Эндоскопия



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Эндоскопия;
Эндоскоп түрлері және қолданылуы;
Эндоскоп құрылысы.
Қорытынды Эндоскопты дезинфекциялау
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Хирургия (гр. cheіr -- қол және ergon -- әрекет) -- медицинаның негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттеп (алдын алу, диагностикасын қою, емдеу), операция жасау тәсілдері мен әдістерін, техникасын іздестіретін клиникалық саласы. Хирургия медицинаның терапия және акушерлік салалары сияқты ежелгі заманнан дамығаны белгілі. Қазақстанда бұрын хирургиялық емдеуді сынықшы, бақсы, балгерлер жүргізген. Алғашқы аурухана (лазарет) Семей, Өскемен әскери бекіністерінде 1720 жылы ашылған. 1845 жылы Ордада (Орал) ішкі органдарды емдейтін 15 төсектік аурухана ашылды. 1934 жылы Республикалық қан құю станциясы, 1939 жылы бұғақ ауруына қарсы диспансер ашылды. Республикада хирургия 1950 жылдардан бастап қарқынды дами бастады -- өкпе, кеуде, жүрек-қантамыр хирургиясы, сондай-ақ ангиокардиография және рентгенді-эндоваскулярлық әдістер кеңінен қолданылды. Эндоскопиялық техника жетілдірілді, мұның нәтижесінде кеңірдек пен өңеш, асқазан мен ішек ісіктерін (полиптерін) алып тастау операциялары жетілдірілді.20 ғасырдың 70 -- 80-жылдары ауруларды ультрадыбыс арқылы анықтау, компьютерлік томография, ядролық магнитті-резонансты томография әдістері хирургиялық тәжірибеде кеңінен қолданылатын болды, сондай-ақ лазер және микрохирургия техникасы игерілді. 1990 жылдан бастап оперативті видеотехника іске қосылды. Эндовидеохирургияны клиникалық тәжірибеге енгізудің нәтижесінде кеуде және құрсақ қуысына лапароскопиялық операциялар жасалынатын болды.Қазіргі уақытта лапароскопиялық телевидеоқондырғылар республиканың барлық облыстар орталықтарында орнатылған. Қазақстанда видеоскопиялық хирургия 20 бағытта дамыған және сол арқылы эндокриндік жүйеге, әйелдердің жыныс органдарының әр түрлі ауруларына реконструктивті операциялар жасалынады. Жүрек-қантамырын эндоваскулярлы стентірлеу, кава-фильтрлерді орналастыру, қолқаны эндоскопиялық жолмен протездеу, соғып тұрған жүрекке операция жасау игерілді. Жүректің ишемиялық ауруын, миокард инфарктісін, жүрек жетіспеушілігін емдеуде бағаналы клетканы қолданып регенерациялық терапия жүргізу жетілдірілді. Бұл миокардтың қалыпты қызмет ететін жаңа тіннің өсіндісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір бұл бағытта бағаналы клеткаларды органдар мен жүйелердің әр түрлі ауруларында қолдану үшін эксперименталды зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ органдар мен жүйелердің, әсіресе, паренхиматозды, эндокринді органдар, орталық және шеткі жүйке жүйесі мен сүйек-буын жүйесінің транспланталогиясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Хирургияның онкология, нейрохирургия, ортопедия, пластикалық хирургия, микрохирургия, т.б. салалары жақсы дамыды.

Негізгі бөлім:

Эндоскопия (грек. endon - ішкі және skopeo - көремін) - адамның және малдың ішкі органдарын арнайы аспап - эндоскоп арқылы тексеру. Эндоскоптар - оптик. және жарық жүйелерімен жабдықталған, иілгіш металл немесе пластмасса түтікшелер. Эндоскопия хирургияда, гастроэнтерологияда, урологияда, гинекологияда, пульмонологияда жиі қолданылады. 20 ғ-дың 60 - 70-жылдарында клиникалық тәжірибеге оптикалық талшықтардан тұратын (фибро) құрастырылмалы аспаптар (фиброскоптар) енгізіле бастады.
Эндоскопиялық зерттеу тәсілдері - ерекше оптико-механикалық құралдардың арқасында көз бен қуыс мүшелерінің шырышты қабатын тексеру тәсілдеріне негізделген. Тексеру кезінде биопсия (тексерілетін ағзадан кішкене бір бөлімшесі) алуға болады.
Тексерілетін органға байланысты Эндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады:
фибробронхоскопия (бронх Эндоскопиясы);
фиброэзофагоскопия (өңеш Эндоскопиясы);
фиброгастроскопия (асқазан Эндоскопиясы);
фиброколоноскопия (тоқ ішек Эндоскопиясы), т.б.
Сондай-ақ Эндоскопия биопсияда, денеге енген бөгде заттарды немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді алып тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде Эндоскопия тек ауруды тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп. хирургия) айналып отыр. Эндоскопиялық жолмен жасалатын операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың және ауру малдың ондай операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.
Эндоскопиялық кабинеттерде барлық зерттеулерді арнайы даярлығы бар маман дәрігер жүргізеді. Қандай да болмасын аспапты зерттеу алдында емделушіні міндетті түрде дайындау қажет. Ішектің ішінде ауа мен нәжістің жинақталуынан босату қажет, себебі олар құрсақ қуысындағы ағзаларды зерттеуге қиындық туғызады.

Эндоскопқа түскен кездегі қарсы көрсетпелер:

жүрек, өкпе ауруларының ауыр түрлері;
өңештің тарылуы;
аорта аневризмасы;
миокард инфарктісі;
омыртқаның қисаюы;
өңеш веналарының варикозы (кеңеюі).

1 - cурет.Эндоскоп аспабы .

2-сурет.Мысық мұрындағы аденокарценома және оның эндоскопиялық көрінісі.

3-сурет.Эндоскоп аспабының құрылысы
1 -- ректоскоп жесткий; 2 -- сигмоидоскоп с волоконным световодом; 3 -- японский эзофагофиброскоп; 4 -- гибкий эзофагогастроскоп с волоконной оптикой (разработан ВНИИМП).

4-сурет.Эндоскоп көмегімен жануардың ішкі ағзасын толық көре аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рентген сәулесі
Рентген сәулелерінің қолданылуы
Ультракүлгін сәулелену туралы түсінік
Анатомия - тірі адамда оқу әдістері
Терапия бойынша дәрігер-ординатор көмекшісі
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері. (Науқасты аспапты тексеру)
Асқазан-ішек жолдарының секрециясын зерттеу әдістері
Мэллори-Вейс синдромы
Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі
Аспаптық талдау әдістері
Пәндер