БАҚ ӨНІМІН БАПТАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс -13: БАҚ ӨНІМІН БАПТАУ

Жеміс ағаштарын қысқы жарақаттанудан жәнекеміргіштерден қорғау

Қазақстанның солтүстігінде бақтарды аяз ұрудан және толық жойылудан сенімді сақтаудың ең бірінші және міндетті шарты-өзінің тұқым қуалаушылық негізі бойынша қысқа төзімді тұқымдар мен сұрыптарды таңдау керек дейді А. А. Гудзенко (1969) . Сұрыптарды таңдауда жіберілген қателіктер бағбанның барлық іс-әрекетін желге ұшырады, тіпті баптаудың және қорғаудың ең жақсы тәсілдерін қолданғанына қарамай.

Жеміс өсімдіктерінің төмен температураларға және климаттың басқа да қолайсыздықтарына жақсы шыдамдылығының шарттарының бірі-олардың күйлерінің жақсы болуы, орташа және бірқалыпты өсуі, тым артық жеміс салмауы. Нашар баптаудан, зиянкестерден, аурулардан және шамадан тыс жеміс салудан әлсіреген ағаштар, азот тым мол берілген «өркендегіш», немесе күзгі жаңбырлардың немесе уақытынан кеш суландырудың нәтижесінде өсуін ұзартқандар сияқты аяздарға шыдамайды. Жеміс тұқымдарының телінген екпелерін тұқымбаққа қабылдау кезінде-ақ тым бойлап өспеген телітушілерге телінген, орташа өскендеріне басымдылық берген жөн. Тым өсіп кеткен телітушілерге телінген, 3-4 жастағы тамырлары бар алма мен алмұрт, 2-3 жастағы алхоры тұқымбақта қаулап өседі және қысқа төзімсіз сүрек қалыптастырады. Діңнің және бұтақтардың мұндай сүрегі көңді немесе минералды азотты тұқымбақта немесе жас бақта тым артық бергенде пайда болады. Керісінше, фосфорлы және калийлы тыңайтқыштардың жоғары мөлшері (1м2 70 г дейін суперфосфат және 30 г калий тұзы) қысқа төзімділікті күшейтеді.

Жеміс ағаштарының төмен температураға төзімділігіне, сондай-ақ бақтың топырақ жағдайы да әсер етеді: ылғалды және ауыр топырақтар өркендердің жетілуін тежейді және ағаштың қысқа төзімділігін кемітеді. Жер бедерінің де маңызы өте зор. Бақтың ойпаң телімдерінде жеміс ағаштары аяздардан қатты зардап шегеді, қырқалау бедермен салыстырғанда. Жер телімінің әсіресе табақша тәрізді ойпаң бөлігі өте қауіпті, ол жер суландыру нәтижесінде артық ылғалданады, ал қыста ол жерде суық ауа шоғырланады, ағаштардың үсуін күшейтеді.

Сұрыптың қысқа төзімділігі телітушіге байланысты едәуір өзгереді. Бұрынғы Шортанды тәжірибе стансасында алманың ірі жемісті оңтүстік сұрыптарын воронеждік орман алмасына телігенде бірінші қыста 42-84 %, екінші қыста 96-100 %-ы опат болған, ал сол сұрыптарды сібірлік телітушілерге телігенде қыста небары 14-15 % опат болған. Жеміс өсімдіктерінің жарақаттану деңгейі көбінесе ауа температурасының төмендеу жылдамдығына тәуелді. Өсінді кезеңінде жылылықтың суыққа тез ауысуы өсімдіктердің шынығу деңгейін төмендетеді және қысқы кезеңде олардың жарақаттануын көбейтеді.

Бір өсімдіктің әртүрлі мүшелерінің төмен температураға төзімділігі бірдей емес. Айталық, қыста төмен температурада жемістік бүршіктер, өсінділерге қарағанда жиі опат болады, сүрегіне және шелқабығына қарағанда өзегі жиі шалдығады; сүрегі мен шелқабығы, камбийі мен өсу нүктесіне қарағанда жиірек.

Қысқы жарақаттанулар жиі бұтақтардың және сидамдардың үсуі түрінде білінеді. Қатты үсігенде қаңқалы бұтақтардың басым бөлігінің опат болуы байқалады. Аяздармен зақымдануы, сондай-ақ діңдердің жарылуы және қабығы мен камбийдің, қыстың ортасында және соңында күндізгі-түнгі температуралардың әртүрлі ауысуы туындататын күн «күйдіруі» түрінде байқалуы мүмкін. Қары аз қыстарда, әдетте шынығуы кеш басталатын тамыр мойындарының үсуі мүмкін.

Аяз ұрған ағаштарды кесумен және телумен қалпына келтіреді. Бір жылдық бұтақтардың ұштары шамалы үсігенде кесуді, өсінді басталғанша, сау сүрегіне дейін жүргізеді. Қаттырақ зақымданғанда, ұлпалардың қараюы немесе қоңырлануы бойынша жарақаттану деңгейін анықтау қиынға соққанда, ағашты бүршіктері атқанша және өркендері өсуін бастағанша кеспейді. Мұндайда жасарту түріндегі кесуді жүргізеді - бұтақтарды жақсы орналасқан бүйірлік бұтақтары мен өркендеріне дейін қысқартып, анық опат болғандарын аластайды. Бүршіктерінің жандануы әлсіз болғанда, барлық бұтақтарын келесі көктемге дейін қалдырады.

Телінген жеріне дейін үсіген ағаштарды, қосымша өркендердің және топырақ үстілік мәдени бөлігінің өсуін туындату үшін, сол үсіген жеріне дейін кеседі. Осы өркендерден бөрікбас қалыптастырады. Аяздан қатты зардап шеккен алманың, алхорының және тәттішиенің жас екпелерін мәдени өркеннен қалпына келтіруге болады және тиімді. Жеміс өсімдіктерін осылай қалпына келтіру арзанға түседі, алғашқы өнімді 2-3 жыл ертерек алуға болады (В. А. Колесников, 1979) . Топырақүстілік және топырақастылық жүйелері бірдей үсігенде ағаштарды түбірімен қопарады.

Егерде ағаштың тек тамыр жүйесі үсісе, діңнің қасына бір жылдық жас ағаштар (2-4) отырғызады да, өркенін жартылай қысқартады, ал қиғаш кесілген ұшын діңнің қабығының астына енгізеді. Тұтасып бітісу жүреді, ал ағаштар осы телінген кішкене ағаш арқылы қоректенуге көшеді.

Діңнің ұлпасы опат болғанда, әсіресе оның төменгі бөлігінің, көктемде көпірлеп телу жүргізеді. Ересек ағашқа бірнеше қалемшелерді (бірінен-бірі 5 см қашықтықта) телиді. Көпіршелеп телігенде өркені болса, соны пайдалануға болады. Мұндайда өркеннің жоғарғы ұшын кесіп, қажетінше сәйкестеп ұштайды және сүңгектің опат болған қабығынан жоғарырақ қабықтың тірі ұлпасына кіріктіреді. Көпірлеп телуді ағашты кеміргіштер зақымдағанда да қолданады.

«Күнге күю» - қабықтың оңтүстік және оңтүстік-батыс жағынан опат болуы. Қабықтың опат болуы күндізгі және түнгі температуралардың, көбінесе қыстың екінші жартысында, күрт құбылыуының нәтижесінде жүреді. Мысалы, ақпанда оңтүстік - батыс жағындағы қабықтың температурасы солтүстік-шығыс жағынікінен, айырмашылығы кейде 20оС жетеді. Қара пигменті күн сәулесін өткізеді де ол қатты қызады. Температураның көтерілуі ұлпалардың жібуін қоздырады. Қабықтың жарақаттануының алдын алу шараларына жатады: ағашты аласа сүңгекті түрлерде өсіру және күюге ең шыдамды сұрыптарды таңдау; сүңгекті күнбағыстың сабағымен, қамыспен, пластмасса таспасымен, қалың қағазбен орау; сүңгекті ізбеспен әктеу немесе ізбес қосылған сазды немесе қи қосылған сазды (1:1) жағу.

Сүңгекті орап байлау тек жас ағаштарға қолданылады және ол күннің күйдіруінің алдын алатын шара болумен қатар, кеміргіштерден де қорғайды. Әктеу ақ түстің тікелей түскен күн сәулесін шашырататын қасиетіне негізделінген және сонымен сүңгектің қызуына жол бермейтініне. Әктеуді күзде кеш немесе көктемде ерте жүргізеді. Көктемдегі кеш жүргізілген әктеу мақсатқа сай болмайды, себебі күннен жарақаттанудың ең қауіпті кезеңі - ақпан және наурыз. Әктеуге қолданылатын негізгі материал болып 3 % тотыяйын және 2 % казеин желімі немесе ВС-511 су эмульсиялы бояуы қосылған ізбес саналады. Бұл қабықты күн көзінің күйдіруінен қорғайды, қабық ішінде қыстаған зиянкестердің жойылуына әсер етеді. Әктеу алдында дің және негізгі бұтақтар опат болған қабықтардан тазартылады.

Жас бұтақтарда сүңгектерді және негізгі қаңқалық бұтақтарды тышқандардан және қояндардан қорғау үшін қаптап байлаудан басқа, сүңгекті қысқа қарай металл немесе полиэтиленді торлармен қоршайды. Тышқандарды жою үшін уландырылған жемдерді қолданады.

Ағаштарды күтіп-баптау

Сүңгек пен қаңқалы бұтақтардың негізі - ағаштың ең осал бөлігі болып саналады. Олар күннен күюге, жарылуға, аязға ұрынуға, зиянкестердің жарақаттауына бейім тұрады. Ағаштың басқа бөлігіне қарағанда олар жиі жарақаттанады. Ағашты күтіп-баптау жүйесіне қабықты тазалау, түбірлік өркендерді аластау, бұтақтарды беріктендіру, кеуектерді емдеу жатады.

Жасы келе ағаш сола бастайды. Ескі қабық сидамның және қаңқалық бұтақтардың жуандануына кедергі жасайды. Сондықтан опат болған қабықтарды жылда аластау керек. Қабықты тазалаумен қатар, оның ішінде қыстаған зиянкестерді де бірге жояды. Дұрысы опат болған дымқыл қабықты аластау. Мұны күзде, жапырақ түскеннен кейін жүргізеді. Жас ағаштарда қабықты жүзі мұқалған қырғышпен тазалайды, ересектерінде - алдымен арнаулы темір қырғышпен, кейін сым мәуесекпен (щеткамен) . Қыршу барысында жас қабықты жарақаттан қорғаған жөн. Ағаш қабықтарын қапқа, жерге төселген полиэтилен пленкасына салып, сыртқа шығарып, жағады. Аяз басталғанша сүңгекті және қаңқалы бұтақтары әктеу керек.

Тамыр өркендері жеміс ағаштарын қатты әлсіретеді, себебі тамырдан және діңнің негізінен тараған жас өркендер қоректенудің ең оңтайлы жерінде (жағдайында) орналасқандықтан пәрменді өседі және ағаштың дамуына қатты кедергі жасайды. Өркенді кескен кезде оларды топырақтан тазартып және сүңгекке жақындатып, түбір қалдырмай кесу қажет. Өркенді топырақ бетінің деңгейінде кеспеу керек, мұндайда ол біраздан кейін қайтадан пайда болады және өте көп мөлшерде.

Жас ағаштарды қалыптастырғанда дің мен бұтақтардың арасындағы сүйір бұрыштарды ағаш кергіштермен кеңейтеді немесе шалқалап өскен бұтақтарды діңге тартып байлайды. Осы мақсатта ағаш қадаларды, сым тартылған қадаларды қағу ағаштарды қалыптастыруды жеңілдетеді және діңдерді тым керіп тартудан қорғайды (26-сурет) .

