Жауын-шашын туралы
Жаңбыр -- бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы.
Тамшылардың диаметрі 0,5 -- 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр -- қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр -- будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.
Жаңбыр -- атмосфералық сұйық ылғалдың тамшыға айналып (0,5- тен 0,7 мм дейінгі) жерге себелеп түсуі. Жаңбырдың ұсақ тамшылы түрі: "ақ жауын" немесе "сіркіреген жауын", ал ылғалдың белгілі бір уақытта көп түсуі "нөсер" деп аталады. Қазіргі гидрологиялық есептеулерде жаңбырдың барлық жиынтығы есепке алынады.
Жаңбырдағы өлшем
Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл осы мөлшер бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғу да бек мүмкін. Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығын да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 кмсағ жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 кмсағ-дан аспайды.
Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана ж а у ы н - ш а ш ы ндейді.
Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау және қылау.
Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді. Олардың диаметрі әдетте 0,01 мм-ден аспайды. Бұлттан жауын-шашын жауу үшін су тамшылары іріленіп, салмағы ауырлауы керек. Тамшылар бір-біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының (жамалуының) нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды, яғни ж а ң б ы р жауады.Жазда жер беті өте қатты қызатын жерлерде ауаның жоғары өрлеген күшті ағындары пайда болады. Жаңбыр бұлты осындай жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде жерге бұршақ жауады.Бұршақ түйіршіктерінің ірі немесе ұсақ болуы жоғары өрлеген ауа ағындарының күшіне байланысты. Кейде бұлттың ішіндегі мұз түйіршіктері жоғары - төмен әлденеше рет ауысатын жағдайға тап келеді. Онда бұршақ іріленіп, диаметрі бірнеше сантиметрге жетеді. Үлкендігі асбұршақтай, тауықтың жұмыртқасындай, тіпті одан да ірі бұршақ жауған кездері болған.Бұршақ шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді. Егінді қиратып кетеді, жеміс ағаштары мен бұталарының гүлін, жемісін қағып түсіреді, малдың жас төлі мен үй құстарын өлтіреді.Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір-бірімен жабысып қарға айналады.Мұз түйіршіктері мен қар ұлпасы биіктегі бұлтта жазда да түзіледі. Бірақ олар төмен құлап келе жатқан жолында жылы ауа қабатынан өтіп, жаңбыр тамшыларына айналып кетеді.Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды, сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп таралады. Олар шық, қырау және қылау.Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен, ауаға су булары көп жинақталады. Бұлтсыз, ашық түнде жер беті күндіз жылынған жылуынан тез айрылып, салқындайды. Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т.б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни ш ы қ түседі. Шық әсіресе жаздың соңына қарай жиі түседі. Күзде, қыста және көктемде осындай жолмен қ ы р а у пайда болады.Кейде қалың тұманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндай ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға, ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны қ ы л а удеп атайды.Шық, қырау және қылау да атмосфералық жауын-шашынның түріне жатады.Жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшері миллиметр есебімен есептеледі. Ауа райын бақылайтын станцияларда жауын-шашын өлшеуіш қолданылады. Ол кәдімгі тік шелекке ұқсайды. Шелек қаданың басына ернеуі 2 м биіктікте тұратындай етіп орнатылады. Жауын-шашынды жел ұйтқытып алып кетпеуі үшін шелектің айналасы қалқанмен қоршалады. Шелекке жиналған судың мөлшерін өлшеуіш стақанға құйып анықтайды. Стаканның қабырғасы өлшем сызық-шаларымен бөліктерге бөлінген. Ондағы әрбір 10 бөлік 1 мм-ге сәйкес келеді. Шелектен құйған су стақанның 30 бөлігін алды дейік. Бұл жерге 3 мм жаңбыр жауғанын көрсетеді.Жауын-шашын тәулігіне 2 рет, таңертеңгі сағат 7-де және кешкі 19-да өлшенеді.Қыста шелекті ішіндегі қарымен бөлмеге әкеліп қояды. Қар ерігеннен кейін ондағы суды өлшеуіш стақанға құйып өлшейді.Осымен қатар қыста әр он күндіктің соңында қар жамылғысының қалыңдығы өлшеніледі. Қар жамылғысының қалыңдығы мен тығыздығын анықтау топырақ, күздік егіс, жидек және т.б. аяздан қалай сақталатынын және қанша су қоры жинақталғанын білу үшін қажет. Қазақстан жағдайында көптеген өзендердің су тасу мөлшері де қар жамылғысының қалыңдығымен және ондағы су қорымен тікелей байланысты.Қар жамылғысының қалыңдығы қар өлшеуіш сырықпен анықталады . Сырық сантиметрлік бөліктерге бөлінген. Оның төменгі жағы сүйірленіп, қаңылтырмен қапталады. Есеп қара жерден қардың бетіне дейін алынады.
Жауын-шашынның тәулік, ай және жыл ішіндегі мөлшері есептелінеді. Ауаның температурасы сияқты жауын-шашынның да көп жылдық орта мөлшері шығарылады. Мәселен, орташа жылдық жауын-шашын Астанада 411 мм, Алматыда 629 мм.
Жыл ішінде бүкіл жер бетінде түсетін жауын-шашынның жартысына жуығы 20° с.е. пен 20° о.е. аралығына тура келеді. Экватор маңында жылдық жауын-шашын 2000 мм-ге дейін барады. Жауын-шашынның ең көп жауатын жері - Тынық мұхиттағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам).
Экватордан тропиктерге қарай жауын-шашын мөлшері азаяды да, қоңыржай белдеуде қайтадан көбейеді. Полярлық аймақтардың үлесіне жер бетіне түсетін жылдық жауын-шашынның 4%-ы ғана тиеді .
Жауын-шашынның таралуына аумақтың мұхитқа алыс-жақындығы, жер бедері, басым желдер күшті ықпалын тигізеді. Қазақстан мұхиттардан алыс, Еуразия материгінің түкпірінде жатыр (Жарты шарлар картасына қарап анықтаңдар). Сондықтан біздің жерімізде жауын-шашын аз түседі (көпшілік бөлігінде 200-300 мм).
Жер бетінің ылғалдану дәрежесін анықтау үшін тек қана түсетін жауын-шашынды білу жеткіліксіз. Екі нүктенің жауын-шашын мөлшері бірдей болғанымен, температурасы әр түрлі жағдайда ылғалдану дәрежесі бір-бірінен елеулі айырма жасайды. Өйткені неғұрлым жылу мөлшері көп болған сайын түскен жауын-шашынның көбі буланып кетеді.
Булану дегеніміз судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі. Булану мен буланушылықты бір-бірінен ажырата білу керек. Буланушылық - су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.
Буланушылық пен нақты булану бір-біріне ашық су бетінде және жауын-шашын жеткілікті, ауаның температурасы төмен болған жағдайда ғана сәйкес келуі мүмкін. Басқа көп жағдайда олар бір-бірінен үлкен айырма жасайды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік шөлді аймағында жылдық жауын-шашын 100 мм-дей, ал буланушылық (булану мүмкіндігі) 1000 мм-ден асады. Мұншама ылғал тек Арал теңізі мен Балқаш көлі сияқты ашық су айдынынан ғана көтеріле алады. Құрлық бетінде нақты булану 100 мм-ге жетпейді. Оған керісінше полярлық аймақта жаз қыска әрі салқын болғандықтан түсетін жа-уын-шашынның жартысы ғана буланады, яғни булану мен буланушылық (булану мүмкіндігі) бір-біріне толық сай келеді.
Жаңбыр - бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары. Метеорология ғылымының түсіндіруі бойынша, ауаның температурасы жылы кезде бұлттағы ұсақ су тамшылары үнемі қозғалыста болады; олар бір-бірімен қосылады да көлемі біртіндеп үлкейе түседі; осылай пайда болған су тамшылары ауырлай түсіп, ауадан өзін ұстап тұра алмай, жерге жауын болып түседі.
Жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де жауады. Бірақ әр мезгілдегі жаңбырдың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, көктемде жауған ұзақ әрі найзағайлы жаңбыр қыс бойы маужырап қалған табиғатты оятып, қоршаған ортаның жасыл түске енуіне септігін тигізсе; жаздағы жауын тез жауып, аптаған ыстықты басады, ауаны тазартып, жанға жайлы салқындықты сездіреді. Ал күзгі суық жауын-шашын ұзақ жауып, табиғатты қысқа дайындайды. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында қыста да жаңбыр жауады. Күзгі жауын-шашыннан көп ерекшеленбейтін бұл кездегі жаңбырдың арты көбінесе қарға ұласып жатады.
Жауын-шашынның мынадай түрлері ажыратылады:
1.Қатты жауын-шашындар (қар, нөсерлі қар,қар жармасы,қар қиыршығы,мұз жармасы,мұзды жаңбыр,бұршақ,мұз инелері;
2.Сұйық жауын-шашындар(жаңбыр, нөсерлі жаңбыр,сіркеуік);
3.Аралас жауын-шашындар (дымқыл жабысқақ қар,нөсерлі жабысқақ қар).
Физикалық құрылу жағдайына және жауу сипатына байланысты жауын-шашындар сіркіреуік,ақ жауын және нөсер болып бөлінеді:
Сіркіреуік- жауын кіші мөлшері( 0,05-0,5 мм) тамшылардан немесе қар қиыршығынан тұрады,қарқындылығы саябрлы болады. Олар қатпарлы ( St)және кейде қатпарлы-булақ ( Sc) бұлттарынан жауады;
Ақ жауының қарқындылығы орташа ,ұзақ уақыт үлкен территорияға жауады. Ақ жауын көбіне шептік бұлттар жүйесіндегі қатпарлы-жаңбыр ( Ns) және қыста биік-қатпарлы ( As), кейде қатпарлы-будақ (Sc) , бұлттарынан жауады;
Нөсер- жауының қарқындылығы өте күшті болады және қысқа уақытта , кішкенттай территорияға жауады. Жазда кейді бұршақ араласып жауады, күн күркірейді.Қыстың күні ірі қар үлпегінен тұратын қалың жауған қарды нөсерлі деп айтайды. Жауын-шашының жылдық жүргісі .
Жер беті жауын-шашындары. Белгілі бір жағдайларда жер бетінде жақын ауа қабатында конденсация процесі нәтижесінде жер бетіндегі заттар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz