Саяси модернизация теориялары мен түрлері
САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ
Саяси даму.Қазiргi саясаттану ғылымында саяси даму ұғымының жалпытаныған анықтамасы жоқ. Көбiнесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады: · экономикалық дамудың алғышарты; · өндiрiстiк қоғамға тән саясат; · саяси модернизациялау; · ұлттық-мемлекеттi басқару; · әкiмшiлiк және құқықтық даму; · жаппай жұмылдыру және қатысу; · демократиялық қоғамды құру; · өзгерiстер сабақтастығы мен тұрақтылығы; · әлеуметтiк өзгерiстердiң көпжақты процесiнiң бiр аспектiсi. Саяси iлiмдер тарихында саяси дамудың әр түрлi концепциялары қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкiлдерi, саяси дамудың өлшемi ретiнде адам құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар, саяси дамудың негiзгi құндылықтары ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейдi. Марксизм, саяси жүйе дамуының өлшемiн жеке меншiктiң қоғамдық меншiкке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистiк партияның жетекшiлiк рөлi артуымен байланыстырады. Демек, алдыңғы екi бағыт демократияның тоталитаризмге, ал марксизм болса социализмнiң капитализмге үстемдiгiн қолдайды. Бiрақ, саяси процестер аяқталмаған транзиттi қоғамда бұл өлшемдердi пайдалану қиындық тудырып ғана қоймайды, кейде даму идеясының өзiне қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билiктi демократиялық негiзде институттау, плюрализмдi кеңейту басқарудың деспоттық формасының қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салдарлардың тууына алып келуi мүмкiн. Саяси даму − саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтiк, экономикалық және т.б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, әрi қоғамдық пiкiрдi қабылдау мүмкiндiгiне тәуелдi. Демек, керi байланыстың тұрақты механизмi қалыптасуы тиiс, бұл дегенiмiз басқарудың тиiмдi буындары тұрғындар пiкiрлерiн есепке алуға қабiлеттi, шешiмдi тиiмдi таратушы, саяси жүйе шиеленiстi реттеудiң икемдi механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттiк форманың өзгерiсiн иеленетiндiгi ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбiр рөл атқармайды. Ең негiзгiсi, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл пiкiрдi Д. Истон, Г. Алмонд және Г. Пауэлдiң саяси жүйедегi ең бастысы оның құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген тұжырымдары да растайды. Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы. Саяси дамудың мақсаты қандай да бiр тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу. Саяси даму процесi саяси жүйенiң iшiнде оның мақсатының мынадай факторлармен − әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, теңдiк, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтiк қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады. Саяси дамудың эволюциялық жолы үшiн қажеттi жағдайлар мыналар: 1 тұрғындардың шешiм қабылдау мүмкiндiгiн кеңейту, қоғамдық сұраныс пен мүдденi есепке алу; 2 билiк үшiн күресте әдiл және еркiн бәсекелестiктi орнату; 3. шиеленiстi шешудiң тиiмдi механизмiн қалыптастыру; 4 саяси жетекшiлердiң бiлiктiлiгi, хабардарлығы, қарсыласымен келiсiмге келе бiлу қабiлетi, күштеуге жол бермеу; Саяси жүйедегi даму процесi: 1 талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлi күштеу топтары мен саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметi шектетiлетiн болса, онда саяси жүйенiң бейiмделу мүмкiндiгi әлсiрейдi. Талаптарды електеу, белгiлi бiр каналдарға бөлу. Ол мәдени әрi құрылымдық болып екiге бөлiнедi.
Құрылымдық немесе саяси түрi, оған партия, жоғары қабат, парламентаризм жатады. Мәдени реттеуге саяси қалыптар, құндылықтар, түсiнiктер, көзқарастар жатады. Сондықтан мұнда саяси әлеуметтендiру рөлi басым. Талаптарды қысқарту, топтастыру, баламалық талдауды қалыптастыру. Бұл қызметтi саяси партиялар тиiмдi атқарады. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың әлсiздiгi саяси жүйенiң сыртқы және iшкi өзгерiстерге тез арада бейiмдiлуiнiң стратегиялық потенциалын төмендетуде. 2 Керi байланыс қоғамдағы шиеленiстердi шешудiң бiрден-бiр көзi, ол билiктiң саяси жүйеге түскен талап-тiлектердi реттеу қабiлетiне байланысты. Керi байланыс саяси жүйенiң өзiнiң мақсатына қаншалықты жеткендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасында саяси жүйе керi байланыс әлсiздiгiнен қиналысқа ұшырауда. Бұл саяси жүйенiң ақпараттар каналдарының қызметi әлсiздiгiне байланысты. К. Дойч саяси жүйе өз мақсатына жетуi үшiн мына төрт факторға тәуелдi деп есептейдi: · жүйенiң ақпараттармен жүктелуi; · саяси жүйе реакциясының жылдамдығы; · саяси жүйенiң жаңа фактiлерге тез, әрi сапалы жауап қайтаруы; · мақсатты нақты белгiлеу. Демек, саяси жүйе қызметiнiң тиiмдiлiгi қамтамасыз ететiн факторларға айналымдағы ақпараттардың жеткiлiктiгi мен сапасы, жүйенiң сыртқы ықпалдарға жауап қайтару жолдары мен формалары, сонымен қатар коллективтiк әрекет арқылы бiлдiру, оның нәтижесiнiң бастапқы мақсатқа сәйкес келуiн жатқызуға болады. Саяси модернизация теориялары мен түрлері. Саяси модернизация дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек, саяси саладағы модернизация әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және мемлекет пен саяси қатысудың ортақ тетігін табуы тиіс. Модернизация мақсаты - белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті қойылады. Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар: 1 О. Конт, адамзат дамуындағы үш кезең идеясы; 2 К. Маркс, тарихи материализм теориясы ; 3 М. Вебер, рационализация (ұтымды ету) теориясы; 4 Г. Зиммел, абстракция теориясы; 5 Ф. Теннис, қауымдастық және қоғам туралы теориялар; 6 Э. Дюркгейм, механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту теориясы; 7 Т. Парсонстың әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау идеясы. Модернизациялау үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар: 1 модернизация; 2 даму; 3 артқа қалу; 4 тәуелділік. Демократиялық модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға бөліп көрсетті; Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі; Екіншісі, әр түрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі; Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта оралуы. Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол - сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида - қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі - саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық. Модернизацияның түрлері: 1 Классикалық спонтанды үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды. 2 Модернизацияның екінші үлгісі, кешіккен және негізгі емес үлгі (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі). 3 Кешігу модернизациясы үлгісі (Испания, Португалия). Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы (1992 ж.), Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің Ғасырлар тоғысында (1996 ж.), Тарих толқынында (1997 ж.), Сындарлы он жыл (2002 ж.), Тәуелсіздік белестері (2003 ж.), Қазақстан жолы (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz