Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары



Жоспары
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
2.2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік.педагогикалық жұмыстар және оның нәтижелері
2.3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін жетілдіру мәселесінің теориялық сипаты.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТИРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Орындаған: Педагогика және

психология мамандығының
2 курс студенті
Буленканова А.Т

Тексерген: педагогика ғылымының
кандидаты,
профессор
Аубакирова Л.Р

Өскемен 2011ж
Жоспары
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастырудың теориялық негіздері
2.2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар және оның
нәтижелері

2.3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін
жетілдіру мәселесінің теориялық сипаты.

III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі.
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми
құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын
меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат
етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың
шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге
жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
құзыреттілік, құзырет терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты
бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса
жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра
білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге
жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген,
технологиялық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Елімізде бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық, креативтік
және әдістемелік аспектілерін (Қ.Аймағамбетова, С.Р.Рахметова,
Ш.Х.Құрманалина, Т.Қ.Оспанов, Г.И.Уәйісова, Ә.С.Әмірова, және т.б.),
бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың тарихы мен дамуын
(Р.К.Бекмағамбетова, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Б.М.Қосанов және т.б.), бастауыштағы
білім интеграциясы, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттері, дүниеге
көзқарасы, тәрбиесі тұрғысынан (Ә.М.Мұханбетжанова, Р.К.Төлеубекова және
т.б.) зерттеген еңбектер бастауышта оқытуды жетілдіруге, мұғалімдерді
даярлаудың сапасын арттыруға қосылған мол үлес болды. Соңғы жылдары жоғары
оқу орнында бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын 050102 – Бастауыш
оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік білім
беру стандарты жетілдіріліп, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары нақтыланып,
бірқатар өзгерістер енгізілгенімен, бастауыш сынып мұғалімін дайындау
мәселесі әлі де болса қайта қарауды қажет етеді, өйткені бастауыш сынып
мұғалімін даярлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол бастауыш сынып мұғалімі
барлық жағынан – жаратылыстану бағытында да, гуманитарлық бағытта да жетік,
кіші жастағы оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін
меңгерген, баламен тіл табысып жұмыс істеудің шебері, бастауыштағы барлық
пәннің әдістемесін меңгерген, технологиялық құзыретті болуы қажеттігінен
туындайды.
Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед және т.б.
еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан
келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер
М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған.
Қазақстанда технологиялық құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және
практикалық аспектілерін Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде
болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Ж.Меңлібекова (болашақ
мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ қазақ тілі
мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы), М.В.Семёнова (жоғары оқу орындарында
болашақ педагогтардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру), С.И.Ферхо
(мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу
құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген.
Бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға
қатысты теориялық әдебиеттер мен бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың
нақты тәжірибесін талдау барысында:
­ болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастырудың қажеттілігі мен оны жоғары оқу орнында жүзеге асыру
әдістемесінің болмауы;
­ бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың қазіргі жағдайы мен
педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімнің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасында
қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды.
Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған
қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: “Болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары деп таңдауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және
оның әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің обьектісі: жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеудің пәні : болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер:
- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастыру мазмұнының моделі және оны меңгерту әдістемесі ұсынылса;
- жоғары оқу орнында қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық
технологияларды қолдана отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
технологиялық құзыреттілігінің қалыптасуына тиімді жағдайлар жасалынса,
онда болашақ мұғалімнің технологиялық құзыреттілігі жоғары деңгейде
қалыптасады, өйткені технологиялық құзыреттіліктің мазмұны мен әдістемесі
жалпы орта білім және жоғары мектеп креативтігіндегі тұжырымдамалар,
теориялар мен идеяларға негізделіп жасалды.
Зерттеудің міндеттері
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігінің мағынасы мен мазмұнын анықтау;
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік
жүйесін және моделін жасау;
3. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру жүйесі мен әдістемесін
тәжірибелік - педагогикалық жұмыста тексерістен өткізу
және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.
4. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін құру.
5. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін тәжірибелік
тексеру және әдістемелік ұсыныс дайындау.
Зерттеудің жетекші идеясы педагогикалық жоғары оқу орындарында
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тұлғалық және кәсібилік сапалары
тұрғысынан технологиялық құзыреттілігінің қалыптастырылуы оны әлемдік білім
кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті маман ретінде тиімді
педагогикалық әрекетке бағдарлайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері Адамның танымдық
қызметінің мәні туралы іргелі философиялық қағидалармен, құбылыстардың
өзара байланыстары мен сабақтастығының логикалық қағидаларымен, зерттеу
мәселесі бойынша жазылған ғылыми-педагогикалық еңбектермен, кәсіби
педагогикалық сапаларды, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдірудің,
сондай-ақ бастауыш білім беру, құзыреттілік, оның білікті маман
қалыптастырудағы рөлі туралы, бастауыш оқытудың психологиялық -
педагогикалық, әдістемелік технологиялық негіздері туралы тұжырымдамалар
және идеялармен анықталады.
Зерттеу әдістері зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау,
студенттердің оқу іс -әрекетін бақылау; студенттер, мұғалімдер арасында
сауалнама жүргізу, әңгімелесу; эксперименттік (байқау, анықтау,
қалыптастыру); мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына,
типтік бағдарламаларына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сараптама
жасау; үлгілеу, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігі ұғымының мағынасы мен мазмұны нақтыланды.
3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі және моделі түзілді.
4. ЖОО Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі құрылып, ұсыныстар
көрсетілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар
1. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін дайындауда олардың
технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін құрудың теориялық
негіздері–тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы болашақ бастауыш сынып
мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың басты бағдары,
педагогикалық үдеріс теориясы–болашақ мұғалімнің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастырудың объектісі, іс-әрекет теориясы болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың
әдіснамалық тұғыры, пәндердің интеграциясы туралы теориялар – болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың
негізі ретінде қарастырылады;
2. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігінің педагогтың жеке бас сапалары мен оның
психологиялық–педагогикалық және теориялық білімінің үйлесімділігі,
тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті деп айқындалуы
бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды
оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты
әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен,
сабақ үдерісінде креативтік талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен
заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін
т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және
тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы деп нақтыланған бастауыш
сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігінің анықтамасының негізінде
ұсынылады.
3. Әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық
компоненттерге сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері және
деңгейлеріне негізделіп түзілген болашақ бастауыш сынып
мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру моделі.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігі
олардың бастауыш сынып оқушыларына білімді дүниенің ғылыми бейнесі
негізінде меңгертетін сапалы білім беруге мүмкіндік жасайды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделеді және мәселенің
педагогика ғылымы мен тәжірибесіндегі зерттелу деңгейіне сипаттама беріліп,
тақырыбы айқындалады. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты: обьектісі, пәні,
мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдістері, негізгі
кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық маңыздылығы,
қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, нәтижелердің дәлдігі мен
негізділігі ашып көрсетіледі.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастырудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігі туралы ғылыми-
педагогикалық зерттеулерге талдау жүргізу арқылы оны дамытудың көкейкесті
бағыттары айқындалып, қазіргі кезде бастауыш сынып мұғалімін даярлауды
құзыреттілік тұрғыдан қарастырудың педагогикалық-психологиялық мәселе болып
табылатыны көрсетіледі және болашақ бастауыш сынып мұғалімінің
технологиялық құзыреттілігі ұғымының мазмұны анықталады. Бастауыш сынып
мұғалімдерін дайындаудың отандық тәжірибелері, жоғары оқу орындарында
болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастырудың ұстанымдары мен педагогикалық шарттары анықталады. Болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру моделі
түзіледі.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар және оның
нәтижелері атты екінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің
технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, оны әдіснамалық,
теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз
ету жолдары қарастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін
қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелік-педагогикалық
жұмыстардың жүргізілуі сипатталып, оң нәтижелері талданып, қорытындыланады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
қорытындылары түйінделіп, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар және келешектегі
зерттелу бағыттары көрсетіледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың
зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде
екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді.
Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке
байланысты, қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік, ал
екіншісі, қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің
мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық
шеңбері.
Құзыреттілік термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус
иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі,
білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен
сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Методикалық терминдер сөздігінде Құзыреттілік (латынның competentis-
бейім сөзінен)-қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім,
білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу
қабілеттілігі, - делінген.
Латынның compete деген термині білу, жасай алу, дегеніне жету
деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін
анықтайды. Технологиялық құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр
түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге
асыру керек.
Құзыреттілік терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген
болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет
қабілеттіктер ұғымын берген.
Кейбір авторлардың еңбектерінде кәсіби құзыреттілік ұғымы кәсіби
қызметке даярлық (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин және т.б.) және
педагогикалық кәсібилік (А.И.Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен
теңестіріледі.
Технологиялық құзыреттілікті зерттеуде Н.В.Кузьмина арнайы-
педагогикалық,ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік,
әдістемелік құзыреттілік, дифференциалды-психологиялық және
аутопсихологиялық құзыреттілік сияқты түрлеріне, А.А.Реан, Е.С.Алешина-
дифференциалдық-психологиялық құзыреттілікке, М.В.Прохорова-басқарушылық
құзыреттілікке, Т.Б.Руденко креативтік-әдістемелік құзыреттілікке назар
аударса, Ю.В.Варданян, В.И.Журавлев, Т.В.Новикова, Н.Ф.Талызина-мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігін кәсібиліктің бір баспалдағы, А.А.Вербицкий,
А.К.Маркова - мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті
білім, білік, дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі,
Е.М.Павлютенков - білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде
педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған.
В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Л.И.Мищенко және т.б. педагогтік
мамандықтардың ерекшелігіне орай педагогтің кәсіби құзыреттілігі ұғымын
оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық
жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл
жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрылымы неғұрлым жалпыдан жекеге
бағытталған педагогтік біліктілік арқылы анықталады. Оларға: құрастыра
білу, ақпараттық, дамытушылық және бағдарлық қабілеттерді біріктіретін
ұйымдастырушылық қабілеті; перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және
педагогикалық техника (жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін
көтере білу); қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу,
музыкалық аспапта ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы т.б.) жатады.
Зерттеу жұмысында бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері мұғалімнің
кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі теориясы деректемелеріне сүйеніп
негізделді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігін
мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің негізгі құраушысы ретінде
қарастырған абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігіне байланысты ол
бастауышта оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп, кәсіби-
педагогикалық құзыретті бола тұра, оны оқушыларға жеткізе алатын креативтік
құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.
Аталған дайындық сапалары болашақ бастауыш сынып мұғалімінің
технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу мен кәсіби
дайындықтың моделін жасау жолдарына жүргізілген талдау бізге болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық құзыреттілігінің құрамындағы сапа
мен қабілеттерді теориялық, әдістемелік, технологиялық негізгі төрт
компоненттерге топтауға және олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға
мүмкіндік жасады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық
құзыреттілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерінің сипаттамасы
1 - суретте келтірілді.
Қарастырылып отырған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен
тығыз байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын түзеді.
Мұндағы компоненттердің алынған өлшемдер (мотивациялық, мазмұндық,
үдерістік, бағалаушылық-рефлексиялық) бойынша көрсеткіштерін біз креативтік
біліктіліктің бес компонентіне (білім, білік, дағды, тәжірибе және қабілет)
сүйене отырып дайындадық.
Дегенмен, сипаттаманың болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасындағы
ізделініп отырған сапаның шамасынан жалпы мағлұмат беруге мүмкіндігі бар
деп есептейміз. Осының негізінде біз ғалымдардың (И.Ф.Исаев және т.б.)
еңбектеріне сүйене отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің технологиялық
құзыреттілігінің төменгі, орта, жеткілікті және жоғары деңгейлерін
анықтауға мүмкіндік алдық.
Төменгі деңгей технологиялық құзыреттілік туралы түсініктері таяз,
кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге
ықтиярсыз, креативтік біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға
беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды
игеруге құлықты емес.
2.2. Орта деңгей технологиялық құзыреттілік жайлы білімдері,
қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім болудың
қажеттілігін сезінеді, креативтік біліктілігі болғанмен, оны іс жүзінде
қолдануы нашар, көмек қажет етеді, оқытудың жаңа технологияларын қолдануға
ұмтылады, бірақ жүйелі емес, өзінің кәсіби әрекетіне баға беріп отыруды
дағдыға айналдырмаған, ұжымда жұмыс жасай алады, бірақ үнемі еркін қарым-
қатынасқа түсе алмайды.
Жеткілікті деңгей технологиялық құзыреттілікке деген көзқарасы жақсы,
креативтік біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс-тәсілдерін,
технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар,
бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін
қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады, өзінің
кәсіби іс-әрекетіне баға бере біледі, мәдени қарым-қатынасқа икемді.
Жоғары деңгей технологиялық құзыреттілікке деген қызығушылығы тұрақты,
оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен
дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құзыреттілік теориясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Пәндер