ҚАЗАҚ ТІЛІ (С1 деңгейі) Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 168 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

А. С. Нұржанова

ҚАЗАҚ ТІЛІ

(С1 деңгейі)

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы

Университеттің Ғылыми Кеңесінде
оқу құралы ретінде бекітілген

Нұр -Сұлтан 2021

ӘОЖ 811. 512. 122 (175. 8)

КБЖ 81. 2 (5 қаз) я 73

Н 86

Пікір жазғандар:

Резуанова Г. К. С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ доценті, ф. ғ. к.

Қорғанбеков Б. C. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф. ғ. к. .

Нұржанова А. С.

Қазақ тілі : Оқу құралы -Нұр -Сұлтан: С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасы, 2021. -180 бет.

ISBN 9965-824-91-3

Оқу құралы жоғары оқу орындарында жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сай оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары бойынша білім алатын, тіл білу деңгейі С1 тобындағы студенттерге арналады. Оқу құралында студенттердің кәсіби сала шеңберінде тілдік құзырын жетілдіру мақсаты қойылған. Құралда берілген мәтіндер мен түрлі тапсырмалар тіл үйренушілердің өз мамандықтары аясында креативті ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық ізденістерін қалыптастырады.

ӘОЖ 811. 512. 122 (175. 8)

КБЖ 81. 2 (5 қаз) я 73

ISBN 9965-824-91-3© Нұржанова А. С. 2021 © С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасы, 2021

Мазмұны

Алғысөз
5
Алғысөз:

I ТРИМЕСТР.

1-модуль

Адам және руханият

5: 6-10
Алғысөз:

2-модуль

Отбасы және тәрбие

5: 11-15
Алғысөз:

3-модуль

Мамандық және қызмет

5: 15-20
Алғысөз:

4-модуль

Адам және заң

5: 20-25
Алғысөз:

5-модуль

Денсаулық және салауатты өмір салты

5: 26-31
Алғысөз:

6-модуль

Адам және экология

5: 31-35
Алғысөз:

7-модуль

Әлемдік экожүйе

5: 36-39
Алғысөз:

8-модуль

Туризм индустриясы

5: 40-43
Алғысөз:

9-модуль

Ұлы мәртебелі уақыт

5: 44-50
Алғысөз:

10-модуль

Мәдени мұра

5: 50-54
Алғысөз:

II ТРИМЕСТР.

1-модуль

Мінез-құлық мәдениеті

5: 55-59
Алғысөз:

2-модуль

Сән әлемі

5: 60-65
Алғысөз:

3-модуль

Әдебиет әлемі

5: 66-72
Алғысөз:

4-модуль

Ел тағдыры- жер тағдыры

5: 73-78
Алғысөз:

5-модуль

Киіз үй

5: 79-83
Алғысөз: 6-модуль
5: 84-89
Алғысөз: 7-модуль
5: 90-95
Алғысөз: 8-модуль
5: 96-102
Алғысөз: 9-модуль
5: 102-109
Алғысөз: 10-модуль
5: 109-116
Алғысөз:

III ТРИМЕСТР.

1-модуль

5: 117-121
Алғысөз: 2-модуль
5: 121-127
Алғысөз: 3-модуль
5: 128-135
Алғысөз: 4-модуль
5: 135-140
Алғысөз: 5-модуль
5: 141-147
Алғысөз: 6-модуль
5: 147-153
Алғысөз: 7-модуль
5: 153-159
Алғысөз: 8-модуль
5: 160-165
Алғысөз: 9-модуль
5: 166-170
Алғысөз: 10-модуль
5: 171-175
Алғысөз: Глоссарий
5: 175-177
Алғысөз: Әдебиеттер тізімі
5: 179-180

Алғы сөз

Жоғары білім беру саласында нарық заманының талаптарына сай бәсекеге қабілетті, көптілді мамандар даярлау маңызды болып отыр. Кәсіби біліктілікпен қатар, болашақ мамандардың тілдік құзыретінің жоғары болуы оның сұранысқа ие, бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болары анық. Жаһандану үдерісі кезеңіндегі жастар жаңалыққа бейім, ақпараттық технологияларды жылдам әрі жетік игеруде. Алайда, сол соны жаңалықтар легімен қатар дамып жатқан жас буын бойындағы басты құндылық саналатын рухани байлық көзі - ана тілі екенін естен шығармау керек. Сондықтан ана тілін білетін, ұлттық болмысы қалыптасқан, отанын, елін жерін құрмет тұтатын, өркениет жаңалықтарынан жырақ қалмаған жан-жақты тұлға ғана егемен еліміздің тірегіне айналары сөзсіз.

Оқу құралы 2007 жылғы "27" шілдедегі ҚР «Білім туралы» Заңының 5 -бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер циклының типтік оқу бағдарламасын бекіту туралы «31» қазан 2018 жылғы №603 бұйрығымен әзірленген «Қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ды жұмыс оқу жоспары бойынша С1 деңгейін меңгеретін барлық мамандық студенттеріне арналып құрастырылған.

Оқу құралында 1 және 2, 3 триместрлерге арналған лексикалық тақырыптар және оған тапсырмалар жүйесі типтік бағдарлама бойынша берілген. Мәтіндер студенттердің ақпараттық-танымдық мазмұндағы коммуникативтік жағдаятқа қарай өз ойын жеткізуге, деректерді талдауға, жүйелеуге тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім арқылы дағдыландыруға бағытталған. Коммуникативтік жағдаяттағы ойды, мақсат-ниетті әртүрлі мағыналық реңкпен беру басты назарға алынған. Айқындалған продуктивті сипаттағы мәтіндер арқылы ақпаратты түсіндіру, әлеуметті-тұрмыстық, мәдениеттанымдык, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби бағыттағы материалдардың стильдік ерекшеліктері ашылады. Тақырыптарға берілген түрлі тапсырмалар, пікіралмасулар, этникалық, мәдениеттанымдық, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылау, өз көзқарасын білдіру және оны негіздей білу, пікір айтушыладың ойларына сыни тұрғыдан баға беру мәселелерін қамтиды.

Тапсырмалар жүйесі тіл үйренушінің өз ұстанымын, қажетті лексика-грамматикалық, прагматикалық деңгейде және дұрыс толық мазмұнды көзқарасын әдептілікпен жеткізу кабілетін дамытуды көздейді

I ТРИМЕСТР

  1. Модуль. АДАМ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ

КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1-сабақтың тақырыбы: Адам деген -ардақты ат

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Ш. Құдайберді ұлының ұлағатты сөзінің мағынасын түсініп алыңыздар:

Кісіге адамшылық неге керек?

Адамдық өзге айуаннан артық демек,

Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,

Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек!

Грамматика

Күрделі сөз деп кемінде екі одан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз. Олар: қосарлы сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер және тіркесті терминдер. Мысалы:мінез-құлық, қимыл-әрекет, отбасы, ҚазАТУ, Қазақстан Республикасы т. б.

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

Адам болам десеңіз . . . , бұл ойешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Қолымыздан жақсы іс тындырсақ осы бала түбінде «адам» болады немесе жат қылық танытып жатсақ «Мына бала адам болмас» деген сөздерін ұдайы естіп жататынымыз баршаға аян. Сонда біз үнемі жақсы болып шын мәнінде адам деген атқа лайық болу үшін не істеуіміз керек . . . ? Бізді анамыз жарық дүниеге әкелгенде-ақ адам болмадық па . . . ? Ақ жолдан адасып адамгершіліктен, ар-ұяттан қалған адамдар туралы газет-журналдардан оқып, теледидардан көріп, үлкендерден естіп біліп жүрміз. Осы жуырда ғана телеарналардың бірінен дүниеге жаңа ғана келген бейкүнә сәбидің саудаланғанын естиміз. Қорғансыз сәбиді саудалауы олардың бойында мейірімділік, адамгершілік және имандылық қасиеттердің болмауы. Бұл әрине адамдардың жасап жатқан жамандықтарының бір ғана көрінісі. Жамандық деген толып жатыр, мысалға өтіріктің өрге баспайтынын білсек те өтірік айтамыз, біреудің ақ адал малын ұрлап өзімізге меншіктейміз, табиғатты ластаймыз. Міне бізді адам деген атқа лайық деп ауыз толтырып айтуға кедергі келтіретін өз бойымыздағы жамандықтар мен жат қылықтар.

Дана халқымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» - деп бекер айтпаған, әр кез жақсылардан үлгі алуға, жамандардың жат қылықтарынан бойымызды аулақ ұстауға, дөрекі сөйлемеуге, өтірік айтпауға тырысу керек. . Осы дүниеге келген соң Шәкәрім ақын жырлағандай: «Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтеректей» болмай, нағыз адам болу.

Baq. kz сайты

ТІЛДЕСІМ

3-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, сұхбаттасыңыздар:

Үлгі: - Адамның адамгершілігі неде?

- . . .

-Жаман қылық жасаудың себебі не?

5-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыздар:

-Адамдар арасында өшпенділік неден туады?

-.

-Кісіге жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің ?

-

-Адамдар табиғатқа қалай зиян келтіруде ?

-.

-Адамға негізгі адами тәрбиені кім береді ?

-.

-Адамдар өтірік айтуға неге барады?

-.

-Ұрлық түбі-қорлық дегенді қалай түсінесің?

- .

ЖАЗЫЛЫМ

6-тапсырма. Берілген сөздерденкүрделі сөз жасаңыздар :

Үлгі: Әуежай.

Жай, беріс, ас, мекен, кіре, шаға, қора, адал, бала, бақан, қазан,

2-тапсырма. Күрделі сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыздар:

Үлгі: Қазақстанда отбасы күні дәстүрлі мерекеге айналды.

Ауыл шаруашылығы, бәйтерек, ағайын-туыс, ҰБТ, тыныс-тіршілік.

2-сабақтың тақырыбы:

Ізгілік -адамның басты рухани-адамгершілік құндылығы

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Сөздік арқылы сөздерді аударыңыздар:

Адамгершілік, парасат, ізгілік, шапағат, мейірім, жалақор, арызқой, екіжүзді, сабырлы, жомарт,

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы адамға үш-ақ нәрсе керек: ыстық қайрат, ол дегеніміз таңдаған мамандығың бойынша барыңды салып еңбек ету, нұрлы ақыл - жамандығың мен жақсылығыңды ақылмен шешу, жылы жүрек-мейрімділік пен ізгілік, өзіңді кеңірек зерттеу. Даналықты жыр еткен халқымыз: көзбен көрген тәрбиені, сөзбен емес іспен дәлелдеген тәрбиенің күші қандай ғаламат!-деседі. Сол тәрбиені келер ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз. Ал егер біреуінен ақау шықса жұқпалы аурудай біріне-бірі тарайды. Қазақ халқы бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді. Сондықтан бәрін бірге жұмылдырып түйіндей білу керек.

Ізгілікті іс игілікке жеткізеді. Адамның мейірімді, елін, жерін сүюі, еңбексүйгіштігі, ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді. Бала кезден достарыңа көмек қолыңды созу, біреудің қайғысына ортақтасып, шыдамдылықпен мұңдарын тыңдау, жүздеріне күлкі орнату - ізгіліктің белгісі.

«Жақсы ниет - ниет қана қарасаң, дұрысы оны іс қылуға жарасаң»деп Ж. Баласағұн атамыз айтқан. Өзіңе, өзгеге қиянат жасамау, барша адамға сүйіспеншілікпен қарау керек. Сонда ғана өзіңді тани отырып, алға қарай ұмтылып отырасың. Адам өмірі баспалдақ сияқты. Бір жақсы қадам жасасаң, баспалдақтың біреуіне шығып, тағы да алға ұмтыласың. Солай алға қойған мақсатыңатек алға жылжуға тырысасын. Биікке шыға отырып алға өрлейсін. Ізгілік үнемі бойымызда болады. El. KZ

ТІЛДЕСІМ

3-тапсырма. Мәтін мазмұнына орай сұхбаттасыңыздар:

Үлгі: -Сіз қандай ізгілікті жасадыңыз ?

- . . .

-Адам өз жақсылығына жауап күте ме?

- . . .

4-тапсырма. Сұраққа жауап айтыңыздар:

  • Адал дос пен амал дос дегенге түсінігіңіз?

-.

-Шын қиналғанда жаныңыздан кім табылады?

-

-Біреуге еріп, жолдан таю деген не?

-.

-Өмірлік қағидаңыз қандай?

-.

-Өз кемшілігіңізді көре аласыз ба?

-.

-Отанды сүюді қандай әрекеттеріңізбен көрсетесіз?

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Күрделі сөз тіркестерінжасаңыздар:

Үлгі: Ізгілікті іс.

Адами, ізгілікті, қасиет, іс, еңбек, құндылық, адамгершілік, жақсылық, әрекет, сүю, жақсы, елін, жасау, ету.

6-тапсырма. Мәтінді аударып, дәптерге жазыңыздар:

Новое поколение подрастает. Родители учат их быть нравственными. Только хорошая детская литература может способствовать формированию нравственности. Но все же нравственные люди есть и будут не смотря ни на что. Нравственным людям присущи такие черты характера, как доброта, щедрость, скромность, умеренность во всем, уважение к другим людям. Люди с высокими духовными и нравственными ценностями должны нести свет в этот мир и учить других, как не потерять себя в этом мире.

3-сабақтың тақырыбы:

Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыздар:

тәртіп-дисциплина

адам санасы-сознание человека

мінез-құлық -поведение

жиынтық-совокупность

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыптаөзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл-әрекетін бейімдейді. Керісінше, индивид қоғамдағы талаптарды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.

Қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы, ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі көп әрекеттерді қалыптастырады.

Әрекеттер құқық талаптарына сай, немесе қарсы болады. Ал, әлеуметтік нормалар адамға жат, оның табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады. Жеке адамның санасы қоғамдық орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға тәуелді. Әлеуметтік нормалар: құқықтық, мінез-құлық, діни, корпоративтік, моральдық, техникалық болып бөлінеді.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар:

Үлгі: Әлеуметтік нормалар нешеге бөлінеді?

4-тапсырма . Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Адамгершілік деген не?

2. Адам санасына жат әдеттер қайдан келеді?

3. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді қалай түсінесіз?

4. Құқықтық нормалар дегенді қалай түсінесіз?

5. Мінез-құлық нормалары деген не?

6. Діни нормаларға не жатады?

8. Әлеуметтік нормаларға бағыну деген не?

9. «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» кімнің сөзі?

10. Талаптар шеңберінен шығып кету неге әкеледі?

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз:

Үлгі: Әлеуметтік нормалар, тыйым салу, айыптау, қабылдаған тәртіп, мінез-құлық нормалары, жеке адам, қоғамдық сана.

6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, дәптерге жазыңыз.

  1. Корпоративные нормырождаются в отдельных группах, таких как рабочий коллектив, общественные организации, кооперативы, партии и другие. Эти правила подкреплены законом и призваны регулировать взаимодействие между участниками, защищая их права и интересы.
  2. Религиозные- установлены каждой конфессией для своих адептов и записаны в священные книги. Например, в христианстве это Библия, в исламе - Коран.
  3. Моральныестандарты основаны на понятиях о добре и зле, их несоблюдение влечет за собой общественное порицание.
  4. Правовые нормы- закреплены юридически, считаются обязательными в исполнении. Несоблюдение карается по закону.
  5. Эстетические- правила хорошего тона, требования к внешнему виду (одежда, прическа, гигиенаи т. д.

7-тапсырма. Модульді бекітуге арналған бақылау сұрақтары:

1) Адамгершілік дегенді қалай түсіндіресіз?

2) Әлеуметтік нормалардың түрлері қандай?

3) Адам мінезінің өзгеруіне не әсер етуі мүмкін?

4) Жақсы қадамдар жасау үшін қандай қасиеттеркерек?

5) Өмірде шын дос қандай болады?

№1 СОӨЖ тапсырмалары:

Монолог құрастырыңыз. «Адам деген ардақты ат, Ізгілік - адамның басты рухани-адамгершілік құндылығы».

ІІ. Модуль. ОТБАСЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ: СӨЗ ТІРКЕСІ, ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР

1-сабақтың тақырыбы: Отбасы -тәрбие ошағы

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыздар:

өнегелі - примерный, образцовый

әлеуметтік-социальный

ерлі-зайыпты- супруги

дәстүрлі - традиционный

тәрбиелі - воспитанный

қамқор - заботливый

парасаттылық - разумность, рассудительность

Грамматика

Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді. Олар: анықтауыштық, толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастар. Матаса, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? қандай? нешінші? сияқты сұрақтары қойылады. Мысалы: студенттің кітабы, ақылды жігіт, үшінші сабақ, т. б.

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

Отбасы - тәрбие ошағы

Отбасы - көне әлеуметтік институттардың бірі. Сондай-ақ ол бір жағынан әлеуметтік институт, ал екінші жағынан өзінің қалыптасу және даму заңдылықтары бар, қандас туыстыққа негізделген, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың қарым-қатынастарын реттестіруші кіші топ. Қазақ қоғамы ер кісіні құрметтегенімен ерекшеленеді. Әр отбасысалт-дәстүрлерін ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.

Отбасында адамгершілік-этикалық, діни, еңбектік тәрбиенің негіздері қаланады. Ата-ана мен бала арасында қарым-қатынас қоғам үшін маңызды. Әке қорғаныш, ана мейірімділік пен махаббаттыңмысалы болды. Сондықтан да Отанды анаға теңейді. Қазақ әйелдері балаларын үлкенді сыйлауғаүйретеді. Осылай, отбасы дәстүрлерінің сақтаушысы ретінде ата мен әжені сыйлауды балалардың бойларына сіңірген

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар:

Үлгі: Отбасының тірегі кім?

4-тапсырма . Бес мақал-мәтел тауып, мағынасын ашыңыздар:

Үлгі: Өз балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың.

Мағынасы: Балаларың өсіп кетеді, ал немерең қартайғанда қылығымен тәтті болады.

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Мәтіннен етістікті тауып жазыңыздар:

Үлгі:Үлкенді сыйлау.

6-тапсырма. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, туыстық атаулардың этимологиясына талдау жасаңыз:

Үлгі:Бала-шаға /қос сөз, екінші сыңарының мағынасы шаға(монғол тілінде шақа-шақалақ) дегенді береді.

Жанұя, құда -жекжат, кемпір-сампыр, шал-шауқан, қыз-қырқын.

2-сабақтың тақырыбы: Отбасында әке мен ана орны

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Мақалдың мағынасымен танысыңыз.

Әке - асқар тау,

Ана - баурайындағы бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

Бала бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам" деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оның жақсы тәрбиесі. "Әке - асқар тау, ана - баурайындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ" деген сөзге бүкіл тәрбиеніқазақ атамыз сыйғызған. Әкесінен үлгі алған бала қорқақ болмайды. Ал ана мейірімін көріп өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды. Қазақ халқының ана туралы мақал-мәтелдері көп-ақ: «сақау баланың тілін шешесі біледі», «ана алдында құрмет, ата алдында қызмет», «анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа», «анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың», «анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», «анасын сүйгеннің баласын сүй». Осындай мақал-мәтелдер қазақ отбасындағы тәрбиені көрсетеді. Delovoimir. kz.

ТІЛДЕСІМ

3-тапсырма . Мәтінге сүйеніп, сұхбаттасыңыздар:

Үлгі: -Әке мектебі деген не?

- . . .

-Ана көрген қыз қандай болады?

4-тапсырма . Сұхбатты толықтырыңыздар:

-Ана мен бала махаббатына нелер жатады ?

-.

-Сіз ана мейіріміне жауапкершілікпен қарайсыз ба?

-

-Көп балалы отбасы жайлы ойыңыз қандай?

-.

-Ата-анаңның алдындағы борышың деп нені түсінесіз?

-.

-Бауырлар қарым-қатынасы қандай болу керек?

-.

-Төртеу түгел болса, төбедегі келеді дегенді қалай түсінесіз?

- .

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін жасаңыздар:

Үлгі: Үлгілі отбасы; ұлттық тәрбие.

Туыстық, тәрбие, мәдениеті, ер кісі, ана, қатынас, дәстүрлі, қарым-қатынас, қазақ, беделі, мейірімі, бастауы.

6-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Отбасы - шағын не?

А. мемлекет

Ә. бөлім

Б. аумақ

2. «Отбасы» сөзінің синонимдері:

А. жанұя, әулет

Ә. ұя, әлеует

Б. шаңырақ, әлеумет

3. Ұлдың баласы кім?

А. немере

Ә. шөбере

Б. немене

4. Қыздың баласы кім?

А. жеңге

Ә. жиеншар

Б. жиен

5. Нағашы кім?

А. әкенің туыстары

Ә. шешенің туыстары

Б. құданың туыстары

3-сабақтың тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыздар, есте сақтаңыздар:

Ежелден-

әдепті -

құйма құлақ-

елгезек-

ақпа құлақ -

намысшыл-

күш-жігер-

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Оқыңыздар, мәтіннің негізгі идеясын дәптерге жазыңыздар:

Тәрбиеде басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтиді. Біріншіден, әдептілікке үйретеді. Екін­шіден, мейірімді болуға тәр­биелеген. Үшіншіден, тіл алғышбол деп үйреткен. Төртіншіден, адалдық пен шын­дыққа үйрету. Бесіншіден, білгір бол, ұстаздың, көпті көрген адамның сөзін тыңда. Алтыншыдан, үл­кенді, ата-ананы, қоршаған ортаны сыйлау. Жетіншіден, адамға Алланың салған кемдігін айтпа деген.

Сегізіншіден, «Ел намысы - ер намысы» болуы керек. Сондықтан, ел қорғаны - батыр бол, халық алдында адал қызмет ет, намысшыл бол дегенді санасына сіңірген. Бұл айтылғандар бүкіл қоғамның міндеті екенін танытады. әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адам­заттың қас жауы» деген сөзі­нің астарында терең мән жатыр.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінге мазмұндас бірнеше сұрақ құрастырыңыздар:

Үлгі: Әдепті балаға қандай қасиеттер тән?

4-тапсырма . Баланы еңбекке баулу үшін қандай тәрбие берілетіні жайлы өз ойларыңызды айтыңыздар.

Үлгі: Баланы ойыншықтарын жинауға үйрету;

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазыңыздар:

Үлгі: Ағама жеңгем сай, апама жездем сай-мінезі ұқсас

Ақпа құлақ , құйма құлақ, қолды- аяққа тұрмау, іші -бауыры елжіреу, төбесі көкке жету, айды аспанға шығару, ақ түйенің қарнын жару.

6-тапсырма.

Отбасыңыздың бір мүшесіне арнап тілек немесе құттықтау хат жазыңыздар:

7- тапсырма. Модульді бекітуге арналған бақылау сұрақтары:

1) ҚР Отбасы күні қашан?

2) Отбасы деген сөздің этимологиясы қандай?

3) Отбасында ананың рөлі қандай?

4) Отбасында әкенің рөлі қандай?

5) Баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар не?

2 СОӨЖ тапсырмалары:

1-тапсырма. «Тәрбие - тал бесіктен басталады» эссе жазу;

2-тапсырма. Қазақстан Республикасындағы отбасы күні туралы ақпарат дайындаңыздар.

ІІІ Модуль. МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ . МАМАНДЫҚ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІК. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ.

КҮРДЕЛІ АТАУЛАРДЫҢ СЕПТЕЛУІ, ТӘУЕЛДЕНУІ

1-сабақтың тақырыбы: Мамандық және қызмет

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма . Берілген сөз тіркестерімен танысыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет
Оқу іс-тәжрибесі есебі
Сұйықтар. Сұйық құбылыстары
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz