Ерік туралы жалпы ұғымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ерік туралы жалпы ұғым

Мазмұны
Кіріспе
1.Ерік туралы түсінік.
1.1Еріктің физиологиялық негізі.
1.2Еріктің амал кезеңдері.
2.Ерік сапаларын қалыптастыру.
3.Ерік-жігерді тәрбиелеу

Қорытынды
Негізгі әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ерік - адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе - мақсат қою,соған талпыну.Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.Адамның іс әрекеті екі түрлі. Оның бірі - еріксіз әрекеттер.Мәселен, жөтелу, көздің ашылып-жұмылуы, шашалу, түшкіру т.б. Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші - ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл - мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.
Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл - адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамның ерікті іс-әрекеттерінің өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз әрекеттерді соған бағындырып, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік - адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез-құлқы мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да - адам еркінің бір көрінісі.
Ерік туралы түсінік.
Өзіндік тəрбие - адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.
Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.
Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай - тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие.
Өзіндік тəрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де көрініп жатады: олар əзірше өз тұлғалық қасиеттерінің мəнін жете түсіне бермеуі мүмкін, бірақ ненің жақсы, қандай өз əрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді.
Бозбалалық жаста өзіндік тəрбие процесі біршама саналы сипат алып, бағдарлы мақсатпен ұштасады. Өзіндік тəрбие адамның нақты қабілеттеріне, өзінің даралықты мүмкіндіктерін түбегейлі талдай білуіне сай баға беруге негізделеді. Саналылық дəрежесі неғұрлым жоғары болса, тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған өзіндік тəрбие мəні болымды сипат алады.
Тұлғаның жалпы тəрбиелілігі өзіндік тəрбие деңгейімен сипатталады, өзіндік тəрбие сырттай педагогикалық тəрбиемен ажыралмас өзара байланыста болып, тұлғаның қалыптасу процесіне қолдау-қуаттау береді, əрі оны дамытады.
Оқу, тəрбие жəне өзіндік тəрбие біртұтас оқу-тəрбие процесінде өзара байланысты. Бұл процестің қаншалықты нəтижелі болары, осы бірліктің есебінен.
Қайта тəрбие - мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі.
Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты процесс. Тəрбиелегеннен гөрі қайта тəрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, əдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тəрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа əдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тəрбиелеу əбден қиын соғады. Сондықтан, кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тəрбиелеу қажет (А.С.Макаренко).
Қылмысқа бейімділік, теріс моральдық қылық-əрекеттер мен əдеттер адам бойында қоршаған ортаның кері ықпалынан, болымсыз тəрбиеден, тіршілік жағдайларының қолайсыздығынан орнығады. Мұндай тəрбиеленушілер қиын балалар немесе педагогикалық қамқорлығы болмаған оқушылар деп аталады. Олар арасында тəрбиелік ықпал-əсерлерді қабылдамайтындар, тіпті оған қарсы тұратын, психикасында педагогикалық тұрғыдан жат ауытқуларға түскендері де кездеседі.
Қайта тəрбиелеу тиімді нəтижеге жетуі үшін тəрбие тезіне түскен адам ең алдымен өзін-өзі тура жолға салу қажеттігін түсінуі, өмір салтын, əдеттерін, қылық-əрекеттерін өзгерту керектігін сезінуі тиіс.
Қайта тəрбиелеудегі маңызды шарт- тəрбиеленушіні қалай да өзіңе тарту, тұлғаны кері əрекеттерге итермелеуші проблемалардың туындау себептерін анықтау, кезек, ретімен белгілі бағытта орындалып баратын мақсаттар жүйесін құру. Мысалы, жақын мақсатты жүйе - ойын, саяхат, сыйлық; орта мақсатты жүйе - үйірме, секция жұмыстарына қосу, алыс сапарларға шығу, лагерьге жіберу жəне т.б.; ұзақ болашақты көздеген мақсат жүйесі - өзіндік өмір жəне кəсіптік бағдар-бағыттарды айқындау; тəрбиеленуші жасап не оқып жатқан жағдайды өзгерту - басқа ұжымға ауыстыру, жаңа іс-əрекетке қосып, бұрынғы бейімділіктерін ұмыттыру; мінез-құлқын бұрылысқа келтіру мақсатында тұлға санасына, сезіміне, еркіне үздіксіз ықпал жасау шараларын қолдану жəне т.б.
Қайта тəрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етуші маңызды жағдай - қиын баланы тəрбиеші талаптарына құлақ асуға үйрету. Сондықтан тəрбиеші тəрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудың жолдарын іздестіріп, екі арадағы алакөздікті, дау-дамай себептерін басуға əрекеттенуі тиіс. Өз басы əлекке толы балаға ұжымды қарсы қойып, оған ықпал жасауға тіпті болмайды. Əр тұлға үшін күресу қажет. Тəрбиеленуші мұғалім не педагогтың оның өзіне қарсы əрекеттеніп жатпағанын, ол оның бойындағы теріс мінез бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.
Қайта тəрбиелеу үшін дəстүрлі əдістермен қатар адамның барша ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс беретін(А.С.Макаренко) - жарылыс əдісін (метод взрыва)де қолдануға болады. Бұл əдіс тəрбиеленушіге өз теріс қылықтарының бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез- құлқы мен қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертуге, жаңаша өмір сүру қажеттігін түсінуге жəрдем береді.
Қайта тəрбиелеу барысындағы аса маңызды қадам-тұлғаны өзіндік тəрбие процесіне (өзіндік қайта тəрбиелеу жəне өзіндік реттеу, түзету) қосу.
Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық қүбылыстың бірінен өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез-құлықтың табиғи формасы ретінде алға шығады. Педагогикалық процесс зандарының обьективті сипатын көрсету қиынырақ. Бұқаралық педагогикалық шығармашылықтан өсіп шққан этнопедагогика педагогика ғылымьшың халыққа жақындатуға икемді. Сонда мектепті өмірге жақындату проблемасы ретінде жалпы нүсқада тұжырымдалатын педагогикалық міндет этнопедагогикалық түсіндіруде мектептің өмір мен идеялық, адамгершілік, рухани байланысын жан-жақты нығайту деп қисындап мазмұңдалуы мүмкін. Бүл шын мәнінде мемлекеттік моральдық-саяси бірлігінің педагогикалық аспектісі. Халықтың педагогикалық процесті терең талдауға мүмкіндіктері болмады, ол жазудың болмауы оларға халықтың педагогикалық жетістіктерін жинауға, қорытындылауға және жүйелеуге жол бермеді.
Соған қарамастан халық бүкіл қолайлы шаралармен жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша ұнамды тәжірибені таратуға көмектесті және де сонысымен педагогикалық білімдердің дамуына ықпал етті.
Сонымен этнопедагогака зерттеудің кең келеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды. Халық даналығы қамқорлығының түйірлерін жинау, халықтың тәрбиенің негізгі каегориалары мен заңдылықтарын анықтау, оларды басқаратын әлеуметтік-экономикалық факторларды белгілеу, халықтық педагогикалық дәстүрлердің өмір сүргіштігінің себептерүн айқындау және оардың қоғамның қазіргі рухани өміріне енуі жүйесін белгілеу этнопедагогикалық аса маңызды міндеттері болып отыр.
Төрбие идеялары мен төжірнбесін салыстырмалы педагогикалық талдау - этнопедагогика методологиясының негізі. Халықтық педагогакалық мздениетінің езекші саласын езіне зерттеу пөні етіп алған ғылымның жаңа саласы жан-жақты дами алады деп болмауга болады. Ол педагогика гмлымдары жүйесінің ажырамас белшегі бола отыра, өзінің танным обьектісін терендей зерттеуде педагогиканың бүгінгі бүкіл жетістікгерінс сүйенеді, оның материалдарымен және методтарымен пайдаланады. Этнопедагогиканың практикаға жол табуы - ол қазіргі педагогикалық теорияны жан-жақты қолданганда ғана мүмкін болады. Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың көптеген қоғамдық, гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара байланыс псн өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.
Бүл этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен тарихи жәжірибесі бар ғылымдар метотарымен қаруыландырады және сонысымен де аса кең теориалық қортындылаулар үшін қолайлы жағдайлар тугызады. Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің қүрамды белігі ретінде қарастыру жемісті болыи көрінеді. Мүндай бірлік осы кезге дейін көптеген зерттеушілер назарынан тыс қалып келетін тәрбиенің халықгың практикасын терең танып біліу мен обьективті бағалауға мүмкіндік береді. Кез келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек, мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда ғана мүмкін болады. Зерттеушілер жинастырған зор көрнекті материалды халық тәрбиешілерінің шеберлігі мен өнерінің сырын үғыну үшін пайдалану керек. Зерттеулердегі дара-дара идеялар мен халықгық жас ұрпақ тәрбиесі бойынша тұтас тәжірибесінің тоғысуы жүйелі этнопедагогикалық теория негіздеу үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

1.1 Еріктің физиологиялық негізі
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи-ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченев пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі - мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Сеченев ерікті әрекеттердің физиологиялық механизмін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды. күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дөстүрлі төрбиенің күрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі төжірибесі, халық үғымындағы төрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп калыптасқан тәрбие принцптері, әдіс-төсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі төрбие ісінде колдану жолдарын қарастыру - этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы өлеуметтік, экономикалық,, мөдени, табиғи және т .6. белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта қүбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б. жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ыкпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі төрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетгі шарттардың бірі болмақ
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, терендеп зерттеу мен тадцауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның аддында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер түр. Бүларды төмендегідей такырьштармен белгілеуге болады:
мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік төжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі;
жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі қүралы ретінде;
халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде;
халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық төрбие берудегі ролі;
балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;
дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының,
ана мектебінің жөне педагогиканың көрнекті жетістіктері ретіңде халықгық педагогика жегістіктерін казіргі төрбиеде қолданудың мақсатқа сөйкестілігі жөніндегі түжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика ролі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы өбден занды сияқты деген пікірлермен келісу қиын. Мұңдай пікірлердің кдтелігі, ең алдымен халық даналыгының ешуақытта ескірмейтіндігімен анықталады.
Адамзат ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін күрескен халық педагогикасы идеялары езінің толық іске қосылу мүмкіндігін дәл осы Кдзақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықгырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми жөне халықгық педагогиканы карсы қоймау, ал салыстыру қажет, ол - ғылыми білімдер түрғысынан педагогиканың халықтыган анықтап ашып керсету мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балаларды халықгық тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалык теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды.
Этнопедагогака дамуының негізгі тенденцияларын мазмүндауда мүндай түжырымдама аса келешекті болып табылады. Диалектикалық ілшге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу, жаңару жөне жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозғалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады. Мүнымен байланысты этнопедагогикада жаңа қүбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX гасырдың басыиа дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып керсетуге елеулі орын берілуі қажет. Этностық педагогиканың кеңес өкіметінен кейінгі кезеңі бір мағыналы емес, оның жағымды ілгерілеулерімен қатар, халық педагогикасының әрекет ету аймағы тарылган жәңе сонысымен этностық педагогика бастауларын қиратқан жэне бүліншілікке ұшыратқан беттері бар. Қоғам оміріндегі өзгерістердің этнопедагогакаға ықпалы көп қырлы және бірқатар елшемдер бойынша бейнеледі:
біріншіден, жүзеге асырыдып жатқан демократияландыру педагогикалық шығармашылық үшін кең жол ашады; ұлттық педагогикалық мәдениеттің дамуына күш-қуат беретін жағдай қалыптастырады.
Екіншіден, өлеуметтік өділеттілікті қалпына келтіру; адамгершілікті кдйта жаңарту, алдау, зорлық-зомбылық, екі жақты ойлауды жою адамға халықтық моральмен үндес және оңда этнопедагогикамен қалыптасқанды емірде қолдану мүмкіңдігін береді.
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тоскауыл қояды, балалар мен жасөспірімдерге халықтық құңдылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі азаматтық борышын жете түсінуге, оларды өзінің ата-аналары, өткен ұрпақ, бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге кемектеседі.
Отанға қызмет етудің тиімді жоддарының бірі - оның ұрпақ тәрбиесіне белсене араласу болуы адамзаттың қазіргі әлеуматтік дамуының ерекшеліктеріне айналыи отырғандығы кездейсоқгық емес. Патриоттар мен гуманистер, ғылым мен мэдениеттік шынайы ұлы қайраткерлері тұлға қалыптастыруы саласына енжар болады. Жалпы рухани жөне мөдени дамудың басты белгілерінің бірі педагогикалық алға басулар болып табылатындығы кездейсоқ емес. Мақсаты мен сипаты ор кезенде, әрбір қоғамда түрліше, тіпті қарама-қарсы болғанына қарамастан, тәрбие кашанда жалпыға бірдей кұбылыс болды.
Дүниежүзілік тарихи мәнге не өткен кезендер мен түрлі елдердің педагогикалық тәжірибесі педагогикалық дамудың зандылықтары жайлы жалпы белгілерінде пікір айтуға және өлемдегі мектептік-тәрбие ісі дамуы жағдайын елестете алуға мүмкіндік береді. Бүған халықтық және үлттық тәрбие ерекшеліктерін оқып үйрену арқылы халықтық ішкі дүниесіне енуге жағдайлар туғызатын этнопсдагогикалық зерттеулер өз үлесін қосады.
Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материалдық дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі - ерік бостандығы, сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмалады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығы - оның шындыққа сай келмейтіндігінен. Оның тағы бір олқылығы мен шалағайлығы - Австрия психологі Зигмунд Фрейдтің жыныстық еліктеу дейтін көзқарасына негізделгендігі. Фрейд сананың дамуы, әсіресе, балаларда жыныстық еліктеу мен әлеуметтік орта арасындағы дау-дамайлардан туындап отыруында дейді. Бұл пікірдің шындықтан әлдеқайда алыс екендігі даусыз.
Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы - себепті байланыстылыққа, детерменизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарда жеңіп шығу да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың "шыбын - жан" деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір
материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер - нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркіндік және жауапкершілік
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Адамның ішкі дүниесінің бірегейі
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ ЖАЙЫНДА
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Сеченов пен И. П. Павловтың психологиялық зерттеулері
Қазіргі қоғамдағы маманның ролі
Құлиеленушілік қоғам күйреуі
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Пәндер