Отбасымен жүргізілетін жұмыстың түрлері


Педагогика және психология факультеті
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : Отбасымен жүргізілетін жұмыстың түрлері
ОРЫНДАҒАН :Кожабекова Айнагул
ТЕКСЕРГЕН:Салгараева Гулайым
Алматы 2021
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың маңызы
Отбасы - бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың да басқа да ғылымдар сияқты теориялық және эмперикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері ббілімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, приинцип және әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:жалпы философиялық принциптер: детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер: қоғамдық-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзіңің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу.
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялармен тәсілдер жиынтығын, қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. Отбасымен әлеуметтік жқмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пән аралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т. б. түрге бөлеміз. Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттері игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологиясын өзіндік ерекшелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.
Әр ғылым жалпы пікірлер мен жанжақты заңдарға - методологияға сүйеніп, «өз» құбылыстарын зерттеу және де ғылыми білімді практикада қолдану әдістерін жетілдіреді, яғни мәселені шешу әдісі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі - қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т. б., ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданалатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т. б. түрге бөлеміз.
Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл - біздің басты маңызды ұғымарының бірі. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл - отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы маман, өзінің кәсіби, лауызымдық міндеттеріне қарай адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам.
Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғылымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардың, ілгері саяси және қоғамдық қайреткерлердің басты назарында болды. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлі даму үстінде.
Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері
- Баланың отбасына бару. Сынып жетекшісі отбасына бармас бұрын міндетті түрде мақсат қоюы керек, мысалы: отбасымен танысу.
2. Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу. Отбасымүшелерінің араларындағы қарым-қатынасты зерттеу, сынып жетекші үшін өте маңызды. Отбасына бармас бұрын бұл жөнінде ескерту керек.
3. Ата-ананы мектепке шақырту. Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес, ата-ананы мектепке шақыру бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай-ақ ата-аналар түрлі шараларға, тәрбие сағаттарына қатысуы үшін де шақырылады. Мектепте ата-аналарға арнап «ашық» есік күндері өткізіледі.
4. Ата - аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында тәртіп пен үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыппен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұрғысында болуы керек.
5. Педагогикалық білімдер университеті -бұл ата-аналарғапедагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Ол ата-аналарды педагогикалық мәдениет негіздерімен, жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие мәселелерімен танысуға, мектеп, қоғамдық орындармен байланыс орнатуға, тәрбие жұмысында бірлесе әрекет етуге үйретеді. Университет бағдарламасын педагог құрастырады. Университеттегі сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі, баяндама, әңгіме, конференция, т. б.
6. Баяндама - тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізінанықтауға арналған педагогикалық, технологиялық білім беру формасы. Жақсы баяндамашы-ата-аналардың қызығушылықтарын, мәселелерін білетін мұғалім, тәрбиешінің өзі. Баяндамадағы басты нәрсе - тәрбие құбылыстарына, жағдаяттарға ғылыми талдау.
7. Ашық сабақтар: Ата-аналарды пәннің жаңабағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Ашық сабақтар көбіне бастауыш мектептерде өткізіледі. Ата-аналарға тоқсанына 1 -2 рет ашық сабақтарға қатысуға мүмкіндік беру керек. Бұл қазіргі мектептердегі оқу іс-әрекетінің барлық ерекшелігі мен күрделігін түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген мектептерде ата-аналар сыныптан тыс жұмыстарға жиі қонақ болады. Бұл спорттық шаралар «Әкем, шешем және мен», «8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған көгілдір от», т. б. мұндай шаралар ата-аналарға, өз балаларын жақынырақ білуге көмектеседі.
8. Педагогикалық пікірталас: Педагогикалық мәдениеттікөтерудің, ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның әзірлік деңгейіне байланысты. Сондықтан тақырып, әдебиеттер бір ай бұрын берілуі керек. Пікірталастың маңызды бөлігі - талқы. Пікірталастың негізгі принципі, кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. Пікірталас тақырыбы мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп болуы дұрыс па?», т. б.
9. Рөлдік ойындар. Ата-аналардың қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-ірекет. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыптары әртүрлі болады: «Таңертең сіздің үйде», «бала мектептен келді», «Отбасы кеңесі», т. б.
10. Ата-аналармен өткізілетін конференциялар. Белгілібір тақырыпқа орай ата-аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.
11. Ата-аналар комитетімектепішілік болып және әрбірсыныпта сайланады. Ата-аналар алқасы өзара мынандай міндеткерліктерді бөліп атқарады.
1. Төраға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz