Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Негізгі бөлім
1.Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Петроглифтер іс жүзінде ұлан байтақ Қазақстанның барша аймақтарынан түгел дерлік табылып, тіркелгенімен, біркелкі зерттеле қойған жоқ.
Археологиядағы паетроглифтану бағытының қалыптасу барысында далалық зерттеуде суреттердің көшірмесін жасау әдісі тәжірибелік тұрғыда кең қолданылады. Қазіріг таңда цифрлывидео-фотоға алу негізінде суреттерді соңғы компьютерлік өңдеуден өткізетін биоконтактлы әдіс неғұрлым тиімді деп есептелуде. Контактлы әдістің жартас бетіне тигізетін кері әсері бар. Мәселен, сырдың көмегімен миколентті көшірмелер жасау жартас бетіндегі петроглифтерді табиғи түрде қорғаушы тас тотығының дақтарын құртып жіберетін ұзаққа созылатын химиялық құбылыс тудырады.
Жартас пен ондағы суреттердің бетінде мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тоттардың микроорганизм қабаттарынан,түкті бактериялардың ұяларынан және басқа да элементтерден тұратыны белгілі,сондай-ақ, онда палеоклимат туралы, айталық оның ылғалдануы мен құрғауы, ғаламдық және аймақтық өзгерістер, қоршаған органикалық әлем, микрофлора,т.б. жайында түрлі ақпараттар бар.
Тас топтарының қалыптасу механизмдерін зерттеу және жартас бетін геохимиялық зерттеулерді петроглифтердің хронологиялық нышандарын классикалық әдіспен зерттеуден алынған нәтижелермен ұштастырып, сондай-ақ,оларды мерзімделуі сенімді бірыңғай тарихи-мәдени кешеннің бір-бір элементі болып табылатын өзімен тұтас келетін, өзіне жақын орналасқан ғұрыптық жерлеу, тұрақжай және шаруашылыққа байланысты, не басқа да ескерткіштермен салыстыра отырып,петроглифтердің мерзімін анықтау-археологиялық зерттеулердің негізгі бағыттыраның бірі.
Ендігі бір бағыт-көне дәуірдегі өнео ескерткіштерін қалпына келтіру және мұражайға айналдыру мәселесі. Петроглифтері бар жартас бетінің бүлінуіне әкеп соғатын нәрселер,негізінен-жыр бойғы температураның шұғыл құбылуынан,қоршаған ортадағы гидрометриялық жағдай мен тектоникалық үдерістерден,желдің үстеп бағыттарынан,жартастардың орналасу жағдаы мен оған күні бойы көлеңкенің түсу реті сияқты құбылыстардан болады.
Кез келген археологиялық дәуір онымен шарттас келетін жалпылық мәдени-технологиялық деңгейдегі ерекше стилистикалық және техникалық тәсілдермен сипатталады.
Менің ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы: Жетісу Жеріндегі таңбалы тастар.
Мақсаты:Жетісу өлкесіндегі таңбалы тастарды анықтап,ғылыми тұрғыда зерттеу.
Петроглифтер ұлан-байтақ Қазақстанның барша аймақтарынан табылғанымен,біркелкі зертттеле қоймаған. Біздің Жетісудағы жартас суреттері табылған нақты ескерткіштерді зерделей отырып,Баянжүрек тауларындағы петрогифттерді зерттедік.
Табылған жартастағы суретерді екі тарихи хронологиялық кезеңге бөлдік,себебі суреттердің салыну технологиясы,мазмұны жағынан қола дәуіріне келеді. Жартастағы тау теке мен жабай аң бейнесі қашалып салынған. Бір ерекшелігі тастағы суреттер ашық жалпақ жаратаылыстардың ұшар биіктерде салынған,Себебі суреттер үлкен кеңістікте көзге көріну үшін және таң атқаннан күн ұясына батқанға дейін күн сәулесі түсіп тұруы үшін қажет болған.
Ерекше айтуға тұрарлық,құнды дерек осы суреттер астындағы ру таңбасы,бұл таңба туралы археология ғылымдарының докторы К.Байпақовқа арнайы қатынас хат жазылды.
Келесі тарихи кезеңге жататын петроглиф түйе бейнелері. Бұл суреттің ерекшелігі кетіп бара жатқан түйелердің бағыты Баянжүрек тауларының шығысын бетке алған. Сурет тасты қашап салынған және уақыты жағынанда кейінірек салынғаны байқалып тұр. Сурет анық,ешқандай ттас тотығының дақтары байқалмайды. Жартас бетіне геохимиялық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі болмаса да, хронологиялық нышандарын классикалық әдіспен зерттеу нәтижелері бұл суреттердің мерзімделу б.з.б. ІІ ғасырдың ортасы болуы мүмкін деген тұжырымдауға келдік. Қытай деректері бойынша Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастауы осы кезең және белгі таңбаларда шығысқа қарай бағытталған.Ұлы Жібек жолыгның шығысқа шығар басты қақпасы Жетісу болғанын ескерсек, тастағы таңбаның сюжеттік желісін талдау арқылы бұл өлкедегі этномәдени үдерістердің өте күрделі болғандығын, басқа көрші аймақтарда өмір сүрген халықтармен мәдени,шаруашылық қарым-қатынастардың көрсеткіштері ғана емес,философиялық және дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, үдірістік көрсеткіш ретінде қарауға болады. Жетісу өңірі бүкіл Орталық Азияда петрогифтік бейнелеу өнерінің сас ірі ошағы ретінде қарауға болады. Жетісу өңірі бүкіл Орталық Азияда петроглифтік бейнеелу өнерінің аса ірі ошағы ретінде сонау тас дәуірірінің соңғы кезеңінен бастап XVII- XVIII ғасырларға дейін белгілі,олай болса жартастағы суреттерді анықтап, зерттеу, оларды құнды жәдігер ретінде қорғау бүгінгі күннің басты мәселесі.
Ғылыми жұмысты зерттеу барысында жолымыз Жетісу жерінің жұмағы десе де болғандай табиғаты әсем,суы бал,халқы дархан Қапалддан басталды.Тарихы сонау XVI-XVIII ғасырдан бастау алған Қапал батырдың, Тәнке батырдың елін, жерін жоңғарлардан білектің күшімен,найзаның ұшымен қорғаған қасиетті жері. Одан бергіде қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уаихановтың 1858 жалы әлемге әйгілі Қашқар сапарына да осы Қапал арқылы барып қайтқаны да белгілі. Іргетасы 1847 жылы қаланған Қапал тұнып тұрған тарих.
1895 жылы Ешкіөлмек тауы етегінде өткен Біржан мен Сараның айтысы өткен жерге аялдап,әдемі де, әсем табиғатты тамашалай Қапал ауылына ат басын тіреп Тамшыбұлақтан тамсана шөлімізді басып, табиғаттың осыншама ғажабына таңқалып, ауыл ішіндегі тарихи орындардың бірі қазақтың поэзия дүлдүлі I. Жансүгіровтың жұбайы Ф.Ғабитова тұрған үйді,басқа да ХІХ ғасырда салынған көше үйлерінің бүгінгі күнге дейін жеткенін көріп,тарих куәсіндегі бұл үйлер баға жетпес құндылығымыз екеніне көзіміз жетті.
Жолай Қапал өңірінде тұратын Абай Маршалұлын алып, Баянжүрек тауларының етегіндегі петроглифтерді іздеуге кірістік. Табылған петроглифтер осыдан 5 мың жыл бұрын осы жерді мекендеген ру-тайпалар қалдырған тауешкі бейнелері шамамен б.з.б. І ғасырға жататын жібек артқан керуен жолының бағытын көрсетіп тұрған түйелердің, шындығында Баянжүрек тауларының арғы жағындағы Қытай еліне бағыт көрсетіп тұрған болар деген ойға қалдық. Осындай құнды петроглифтерді табу біздің ғылыми жұмысымыздың мазмұнын ашатынына қуанып,ерекше орналасқан тастардың құпиясын ашуға қызығушылығымызыдың артқаны айтпаса да түсінікті еді. Әзірге біз бұл тастар моншаққа ұқсас тізбек болған соң өзімізше Моншақтас деп ат қойдық. Болашақта бұл тастардың құпиясы ғалымдардың көмегіман ашылар болса,өлкетану ғылымына, мүмкін тарих өлкеміздің бай тарихы үңілуге, болашақта Баянжүрек тауларына тағы келуге бел байлап, тау қойнауындағы тарих құпиясын ашуға ынтамызды арттыра түсті.
1.1.Жетісу өңірі таңбалы тастарының ерекшелігі
Шеберлер петроглифтерді қашау мен сызуда алуан түрлі тастан және металдан жасалған құрал-саймандар қолданған.Тарихи сәттер мен нақтылы экоортаның ерекшелігіне байланысты шығармашылық бейімділіктің жануарларға,антроморфты және шайқас сюжеттеріне, т.б. әр түрлі өң берген.Дәуірлер мен этномәдени жағдайлар ауысқан кезде жартас суреттерін салудың техникасы мен тақырыбы өзгерген. Сондықтан қашалған суреттерді макро және микроскоптық сараптау, оны нақтылы тарихи кезеңдердегі құрал-саймандарының белгілі түрлерінің іздерімен салыстыру,табиғи деформацияға ұшырау деңгейін анықтау үшін жартас бетін микроморфологиялық зерттеу,геогенизация механизмдерін зерттеу және қоршаған орта факторларының әсерін анықтау арқылы петроглифтердің хронологиялық және мәдени нышандары үшін жаратылыстану ғылымының қосымша аймақтарын алу-соңғы жылдардағы Қазақстанның түрлі ескерткіштеріне жүргізілген трансологиялық зерттеулердің негізі болып отыр. Жартасқа салынған суреттердің салыстырмалы хронологиясы мен бірізділігін айқындауда әсіресе,оның түрлі технологиялық дәстүрлердің қайсысына тән екені белгілі болса,онда суреттердің қабаттастырыла қашалғаны анағұрлым тиімді жағдай тудырған болар еді. Қазақстан петроглифтерінің кезеңдерге жіктелуі мен хронологиясын сөз еткенде,қазірге шейін көне тас ғасырының аты затына сай ескерткішінің табылмағанын атап өткен жөн. Ондай суреттердің болмауын жартас бейнелеу өнерінің неғұрлым көне қабаттарын ажыратудағы әдістемелік принциптердің жеткіліксіздігімен түсіндіруге болады.Енді Жетісудағы жартас суреттері табылмаған нақты ескерткіштерге тоқталайық.
Таңбалы. Бұл Жетісу өңіріндегі әлемге әйгілі ескерткіш болғандықтан оған көбірек тоқталамыз.
Ол Алматы қаласынан 170 шақырым, қазіргі Алматы обылысының Жамбыл ауданы Қарабастау ауылынан ары Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Таңбалыда 1993-1996 жылдары ЮНЕСКО бойынша Орталық Азия петроглифтерінің корпусы жобасы аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институты және Францияның Ғылыми зерттеулер ұлттық орталығы бірігіп кешенді зерттеулер жүргізді.
Біріккен жұмыстың басты бағыты қауым өнері ескерткіштерін қалпына келтірумен байланысты. Жартас беттерінің бұзылуына жыл бойғы температураның шұғыл өзгерулері, қоршаған ортаның гидрометриялық жағдайлары, тектоникалық үдерістер, басым жел бағыттары, жартастың түпкі орналасу жағдайы жіне оның бетіне күні бойы көлеңкенің түсу бұрышы, т.б. әсер ететіні белгілі. Жартас бейнелерінің бұзылуының алдын алу мақсатында Францияның оңтүстігіндегі палеолиттік суреттері бар үңгілерге арналған изометриялық карталар құру тәжірибелері ескеріліп,1993 жылы Таңбалы аңғарларда термо және гидрометриялық өлшеулер жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде әмбебап,ьашық кеңістікке ыңғайластырылған термо және гидроградиент карталарын жасау көзделді. Алайда, бұл ой әлі күнге дейән жүзеге аспады, бірақ Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы суретті жартас беттеріндегі өзгерістер мен био түзілімдерді геомикробиологиялық зертеулердің кейбір нәтижелері қазір белгілі.бұл жұмыстардың бір міндеті зерттеу мен құжаттаудың жанамасыз әдістерін жасау, бейнелерді компьютерге енгізу үшін негізделген фотосуреттер мен бейнежазулар және петроглифтерді топтастырулар, статистикалық немесе басқа да өңдеулер бойынша мәліметтер базасын құрастыру, сондай-ақ, графикалық көшірмелер-бейнелер алу болды. Компьютерлік өңдеудің алғашқы тәжірибелері, жартастағы бейнелерді топтастыру ісі оң нәтижесін берді. Бірінші кезекте, Таңбалы жартастарының қорғаныс қабатын өзгеріске ұшырататын бояуды пайдалана отырып, микаленттік көшірмелер дайындайтын, жартастардың бетіне жанаспалы әдістердің теріс әсерінің анықталуына байланысты бұл мәселе одан әрі өзекті бола түсті.
ЮНЕСКО бойынша, ҚР Ұлттық комиссиясының және ҚР Мәдениет министірлігінің жұмыстарының нәтижесінде 2004 жылы Таңбалы археологиялық кешені Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен кейін екінші болып бүкіләлемдік мәдени Мұра Тізіміне кіргізілді. Оғант дейін 2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Таңбалы Мемлекеттік тарихи-мәдени және тарихи қорығы құрылды. Бірақ, тиісті ғылыми және туристік инфрақұрылымдарын, сонымен бірге қорықтың ұйымдастыру-техникалық негіздерін жасау жөніндегі жұмыстар қазірге дейін қанағаттанарлық емес.
Еліміздің ең көне де тамаша ескерткішінің қазіргі кезеңдегі жағдайы осындай. Көптеген суреттер қайтарымсыз жоғалады.
Ал сақталған бөліктері ойлы жүйелі ғылыми зерттеуді және қорық қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешуді талап етеді. Ескерткіштің жарты ғасырлық танымалдылығына қарамастан, ол туралы ғалымдарда да, қоғамдастықта да біртұтас түсінік жоқ. Сондыдқтан, іргелі ғылыми жұмыстарды және әртүрлі фото альбомдар мен әсем буклеттерді даярлау мен шығару - кезек күттірмейтін шаруа.
Енді,Таңбалы кешенінің негізі бөлімі жартас суреттерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.
Суреттердің ең көқ шоғырланған жері- Таңбалы өзенінің кепкен арнасының ортасындағы жырылған сайдың аңғары. Өзеннің екі жағындағы аса биік емес жота беткейлерінің жоғарғы жағы сурет салуға қолайлы болған.
Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы көптеген жартас суреттеріндегідей. Таңбалы суреттерін де әртүрлі кезеңнің шеберлері салғандығын, олардың осы маңда тұрған тұрақтары мен жерлеу орындары дәлелдейді.
Суреттердің салыну сипаттарына қарағанда, ең көнелері қола дәуірінде пайда болған. Кейбір зерттеуші мамандар петроглифтердің ең көнелері б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасында пайда болған десе, басқалары ерте темір дәуірінің басы дейді. Қола дәуіріне тән бейнелер мен сюжеттер негізінен Күнбасты және Дәстүрлік киімдеп аталатын үлгілерден байқалады. Таңбалының жартас суреттері жалпы Орта Азия аумағындағы ең көп тараған антроморфты бейне-күн шапақты бетперде киген фигуралардың көптігімен ерекшеленеді. Олар жеке де,көп фигуралы композиция түрінде де кездеседі. Көбінесе күнбасты бейнелер құйрығы бар немесе басқадай әртүрлі бейнелерде немесе басқадай әртүрлі бейнелерде және дәстүрлі би өнері үлгілерінде көрініс тапқан. Суреттердің тағы бір толық топтамасы антроморфты бейнеде, жануарлар кейпіндегі бетперде киген және тері жамылған үлгіде салынған. Дәстүрлік және ғұрыптық үлгідегі киіну салтының бейнеленуі Орта Азия бойынша мерзімделу межесі б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басы мен ІІ мыңжылдықтың ортасына барады. Олар сонымен бірге ерте темір дәуірінің Афанасььев, Окунев, сияқты мәдениеттеріне сөзсіз жақын екендігін ескерте отырып, Солтүстік және Орталық Азияның далалық аймақтарының мәдениеттерімен байланысқа түскенін айтуға болады. Бұл суреттер жартас бетінің ең ұшар биіктеріне салынған. Оның себебі- суреттердің үлкен кеңістікте көзге көрінуі үшін және таң атқаннан күн ұясына батқанға дейінгі күн сәулесі түсіп тұруы үшін қажет болды. Өйткені осы жерге тәу етіп келген немесе ғұрыптық салт-дәстүр жоралғыларын өткізу кезінде жиналған қауымға бұл тауды аса киелі жер ретінде көрсету керек болған.
Сондай шарлар өткеннен кейінгі тасқа салынған суреттер сол дәстүрлік шарлардың семантикасынан хабар бере отырып, сол кеңістіктегі дүниетанымды көрсетсе керек.
Осы киелі шағын кеңістіктегі дәстүрлі киім үлгісіндегілер мен күнбасты бейнелер рухани құндылықтарды сақтаушылар немесе шамандардың орынын ауыстырғандар іспетті.
Рәсімдердің өткізілген уақыты немесе тас бетіне таңба салу мерзімі жөнінде тұжырым жасаған кезде ғарыштық және мезгілдік циклдарға ғана емес,сонымен бірге, тәуліктік кезеңге де-түс, түн ортасы уақыттарына да аса мәне беру қажет. Тәуліктік кезеңдер туралы айтқанда,оған күн сәулесінің түсуіне байланысты сурет түстерінің өзгеруі немесе көрініс ұстамының динамикасына тоқталған жөн. Мұндай суреттер ежелгі бақсылардың діни билерінен кейінгі трансқа түсу барысында жасалған деген пікірде қалыптасқан.
Таңбалы дәстүрлі киім үлгісіндегілер мен күнбасты бейнекелер олардың орны мен атқарған қызметіне қарамастан, жоғары белгілілік пен үлкен ақпаратқа ие. Сонымен бірге барлық күнбасты бейнелер алғашқы құдайларды бейнелемейді, керісінше, кейбірі рух пен құдайлардың араласуын білдіреді дегенде пікір бар. Жасалған діни-ғұрыптық іс-әрекеттерге қатысушылар, ежелгі суретшілердің көзге елестетулері бойынша, антропоморфтық бейнелерге теңестіріле отырып, мифопоэтикалық санада осындай көріністер туындауы ықтимал. Күнбасты бейнелердің әртүрлі болуы пантеон көп сатылы иерархияда тұрады дегенге келеді. Сонымен бірге бұл жерде,аймақтың этникалық және басқа да өзгешеліктері негізге алынуы мүмкін. Бақсылықтың мифологиялық кешенінде ғарыштық кеңістіктің үш мүшеден тұратындығы туралы идея мен оның әлем бәйтерегімен білдірсе, екінші жағынан байланыстырушы рөлін атқарады.
Бұл айтылғандар Қазақстан мен Орта Азия халықтарындағы бақсылыққада қатысты.
Таңбалының күнбасты бейнелері күн құдайына табынумен, өмірлік айналыммен, табиғи циклмен де байланысты болуы мүмкін. Бұл бейнелердің тур - бұқалар бейнелерімен және мифтік-ғұрыптық кешендермен, әсіресе,
құрбандық шалу дәстүрімен байланысы бары анық. Мұнда кеуделеріне суреттер салынған бұқалардың бейнелері жиі кездеседі, оларды кей зерттеушілер бақсылық транс сәттеріндегі қалыптасқан күйдің нәтижесі ретінде түсіндіреді.
Көптеген әскери қос атты күймелердің бейнелері күнге табынумен тығыз байланысты. Б.з.б. ІІ мыңжылдық ортасында далалық Еуразияның қолат дәуірі тайпаларында әскери күймелердің культі дамыды. Қоғамда күймелердің кастасы ерекше артықшылықтарды пайдаланды. Бұл көне арийлердің бізге келіп жеткен қасиетті жазбаларында айтылған.
Таңбаларда адам өкшесінің бірнеше бейнесі анықталды, бұл мифологиялық микрокосм бөлмеген изоморфты биологиялық код-өкше (тұяқ)-аяқ-төменгі жақ (хтоникалық әлем және ондағы мекендейтін жандар) жолымен кескіндейтін арнайы өзіндік бейнелеу мәтіні болып табылады. Адам өкшесі бейнесінің құнарлылық культімен байланысы сөзсіз. Өкшемен жылқы тұяғының бейнелері белгілі бір антроморфты құдайдың, адам рухының және мифологиялық кеңістіктегі құрбандық бөлуге араласуын көрсете алады.
Таңбалы жартастарындағы суреттерде өмірлік циклдер мен иірімдер көрсететін,құнарлылық культімен байланысты эротикалық мәндегі көптеген көріністер мен сюжеттерді атап өтуге болады. Олар өлетін және қайта тірілетін табиғат туралы белгілі бір ұғымдарды білдіреді.
Петроглифтердің тұтас бір тізбегі ежелгі жылқы бағушылардың өмір салттарымен және мифтік ғұрыптық кешендермен байлаанысты. Сейминдік-Турминдік деп аталатын стильдегі жылқылардың кескіндері анағұрлым көп ұшырасады,мұнда бұл жануарлар үлкен кеуделерімен көрсетілген кескіндермен,әсем құйрықтарымен,сонымен бірге бастарының белгілі бір түрімен бейнеленген.Кей жағдайда ғана жылқылар жалдары күзелген түрде берілген.
Қола дәуірінің суреттеріне жаяу және салт атты садақшылары бар, қаумалап ұстау, т.б. аңшылық суреттер тән. Сонымен қатар, дөңгелек түріндегі крестері ба символикалық күнді белгілерді атап өтуге болады.
Таңбалы сайындағы қола дәуірінің петроглифтері туралы қорыта келе,кейбір мотифтер(персонаждар), сюжеттер және толық композияциялар, киелі кеңістіктің көзге көрнекті жерлерде орналасқандарының бәрін біріктіре қарағанда,құрастырушылар-абыз кастасымен немесе сол құндылықтарды сақтаушылармен жеңіл оқылатын мадақтау маңызы бар көркемдеген мәтін екендігін айта кеткен жөн болар. Көркем мәтінде жасау барысында жергілікті лагшафт ерекшеліктері, ғұрыптық-салттық дәстүрлерде негізгі рөл атқарады.
Жетісу жерінен табылған таңбалы тастардың хронологиялық кезеңі
Мәнді кейіпкерлері бар кейбір жалпақ тастардың кейіннен жерлеу табыттары- цисталарға қолданылған себебі идеологиялық көзқарастардың өзгеруіне, миграциялық үдерістерге байланысты болуы ықтимал.
Мұны ерте сақ уақытымен кезеңделетін Солтүстік-Баттыс Моңғолия,Байкал сырты және Оңтүстік Сібір бұғы тастарына тән құс тұмсықты бұғылармен көрсетуге болады. Таңбалы суреттерінде, Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар ескерткіштерде осындай бейнелер бар. Бұл этникалық топтар мен осы бейнелеу дәстүрін ұстанушылардың тұтас бұқарасының аталған өңірлерден Батысқа қарай жылжуын көтсетеді.
Ерте темір дәуірінің аздаған петроглифтер тобы сол уақыттағы өздерінің ерекше көрекемдеу әдісі скиф-сібірлік жануар стилі бойынша танылады. Бұлар әртүрлі эскпрессивті қозғалыста, кейде аяқтарының ұшымен тұрған,кейде аяқтары бүгілген бейнедегі маралдар, қабандар және тауешкілердің мүсіндері. Бұл уақыттың сюжеттері жыртқыштардың шөп жейтін жануарларды қинау негізінде болған.
Келесі ғұн - сармат кезеңіндегі жартас суреттері жасалу стилі жағынан да, тақырыптық жағынан да бұл уақыттың петроглифтерінен ерекшеленбейді.
Көне түркі кезеңінің жартас суреттері бұрынғы петроглифтердің үстіне немесе жартастың солардан ашық қалған жерлеріне, бір сөзбен айтқанда, ыңғайсыз жерлерге салынған. Мысалы, қазіргі Қазақстанның мәдени ортасына кеңінен таныс, тіпті Қазақстан Ұлттық телеарнасының эмблемасына айналған аттағы ту ұстаушы бейнесі.
Ортағасылық бейнелеу өнеріндегі негізгі кейіпкер - бастан-аяқ қаруланған, алдан-артқа немесе оңнан солға қараған күйі бейнеленген салт атпен шауып бара жатқан даланың сарбазы. Көне түркілердің бейнелеу өнеріндегі сан қырлы болып келетін, әрі эпикалық образдағы, әрі әскери сипаттағы қаруланған салт атты сарбаздың көрініс табуы, ортағасырлық көшпелілік негізінде қалыптасқан мемлекеттік құрылым мен оның әскери дамуы байқатады. Бұл суреттердің аталмыш өнердегі жанаспалы сюжеттері белгілі бір жанрлық композицияларда көне түркі жауынгерінің асқан ерлігін көрсетуге немесе оның даңқын мадақтауға құрылған.
Таңбалы петроглифтерін өгзе де қосымша материалдарымен салыстыра келе, ортағасырлық бейнелеу өнері өзінің бастау алған ерте кезеңдердегі өнердің түр-сипаты мен мазмұнын сақтай отырып, тас бетіне түсетін жан-жануарлардың нобайы мен пішінін бейнелеуде өзіндік жергілікті ерекшелікті де көрсетеді. Таңбалы тас сайындағы жартас суреттерінің арасынан кейінгі қазақтардың этнографиялық сипаттағы суреттерінің өзі оның мәдени-тарихи жағынан дәстүр жалғастығын көрсетеді және одан әрі тереңірек зерттеуді қажет ететіндігін байқатады.
Сонымен, Таңбалы тас сайындағы жартас суреттері өзіндік ерекшеліктерімен бірге, тұтастай алып қарағанда, осынау тарихи-мәдени және ландшафты кешен айтарлықтай кең ауқымды ақпар береді және мәдени, ғылыми дәрежесі жағынан еліміздің мәртебесінің асқақтатуына қызмет етеді.
Ешкіөлмес.
Ешкіөлмес жотасы Жетісу Алатауының батыс бөлігі. Бағыттың ені 30 км және Талдықорған қаласынан 30 км қашықтықта созылған. Жотаның солтүстік жағынан жазық далаға көтеріліп, оңтүстік жағынан Жетісу-Көксу сулы өзендердің бір саласына құяды. Теңіз деңгейінен тереңдігі 1300 м. құрайды. Ешкіөлмес жотасы және оң жағалуы Көксу өзенінің арасындағы жолында көптеген қола дәуірінен ортағасыр дәуіріне дейінгі археологиялық ескерткіштер қоныс ежелден мекендегенін хабарлайды. Жетісудағы жартас суреттері ең көп ескерткіш. Ол Алматы обылысының Талапты ауылынан бері Көксу өзенінің маңында. Көне суреттері қола дәуіріне жатады. Олардың репертуарлары-әскери арбаға шегілген аттар, бұқалар, солярляқ символдар және де әртүрлі діни-ғұрыптық әрекеттер жасап жатқан адамдар тұлғалары, аңшылық,жаугершілік, т.б. сюжеттер.
Ешкіөлместегі ең көп тараған суреттер ежелгі сақтар дәуіріне жатады. Олардың көбі әлемге белгілі тағы аңдар стилімен салынған жеке дара суреттер, әсіресі, бұғылар,таутекелер, жылқы малы. Сирек кездесетін суреттер қатарына бүркіттің аса әдемі аң стилінде салынған бейнелерін айтуға болады. Осы стильдегі бүркіттер ежелгі сақтардың торефтикасында жиі кездеседі, мысалы, әйгілі жалаулы көмбесіндегі заттардың ішінде бірнеше үлгілер. Шілікті қорғандарынан табылған құндылықтар арасында, т.б. атауға болады. Әскери арбаға мініп бара жатқан сюжеттердің ішінде басында күн шапағы бейнеленген жауынгер образы кездеседі. Бұл ежелгі сақтардың Күнге табынумен ұштасып жатқан діни нанымды көрсететін бейнелер және олардан басқа халықтардың діни ғұрыптарымен, әрекеттерімен де ұқсастық табуға болады. Оған мысал, ежелгі гректермен кейінгі римдіктер табынған құдайлардың ішінде осы образдың иконографиялық берілуі. Митраға ұқсайды. Сондай-ақ, атақты Есік қорғаннан табылған жәдігерліктердің ішінде осындай күн шапақты, ежелгі Митра құдайына ұқсайтын алтын сақина да бұған дәлел бола алады.
Таңбалы тастардың Жетісу жерінің тарихындағы мазмұны
Қаракүнгей
Бұл ескерткіш қазіргі Жансүгір ауылының оңтүстігіндегі Қапал-Арасанға бара жатқан тау асуының бір жағында орналасқан. Мұндағы суреттердің бір ерекшелігі, олардың көпшілігі өткір құралмен қырып және қиып салынған. Онда көбінесе барыстың, қабыланның бейнелері,тырнаның садақ тартып жатқан жаяу адамның суреттері,ит қосып аң аулаушылар, т.б. сюжеттер бар.
Баянжүрек
Қапал ауылынан 25 км. Қапал-Арасанға қарай жүргенде оң жақта орналасқан таудың оңтүстік бөліктеріндегі жартастарға қола дәуірірінде, сақтар кезеңінде, әсіресе, көне түркілер заманында көптеген суреттер салынған. Солардың ішінде қола дәуірінің аспан денелеріне, Күн құдайына табыну тақырыбына байланысты салынған көптеген сюжетті композициялар кездеседі. Мысалы, осы тауда ежелгі абыздардың сирек кездесетін екі бейнесі табылған. Бір ерекшелігі мұнда сақтар дәуірінің суреттері аз, есесіне, көне түркілердің салт атты ту ұстаған жауынгерлері немесе бірімен-бірі найзаласып, сайысып жатқан ерлердің образдары, қос аяқты күймеге түйе, өгіз жегіп бара жатқандар өте көп бейнеленген. Осы суреттердің арасында көне түркі жазуы да кездеседі. Солардың бірінде-суретті салған кісінің аты, яғни кәмелетке толып, жаугершілікке жарағанда берілетін есімі жазылған. Бұл жазу төрт қана әріптен тұрады, үндестігі жағынан ИТалас және Орхон жазуларындағы кездесетін кейбір таңбаларға жақын. Сондықтанда ол көне түркілердің мекен-тұрағы мен соған байланысты кейбір этномәдени мәселелерді зерттеуге қажет материал болып саналады.
Құлжабасы
Кейінгі кездерде зерттеле бастаған аса құнды бұл ескерткіш Шу-Іле тауларының терістік жағында Аңырақай темір жол бекетіне жақын орналасқан. Суреттердің негізгі бөлігі қола дәуірінің әртүрлі кезеңдерінде қашалып салынған. Солардың ішінде денесі әртүрлі бөліктерге бөлінген қайқы мүйізді бұқалардың образы, аң терісін киген, басына әртүрлі құстар мен аңдар іспетті маскалар киген, қолдарына асатаяқ ұстап, ғұрыптық іс- әрекеттермен айналысып жатқан абыздар бейнесі, қос және төрт аяқты арбалар, малдарды құрбандыққа шалу, өсіп-өну идеяларына байланысты суреттер, аң аулау тақырыптары және әртүрлі символикалық белгілер, т.б. Ежелгі темір дәуіріне жататын аса ұтымды сирек кездесетін суреттердің ішінде екі жауынгердің бейнесін ерекше атауға болады.Көне тғркі жауынгерлері әдеттегідей қолдарына найза мен ту ұстаған, кейде үлкен қалқанымен бейнеленген. Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес,бастауын сонау ғұн,сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары Алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.
Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Евразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс етек алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпаларадың басқосуы, Өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір процесін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Ал І мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап тұрғындардың әлеуметтік жағдайнының артуы жіне саяси, территориялық тұрақтылықтың нығаюы нәтижесінде жер тұтастығына байланысты бірнеше үлкен мемлекеттер пайда болғаны анық байқалады. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, төменгі Еділ жағалаулары мен Солтүстік Кавказ аймақтарына байланысты бірінші Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты мен Арал оғыздары хандығы бой көтерді. Осы аталлған одақтасар дәуірі тарихта көне түркі дәуірі деп аталды. Тарих толқыфнында өз ізін жоғалтпай,үнемі даму, ұлғаю,ірілену сияқты процестерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамуддың негізінде пайда болған қазақ тіліде түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды.
Орталық Азияны және және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп VІ ғасырдың орта шегінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қаған,аттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елімен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мент ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz