Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Тобы:Тэк 21-1
Орындаған:Пернебай Нұрдәулет
Қабылдаған:Қабдушев Болат
Тақырып:Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары.
0.1 Қазақстандағы индустрияландыру ... ... ...5- бет
0.2 Индустрияландыру қорытынды ... ... ... ...5-7 бет
0.3 С.Сәдуақасовтың индустрияландыру отаршылдыққа қарсы күресі ... ... ... 7-8 бет
Менің ойымша бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс және Азамат соғысының ауыртпалығы Қазақстанға отаршылдық экономикасына елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына ауыр жағдайда қалдырды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр -- Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан - Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев - Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды. Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты. Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды. Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты.
Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін -- қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы -- Орынбор -- Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл - Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород -- Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе астық желілері жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.
Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.
Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.
Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында -- 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті индустрияландыру құралы бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі ақтаңдақ денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс,[2]. - деп ерекше атап өтілді. Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды. Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте күрделі болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz