қызметтер атқарады:

Ақшалай қаражаттың халықтың арасында қайта бөлуіне ықпал ету.

Ақшалай қаражатты өкімет пен нарыққа қатысушылар арасында бөледі.

Мемлекеттер арасында қайта бөлу процесін қалыптастырады.

Несие нарығы төмендегідей ұстамдарға беріледі:

қайтарымдылық;

мерзімділік;

төлемділік;

қамтамасыздық;

мақсаттылық.
Жалпы несие нарығының негізгі субъектісі болып коммерциялық банктер табылады. Олар бір жағынан жалға алушы және екінші жағынан сол жалға алған қаражатты несие беруші қызметтерін атқарады және бұл операциялар коммерциялық банктің негізгі қаржылық нәтижесін қалыптастыратын дәстүрлі операция болып табылады.
Несие нарығы арқылы жалға алынған капиталды экономиканың сфералары арасында бөлу және қайта бөлу, қорлану жүргізіледі. Несие нарығының маңызы қандай ақша капиталының қолданылатынына байланыссыз болады.
Несие нарығы арқылы өндірістің және тауар айналымының өсімі, капиталдың қозғалысы, ақшалай жинақтардың трансформациясы, ғылыми техникалық революция, негізгі капиталдың жаңаруы жүргізіледі.
Несие нарығының негізгі қатысушылары ретінде кредитор мен жалға алушы қатысады. Кредитор қарыз беруді жүзеге асыратын несие мәмілесінің қатысушысы. Тауар өндірісінің алғашқы сатысында кредиторлық қызметпен жеке тұлғалар айналысты. Оның дамуының нәтижиесінде ақшалай кредиторлар ретінде банк мекемелері дами бастады. Ал тауарларды қарызға беру кезінде кредитор болыр тауар өндірушілер табылды.
Қарыз беру үшін кредитордың қолында қажетті қаражат болуы керек. Оның көздері болып жеке қорлар, және ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен қайтарымды негізде алынған ресурстар табылады.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында банк кредитор қарызды тек жеке қаражаты көзінен ғана емес, тартылған қаражат есептерінен және бағалы қағазды орналастырғаннан түскен қаражат есебінен де жүзеге асырады.
Жалға алушы - бұл несиені алып, бекітілген мерзімді алынған қарыз сомасын қайтарыду жүзеге асыратын несие қатынастарының қатысушысы. Жалға алушы кредитормен салыстырғанда ерекшеліктерге ие болады:

- жалға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі емес, тек оның уақытша иегері;

- жалға алушы қарызға алған қаражатын айналыс сферасында да өндіріс сферасында да қолданады. Кредитор қарызды айырбас фазасында береді;

- жалға алушы қарызға алған қаражатты оның шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған кезде қайтарады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін жалға алушы ұдайы өндіріс процесін кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіндік беретін қаражаттың уақытында айналыстан босайтындай етіп ұйымдастыруы қажет.

- жалға алушы тек қарыз сомасын қайтарып қоймай, қарыздық пайызды да төлейді. Бұл жерде жалға алушы кредитордың қойған талаптарына тікелей тәуелді болатындығын ескеру қажет.
Несие қозғалысының заңдалықтары несие нарығында кредитор мен жалға алушының арасында қалыптасатын қатынастарды толық түсінуге мүмкіндік береді.
Несиелік қарым қатынасқа түсе отырып, кредитор мен жалға алушы өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынас барысында олар орындарымен ауысуы да мүмкін, яғни кредитор жалға алушыға ал жалға алушы кредиторға айналуы мүмкін.
Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны.

Несие нарығының инструменті болып несие табылады. Ол айырбас сатысында пайда бола отырып, құн қозғалысының үзіліссіздігін қамтамасыз ететін қарыз мәмілесінің нысанына айналады.
Нарықтық шаруашылық жағдайында несиенің негізгі нысаны болып банктік несие табылады. Бұл жерде несие қатынастарының субъектілері болып кәсіпорындар, мемлекет және банктердің өздері қатысады. Коммерциялық банктер өзінің клиенттеріне несиенің әр түрлерін ұсынады. Олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.
Жалға алушылардың негізгі топтары бойынша: шаруашылықтарға несие, халыққа несие, мемлекеттік үкімет органдарына несиелер.Бағыттары бойынша несиелер былай жіктеледі:

- тұтыну;

- өнеркәсіптік;

- сауда;

- ауыл шаруашылық;

- инвестициялық;

- бюджеттік.
Қызмет ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығының түсінігі және мағынасы
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Экономикалық теория
Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі
Дәрістер тезисі
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Экономикалық теория пәні
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Ақша-несие саясаты туралы мәлімет
Пәндер