Ағаштардың кеуектілігі - ағаштардың ішкі ұлпаларының бұзылуы нәтижесінде діңдер мен жуан бұтақтардың ішінде қуыстардың пайда болуы. Кеуектілік механикалық жарақаттанудан кейін басталатын жарақаттың шіруінің соңғы сатысы болады да, ол жерге сапрофитті саңырауқұлақтар мен бактериялар қоныстанады. Кеуектің пайда болуына өз үлесін ағаш кеміргіш құмырсқалар да қосады. Кеуекті ағаштар өсуін әлсіретеді, кейін опат болады, себебі беріктігін жоғалтады және желден оңай сынады. Уақытында емделген кеуектілік әрі қарай ұлғаймайды да, ағаштың өміршеңдігі ұзарады. Кеуекті емдеу барасында шіріген ұлпалардың барлығын аластап, дертсіз сүрегіне дейін тазалап, формалиннің, алмастың 1% ерітіндісімен, темір немесе мыс тотыяйын-ның 3, 5% ерітінділерімен зарасыздандырылады да, оқшаулағыш жағындыны жағады. Кейін кішкентай кеуектерге ағаш тығындар қағады, ал үлкендеріне саз балшықтың, құмның ұсақ тастың қоспасы толтырылады және бетін цементпен сылайды. Ағаштардың кеуектерін күзде емдейді. Емдеуге шақпы, бақ пышақтары, ағаш балғалар, қыл қаламдар қолданылады.

Қабық саңырауқұлақ және бактериялы аурулармен заладанғанда әдеттегі тәсілмен тазалайды да, міндетті түрде 3 % мыс тотыяйынының ерітіндісімен, 5-7 % темір тотыяйынының ерітіндісімен немесе 1% нитрафенмен өңдейді.

Қабық немесе бұтақ қара ісікпен залалданса ағаштың бүкіл залалданған қабығын сүрегіне дейін 1-2 см тірі қабығын қоса өткір пышақпен ойып алады. Кейін бұл жарақатқа петролатум немесе нигрол жағындысын жағады. Ісігі көп бұтақтарды кесіп алып, басқа ағаштар мен бұтақтарды залалдандырмау үшін, жедел жағып жібереді.

Бақтарды тозаңдатуға араларды пайдалану. Бал беретін аралар - жеміс дақылдарының гүлдерін тозаңдататын негізгі тозаңдатқыштар. Тозаңдану жақсы жүруі үшін бақтың әр гектарына 2-3 бал ара ұясын әкеп орналастырады. Ұяларды 25-35-тен топтап бірінен-бірін 400-600 м қашықтықта қояды. Ұялар бақта болған кезде пестицидтермен өңдеуді жүргізбейді. Аралардың жеміс ағаштарының гүлдеріне қону қарқындылығы күні бойы әртүрлі. Ол сағат 8-ден үдей түсіп 12-14 сағатта ең жоғары шегіне жетеді, яғни гүлдердің шырындарын мол бөлуі және тозаңдардың аналық аузында өнуіне (ұрықтануға) қабілеті жоғары кезінде. Ең қуатты бал ара ұялары (6-8 кәсектегі ұрпақта 8-12 ұяшық) ғана жеміс ағаштарын толығымен тозаңдатуға жарамды.

Жеміс ағаштарын көктемгі бозқыраулардан қорғау. Бозқырау - температураның кенеттен 0о-қа және одан да төмендеуі. Әдетте олар қысқа мерзімдік және таңға жуық басталады. Жеміс дақылдары бозқырауларға өте сезімтал, әсіресе гүлдеу және жас түйіндерін байлаған кезеңдерінде. Жеміс ағаштарының жекелеген мүшелерінің жарақаттануы жасуша сөлінің концентрациясының төмендеуімен байланысты. Көктемде жасуша ұлпалары сумен қанығады да, солар температура сәл төмендегенде тоңазиды. Әсіресе көктемдік кеш бозқыраулар қауіпті.

Бозқыраулар түнгі сәуле шашудың немесе салқын ауаның келуінің нәтижесінде пайда болады. Бозқыраудың бірінші түртегін (типін) радиациялық, екіншісін - келген немесе әкелінген (адвентивті) дейді. Бозқыраулардың аралас (ең суық және қауіпті) типтері болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТЕР ЕСЕБІ
Жасымықты өсіру технологиясы
Егістік ноғатық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz